Эссе жинағы. Барлығы 91 эссе

Барлығы 91 эссе. Астына қарай түсе беріңіз

№1 Ұлттық білім беру моделі менің көзқарасыммен

          Елімізде жеке тұлғaның, қоғам және мемлекет үшін бағдарланған тәрбиенің тұтас жүйесі өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты. Сонымен қатар, орын алған  оң өзгерістер білім беру ұйымдaры қызметінің тәрбие жүйесінде көрініс тапты. Қазіргі тағда, білім беруді ізгілендіруге, оқытудың инновациялығына қол жеткізілді, баланың еркін, жауапты тұлға ретінде дамуына жағдай тудыруға күш салынуда. Жаһандану жағдайында рухани құндылықтарымызға қайта оралып, жастарға саналы білім мен парасатты тәрбие беру мәселесі өзектілігімен айқындалады.

          Ұлтымызды дәріптеп, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін ұрпақтың болашағы – бізге, яғни ұстаздарға үлкен міндет. Ол үшін мұғалім кәсіби біліктілігін жаңа бағытта арттырып, білім мазмұнын жаңартып, тиісті әдіс-тәсілдерді қолданып, әдістемелік негіздерді қалыптастыруы керек. Өйткені білім әр адамға өмір бойы қажет екенін өмір тәжірибесі дәлелдеп отыр.Сонымен қатар,  алдыңғы  қатарлы  технологияларды  пайдалану  білім  беруді  жаңарту  ісіндегі  маңызды  буын  болып  табылады.

          “Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, келешекте оның өміріне опат әкеледі, адамға ең бірінші керегі тәрбие”-деп әл-Фараби айтқандай, тәрбие-жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы. Тәрбие мәселесі тұлғаның қалыптасу барысын сипаттайтын педагогика ғылымдарының көкейкесті мәселесінің бірі. Қазіргі тәрбие мазмұны ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір тарихи кезеңде қоғамдық сананың даму ерекшеліктеріне, идеялық және құндылық ұстанымдарға байланысты жетіліп отырады.

          “Бала тәрбиесі-мемлекеттің маңызды міндеті” деген Платоннан келе жатқан қанатты сөз тәрбие жүйесінің негізгі қағидасы. Өйткені ұрпақ тағдыры-ұлт тағдыры. Тәрбие-халықтың ғасырлай бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Тәрбиенің түпқазығы ғибратты, ғұмырлы, ғасыр бойы бойымызға салт-дәстүрмен берілген ұлттық педагогика болып табылады.

          Ұлттық сапаның өсіп, мәдени және рухани дәстүрлердің, тілдің қайта жаңғырған кезінде мектеп оқушыларын өз халқының рухани құндылықтарымен, ұлттық мәдениетімен, салт-дәстүрімен түбегейлі, неғұрлым терең таныстыру қажеттілігі туралы, яғни өткен мен бүгіннің және келешектің арасындағы рухани байланыс біріктіруші элемент болуы тиіс, бұларды жеткізуші-білім беру, мұғалімдер, дәстүрлер. Әрбір ұлт “өсуі” қажет, яғни ұлттық білім алудың, ана тілін, әдебиеті мен өнерін оқытуды ұйымдастыруға арналған инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысудың, тұтас алғанда оқушылардың өз ұлтының мәдениетіне араласуының қажеттілігін ұғынуы тиіс.

          Кейінгі кезеңде біздің қоғамымызда болып жатқан жағдайлардың көбі жас ұрпақты қазақтың халықтың педагогикасының идеяларына жаппай араластыру қажеттігі ерекше жолға қойылатын уақыт келеді деген үміт ұялатады көңілге. Көне әдет-ғұрып элементтері бүгінгі салт-дәстүрлерге күннен-күнге белсенді түрде енгізілуде.

          Қазіргі уақытта жастардың өз ата-бабаларының халықтық салт-дәстүрлеріне, шынайы ұлттық музыкалық-поэтикалық, хореографиялық, бейнелеу шығармашылығына, қазақтың ұлттық киімдеріне, баспанасына, халықтық дүниетанымына қызығуы және ұмтылуы байқалады.

          Егеменді ел жастарының санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор. Ақынжанды, ақжарқын, шешен, өнерпаз, өнегелі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбиелік әдеттері мен ережелері, салт-саналық дәстүрлері жас ұрпақтың жан дүниесіне әсер етіп, санасына сіңсе, ұлттық мәдениетті игерген иман жүзді, инабатты ұрпақ жалпы адамзаттық асыл қасиеттерге ие болады.

          Халқымыздың әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, ілтипаттылық, қонақжайлылық сияқты абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл парасатына азық ете білу үшін, әрбір ұстаз халық педагогикасын: сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең біліп, тебірене іс-қимыл жасауға тиіс. Ұстаз ұлттық мәдениет үрдістерін өркениетті өмірмен байланыстырып, тәлім-тәрбиеге пайдалана білуге міндетті.

          Әрбір халықтың рухани азығының қайнар бұлағы оның халықтық педагогикасы мен ұлттық салт-дәстүрлері болып табылады. Тән азығы мен жан азығының тепе-теңдігін сақтап, әсіресе, жан азығына басым көңіл бөлген халқымыз өміртануды діттеп, оның философиялық заңдылықтарын терең ұғынған. Жан азығынан мақұрым қалған адамның адамдық қасиеті жойылып кететінін ертеден ұғынған халқымыз жан азығын, ең әуелі, нәрестеге бесік жыры арқылы әуезді әуенмен беруден бастайды. Одан соң жас балдырған жеке сөздерді ұғына бастағанда-ақ, оған жақсы мен жаманды ажыратып түсіндіреді. Ол үшін тақпақ, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, мақал-мәтел үйретіп, баланың тілін ширатып, ойын дамытады. Жас баланың нәресте, бөбек, балдырған кезіндегі адам болып қалыптасуы 1-5 жастың арасы десек, 6-10 жаста бала әдептілік негіздерін үйренеді, оның бойында тектік қасиеттер қалыптасады.

          Адам өмірінің “алтын бесігі”-мектептің есігін ашқан балдырған жарығы мол жаңаша өмірде адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын ана тілінде үйренеді.

          Ұлттық мұраларымыздың тәлім-тәрбие саласының санқилы мәселелері біздің елімізде біршама уақыттан бері зерттеу нысанына айналуда. Қазақтың тәлім-тәрбие саласындағы ой-пікірлерінің ғылыми негіздерін жасап, бай мұра қалдырған аға ұрпақтың еңбектерін зерттеп-зерделеу өзектілігімен айқындалады. Бұл үдерісте Сыр сүлейлері тағылымдарының алатын орны ерекше. Қорқыт бабадан бастау алған Сыр сүлейлерінің шығармашылығы кейінгі ұрпаққа үлгі болар терең толғаулар, жыр-термелер, нақыл сөздерімен ерекшеленеді.

          Замананауи қазақстандық қоғам “Мәңгілік ел” жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру міндетін айқындап отыр. Тұңғыш Елбасы Н.Назарбаев: “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” атты мақаласында “Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс” деген болатын.

          Бүгінде елімізде Қазақстандық патриотизмнің, азаматтықтың, руханилықтың саяси және адамгершілік мәнін түсіну, адамгершілік бағдарлы, әлеуметтік белсенді, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру процесі жүріп жатыр. Жастарға бүгінгі күн талабына сай ұлттық тәлім-тәрбие беруде халқымыздың бай мәдени мұраларын, педагогикалық ой-пікірлерін, жинақталған ұлттық құндылықтарды зерттеп, жүйелеп, оқу-тәрбие процесіне пайдаланудың маңызы зор.

          Бүгінгі таңда жастарға ұлттық тәрбие беру өзекті мәселелерге айналуда. Себебі, еліміздің өркениеті мен экономикасын тұрақтандыру, патриоттық сезімін арттыру жолында ұлттық тәрбие көздерімен сусындата білім беру қажеттігі туындап отыр.

          Қорытындылай келе, халқымыз «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген екен.  Осы жерде қазақ халқының ұлы ақыны, ғалым М.Жұмабаевтың мына сөзі ойға оралады: «Ұлт тәрбиесі – баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Және әр ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесі мен тәрбие қылуға міндетті» деген сөзі де соның дәлелі.  Сондықтан да сан ғасырлар бойы сұрыпталған ұлттық құндылықтарымызды оқу-тәрбие процесіне енгізу арқылы  болашақ ұрпақтардың бойына дарыту керек. Мәселен мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда ақыл – ой тәрбиесі, өлең,жыр-дастандарда әсемдік тәрбиесінің негізгі принциптері, ал ертегілер халықтық әрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәсілдік материал ретінде пайдалансақ деймін.Демек, халықтың педагогика– тәлім-тәрбиелік ой- пікірдің ілкі бастауы, халықтың руханимұрасы. Бұл жердегі еске алатын негізгі жайт осындай халықтың мұралардың бәрі бірдей кәдеге жарай бермейді, олардың озығымен қатар тозығы да бар. Ең негізгі мәселе – бұларды бүгінгі күннің талап-тілегімен байланыстыра пайдалана білу болмақ. Ахмет Байтұрсыновтың  «Балам дейтін жұрты болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шығады?» Бұл ойдың түйіні өте тереңде жатыр, әрине. Сондықтан, келешек ұрпақ алдында қарыздар болмас үшін, бүгінгі күні босаңсып кеткен тәрбиені тез арада жолға қоймасақ, ертең кеш болуы әбден ықтимал.

 

 

№2 Менің педагогикалық ұстанымым: мәні, құндылықтары, басымдылықтары

 

               Болашағына жоспар құрмайтын жан жоқ шығар?! Себебі, өмір-құпиясы мен қызығы, қиындығы қатар тұратын тылсым дүние. Заманның дамуына қарай жас Қазақстан тек алға жылжуда. Еліміздің болашағы-жастар. Білімді ұрпақ тәрбиелеу білікті, шебер ұстаздардың қолында. Ұстаз ғылыми ізденіс пен тәжірибені қатар ұстайтын іскер жан болуы керек.

          Заман талабы ұстаздың алдына үлкен міндет қояды, оны арқалау оңай емес. Ең алдымен ұстаздың өзі терең ойлай білетін, сын тұрғысынан пайымдап, бағалай алатын, ойы жүйрік, қыран құстай қырағы болуы керек деп ойлаймын. Өзінің шәкірттерін заман талабына сай озық ойлы шәкірт деңгейіне жетелеу үшін бар күш-жігерін, білімін сарп етуі тиіс. Егер ұстаздың деңгейі тереңінен ойлауға жетпесе, онда оқушы қайдан ол деңгейге баспалдақ табады? Мұғалімнің әр сабаққа дайындаған тапсырмасының өзі бірқалыпты деңгейде болмауы керек. Сол себепті шығармашыл оқушыға күрделі әрі сыни тұрғыда ойландыруға жетелейтін тапсырмалар беріп отыруы керек. Осыдан барып біз баланы алған білімін өмірде қолдана алатын тұлға ретінде қалыптастырамыз.Сапалы білім берудегі негізгі міндет те, мақсат та осы. Ерінбей ізденіп, талмай еңбектенсек, алтын ұядан қанаты талмайтын, биікке, тек алға самғайтын шәкірттерді ұшыра аламыз! «Ұстаз еңбегінің жемісі-шәкіртінің жеңісі»,-демекші біз осындай шәкірттерді тәрбиелесек, ол-біздің еңбегіміздің еш кетпегендігінің белгісі. 

          Ұстаз мамандығының мәртебесін көтеру өте маңызды. Өз мамандығын сүйетін, шәкірттердің жүрегіне жол таба алатын ұстаз ғана табандылық танытып, биіктерге өрлей алады. Ұстаздық жолға бет бұрған соң, оның міндетін түсініп алу өте маңызды. Бұл мамандыққа үстіртін қарауға болмайды, дегенмен бұл мамандыққа өз қалауымен келмеген ұстаздар да баршылық.Ол-үлкен қателік! Өмірде дұрыс бағыт таңдау өзіңнің де өзгенің де болашағы үшін өте маңызды. Ұстаздық-дара жол, даңғыл жол! Бұл жол қажырлы еңбек пен үнемі ізденімпаздылықты талап етеді. Ұстаздың да ұстазы бар! Өз кәсібін сүйетін адам ғана өз ісінің шебері болмақ!

Өз ойымды Сенеканың «Егер адам қандай айлаққа жолға шыққанын білмесе, онда оған бірден-бір жел көмектесе алмайды» деген сөзімен аяқтағым келеді. Нық сеніммен айта аламын. Мен-өз мамандығымды сүйетін, қандай қиыншылығы болса да төзетін, қадірін жете түсіне алатын және еш уақытта бұл мамандықтан бас тартпайтын кемеңгер Ұстазбын!

 

№3 НЕ СЕБЕПТІ ҚАЗІРГІ БАЛАЛАРҒА САБАҚ БЕРУ ҚИЫН?

Хакім Абай «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» десе, «Ұлтқа қызмет білімнен емес, мінезден» дейді Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан. Демек елге қызмет етуде қажыр-қайраттан туған өрелі еңбектерімен халқының рухани кемелденуінің күретамырына қан жүгіртуде мемлекеттік қызметшіге өршіл рухты мінез қажет. Қашанда ұлттық мұратты ұстанған тұлға бойындағы ар-ожданы, елдік мінезі үкімет пен халық арасындағы сенімді байланысты қалыптастырады. Жалпы мемлекеттік қызметші қоғамның айнасы деуге болады.

Егеменді еліміз ТМД аумағында алғашқылардың бірі болып мемлекеттік қызмет туралы заңнама қабылдап, қызметтік мансап жүйесін ендірді, әкімшілік және ­саяси мемлекеттік қызметшілердің кадрлық резервін құрған болатын. Осының арқасында 2000 жылдардың басында Дүниежүзілік банк Қазақстанды ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында мемлекеттік қызмет саласындағы реформалардың көшбасшысы деп таныды. Осылайша еліміз 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімдік басымдылықтарының бірі кәсіби мемлекет құруды жоспарлады. Ал бұл міндетті жүзеге асыру мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне байланысты. Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Демек адамдар арасында осы қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуы қажет. Мұндай сенім мен құрметке жету оңай емес. Бұл үшін бір ғана кәсіби білімділік пен білгірлік жеткіліксіз, одан басқа қызметшінің жеке мінез-құлық мәселесі және бар. Яғни кызметшінің кәсібилік деңгейі мен жоғары моральдық адамгершілік қасиеттері қатар тұру керек. Бұл туралы Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында «Өте жоғары этика мен кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылады» деп атап көрсеткен болатын. Сондықтан бүгінгі күні мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуде. Кәсібилік пен әдептілік қосылып, мемлекеттік қызметшінің тұтас имиджін көрсетеді. Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығына және әділдігіне қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуға мүмкіндік береді.

Иә, әр өңірдің деңгейін мемқызметшіге қарап-ақ бағамдай беруге болады. Сөзі өтімді, ісі кесімді, адамға жұғымды қызметкерлер бар. Сауал жолдаса жауап қатып, кемшін тұсын келешекте жөнге келтіретінін жеткізіп, әдептен әрі аспайды. Сөз құдіретін түсінетін жан дерсіз оны. Алайда, мемлекеттік қызметке келген жастарға осы тәрбие жетіспей жатқан сыңайлы. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітедінің» кері келмес үшін алдыңғы буын ағалар жол көрсетпеуші ме еді? Беттен алып сөз бақпайтын, айтқан ойды ұқпайтын, ­ауызбен орақ орып, іске келгенде ізін таппайтын мемлекеттік қызметші халықпен қалай жұмыс істемек? Мемлекеттік қызметші болу – зор құрмет. Сондықтан кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттерге ие болған абзал. Әсіресе, қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологиялар мен БАҚ еркіндігі туған шақта мұндай қасиет өте керек-ақ.

Президент Қ.Тоқаев билік пен халық арасында ашық қарым-қатынас орнатуды көздеп отыр. Яғни әрбір қызметкер атқарған жұмысын халыққа ашық, түсінікті түрде жеткізуі қажет. Мұң-мұқтажын айтқан қарапайым бұқараға тиісінше жауап беру де мемлекеттік қызметшінің әдебін білдірсе керек. Алайда, істеген ісін көрсетпек түгілі керек ақпаратты алудың өзі аптаға созылатын кездер бар. Сондай-ақ өзін-өзі ұстау, сөз саптау, жауап қату сынды мәселеге келгенде аудандағы мемлекеттік қызметшілердің этикасы нормаға сай ма деген ойға келесіз? Елбасы Н.Назарбаев «Мемлекеттік қызметке біз жұмыс істеу үшін шақырамыз. Себебі, халқымыз бізді өзіне жұмыс істеу үшін жалдайды. Сондықтан біз өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық. Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болып, әрбір адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсініп, оны дәл сол кезде орындай алмасаң да түсіндіріп, дұрыс жауап беріп, шығарып салу – біздің парызымыз

 

 

№4 ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ БІЛІМНЕН ЕМЕС,МІНЕЗДЕН?

Мінез адамның ішкі әлемінің айнасы. Жүсіп Баласағұн «Кісіге екі дүниеде пайдалы – ізгі іс немесе мінезі түзулік. Екіншісі – ұят, Үшіншісі – әділдік. Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады» — деген. Бұл тұста ұят пен әділдік мінездің сыңары екенін ойда ұстау қажет. Білім ізгілікке жұмсалмаса, оның пайдасынан зияны артуы әбден мүмкін. Сондықтан Шығыс даналығы адам мінезінің көркемдігін алдыңғы орынға шығарса керек. Адамзатты өркениет шыңына жетелеген ойшыл Әбу Насыр әл Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес,  тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген  білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» — деген екен. Елге адал қызмет етер адам – әділдік, жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, оларды тәжірибеде қолдана білу, адалдық және парасаттылық, белсенді өмірлік ұстаным сынды қасиеттерге ие болуы басты міндет. Еліне қызмет етерде алар үлесі басым мінез-құлық жайлы сөз болғанда Хакім Абайға тоқталмай кете алмаспыз. Алаштың Абайы «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ» — деген сөзін тілге тиек етіп, білім мен мінездің, ардың адам өміріндегі орнына ерекше тоқталған. «Ғылымды, ақылды сақтайтын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсе қызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады», — деп ескертеді. Дана Абай әсіресе адамның танымдық қызметін арттыратын мінездің қырына баса көңіл бөледі. Ол жастарды білім-ғылымға шақыра отырып, төк қажырлылықтың, құштарлықтың арқасында ғана ғылымға қол жеткізуге болатынын айтады. Адамның көңілін көтеріп, бойына қуат беретін сезімдердің бірі – өзгеге еш міндетсінбей  қол ұшын беру. Ар-ожданы таза адам ғана бар шынайы көңілімен өзгенің керегіне жарайды. Адамды көздеген мақсатына, асыл арманына жеткізетін, ғылым-білімді меңгеруге мүмкіндік тудыратын жан қуаттарының бірі – ерік-жігер, қажыр-қайрат. Ерік-жігер адамның ез мінез-құлқын меңгере алу қабілеті, оны әр түрлі кесапаттардан, пайдасыз құмарлықтардан қорғайды. Абайдың айтуынша «жан қуаты деген қуат бек көп нәрсе… Бұл қуаттың ішінде үш артық қуат бар… ол жоғалса, адам баласы хайуан болды, адамшылықтан шықты» — деп, адамның өзі таңдап түскен жолынан таймауына ерік-жігері мен қажыр-қайратының ғана кезектесетінін еске салады.                                                           

 

№5 ЖҰЛДЫЗДАРДЫ ЖАҒУ ӨНЕРІ(МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫТУРАЛЫ)

Білім беру мазмұнын жаңару оқу технологияларды үнемі меңгеруді оқушылардың білім сапасын жоғарлатуды талап ету, сабақ беру үрдісін күрделендіру – осының бәрі мұғалімнен білім қорын жаңартып, кәсіби біліктілігін арттырып, әдістемелік шеберлігін шыңдап отыруын талап етеді. , мұғалім өз пәнінен оқушылардың ойлау әдісін, өз бетімен білім алып, оны қолдану білуін қалыптастырып,талдау және білімді бағалау сияқты ғылыми-зерттеу әдістерімен қаруландыруы қажет. Осыдан келіп, мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптар өрбиді. Ол тек жан-жақты дамыған маман ғана болып қоймай, өздігімен іздену жұмыстарының тәсілдерін меңгерген, зерттеу дағдысы қалыптасқан маман болуы шарт. Қазіргі кезеңде мектептің алдына қойылып тұрған ең басты талап – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру ісі болып отыр. Соңғы кездері оқушылардың дарындылығын дамыту өзекті мәселеге айналып отыр.

Дарынды адам деп, басқалардан ерекше, қиын жағдайлардан күтпеген жолдар табатын, жоғарғы жетістіктерге талпынатын адамды айтады. Дарынды оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгеше. Олар сезімтал, ықылас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп қоя біледі.Физиологиялық тұрғыдан ерекшелігі: дамытудағы шапшандылық, ауызекі сөйлеу, жиі-жиі ойға берілу, қиял-күшінің басымдығы. Дарынды оқушылар көп көлемде білім меңгереді және ұмытпайды. Түсінік танымы өте жоғары.

Шығармашылық – баланың бойындағы дамыған сана белсендігі мен таным белсендігі, тума қабілет. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми салалардан білім алу арқылы және тәжірибелі ұстаздардың көмегі арқылы ашылады.

Дегенмен де, сөз әрбір  қайталанбас талантты, өзінше жеке тұлға әрбір мектеп оқушысы жайында болмақ.

Шығармашылық қабілеті өздігінен жетілмейді, оған да белгілі бір факторлар ықпал жасайды:

  • мектеп өмірі, мектептегі оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің ұйымдастырылу деңгейі;
  • оқушылар мен ұстаздар арасындағы қарым-қатынас;
  • отбасы жағдайы;
  • физиологиялық даму үлгісі;
  • балаға қажет білімнің берілу сапасы.

Оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту гимназия педагогтары көңіл аударып келе жатқан мәселе. Педагогикалық ұжым әрекетінің өзектілігі – дарынды оқушылардың өзін-өзі жетілдіруде жайлы жағдай туғызу. Дұрыс тәрбие беруде танымға сүйіспеншілікті арттыру және оның жоғарғы шыңы – танымдылық тұтынушылығын оятуы мүмкін. Сезімді, ерікті, ойды не нәрсені терең меңгеруге бағыттау, үнемі көп білуге талпынуды ояту, белгілі жайда жаңа бір қырын ашу, әлемді танып білуде ізденіске ұмтылуды қалыптастыру – бұл мұғалімнің алдында тұрған негізгі міндеттерінің бірі. Оқыту баланың табиғи қасиеті мен жаратылысына бағыттауы қажет. Сондықтан да білім беру мазмұнын құруда ең басында жеке тұлғалық талаптары, тілектерімен бірге бала тұруы қажет. Бала – оқыту үрдісінің негізгі бейнесі. Оның анықталған, қызығушылығы қанағатталған, қабілеті дамыған болуы қажет.

 

№6 Педагогтардың тиімді тәжірибеде үздіксіз кәсіби дамуы

 

          Қазіргі таңда білім беру парагдимасы өзгеріп, білім берудің мазмұны жаңарды, білім беруге деген жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер  түрлі бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол аша отырып, тәрбие мен білім беру ісін жоғары деңгейге көтеруді қажет етеді.

          Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»,- деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері атап көрсетілген.

          Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйрену керек?»  және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген тәрізді негізгі сұрақтар туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Қазіргі кезде оқу бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп білім алушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған оқу бағддарламасы мен бағалау жүйесін енгізу  аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.

          Оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары белгілі бір пән және сынып аясында білім алушылардың нені оқып, нені үйрену қажет екендігін айқындау үшін қолданылады. Сонымен қатар, жекеленген пәнді оқыту мазмұнына қысқаша шолу ұсына отырып, бұл құжаттар мүдделі талаптарға оқушылардың белгілі сынып аясында оқу бағдарламасы бойынша жалпы түсінік алуына, белгілі бір сыныпта оқушылардың қандай білім, білік, тәжірибе жинақтайтынын анықтауға мүмкіндік береді. Мұғалім әрбір кезеңде қолданатын оқыту үлгілеріне (жеке, жұптық, топтық, бүкіл сыныптық), оқытудың әдіс-тәсілдеріне мән беруі керек, себебі белсенді сабақта мұғалім мен білім алушының атқаратын қызметі мен іс-әрекеттерінде үлкен өзгеріс бар; сабақты жоспарлағанда мұғалім педагогикалық іс-әрекетінің мазмұнын анық көрсетеді, яғни өзінің және білім алушыларының орындайтын әрекеттерін ашып көрсетеді. Белсенді сабақта білім алушылардың әрекеті танымдық, коммуникативтік және өзін-өзі басқару тұрғысында көрініс табады. Оқу мақсаттары нені оқып-білу және нені бағалай алу керектігін көрсетеді. Егер нәтижесінде неге қол жеткізуіміз керектігін білмесек, оқу мен оқытудың табыстылығын бағалау да мүмкін емес. Бағалау критерийлері оқу мақсатына жетуге бағытталған қадамдар ретінде қарастырылады. Бағалау критерийлерін нақты анықтамай  қалыптастырушы бағалауды тиімді жүргізу мүмкін емес. Сабақтың әдістемелік жобасын құру барысында мұғалім белсенді оқу әдістерін ұтымды қолдану арқылы оқу мақсаттарының орындалуына барынша қол жеткізуді ұстанады. Мұнда оқу-танымдық үдерістердің табыстылығына әсер ететін ынталандыру, жағымды психологиялық орта орнату, білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескеру сияқты маңызды мәселелерді басты назарға алу керек.

          Жаңаша білім беру жүйесінде белсенді оқытудың әдістері жеке тұлғаның қалыптасуында маңызы зор. Оқытудың белсенді әдістері-оқу материалын игеру үдерісінде білім алушыларды белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер. Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімді баяндауына, оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес, білім алушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесін пайдалануды білдіреді. Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері олардың негізінде практикалық және ойлау әрекетіне ояту жатыр. Онсыз білімдерді игеру алға жылжушылық болмайды. Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы және дамуы оқытудың алдына білім алушыларға білім ғана беріп қоймай, танымдық қызығушылықтар мен қабілеттердің, шығармашылық ойлаудың, өз бетінше ақыл-ой еңбегінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ету т.б. жаңа міндеттер қойылумен байланысты.

          Белсенді оқытудың мәні-оқу үдерісі іс жүзінде барлық білім алушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуында.          Сабақтың тиімділігін және табыстылығын қамтамасыз ету- мұғалімнің айтарлықтай күш-жігерін жұмсауын қажет етеді. Дегенмен, сабақтың тиімділігін арттыру әрбір педагогтің қолынан келетіні анық. Тиімді сабақты ұйымдастыруда кездесетін мәселелер: сабақта қолданатын әдіс-тәсілдердің бірсарындылығы; сабақта уақытты тиімді қолданбау; проблемалық оқыту элементтерін сирек қолдану; сабақта АКТ тиімді қолданбау; барлық білім алушылардың танымдық әрекетке тартылуын қамтымау; сабақтың және тапсырмалардың логикалық құрылымына мән бермеу; сабақта көрнекі құралдардың жеткіліксіздігі; жаттығулар мен тапсырмаларды немқұрайлы таңдау; оқушыларды шектен тыс көп тапсырмалармен жалықтыру.

          Аталған қиындықтарды шешу жолдарының бірі-сындарлы оқыту теориясын басшылыққа алып сабақты белсенді әдістер қолдану арқылы тиімді жоспарлау болып табылады.

          Табыстылыққа ұмтылу-оқу мен оқытудың негізгі мақсаты. Білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу алдын ала болжауға мүмкін болмайтын көптеген жағдайларға тәуелді күрделі үдеріс. Оқудың табыстылығы пәннің ерекшелігіне сәйкес тиімді әдістерді таңдай білетін мұғалімнің шеберлігіне байланысты болатыны анық. Сонымен қатар мұғалімнің мәдениеті мен білім алушыларға деген сүйіспеншілігінің ең маңызы зор. Егер білім алушы сабақтан жаңа нәрсе үйреніп, өзіне көңілі толып шықса, сабақтың жақсы өткені, мұғалімнің еңбегі табысты болғаны, ал егер білім алушы сабақтан ештеңе үйренбей, немқұрайлы көңіл-күймен шықса-сабақтың сәтсіз болғаны; демек мұғалімнің ойлануы керек деген сөз. Дегенмен сабақтың табысты болуы тек мұғалімге қатысты нәрсе емес, білім алушының ынта-жігері мен өзінің білім алуына деген жауапкершілігіне де байланысты. Сабақта әрбір білім алушының өзіндік маңызын және өзінің қаншалықты табысты болғанын сезіне білуі қажет. Бұл үшін мұғалім дайын, жаттанды білім беруден арылып, білім алушыны жаңа білімді өздігінен игеруіне бағыттауы керек.

          Сабақта белсенді әдістер қолдану білім алушының өзіндік рефлексия жасау дағдыларының дамуына, сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып, қатысқанын сезінуге, оқу үдерісінің белсенді мүшесі болуына, танымдық белсенділігінің артуына мүмкіндік береді.  Сондай-ақ , мұғалімнің сабағын қызықты ұйымдастыруына, білім алушыларының танымдық әрекетін күшейтіп, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдай түсуіне ықпал етеді.

          Оқу пәндері арасында байланыс орнату білім беру бағдарламасының аясын кеңейтіп, теңестіреді, тереңірек білім алуға мүмкіндік береді, көптеген дағдыларды қалыптастырады, түсінік пен дағдыларды дамытуға көмектесе алады, оқудың анағұрлым саналы меңгерілуіне көмектеседі, оқуға деген уәжді арттыра алады.

          Білім алушылардың қажеттілігін қанағаттандыру тәсілінде білім алушылардың оқуға қолдау көрсету мақсатында тексеру және кері байланыс ұсынылады. Яғни, уәжді және өзін-өзі бағалау деңгейін арттыра отырып қай бағытта оқыту керектігі анықталады. Сонымен бірге білім алушылардың өз жұмысын жақсартуына мүмкіндік беріп, білім алушылардың барынша тиімді оқу жолдарын түсінуіне көмектеседі.

            Қорыта айтқанда, оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Ендеше біздер-ұстаздар қауымы, заман ағымынан қалмай, білім алушылардың бойына білім, білік дағдыларын сіңіруіміз керек. Болашақ ұрпақты бәсекеге қабілетті елдің толық біліммен қаруландыру арқылы біз бабалар аманатын орындаған ұлт бола аламыз.

 

№7 Жаңашылдыққа ұмтылу-оқу мен оқытудың негізгі мақсаты

          Қазіргі таңда білім беру парагдимасы өзгеріп, білім берудің мазмұны жаңарды, білім беруге деген жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер  түрлі бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол аша отырып, тәрбие мен білім беру ісін жоғары деңгейге көтеруді қажет етеді.

          Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»,- деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері атап көрсетілген.

          Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйрену керек?»  және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген тәрізді негізгі сұрақтар туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Қазіргі кезде оқу бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп білім алушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған оқу бағддарламасы мен бағалау жүйесін енгізу  аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.

          Оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары белгілі бір пән және сынып аясында білім алушылардың нені оқып, нені үйрену қажет екендігін айқындау үшін қолданылады. Сонымен қатар, жекеленген пәнді оқыту мазмұнына қысқаша шолу ұсына отырып, бұл құжаттар мүдделі талаптарға оқушылардың белгілі сынып аясында оқу бағдарламасы бойынша жалпы түсінік алуына, белгілі бір сыныпта оқушылардың қандай білім, білік, тәжірибе жинақтайтынын анықтауға мүмкіндік береді. Мұғалім әрбір кезеңде қолданатын оқыту үлгілеріне (жеке, жұптық, топтық, бүкіл сыныптық), оқытудың әдіс-тәсілдеріне мән беруі керек, себебі белсенді сабақта мұғалім мен білім алушының атқаратын қызметі мен іс-әрекеттерінде үлкен өзгеріс бар; сабақты жоспарлағанда мұғалім педагогикалық іс-әрекетінің мазмұнын анық көрсетеді, яғни өзінің және білім алушыларының орындайтын әрекеттерін ашып көрсетеді. Белсенді сабақта білім алушылардың әрекеті танымдық, коммуникативтік және өзін-өзі басқару тұрғысында көрініс табады. Оқу мақсаттары нені оқып-білу және нені бағалай алу керектігін көрсетеді. Егер нәтижесінде неге қол жеткізуіміз керектігін білмесек, оқу мен оқытудың табыстылығын бағалау да мүмкін емес. Бағалау критерийлері оқу мақсатына жетуге бағытталған қадамдар ретінде қарастырылады. Бағалау критерийлерін нақты анықтамай  қалыптастырушы бағалауды тиімді жүргізу мүмкін емес. Сабақтың әдістемелік жобасын құру барысында мұғалім белсенді оқу әдістерін ұтымды қолдану арқылы оқу мақсаттарының орындалуына барынша қол жеткізуді ұстанады. Мұнда оқу-танымдық үдерістердің табыстылығына әсер ететін ынталандыру, жағымды психологиялық орта орнату, білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескеру сияқты маңызды мәселелерді басты назарға алу керек.

          Жаңаша білім беру жүйесінде белсенді оқытудың әдістері жеке тұлғаның қалыптасуында маңызы зор. Оқытудың белсенді әдістері-оқу материалын игеру үдерісінде білім алушыларды белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер. Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімді баяндауына, оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес, білім алушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесін пайдалануды білдіреді. Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері олардың негізінде практикалық және ойлау әрекетіне ояту жатыр. Онсыз білімдерді игеру алға жылжушылық болмайды. Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы және дамуы оқытудың алдына білім алушыларға білім ғана беріп қоймай, танымдық қызығушылықтар мен қабілеттердің, шығармашылық ойлаудың, өз бетінше ақыл-ой еңбегінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ету т.б. жаңа міндеттер қойылумен байланысты.

          Белсенді оқытудың мәні-оқу үдерісі іс жүзінде барлық білім алушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуында.          Сабақтың тиімділігін және табыстылығын қамтамасыз ету- мұғалімнің айтарлықтай күш-жігерін жұмсауын қажет етеді. Дегенмен, сабақтың тиімділігін арттыру әрбір педагогтің қолынан келетіні анық. Тиімді сабақты ұйымдастыруда кездесетін мәселелер: сабақта қолданатын әдіс-тәсілдердің бірсарындылығы; сабақта уақытты тиімді қолданбау; проблемалық оқыту элементтерін сирек қолдану; сабақта АКТ тиімді қолданбау; барлық білім алушылардың танымдық әрекетке тартылуын қамтымау; сабақтың және тапсырмалардың логикалық құрылымына мән бермеу; сабақта көрнекі құралдардың жеткіліксіздігі; жаттығулар мен тапсырмаларды немқұрайлы таңдау; оқушыларды шектен тыс көп тапсырмалармен жалықтыру.

          Аталған қиындықтарды шешу жолдарының бірі-сындарлы оқыту теориясын басшылыққа алып сабақты белсенді әдістер қолдану арқылы тиімді жоспарлау болып табылады.

          Табыстылыққа ұмтылу-оқу мен оқытудың негізгі мақсаты. Білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу алдын ала болжауға мүмкін болмайтын көптеген жағдайларға тәуелді күрделі үдеріс. Оқудың табыстылығы пәннің ерекшелігіне сәйкес тиімді әдістерді таңдай білетін мұғалімнің шеберлігіне байланысты болатыны анық. Сонымен қатар мұғалімнің мәдениеті мен білім алушыларға деген сүйіспеншілігінің ең маңызы зор. Егер білім алушы сабақтан жаңа нәрсе үйреніп, өзіне көңілі толып шықса, сабақтың жақсы өткені, мұғалімнің еңбегі табысты болғаны, ал егер білім алушы сабақтан ештеңе үйренбей, немқұрайлы көңіл-күймен шықса-сабақтың сәтсіз болғаны; демек мұғалімнің ойлануы керек деген сөз. Дегенмен сабақтың табысты болуы тек мұғалімге қатысты нәрсе емес, білім алушының ынта-жігері мен өзінің білім алуына деген жауапкершілігіне де байланысты. Сабақта әрбір білім алушының өзіндік маңызын және өзінің қаншалықты табысты болғанын сезіне білуі қажет. Бұл үшін мұғалім дайын, жаттанды білім беруден арылып, білім алушыны жаңа білімді өздігінен игеруіне бағыттауы керек.

          Сабақта белсенді әдістер қолдану білім алушының өзіндік рефлексия жасау дағдыларының дамуына, сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып, қатысқанын сезінуге, оқу үдерісінің белсенді мүшесі болуына, танымдық белсенділігінің артуына мүмкіндік береді.  Сондай-ақ , мұғалімнің сабағын қызықты ұйымдастыруына, білім алушыларының танымдық әрекетін күшейтіп, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдай түсуіне ықпал етеді.

          Оқу пәндері арасында байланыс орнату білім беру бағдарламасының аясын кеңейтіп, теңестіреді, тереңірек білім алуға мүмкіндік береді, көптеген дағдыларды қалыптастырады, түсінік пен дағдыларды дамытуға көмектесе алады, оқудың анағұрлым саналы меңгерілуіне көмектеседі, оқуға деген уәжді арттыра алады.

          Білім алушылардың қажеттілігін қанағаттандыру тәсілінде білім алушылардың оқуға қолдау көрсету мақсатында тексеру және кері байланыс ұсынылады. Яғни, уәжді және өзін-өзі бағалау деңгейін арттыра отырып қай бағытта оқыту керектігі анықталады. Сонымен бірге білім алушылардың өз жұмысын жақсартуына мүмкіндік беріп, білім алушылардың барынша тиімді оқу жолдарын түсінуіне көмектеседі.

          Қорыта айтқанда, сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдансақ, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алып, шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерінің қалыптастыруға ықпал етеміз. Білім алушылар  бойына мейірімділік, бір-біріне деген сенімділік қасиеттерін ұялата аламыз, себебі олар топпен жұмыс жасағанда бірлесіп жасауға үйренеді, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артады. Міржақып Дулатовтың «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда. Теңдікке жетсек те,  жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз-оқу. Надан жұрттың күні –қараң, келешегі –тұман» деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр. ХХІ ғасыр-ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру-тұлға дамуын жүзеге  асыратын мәселе. Ал осы жалпыеуропалық стандартқа сай жаңа білім беру-жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол!

 

 

№8 Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз

«Ел есінде бір жыл қалғың келсе-ас бер, он жыл қалғың келсе-ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе-бала тәрбиеле» ,- дейді халық даналығы. Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол — ұстаздық.

Ұстаздық-дара жол, даңғыл жол! Бұл жол қажырлы еңбек пен үнемі ізденімпаздықты талап етеді. Өз басым ұстаз болуды бала күнімнен армандадым.  Мен үшін ұстаз болу-мәртебе! Шәкірт-менің жүрегім! Менің ұстаздық өмір жолым ,,,, жылдан  басталды. Әрине, қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін  ұстаздық жолда түрлі қиындықтан өтіп, өзімді шыңдадым десем де болады. Ол өткен әрбір қиындығым болашақтағы «Ұстаз» атануыма себепші болды деп айта аламын.

Өзімнің тәжірибеме сүйене отырып, жаңашыл ұстаз болмысын сомдар болсам, біріншіден, мұғалім — үздіксіз ізденуші. Кез — келген тосын сұраққа жауап беріп, кез — келген жағдаяттан шыға алатын білімдар жан. Ізденіс мен үшін әрқашан теориялық білімді кеңейтіп, методикалық әдіснамамды арттырудың тиімді жолы болмақ. Сол арқылы келешек ұрпақтың сапалы білім алуы қажеттілігін жадынан шығармай кәсіби мәдениеті жоғары, білікті маман атану. Сонымен бірге қазіргі таңда білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты мұғалім дайын білімді беруші емес, бағыттаушы екенін түсінуі қажет. «Білім алушының  жетістігі — мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс — тәсілдерді тиімді қолдануында» дегендей жаңа тәсілдерді еңбек жолымда тиімді пайдалану. 

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық модульдерді пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі білім сапасын жоғарлатуды көздейді. Білім алушылардың іс — әрекетін сыни бағалау арқылы өз бойында дағдыларды қалыптастырамын. Қиындықты мойындап, оларды шешудің тиімді әдістерін іздеуге үйретіп, тиісті ақпаратты жинақтауға, сұрыптауға дағдыландырамын, нақты және түсінікті сипаттама беуге үйретіп, тақырыпты жақсы қабылдап дәлелдемелерді, бағалау үшін нәжижелерді өз бетінше түсінуге бағыттаймын.

          Мұғалім шеберлігі қандай болмақ? Мұғалімнің әр сабаққа дайындаған тапсырмасының өзі бірқалыпты деңгейде болмауы керек. Сол себепті шығармашыл білім алушыға күрделі әрі сыни тұрғыда ойландыруға жетелейтін тапсырмалар беріп отыруы керек. Осыдан барып біз баланы алған білімін өмірде қолдана алатын тұлға ретінде қалыптастырамыз.  Сапалы білім берудегі негізгі міндет те, мақсат та осы. Сол себепті де мен сапалы білім  берудегі басты мақсат деп мына үш факторды атап өткім келеді:  сыни тұрғыда ойлауға жетелеу; шығармашыл білім алушылардың талантын ұштау; нәтижесінде алған білімді өмірде қолдана білуге дағдыландыру. Теорияны тәжірибемен ұштастыру! Міне, ұстаздың шеберлігі осында жатыр. Алған білімді бала тек біліп қана қоймай, өмірде қолдана алуы маңызды. Нәтижесінде біз өмірге бейім, кез-келген тығырықтан жол таба алатын тұлғаны тәрбиелейміз.

Ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсыновтың: «Сендер адаспаңдар – арттарыңнан алаш адасады: арттарыңнан ергендердің обал-сауабына сіздер қаласыздар» деген сөзін әр ұстаз жадында ұстауы керек. Ендеше, әр педагог өз шәкіртін еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын болашағы ретінде тәрбиелеу үшін барын да, жанын да салуы керек деп білемін!

 

№9 Мектептің оқу-тәрбие процесі тұтас құбылыс және мұғалім  қызметінің обьектісі

Білім берудің маңызды шарты — оқу үрдісін жаңарта отырып, оқушылардың қызығушылығын, арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, зерттеушілік іс-әрекетін жоспарлау олардың өздігінен білім  алуға  құштарлығын  жетілдіру,  қол  жеткен  табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.

Жастарды қоғам өмірінің барлық саласында да, соның  ішінде  білім  алуда да тек деректер жинап, жалпы хабардар болуымен шектелмей, терең білімді, ізденімпаз,  барлық әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу-уақыт талабынан туындап отыр.

Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші рөл атқарады. Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғам шығармашылық әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеуде. Осыған орай бүгінгі күні орта білім  беретін  мектептерге  үлкен  талап қойылуда.

Бұрын орта мектептің негізгі міндеті білім беру мен дағды біліктіліктерін қалыптастыру болып келсе,  қазіргі  міндеті:  ойы  ұшқыр,  шығармашылық  қабілеті  жоғары, өмірге икемді, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Жеке тұлғаны  қалыптастыру  тек  қана  әлеуметтік  жағдайда  ғана  жүзеге  асады,  яғни адамның табиғи қабілеттеріне қоршаған орта әсер еткенде ғана толық ашылады.

Ал, балаға бірден-бір әсер ететін орта-мектеп. Сондықтан да жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті мектепке жүктеліп, оқушының жеке  қабілеттерін  дамытуда,  дарынын ашуда және қоғамдық белсенді әрекетін  жүзеге  асыруда  мұғалімдердің  іс-  әрекеті мен озық тәжірибесі, қабілеті мен шеберлігі шешуші рөл атқарады.

Оқыту  ісіне  жаңа  тәсілдер  дайындау,  өзара  нұсқаулық-ақпараттық  қатынастан  білім алуға  деген  сұраныстарды  қанағаттандыруға,  жеке  тұлғаға  бағытталған  өзара  көшу- педагогикалық ғылым мен тәжірибенің алдына қойылып отырған үлкен міндет.

Мұғалім  дамымай  оқушы  дамымайды.  Қазіргі  заманғы  ақпараттық  және  білім  беру технологияларын пайдаланбай, оқушы мен мұғалімнің жұмысының сапасын арттырамын деуге болмайды. Ұлтымыздың ұлы ұстазы –Ахмет Байтұрсынов. «Білім- біліктілікке   жеткізер  баспалдақ,  ал  біліктілік  сол  білімді  іске  асыра  білу  дағдысы»   деп, білім мен  біліктілік  жайлы  үлкен  ой  айтқан.  Сондықтан  да  білім  берудің  нәтижелігі мұғалімнің шеберлігі, шығармашылығы мен оның  тікелей  кәсіби  құзыреттілігіне тікелей байланысты.

Шығармашыл мұғалімнің білім берудегі мақсаты- әр түрлі деңгейдегі білім беру әрекеттерінің жоспарланған нәтижесіне жету. Мұғалім өз жұмысында оқушылардың қабілеттерін анықтап, оларды  оқыту,  жетілдіру,  ғылымға  бейімдеу,  бала  дарындығын ашу, оны дамыту, бала бойындағы зерттеушілік іс-әрекетін, қабілеттілік белгілерін көре  алуы мұғалімнің шеберлігін қажет етеді.

Жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы- оқушыға білімді терең игертудің әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа және зерттеушілік іс-әрекетке жетелеу.

          Жеке тұлға қабілеттерін дамытуға бағытталған  оқыту  процесі  әр  педагогтың  өзіне, өз ісіне және өзгеге деген жауапкершілікті арттырып, оқушымен қарым-қатынасы берік сенімге негізделгенде ғана игі нәтижесін байқатуы мүмкін.

Оқушылардың өзіндік жұмысы- танымдық іс-әрекеттері формаларының бірі болып табылады. Сондықтан, бұл жұмыстардың тиімділігі мұғалімнің осы іс-әрекетті инновациялық  технологиялар  арқылы  дұрыс  жоспарлау  біліктілігіне  байланысты  болады. Қазіргі кезде оқытуға қойылатын негізі  талап-  оқушылардың  белсенді  іс-  әрекеттік сезімін оята отырып, жаңа инновациялық технологиялар арқылы өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру және оларды басқара білу. Ол біріншіден, оқушыларды өз бетінше  іздендіретін,  одан  жаңа  ақпарат  алатындай  оқу  материалын  берудің  құрылымын қайта құруды талап  етеді.  Екіншіден,  оқушылардың  өзіндік  іс-әрекетіне  деген мұғалімнің көзқарасын өзгертуді талап етеді. Яғни, мұғалім қазіргі кезде белсенді  емес, оқушылардың өздері  белсенді  жасампаз  күш  болатын,  оқытудың  ұйымдастырушысы және басқарушысы болуы қажет.

      Сонымен ұстаздар әр бала қабілетін жоғары төмендігіне қарамастан өзінше тұлға, табиғаттың таңғажайып  құбылысы  және  әр  баланың  күнделікті  өмір  тіршілігі  өзінше  бір тағдыр екенін ескеруі қажет. Тағдырға жауапкершілікпен қараған  дұрыс.  Заманымыздың талабына сай білім сапасы жоғары оқушылардың құзырлығын дамыту арқылы үлкен нәтижеге жетіп, жемісін көреміз деп сенемін.

 

 

 

 

№10   Мамандық таңдау – маңызды мәселе

Адам баласы өмірде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек болса, соның бірі мамандық екені көпке аян. Мамандық таңдау – мына жаһандану заманында қоғамда қызу талқыға түсіп жүрген өте өзекті тақырыптардың бірі.

Мамандық таңдау үлкен жауапкершілік. Мамандық таңдауда үш нәрсеге баса назар аударғанымыз дұрыс. Олар: қызығушылық, қалау, қабілет. Егер таңдау барысында осы үш дүние бір жерде тоғысқан болса – бағыңыздың жанғаны.

Мамандық таңдау. Осы сұрақ төңірегінде ұстазымыз сауал жолдағанда ат тонымды ала қашатын едім. Бірақ, қазір ойлап отырсам  жүйрік аттай жүйткіп өте шыққан уақыт аралығында он бірінші сыныпқа да қадам басыппын. Демек, бұл-  санаға сілкініс жаса деген ұғым. Шырмауықтай шырмалған ойларға салынып, қандай мамандық таңдаймын деп бас қатырып жүргенімде, теледидардан “ұстаз мәртебесі” көтерілетінін көзім шалып қалды. Бала күнімде ұстаздыққа қатты қызығатынмын. Бірақ, анамның күндіз-түні жазудан бас алмай, сүріне жығылатын көргенімде бұл ойымнан айныған едім. Бірақ, жоғарыда аталған қуанышты жаңалықты естігенімде “ұстаздық” жолды таңдаймын деп бел будым. Осы орайда сіздің тараптан “неліктен?” деген сауал туар. Оған төмендегідей жауап беріп өтсем:

Өз мамандығына деген сүйіспеншілік қана адамды абырой биігіне жетелесе керек. Жалпы, ұстаздық ең қадірлі де қасиетті мамандық. Себебі, ұстаз – қоғамды алға сүйрейтін озық ойлы адамның тәрбиешісі. Жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де,  жолы да бөлек. Менің болашақ ұстаздық жолда ұстанатын ұстанымым: «Ақыл — адамды аздырмайтын ем,   білім — таусылмайтын кен,   Адамның басшысы — ақыл, жетекшісі -талап, шолғыншысы — ой, жолдасы — кәсіп,  қорғаны — сабыр,   қорғаушысы — мінез».

        Қорыта айтқанда, тәрбиенің үш бұлағы бір арнаға құйылса, онда оның суы да мөлдір, тұнық болмақ. Сондықтан  «өз бақытың — өз қолыңда» — демекші жарқын болашаққа жол табу  өз еншіңде.

 

 

 

 

 

 

 

 

№11 Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамыту арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру

 

Қазіргі кезде қоғамдық әлеуметтік өмірдің барлық саласында түбірлі өзгерістердің болуына байланысты білім жүйесінде де оның мазмұны мен оқыту әдістемесінде де біршама жаңалықтар болып жатыр.

Оқу бағдарламалары білім беру процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі — білім алушылардың өздігінен білім алуы үшін белсенді іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған. Мұндай тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын ұғынуға, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де қалыптастыруға ықпал етеді.

Тұлғалық-бағдарлық білім беруді нығайту білім беру процесіне қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілдікке жол бермей, ынтымақтастығына ықпал ететін оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану арқылы жүзеге асады. Сондықтан да қазіргі қоғам мен мектеп жаңартылған білім  беру  жағдайында  оқытудың  жаңа  міндеттерін сапалы шешуге, шығармашылыққа қабілетті педагог қызметкерлеріне мұқтаж.

Білім беру мазмұнының жаңару курсының нәтижелілігі тікелей мұғалімдердің кәсібилігіне байланысты. Сонымен қатар, педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың ажырамас бөлігі болып табылатын оқыту үрдісі, өзін өзі өзектендіруі, өзекті білімді меңгеруі, біліктілігі мен дағдысы жетілуінде біліктілікті арттыру курсы маңызды рөл атқарады.

Педагогтарды оқытуда аталған курс тәжірибеге бағытталған белсенді оқу тәсілдерін қолданумен ерекшеленеді. Біліктілікті арттыру курсы аясында оқыту қызметі андрагогика ұстанымына негізделеді. Олар:

-білім алушылар оқу үрдісінде жетекші роль атқарады;

 -білім алушылар, қалыптасқан тұлға ретінде алдарына нақты мақсат қоюға, өз бетімен, өзін өзі басқаруға, өзін өзі жүзеге асыруға ұмтылады.

-ересек адамдар меңгерген білім, білік, дағдыларын, өмірлік және кәсіби тәжірибелерін оқыту үрдісінде тиімді қолданады;

-оқу процесінде білім алушылар мен тренердің іс-әрекетінің барлық кезеңдерінде бірлесе ұйымдастыру

Біліктілікті арттыру курсының екі негізгі міндеттерін атап өтуге болады: білім алушыларды жаңа ақпаратпен қамтамасыз ету және кәсіби білік, дағдыларын қалыптастыру, жетілдіру. Жаңа ақпаратпен қамтамасыз ету негізінен дәріс түрінде жүзеге асырылады. Дәріс төмендегідей дидактикалық міндеттерді шешеді: дұрыс емес стереотиптерді жою, қызығушылық, сендіру, тәуелсіз іздеуге және интеллектуалды белсенділікті тудырады теориялық деңгейден ойдағыдай өтуге көмектеседі.

Теориялық деңгейден қолданбалы білімге ойдағыдай өтуде стреотиптерді жоюға, белсенді ойлауға және өз бетімен ізденуге қызықтыруға, сендіруге үйретеді. Дәрістің артықшылығы ұсынылған материалдың өзара байланысы мен логикалық қабылдаудың тұтастығында. Оқыту курстарындағы дәріс сағаттарының қысқартылуы шектеулі уақытта теориялық материалдарды нәтижелі меңгеруге, дәрісті өткізуде инновациялық тәсілдерді қолдануға мүмкіндіктер тудырады. Осындай жетістікке жетуге мүмкіндік беретін тәсілдердің бірі- белсенді оқу дәрістері. Белсенді оқу білім алушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді.

Белсенді оқу барысында мұғалімдер:

—         барлық оқушылардың оқу үдерісіне қатысуын қамтамасыз ететін жағымды оқу ортасын қалыптастыруға;

—         сенімді, жауапты, белсенді, жаңалыққа ұмтылатын және өзінің іс-әрекетін талдап, рефлексия жасай білетін оқушыларды тәрбиелеуді мақсат етуге;

—         оқушылардың дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар мен белсенді әдіс- тәсілдерлі қолдануға;

—         алға қойылған оқу мақсаттарына қол жеткізу арқылы жоспарланған сабақты тиімді өткізу үшін материалдарды, ресурстарды және қосымша құралдарды пайдалана отырып, бүкіл сынып қатысатын, топтық немесе жұптық жұмыс түрлерін, оқушылардың жеке жұмыс істеуін ұйымдастыруға және уақытты басқаруға;

—         оқушыларды мадақтап, оқуға еліктіре, қызықтыра отырып, ұғымдарды түсіндіруде.

Интерактивті дәріс ерекшеліктері: — қатысушылар бір-бірімен және оқытушымен байланысқа түсе алады;

-білім алушы дәріс презентациясын пайдаланады;

-білім алушылардан әруақытта ақпаратты өңдеу және дәріске белсенділік таныту талап етіледі;

—         әруақытта дәріскерден және білім алушылардан тиімді кері байланыс ұсынуы талап етіледі;

—         дәріскер білім алушылардың өзара қарым-қатынас деңгейін бақылап отырады;

Белсенді оқыту дәрістерінен алған ақпараттар ұзақ мерзімді есте сақтауға мүмкіндік береді.

Кейс амал-тәсілінде басты назар білім алушылардың ұсынылған нақты немесе қиялдық (алдын-ала құрастырылған) жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі т.б. білім алушылардың жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады. Кейс әдісі нақты жағдайлар тұрғысынан академиялық теорияларды көрсетуге мүмкіндік беретін білім алушылардың материалды оқуға, білімді терең меңгеруге, ақпаратты өңдеуге және талдауға, әртүрлі жағдайларды саралауға мүмкіндігі мол білім беруі тәсілдерінің заманауи түрі.

 Кейс әдісін тиімді қолдану арқылы білім алушылар бойында келесі дағдыларды қалыптастыруға және дамытуға болады:

—         Аналитикалық дағдылар. Оларға келесілерді жатқызуға болады: деректердің мәліметтерден айыру шеберлігі, маңызды және маңызды емес ақпараттарды айыра білу, талдау, елестету және оларға қол жеткізу, жіберіп алған ақпаратарды тауып, оларды қалпына келтіру шеберлігі және т.б. Нақты және логикалық ойлау қабілеті. Бұл әсіресе, ақпарат сапасы төмен болған жағдайда өте маңызды.

—         Тәжірибелік дағдылар. Кейсте көрсетілген нақты жағдайларымен салыстырғанда мәселенің күрделілігі төмен деңгейі экономикалық теорияларда, әдістер мен принциптерде қолданылатын тәжірибе дағдыларын жүйелеуге мүмкіндік береді.

— Шығармашылық дағдылар. Ережеге сай жалғыз CASE-пен мәселе шешілмейді. Мұнда, логикалық жолмен шешілмейтін, альтернативті шешу генерациясының шығармашылық дағдылары өте маңызды.

—         Коммуникативті дағдылар. Олардың ішінен төмендегілерді атап айтуға болады: дискуссияны жүргізу шеберлігі, қоршаған адамдардың көзін жеткізу. Көрнекі материалды және басқа медиа заттарды қолдану – топтарға бірлесу, өз көзқарасын қорғау, оппоненттердің көзін жеткізу, қысқа да нұсқа есеп дайындау.

—         Әлеуметтік дағдылар. Талқылау барысында CASE-те нақты әлеуметтік дағдылар қалыптасады: адамдардың өзін — өзі бағалау тәртібі, тыңдай білу, дискуссияны қолдау немесе қарама -қарсы көзқарасты дәлелдеу, яғни, өзін өзі ұстау және т.б.

—         Өзіндік саралау. Пікірталас кезінде келіспеушілік басқалардың және өзінің пікірін жете түсінуге және талдауға септігін тигізеді. Туындаған моральдық және этикалық мәселелер оларды шешудің әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруды талап етеді. Бұл әдістің тиімділігі, ол басқа оқу әдістерімен оңай байланысуы мүмкін. Кейс-стади әдісінің категориялық аппараты жүйелі саралауды талап  ететін  кешенді  құрылымдық  жүйе  екендігі белгілі. Әдістің категориялық аппаратын құру оны қолдану тиімділігін бірталай арттыруға көмектеседі, сонымен қатар оқу процесіндегі технолизациялау әдісі үшін, жаңа мүмкіндіктер ашады.

Аталған әдісті кәсіптік тәжірибемде қолдану арқылы төмендегідей қорытындыға келдік:

Сase-study әдісімен жұмыс жасаудағы артықшылықтар: әрбір қатысушы өзінің пікірін басқа қатысушының пікірімен салыстыра алады, шешіліп жатқан мәселенің өзектілігі және оны білім алушылар тәжірибесімен тығыз байланыста болғандықтан білім алушылар ынтасы мен белсенділігі жоғары болады.

Сase-study әдісімен жұмыс жасау барысындағы қиыншылықтар: нашар ұйымдастырылған талқылаулар ұзақ уақыт алуы мүмкін. Егер қатысушылар да қажетті білім мен дағдылар болмаса, жұмысты дұрыс ұйымдастыруда және талқылауға дұрыс бағыт беріп отыруда қатысушының кәсіби біліктілігіне жоғары талап қоймаса, жақсы нәтиже көрсете алмайды. Сонымен қатар, мұғалім практикалық жағдаяттарды талқылауда оқушыларда жиі кездесетін қателерді болдырмауға тырысу керек. Олар:

—         Оқушылар берілген ақпараттардың ішінен қажеттісін ажыратам деп сол ақпараттарға көміліп, негізгісін анықтай алмайды;

—         Жағдаятты тар көлемде қарастырады да, проблема көрінбей қал

—         Оқушылар талқылауды аяқтамай-ақ, әрекет ету жоспарын құрады.

Біздің көзқарасымыз бойынша, белгілі мотив-мақсаттардың мазмұны болмасын, олардың алғашқы басқышында жетістіктің түрткісі орын алуы тиіс. Өзіндік даму мен өзіндік жетілуге деген қажеттіліктерден туындайтын түрткі саналылыққа ауысып, адамның әрекет ету ортасын кеңейтіп отыратын себептерін оятады тұлғаның әлеммен байланысын кеңейтіп, қорытындысында білім алушыны өзіндік кемелденуге жетелейді

Педагогтің кәсіби құзыреттілігі – оның кәсіби беделі орталықтан орын алатын мінез- құлықтың қасиеттерін қамтушы оң қасиеттердің ауқымын белгілейді.

К.Ушинскийдің пікірінше, бала өз оқуы тиіс, ал педагогтың қызметі – оған игерілуі қажет материалды ұсынып беру, оны оқу процесін басқару. Қазақстан білім беру кеңістігінде реформалау бағыттары жалпы әлемдік бағдар мен үндес келетін фактілерінің іске асырылуында деп сөзімді аяқтаймын.

 

 

№12  Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-нәтижелі білім берудің негізі

 

          Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әр түрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Қазіргі білім беру саласында өзгерістерді дұрыс қабылдап, оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, бүгінгі заман талабына сай ұстаз да, дарынды және талантты тұлға болу мүмкін емес.

          Заманауи қоғамға жан-жақты жаңашыл адам керек. Мұндай адамды қалыптастыру- қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет. Ендеше, «ХХІ ғасыр білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» — деген  тұңғыш елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі  әрбір адамның ойына түрткі салуы тиіс. Өйткені мұғалімнің бүгінгі күні жасап отырған еңбегінің нәтижесі қандай болса, еліміздің, қоғамымыздың болшағы да сондай болмақ.

          Демек, жастарды қоғам өмірінің барлық саласында да, соның  ішінде  білім  алуда да тек деректер жинап, жалпы хабардар болуымен шектелмей, терең білімді, ізденімпаз, талантты,  барлық әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу-уақыт талабынан туындап отыр.

          Білім берудегі негізгі мақсат — тек білімді, дарынды, кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Жаңа заман талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыру білім беру мен тәрбие үдерісінде жүзеге асырылатындықтан, білім мазмұнын таңдауда әр баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру мәселесі тереңірек, әрі нақтырақ қарастырылады.

            Мұғалім дамымай оқушы дамымайды. Қазіргі заманғы ақпараттық және білім беру технологияларын пайдаланбай, оқушы мен мұғалімнің жұмысының сапасын арттырамын деуге болмайды. Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов “Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы” деп, білім мен біліктілік жайлы үлкен ой айтқан. Сондықтан да білім берудің нәтижелігі мұғалімнің шеберлігі, шығармашылығы мен оның тікелей кәсіби құзыреттілігіне тікелей байланысты.     

          Біз алдымыздағы жеке тұлға – оқушымыздың құзырлығын дамыту үшін, яғни қоғамның жан –жақты білімді, белсенді азаматын тәрбиелеу үшін,  сыныпта өтілген тақырыптарды, одан әрі дамыту міндеттерін жүзеге  асыруда  сыныптан  тыс жұмыстардың сапасын жақсартып, рөлін арттыра түсу үшін мынадай мақсаттарды көздеуіміз қажет:

 —        оқушылардың қазіргі заманға сай бейімделуіне, халқына зор  көмек  беретін,  жаңалық аша алатын тұлғаны  қалыптастыру;

—         бастаған жұмысты тиянақты дер кезінде аяқтауын  қадағалау,  дарынды және талантты  тұлғаны  даярлау болып табылады.

          Ұлы жазушы әрі ғұлама ғалым М. Әуезовтің: «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» – деген өте терең мәнді нақылы бар. Ол еліңнің ертеңі жас ұрпағыңды жақсылап өсір дегені. Осы ретте, баланың өмірден өз орнын табуы үшін оның қабілетін ерте кезден дамыту тікелей ұстазға байланысты деп білемін. Ал, талантты және дарынды оқушылардың білім алуын арттыруда  қолданылатын кеңейтілген тапсырмаларды мақсатты, сауатты пайдаланудың маңызы зор. Ол балаға қалай әсер етеді? Жауап төмендегідей:

  1. Білім немесе дағдылардың жалпы өзегін қолдану;
  2. Тақырыптардың түпнұсқалы зерттеулерін қолдау;
  3. «Нағыз» құзыреттілікті қалыптастыру;
  4. Бастапқы және соңғы нүктелер қатарымен өзара әрекеттесу;
  5. Шешімдері алдын ала анықталмаған тапсырмаларды зерттеу;
  6. Қабілеттілігіне қарамастан кеңейтілген тапсырмаларға тең қол жеткізу;
  7. Қолдау ахуалы тұрақты қалыптасқан сыныптың ең жоғары ойлау деңгейіне негізделген оқу үрдісіне қатысу;
  8. Сыни ойлау дағдыларын дамыту;
  9. Мәселелерді шешу үшін шығармашылық тәсілдерді қолдану;
  10. Таңдау элементтерінің көмегі арқылы өзіндік реттеуді қолдану;
  11. Аса құштар және ынталы болу;
  12. Оқушылардың жетістікке жету қабілеттерін көрсету;

Кеңейтілген тапсырмалардың он екі идеясын қолдану арқылы біз тек оқушы бойындағы дарын мен талантты дамытып қоймай, сонымен қатар тұйық оқушы бойындағы талантты анықтауға мүмкіндік аламыз. Дұрыс таңдалған бір әдістің  өзінде он екі идеяның бірнеше ерекшелігі тоғысып жатады. Биология пәнін оқытуда кеңейтілген тапсырмаларды жүйелі қолдану арқылы оқушының пәніме деген қызығушылығын арттырып, білім алу құштарлығы мен ынтасының жоғарылайтындығын түсініп келемін.

          Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек.  Сол  үшін  де  бұл  бағдарламаның  негізі  «Өмірмен  байланыс»   ұғымына   құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз.

          Баланың бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашып, әр баланың өзін сезіне білуіне, ішкі табиғатын ашуға көмектесу, өзін шығарашылықпен ұштастыруға бағыт беру тікелей мұғалімге байланысты. Әдебиет сабағында оқушының сөйлеудегі  және жазудағы тіл мәдениеті дамып, өзіндік ой-пікірін дәйекті, жүйелі айта білуі, ұтымды, шешен сөйлеуі қалыптасады. Бұл пәннің баланың бойындағы дарынды аша білудегі мүмкіндігі жоғары. Ал, дарынды оқушыны жан-жақты қабілетті, терең білімді, зерек те еңбекқор,өз ісін сүйетін, талантты да шебер ұстаз ғана тәрбиелей алады. Дарынды мұғалім дарынды баланы бірден таниды. Ол оқушымен жеке жұмыстар жүргізіп, оның талантының ашылуына дер кезінде қолдау көрсетеді. Қосымша жұмыстар жүргізе отырып, оқушы шығармашылығын дамытуға, оның қызығушылығын оятып , өз бетімен жұмыс істеуіне шабыттана көмектеседі.

          Қорытындылай келе, кезінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы, яғни ұстаз білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шыкпақшы.Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін ұстаз» – деп айтқан болатын. XXI ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Сондықтан ұстаздар әр бала қабілетін жоғары төмендігіне қарамастан өзінше тұлға, табиғаттың таңғажайып  құбылысы  және  әр  баланың  күнделікті  өмір  тіршілігі  өзінше  бір тағдыр екенін ескеруі қажет. Тағдырларына  жауапкершілікпен қарап, өмірден өз орнын табуына өз ықпалын тигізгені дұрыс.  Заманымыздың талабына сай білім сапасы жоғары оқушылардың құзырлығын дамыту арқылы үлкен нәтижеге жетіп, жемісін көреміз деп сенемін.

 

№13  МЕН ҮШІН ПАТРИОТИЗМ ДЕГЕН НЕ?

Мен — патриотпын! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін! Мен Отанымды, отбасымды сүйемін! Мен — тілімді, дінімді, ділімді сүйемін! Мен Қазақстан Республикасының Туын, Гимнді, Елтаңбаны құрметтеймін.Менің ойымша патриот ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата – анасын, туған – туыстарын жақсы көруден басталады. Мен өзімді шын патриот санаймын. Кез — келген адамды отансүйгіштікке тәрбиелейтін ең бірінші — ата — ана тәрбиесі, екінші — ұстаздардың тәлімі. Ал өзіңді — өзің отансүйгіштікке тәрбиелегендегі тірегің ол — кітап. Осы құдіреті күшті кітап арқылы біз өз імізді патриот болуға тәрбиелей аламыз. мейлі ол мұғалім, мейлі ол жұмысшы, дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Тату тірлік пен ауызбірлік жылы ұямызға арқасын кең жайғанда адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ. Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ңұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын. Осы тәрбиенің ең маңыздысы – балаға патриоттық тәрбие беру. Халқымыздың тарихына терең үңіле білсек, жасынан жарқыраған күміс көмей әнші, жау жүрек батыр, нар тұлғалы палуан елі мен жері үшін аянбағаны баршаға мәлім. Ендеше көкірек көзімен тарихты тамырынан тамшылата жас ұрпақ зердесіне зерлей, шырайлы сөзбен кестелей таныту ата – ана мен ұстаз – тәрбиеші шеберлігіне байланысты. «Барлық халық пен ұлт барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс» деген еді ұлтымыздың мақтанышы, ұлы патриот атамыз Бауыржан Момышұлы. Бұл сөздің астарында өз ұлтыңды ерекше сүй, сол арқылы өзге ұлтты сүюге үйрен деген ой жатыр.

 

№14 Білім беруді нығайтудағы көзқарасым

Қазақстан Республикасының білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында «….басты нәрсе білім, білік дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық- интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере  алатын,  ылғи даму үстінде  болатын  және  жылдам  өзгерістегі  әлем  жағдайында  іске  асыра алатын тұлға қалыптастыру болып саналады» — деп көрсетілген.

Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой–өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу  қажеттілігі де осы себептен туындап отыр.  Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің  жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы  көңілді қуантады. 

Сондықтан білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кәсіби-құзырлы тұлғаны қалыптастыруды, кәсіби мәселелерді өз бетімен шешуге қабілетті маманды қамтамасыз ететін  білім  беру  жүйесін  тиімді  құруды,  кәсіби  қызметтің қоғамдық және жеке тұлғалық мәнін, оның  нәтижесінде  жауапкершілікпен  қарап, сезінуді болжайды.

Сонымен қатар қай мемлекетті айтар болсақ негізгі тірегі — білімді, білікті, іскер, белсенді адамдар екені өтірік емес. Сондықтан, қоғам талабына  сай  ол  қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз.

Білім берудің маңызды шарты — оқу үрдісін жаңарта отырып, оқушылардың қызығушылығын, арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, зерттеушілік іс-әрекетін жоспарлау олардың өздігінен білім  алуға  құштарлығын  жетілдіру,  қол  жеткен  табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.

Жастарды қоғам өмірінің барлық саласында да, соның  ішінде  білім  алуда да тек деректер жинап, жалпы хабардар болуымен шектелмей, терең білімді, ізденімпаз,  барлық әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу-уақыт талабынан туындап отыр.

Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші рөл атқарады. Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғам шығармашылық әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеуде. Осыған орай бүгінгі күні орта білім  беретін  мектептерге  үлкен  талап қойылуда.

Бұрын орта мектептің негізгі міндеті білім беру мен дағды біліктіліктерін қалыптастыру болып келсе,  қазіргі  міндеті:  ойы  ұшқыр,  шығармашылық  қабілеті  жоғары, өмірге икемді, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Жеке тұлғаны  қалыптастыру  тек  қана  әлеуметтік  жағдайда  ғана  жүзеге  асады,  яғни адамның табиғи қабілеттеріне қоршаған орта әсер еткенде ғана толық ашылады.

Ал, балаға бірден-бір әсер ететін орта-мектеп. Сондықтан да жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті мектепке жүктеліп, оқушының жеке  қабілеттерін  дамытуда,  дарынын ашуда және қоғамдық белсенді әрекетін  жүзеге  асыруда  мұғалімдердің  іс-  әрекеті мен озық тәжірибесі, қабілеті мен шеберлігі шешуші рөл атқарады.

Оқыту  ісіне  жаңа  тәсілдер  дайындау,  өзара  нұсқаулық-ақпараттық  қатынастан  білім алуға  деген  сұраныстарды  қанағаттандыруға,  жеке  тұлғаға  бағытталған  өзара  көшу- педагогикалық ғылым мен тәжірибенің алдына қойылып отырған үлкен міндет.

Мұғалім  дамымай  оқушы  дамымайды.  Қазіргі  заманғы  ақпараттық  және  білім  беру технологияларын пайдаланбай, оқушы мен мұғалімнің жұмысының сапасын арттырамын деуге болмайды. Ұлтымыздың ұлы ұстазы –Ахмет Байтұрсынов. «Білім- біліктілікке   жеткізер  баспалдақ,  ал  біліктілік  сол  білімді  іске  асыра  білу  дағдысы»   деп, білім мен  біліктілік  жайлы  үлкен  ой  айтқан.  Сондықтан  да  білім  берудің  нәтижелігі мұғалімнің шеберлігі, шығармашылығы мен оның  тікелей  кәсіби  құзыреттілігіне тікелей байланысты.

Шығармашыл мұғалімнің білім берудегі мақсаты- әр түрлі деңгейдегі білім беру әрекеттерінің жоспарланған нәтижесіне жету. Мұғалім өз жұмысында оқушылардың қабілеттерін анықтап, оларды  оқыту,  жетілдіру,  ғылымға  бейімдеу,  бала  дарындығын ашу, оны дамыту, бала бойындағы зерттеушілік іс-әрекетін, қабілеттілік белгілерін көре  алуы мұғалімнің шеберлігін қажет етеді.

Жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы- оқушыға білімді терең игертудің әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа және зерттеушілік іс-әрекетке жетелеу.

          Жеке тұлға қабілеттерін дамытуға бағытталған  оқыту  процесі  әр  педагогтың  өзіне, өз ісіне және өзгеге деген жауапкершілікті арттырып, оқушымен қарым-қатынасы берік сенімге негізделгенде ғана игі нәтижесін байқатуы мүмкін.

Оқушылардың өзіндік жұмысы- танымдық іс-әрекеттері формаларының бірі болып табылады. Сондықтан, бұл жұмыстардың тиімділігі мұғалімнің осы іс-әрекетті инновациялық  технологиялар  арқылы  дұрыс  жоспарлау  біліктілігіне  байланысты  болады. Қазіргі кезде оқытуға қойылатын негізі  талап-  оқушылардың  белсенді  іс-  әрекеттік сезімін оята отырып, жаңа инновациялық технологиялар арқылы өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру және оларды басқара білу. Ол біріншіден, оқушыларды өз бетінше  іздендіретін,  одан  жаңа  ақпарат  алатындай  оқу  материалын  берудің  құрылымын қайта құруды талап  етеді.  Екіншіден,  оқушылардың  өзіндік  іс-әрекетіне  деген мұғалімнің көзқарасын өзгертуді талап етеді. Яғни, мұғалім қазіргі кезде белсенді  емес, оқушылардың өздері  белсенді  жасампаз  күш  болатын,  оқытудың  ұйымдастырушысы және басқарушысы болуы қажет.

      Сонымен ұстаздар әр бала қабілетін жоғары төмендігіне қарамастан өзінше тұлға, табиғаттың таңғажайып  құбылысы  және  әр  баланың  күнделікті  өмір  тіршілігі  өзінше  бір тағдыр екенін ескеруі қажет. Тағдырға жауапкершілікпен қараған  дұрыс.  Заманымыздың талабына сай білім сапасы жоғары оқушылардың құзырлығын дамыту арқылы үлкен нәтижеге жетіп, жемісін көреміз деп сенемін. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеу – біздің мақсатымыз.

 

№19 МЕНІҢ ШӘКІРТТЕРІМ-МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ

Мұғалімнің бүкіл мақтанышы шәкірттерінде,

өзі шашқан ұрпақтарының өсіп — өнуінде.

Ұстаздан жақсылыққа тәрбиелену, өзі бақытты болып,өзгелерді де бақытты ету жолына үйрену дегенге саяды. Жалғыз екенсің, ізіңнен ерген ізбасарың болмаса, онда құның да шамалы,шәкіртсіз ұстаз да бұтақсыз қу ағаш сияқты.                                                                                                          

Ана сүтін дене үшін табиғат әзірлесе, шәкірттердің рухын биіктету үшін біз оқытушылар  өз үлестерімізді  қосуға тырысамыз . Алдымызда бізге сеніп тапсырылған бала, ертеңгі қоғамның бір белді тұлғасы болмасына кім кепіл?

Әрбір шәкіртімнің  жасаған қылықтары мен үшін қайталанбас бейнелер.Жұмыста да, үйде де тек шәкірттерімнің қылықтарын ойлап жүретінмін.

16 шәкіртімді әлі күнге дейін ұмытқан емеспін, ұмытпаймын да.

Себебі: олардың өмірге деген қызығушылығын ояттым, өз баламдай аянбай тәрбиеледім, жақсылыққа сүйсініп, жамандықтан жиренуге шақырдым. Олардың қуанышына ортақтастым, кемшін тұстарына күйіндім де.

Шәкірт бойында ынта- ықылас оянбаса, онда еңбегіңнің зая кеткені.

Өзіңді шәкірттердің іздеп жүруі, мақтан тұтуы – ұстаз үшін баға жетпес бақыт.

Табиғаттың ең бір үлкен сыйы- ұстаздың шәкірт жүрегінде мәңгі ойып орын алып қалуы. Егер шәкірт жүрегінде мәңгі қалсаң, онда сол бала жүрегінің кілтін дұрыс тапқаның. Ондай құпия кілтті табу үшін асқан қабілеттілік, байқағыштық, елестету, әдептілік өте қажет.

Адам өзінің айрықша сыйлайтын, сенетін, тәнті болып, мақтан тұтатын кісінің айтқанын екі етпейді, тапсырмасын ауырсынбайды, оны шын пейілі, ықыласымен, бар ынтасымен және шабытпен орындайды.

Менің шәкіртім де дәл осындай.. Ол –Канафин Арыстан . Алғаш бірінші курсқа түсіп ,топ жетекшісі ретінде қабылдап алғанымда   тұйық  болып көрінгенмен, оның ұшқыр ойы, үкілі үмітінен көп нәрсені күтуге болатын байқадым.Ынта қойып, тапсырылған іске ерекше ықыласпен кірісетін шәкіртіме жауапты жұмыс тапсырып сенім арттым.  Ол ғылыми жоба байқауына , түрлі конкурстарға қатысу мүмкіндігі еді.  Алғаш    Арыстанды ағылшын пәнінің оқытушысы Жұлдыз Нұрлановна  олимпиадаларға қатыстырып , білім алушының ашылуына септігін тигізді десем де болады. Тақырыпты бірлесе отырып таңдап, аймақ, аудан, облыс көлеміне де шығуына өзінің ,ұстазының адал еңбегі арқылы жетті. Таңдаған тақырыптың өзектілігі, мақсаты, проблемалары, ұсыныстар туралы ой тұжырымдап, ерекше мән беруі оның қанаттанып биік белестерден көрінуіне бірден — бір себепші болды. «Тамшыдан теңіз құралады» демекші, осы  шәкіртімнің де мектеп қабырғасын бітіріп келгеніне үш  жылдың жүзі болды. Тамшының тас тесетіні сияқты талай еңбектің арқасында осы дәрежеге жеттім, «сіздің мен үшін еңбегіңіз зор», — деген сөзі әліде  құлағымда. Сүйікті ұстаз болу үшін, шәкірт жүрегінен орын алуымыз қажет-ақ. Салмағы ауыр осы бір сөзден көп ой түюге болады.Елдің ертеңі, келешегі – біздің қолымызда.

 

 

№20 МЕНІҢ ҰСТАЗДЫҚ БАҚЫТЫМ

Есік ашылып,тұлымдары желбіреген ер балалар мен шаштарына ақ бантик таққан қыз балалар бірінен соң бірі кіріп жатты. Бұл менің оқушыларым.
           Осы балалардың шат күлкісі, күлімдеген жүздері менің жүрегіме «мен кіммін?», ұстазбын ба?, әлде анамын ба?- деген ой мазалап қоя берді.
Ой тұнығынан ойланбастан мен ұстазбын деп айқайлағым келді. Себебі олар еліміздің болашақ үміт артар азаматтары, ертеңі. Осы күлімдеген жүздер менің өміріме, ұстаздық жолына тереңірек үңілуге жол ашты.Сол мезетте менің түсінгенім, ұстаз  мамандығын жан-жүрегімен сезінген, бала жүрегіне жол таба
білетін, ата-ана алдындағы жауапкершілікті сезіне білген адам ғана өз мамандық иесі бола алатынын түсіндім.
Мен өзімді  әлі, еркін маманмын деп айтуға жүрексінемін, өйткені мен, еңбек жолына енді ғана қадам басып отырмын. Алар асулар мен белдер әлі алда деп білемін. Мен сүйкімді оқушылар мен оның жанұсына енген ұстазбын.
Ата-ана маған ең қымбат баласын сеніп тапсырды. Сондықтан балалрдың мектеп қабырғасындағы өмірі қалай болатындыңы маған байланысты, сондай-ақ ата-ананың мектепке, ұстазға деген көзқарасының қалыптасуы да маған байланысты.Мен әр баланың жанұя мүшесі тәріздімін, мүмкін мен әр жанұяның өмірлік досы болармын…
        Мен, бала мен ата- ананың маған артқан  сенімін қалай ақтауым керек?-деген ойға қалдым. Осы ойлардың жетегінде жүріп, ізденімпаздықпен  аянбай еңбек еттім.Сол еңбегімнің нәтижесінде бірталай жетістіктерге де қол жеткіздім.
«Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға»-деп Абай атамыз айтқандай,ұстаз бала тәрбиелеу мен білім беру жолында үлкен сындардан өтеді. Әрине бұл жетістіктеріме мақтанбаймын,осы еңбегімнің жемісіне, еңбек іс әрекетіме,мамандығыма деген көзқарасымның қалыптасуына әріптес ұстаздарымның көмегі зор. Апайларымнан алған ең басты сабағым, балаға деген мейірімділік,қамқорлық,шыдамдылық,әрине шығармашылық ізденісте болу. Оқушыларды заман талабына сай ,тұлға ретінде білім мен тәрбие беру үшін, қазіргі іс-тәжірибеде жүрген дамыған елдердің озық инновациялық технологияларының әдіс-тәсілдерін қолданып келемін. Шынымды айтсам кейде балаша ойнап,балаша күліп ұстаз екенімді ұмытып кетемін, ал кейде бірге өткізген қызықты да,тәтті қылықтырына тамсана тоймай бір сәт еске аламын. Міне,мен осылайша әнші, биші, суретші, әртіс, әсем сөз маманы,баланың жан-дүниесін түсіне алатын психолог-ұстазға айналдым.
        Балаларға білім мен тәрбие беруде, ұлттық құндылықтырды бойына сіңіріп,ойына ұялатуға тырысамын. Күн сайын маған үміт толы күлімдеген көздер мен балбұл жанған әдемі жүздер қарап отырады.Мөлдір бұлақтың бастауын,көзін ашып.тұнығына қану үшін таңғажайып балалар әлемін тереңірек танып,бала жүрегіне мейірім дәні мен білім нәрін себу менің басты мақсатыма айналды. Ұстаз-киелі мамандық.Ұстаз оқушыларын білім әлеміне, еңбек жолына,танымдық қабілеттерін дамытуда аянбай еңбек етеді. Француз педагогы Жан Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады,оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты,өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» деген сөзді әр ұстаз үнемі  жадында сақтап қана қоймай, үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар. Ұстаз жұмысы күрделі де қызықты. Оның көптеген қырларын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес,оны тек қана  шын жүрегімен, жан-тәніңмен ғана сезіне аласың. Ұстаз болу, мен үшін-үлкен бақыт. Мектеп қабырғасында жүрген әр оқушы еліміздің ертеңгі болашағы.Еліміздің болашағы, ертеңі білімді ұрпақ өсіру баршаға ортақ, әрі міндет. «Бала жүрегі кішкентай күйсандық.Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады»-деп Мұхтар Шаханов айтқандай біздің ұстаздарымыздың қолында әркез сол кілт жүруі керек.«Бір жылдығыңды ойласаң арпа ек, он жылдығыңды ойласаң, тал ек, бүкіл ғұмырыңды ойласаң, бала тәрбиеле»  деген дана сөздің асылдығын, үкілеген үмітіміз-бала келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарайық…
 Балалардың шат күлкісі мен күлімдеген жүздерінен, зерделі білім нәрімен сусындаған,еліміздің болашақ үміт артар азаматтары мен шәкірттердің биігін көруді арамн етемін.

… Ертең мектепте менің қызықты,қуанышты күнім басталады. Ертең маған тағы да күлімдеген көздер мен балбұл жанған әдемі жүздер қарайды.Ол менің оқушыларымның үміт толы көздері…

 

№21 «ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНДА БІЛІМНІҢ ШЫРАҒЫН ЖАҒУ ҮШІН МҰҒАЛІМ БІЛІМ НӘРІН БОЙЫНА СІҢІРУІ ҚАЖЕТ »

«Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін…»
«Алты алаштың баласы бас қосқанда қадірлі орын — мұғалімдікі»
М. Жұмабаев

        Қай кезде де қазақ – қазақ болғалы бала, отбасы, тәрбие ұғымдарын бірінші сатыға қойған дана бабаларымыздың ұрпағынан ұласқан қаракөз қазақтың қызы бүгінде «Ұстаз — ұлы есім» деп Мұхтар Әуезов атамыз ұлағатты сөзімен сипаттағандай осы ұлы сөзді мен де арқалап жүрмін.
     Ұстаз болу мәртебе. Бұл қызмет қарапайым көрінгенімен адам өміріндегі жалпы тарихтағы ең ұлы істің бірі болып қала береді. Мектеп менің екінші үйім, ыстық ұям. Мен мұнда шәкірттерімді білім нәрімен сусындатып, тәлімді тәрбие беріп, адамгершілік рухта бағыт — бағдар беру арқылы мен өзіме ерекше бір күш — қуат, қайрат жігер аламын. Бойыма осындай жігер қайрат дарып отырғанда бар ынтаммен ізденіп, мектептің жүрегіне айналып, оқытып отырған шәкірттерімді сүйе отырып, білім ошағының құдіретті сәулесі іспеттес жарқырап қызмет етемін. Қазақ даналығында «Шырағың сөнбесін» деген әдемі айтылған қанатты сөз бар. Шырағың сөнбесін… иә, расында да, баланың шырағын жағу бұл астарлап айтылып отырған екі сөзден құралған сөз тіркесі. Алайда мұның астары өте терең әрі күрделі басқаларды үйрете жүріп, өзің де бойыңа көп нәрсені сіңіретін жауапты қызмет.
         Шәкәрім атамыздың «адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады: адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл саналар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» деген сөзі бар. Яғни, адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Алдымен жүрегің таза, еңбегің адал болу керек. Осындай таза жүрек арқылы баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады. Осылайша ұл тәрбиелей отырып жер иесін, қыз тәрбиелей отырып ұлтты тәрбиелейміз. Демек, қазақ елінің, жұртының өркениетті қоғамда еркін өмір сүруі ұлт болашығы ұл — қыздарымызға тікелей байланысты болса, ұл — қыздарымыздың жас ұрпақтың тағдыры біздің қолымызда. Біз, ол ұстаздар.                  Ұстаз, ол мен. Мен – ұстазбын, мен – зерттеушімін, мен – ұйымдастырушымын, мен – ұрпақты келешекке жетелеп апаратын тәрбиешімін. Менің алдымда отырған әрбір жас жеткіншектің ертеңгі күні амгершілікке мол, қоғамды өркендетуге қарымы жететін азамат, терең ойлап, дұрыс іс — әрекет ететін, барлық тірі жанға сүйіспеншілікпен қарайтын рухани бай тұлға болып қалыптасуын қалаймын және қалыптастырамын. Мені осы қиын да қызық мамандық ешқашан жалықтырған емес, қайта өмір сүруге күннен-күнге құлшынысымды арттырып, жаңа жолдар мен шешімдерді, жаңа әдіс – тәсілдерді іздеуге итермелейді. Демек бойымдағы жастық жігерімді, күш — қуатымды, жаңашылдығымды шәкірт тәрбиелеуге жұмсау керек. Болашақта өсіп – дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына мен себепкер болған шәкірттерімді биік белестерден көрсем, өзімді бақытты ұстаз, бақытты адам ретінде толықтай сезініп білемін. Осы эссені жаза отырып толқыныста болып ойымның қорытындысы ретінде өз шығармашылығымнан туған мына өлең жолдарын ұсынсам деп едім.

Ұстаздық етем білім берем жалықпаймын,
Бейбіт елдің аспанында қалықтаймын.
Шәкірттерім тұрса озып өзімнен де,
Бақыттан бас айналып шарықтаймын.

Арман менен мақсатымды анықтаймын,
Еңбектенем, ізденемін қалыспаймын.
Шәкірттерді рухы биік ұлы адам етіп,
Өмір атты қарияға табыстаймын.

 

 

   №22 «ӨЗІҢДІ ОҚЫТУ-ИГІ ІС,БІРАҚ ӨЗГЕЛЕРДІ ОҚЫТУ ОДАНДА ИГІ»

        Балаға тәрбиеде қандай бағыт берсек, үлкенге де сондай бағыт-бағдар беріп отыру керек, онсыз үлкен адамдар да қателесіп кетуі ықтимал. Баланы не бұзатынын білсем, соған амал табар едім, бірақ оның қиындығы барлық талап тілегіне шектеу қоймауында ма деймін? Адам табиғатындағы ақылсыздықты тек тәрбиенің күшімен ғана ақылға келтіруге болады. Сондықтан тәрбиеге әрқашан бірінші жетекшілікті беру керек.

       Бабалар дәстүрінде тәрбиелеудің ең басты белгісі сенім. Осы берік сенім негізінде адамды қалыптастыра аласың. Өзіңді өзің беріліп, сеніп, шын тәрбиелемесең, қай істе болмасын өжеттілік жасай алмайсын.

       Болайын деген бала жер тепкілеп туады, онысы «болам,болам», «алам,алам» дегені. Мен кейбір адамдардың сөзін, ойын, пікірін таң қалып тыңдаймын, тұла бойы асыл қазынаға толы неткен жандар деп ойлаймын. Егер осы адамдар түбегейлі қолына қалам алып жазса, кемеңгер адам болып, ұрпақтың кәдесіне жарарлық көп көп мұра қалдырар еді. Бірақ, көп адамдар тұтанып жанып, жылу да, жалын да бермей, өзімен алып кетеді. Сондықтан адамға ерте мән беріп, тәрбиелеп, бағыт бағдар берген дұрыс! Тентек қайдан келді демендер, қайда тіршілік етті деңдер.

Мектеп тәрбиесінен өтпеген бала — суарылмай тұрған гүл сияқты, барлық әсем түсінен айырылып қалады.Класс активіне сүйенген тәрбиенің жүз көзі, мың құлағы бар, сондықтан күнделікті жұмысты орынды пайдалана білген ұстаз табысты болады.Қорқытудың тәрбиелік мәні жоқ екендігі аксиомаға айналғаны шындық, сондықтан кімде-кім тәрбиеші болғысы келсе, бұл тәсілден әр кез аулақ болғаны жөн.

     Тәртіпсіздік істеген балаға қатаң сөз айтып керек емес, жылы сөзбен өзіне тартып, себебін өзіне айтқызып, істеген ісінің дұрыс бағытта еместігіне көзін жеткізу керек, бала деңгейіне дейін өзін кішірее білуің керек, әйтпесе ештеңе шығара алмайсын.

         Шәкірттер арасында тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу күрделі инженерлік құрылыс тәрізді, қателік жібермеуді талап етеді. Тәлім-тәрбие барлық істің басы.Қисықты түзететін — күш, қыңырды түзететін — тәрбие, басқа жол жоқ.Жылы сөз тәрбиенің кілті де, құлпы да, сондықтан жылы сөз сөйлеуге әр кез дайын бол.Адамға күн шұғыласы қандай қажет болса, тәрбие де сондай қажет,ендеше тәрбиеленіп өскеніне мақтана аласың.Тәрбиелену міндет те, борыш та, сондықтан әр жеткіншек ол кезеңнен өтуі қажет.Қорқақтық тәрбиенің жеткіліксіздігінен, сондықтан тәрбиеде мақсат, талап, тілек қойылып отыруы қажет. 

Ережелер тәртіптілікке ғана шақырып қоймайды, мәдениеттілікке де үйретеді.

Мектеп ережесінің мәнін, сыр-сипатын терең ашып түсіндіре білу — тәрбиешінің төл жұмысы.

Мен тәрбиеші бола алмаймын, ұстаз боламын!,- дейді кейбір мұғалімдер, олар балаға білім беру үшін тәрбиені бірінші кезекке қоюды ұмытады. Әуелі тәрбиеле, содан соң білім бер.

Тәрбиенің мақсаты: шат көңілділікке, өмір сүйгіштікке, адамгершілікке және жасампаздыққа баулу.

Мектеп өмірі ақиқат мәліметтер мен уақиғалардың жиынына толы болуы керек. Шындықтан алшақ, ғылымнан алыс ұғымдар мен ойлар мектеп іргесіне жақындамағаны жөн.

Мектеп барлық ғылым саласынан орта мәлімет беретін бірден-бір ғылыми орын, сондықтан әр оқушы өзіне керегін мектептен алып қалуға талпынуы керек, онда мектептегі бір күн іздегеніңді, кейін мың күн іздемейтін боласың.

Келешектің ұстаздары кем дегенде үш тілді, не үш мамандықты меңгерулері керек, ал компьютермен еркін жұмыс істеуге дағдылану қазіргі талап-тілек болып отыр, сондықтан келешекте ұстаз болу бақыт та, арман да болсын деймін жас ұрпаққа.

Педагогика мың мінездің басын біріктіріп, бір жиынтық мінез тудыратын ғылым.

Педагогикалық жұмыспен шұғылданған адам үш дәуірді басынан өткізіп өтеді: ол кешегі, бүгінгі және келешек.

Біздің мақсатымыз  — шәкіртті жындысүрей етіп тәрбиелеу емес, ойшыл, епті, ерікті, сезімтал етіп тәрбиелеу,  оны күнделікті тәрбие жұмысында ұмытуға болмайды.

Жындысүрейді де тәрбиелеу ұстаздың үлесіне тиген, сондықтан ақыл ойынды, күш жігеріңді оларға сарқа бере білуге үйрен.

Педагогика — сәбилердің ұясы, оны таза ұстау керек.

 

Оқушыға тәртіп талабын қойсаң, оны сыйлайтыныңды да сездіріп қойғаның дұрыс, себебі бала талап-тілекті түсінбеуі мүмкін. Адамды адам сыйлау арқылы ғана түсініседі,сыйласады.

Тентек жойылса, тәрбие далада қалады деме, ол шексіз.

Тәрбиенің құдіреттілігі сонда, күн сәулесін уыстап бергендей, ендеше зиялы азамат — тәрбие жемісі.

Мектеп басшысы тәрбиені оқушыдан емес, мұғалімнен бастаса іс түзеледі, мақсат айқындалады.

Менің мақсатым — бала жүрегінің дүрсілін сезіну.

— Бір ибадат оқып жібер,- дейді көптеген қариялар, ал қайсы бірі:  

«Ибадатты бала екен»,- дейді, сондықтан баланы ибадаттылыққа тәрбиелеу 

керек.

Барлық ұстаздар міндеттерін өз құқығындай жақсы білсе ғой, жұмыс алға тезірек басар еді.

Жақсы ұстаз туа болмайды, жүре болады, бірақ дағдыда өмір бақи «ұжым тәрбиесінде» жүрген ұстаздар әлі де бар-ау.

Кейбір шәкірттерге неге сабақтан кешіктің демеу керек, кешігіп болдың ба деу керек, сонда ол кешіккенін тоқтатады.

Ұстаз ұстаз болған шәкіртімен кездессе де, ұстаздық сөзін айтады, ғажап жалғастық.

Ұстаз шәкіртке күн болып көрініп, нұр болып төгілуі керек, себебі шәкірт оны «құдайдай» көреді.

Шәкірттің ойын күнде жетелеп отырмаса, ол тәрбие көшінен қалып қояды.

Жақсы ұстаздың аяқ басқанының өзі оқы, оқы деп дыбыс бергендей.

Өзгені ұмытсаң да, шын ақылшы адамыңды ұмытпа.

Күнделікті оқымаған ұстаз — өз міндетін орындамағаны.

Алаңғасар шәкіртке алаңдамас ұстаз кез болар.

Жас ұстаз екі-үш жыл алаңдамай тиянақты қызмет істесе, одан ұлағатты ұстаздық күтүге болады.

Ұстаздың сөзі — игі істің басы.

Шәкірт шәкірт болуы үшін, ұстазға беріліп еліктеу керек.

—         Бақытты кімге берер едіңіз,- депті шәкірт ұстаздан.

—         Кім көп оқыса, соған,- депті ұстаз.

Баланы хұсайын етіп тәрбиелеу бесіктен басталады, бұл әр ананың парызы, оны естен шығаруға жол жоқ.

Біз адамдарды өзгертеміз деп тәрбие жұмысымен шұғылданып жүрміз, бірақ өзгеріп кеткен адам жоқ, тек әр қоғамдық талап-тілектерге байланысты бейімделген адамдарды көріп жүрмін. Адам — жағдайдың құлы, тәрбие — құлды жұбатудың құралы.

 Шәкіртке қатты сөз айтуға болмайды, ол алланың қаһарынан да жаман.

  «Бұзық» оқушымен әңгімелеспес бұрын, өзің туралы айтшы деп жақын тарт, сонда оны түсінесің, күдігің жойылады, өзара тіл табысасың. Тіл арқылы жүрекке кіресің.

Адамды тәрбиелеймін десең, оның тілегін орында, одан арғысы белгілі болады.

Ұлы адамдар да өле-өлгенше тәрбиеленіп өтеді. Тәрбие — телегей теңіз, байтақ ұғым, шеті мен түбіне жете алмайсың. Тәрбие — адамның екінші

табиғаты.

 Тәрбие — теңіз, сондықтан тәлімдегің келсе, малтый білуді үйрен.

 Баланы баяндама оқып тәлімдеме, баяндап тәлімде.

 Барлық кереметтілік табиғатта ғана емес, адамдарда да сан-қилы, бірақ әлі толық сезініп біле алмай жүрміз. Адамды зерттей де, тәрбиелей де, түсіне де білуге ерте бастан көңіл бөліңдер.

 Қай есік болсын, теуіп ашпа, тәлімгерлігіңнің төмендігін көрсетесің.

 Жұмыртқадан шыға сала, құс та ұшпас.

 Кедейлікке емес, байлыққа тәрбиелеу керек, себебі ұрпақ бай өсіп жетілсе,  халыққа да берері көп болады.

 

 Ұстаз мейірімсіз мінезін ешкімге де білдірмеуі керек, әйтпесе ол ұстаз бола алмайды. Ұстаз баланың жүрегінде отыратын «ақ періштесі» болуы шарт.

Баланың жүрегін меңгермей тәлім-тәрбие, білім-өнер бере алмайсың.Ұлттың ұйтқысы, намыс пен ержүректілікті, ақыл мен ойшылдықты қалыптастыратын, тәрбиелейтін ұстаз ғана. Ұстазы аз ұлт өсіп жетіле алмайды, рухани кемтар, жалтақ, жасық ұлт болады. Ұстаз ұлттың жаны мен дем берушісі.Ұлы ұлт боламын десең, ұстазды көбейте беріңдер.

 

№23 «ШӘКІРТТЕРІНІҢ ІСТЕРІНДЕ МҰҒАЛІМ-МӘҢГІЛІК!»

Мұғалім – жалпы білім беретін мектептерде жас ұрпақты оқытып, әрі оларды тәрбиелеу қызметін атқаратын маман.

Мұғалім – байырғы мамандықтардың бірі.

Қоғамдық тәжірибені жаңа жас ұрпаққа беру және ол ұрпақты өмірге, еңбек етуге даярлау қажеттігі оқу мен тәрбиені өз алдына дербес қоғамдық қызметке айналдырды. Ежелгі Шығыс елдерінде мұғалім негізінен (дін иелері) болатын. Капитализм дәуірінде мектеп ісінің дамуына байланысты мұғалімдік кәсіп кең тарап, түрлі типті училищелер мен мектептерде штатты қызметке айналды. Осылайша мұғалімдік өз алдына мамандық болып танылды.

ХIX ғасырдың 2-жартысында қала мұғалімдері шыға бастады. (орыс-қазақ училищелері, жаңалыққа бет алған жеке дара оқытушылар). Олар орыс халқының ұстаздық тәжірибесіне зор көңіл аударды.  Қазақ жастары түсіп оқитын бірнеше мұғалімдер семинариясы ашылды. Ел ішіндегі мұғалім правосыз және жалақысыз, көбінесе өз белсенділігімен қызмет атқарды.

Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін халық Мұғалімдері толық правосын алып, өзінің басты мақсатын коммунистік тәрбие мүддесіне бағыттады.

Қазақ Мұғалімдері өзінің өсу және толысу жолын мол қамтитын жас ұрпақты тәрбиелеу, мәдени революция міндеттерін өтеу жұмысына белсене кірісті. Осы биік мақсаттарға сай оның беделі барынша арта түсті. Коммунистік партияның әр кезеңде Мұғалімге деген қамқорлығы, мұғалімнің беделін өсірді, педагогикалық тәжірибесін жетілдірді. Біздің елде арнаулы “Мұғалімдер күні” белгіленген. Мұғалімдер ордендермен, медальдармен марапатталады. Арнайы мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары ұйымдастырылған. Көптеген арнайы газет, журналдар бар.

Мұғалім – мектептің айнасы, бәйтерегі. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” – деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші, мұғалім жақсы білімді болса, білген білімін алдында отырған шәкірттеріне үйрете білсе, ол мектептен бала көбірек білім алып шығады.

Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы.

Артта  қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде жасауы да сан ғасырларға жалғаса береді. Білім күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді.

Бұдан біз білімнің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіземіз.

Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды  танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.

Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ.

Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар,  мұғалімнің де рөлі зор.

Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.

                   Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

                   Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

                   Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

                   Азбайтұғын адамның алтындығы –

 деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз  жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға  деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты  тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.

Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де,  жолы да бөлек.

“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

 

 

 

 

№24 «ЖАҢАНЫ ТҮСІНГЕН,ЕСКІНІ ҚАСТЕРЛЕГЕН АДАМ ҰСТАЗ БОЛА АЛАДЫ…»

Жаңаны түсінген, ескіні қастерлеген адам ұстаз бола алады.
Конфуций.

            Дана сөздер. Олармен келісе де, келіспеуге де болады. Бірақ біз жұмысымызда қандай да бір жаңа тенденциялардан аулақ болғымыз келсе де, әртүрлі себептермен біз сәттілікке жете алмаймыз, өйткені өмірдің өзі, біздің қарапайым және әдеттен тыс балалар оған түзетулер енгізеді, бізді, мұғалімдерді, санды шешуге «итереді». мәселелердің әртүрлі тәсілдермен шешілуі, олардың бірі жаңа технологияларды пайдалану болып табылады.
Қазіргі қоғамды ақпараттық қоғам деп атайды.
Қазіргі бала электронды мәдениет әлемінде өмір сүреді. Компьютерлер кішкентай балаларды туғаннан бастап қоршайды: үйде, балабақшада және дәрігерде. Жаңа ақпараттың қуатты ағыны, жарнама, компьютерлік технологияны теледидар мен кинода пайдалану, ойын консолдерін, электронды ойыншықтарды тарату мектеп жасына дейінгі баланың тәрбиесіне және оның қоршаған әлемді қабылдауына үлкен әсер етеді. 5-6 жастағы бала дербес компьютермен еркін сөйлеседі. Оның сүйікті іс-әрекетінің — ойынның сипаты да айтарлықтай өзгереді. Қазіргі бала өзін ең қызықтыратын, өзіне жақын, таныс, жағымды және жайлы сезім тудыратын ақпаратты ғана игереді. Сондықтан қазіргі мектеп жасына дейінгі баланың ынтасын арттыруға және білімін жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға және оқу іс-әрекетіне жағымды эмоционалдық фон жасауға бірегей мүмкіндік беретін құралдардың бірі — компьютер. АКТ-ны оқу үдерісіне енгізу туралы педагогикалық пікірталастар көптен бері жүргізіліп келеді. Бірақ қазіргі әлемде бір орында тұру қиын, сондықтан қаласақ та, қаламасақ та, АКТ мектепке дейінгі мекемелердің оқу-тәрбие процесіне берік енгізілген.
Компьютер ересектер өмірінің қажетті және маңызды атрибуты ғана емес, сонымен қатар балаларды оқыту құралы болды.
Компьютерлік технология – баламен жұмыс жасауда оның дамуына көмектесетін ерекше бағыт. Қазіргі уақытта ол біздің елде әлі жеткілікті түрде дамымаған. Егер мектеп белсенді түрде алға жылжып, компьютерді қолданудың жаңа технологиялары мен әдістерін көбірек енгізсе, әр мектепте дерлік компьютерлік сыныптар мен интерактивті тақталар болса, мектепке дейінгі мекемелерде бұл жұмыс енді ғана басталып келеді және әдетте, білім беру деңгейінде. мұғалімнің жеке қызығушылығы.
Мен балалармен жұмыс істеуде АКТ-ны қолдануды жақтаймын, өйткені мұғалім баламен бір тілде сөйлесу үшін заманауи әдіс-тәсілдермен, жаңа білім беру технологияларымен қарулануы керек деп есептеймін. Зейінін ұзақ уақыт бойына жинақтау қиынға соғатын гиперактивті балалар да үлкен экранда ұсынылған ақпаратты, тіпті түрлі ойындар мен музыканың сүйемелдеуімен үлкен қызығушылықпен қабылдайды. Заманауи технологиялардың оқу тәжірибесіне енуі жаңа мүмкіндіктер ашады.
Мұғалімнің тікелей оқу іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды қолданудың мақсаттары:
білім беруді заманауи ету (техникалық құралдарды пайдалану тұрғысынан);
оқу іс-әрекетін қазіргі баланың дүниетанымына жақындату, өйткені ол оқу мен сөйлегеннен гөрі көбірек қарап, тыңдайды; техникалық құралдардың көмегімен алынған ақпаратты пайдалануды жөн көреді;
мұғалім мен оқушы арасында өзара түсіністік, өзара көмек қарым-қатынасын орнату;
мұғалімге материалды эмоционалды және бейнелі түрде жеткізуге көмектесу.
мұғалімнің де, баланың да уақытын үнемдеу, оқу іс-әрекетінің тығыздығын арттыру, жаңа мазмұнмен байыту.
АКТ-ны пайдалану ақпаратты бір уақытта келесі түрде шығаруға мүмкіндік береді:
мәтін;
графикалық кескін;
дыбыс;
сөйлеу;
бейне.
Мұның бәрі мұғалімге балаларды дамытудың принципті жаңа құралдарын жасауға мүмкіндік береді. Тәжірибе көрсеткендей, АКТ-ны пайдалану кезінде балалардың сабаққа деген қызығушылығы айтарлықтай артады, танымдық қабілеттерінің деңгейі артады. Презентация үлкен көлемдегі қағаз көрнекі құралдардан, кестелерден, репродукциялардан, аудио және бейне жабдықтардан босатып, демонстрациялық материалдың үлкен көлемін біріктіруге көмектеседі.
Қазіргі білім беруді интернет ресурстарынсыз елестету қиын. Интернеттегі іздеу жүйелері мұғалімдерге даму және оқу бойынша кез келген дерлік материалды және сабақтарға арналған кез келген фотосуреттер мен иллюстрацияларды табуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Интернеттің көмегімен оқу іс-әрекетінің тақырыбына сәйкес келетін музыкалық шығарманы таңдауға болады. Бұл классикалық немесе заманауи шығармалар, балалар мультфильмдеріндегі әндер болуы мүмкін.
Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде ақпараттық технологияларды қолдану балалардың интеллектуалдық енжарлығын жеңуге мүмкіндік береді, мектеп жасына дейінгі тәрбиешінің оқу-тәрбие қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, балалармен жұмыс істеуде АКТ-ны қолдану материалды көрнекі түрде көрсетуге, оны «жандандыруға», басқа жолмен көрсетуге болмайтын құбылыстар мен процестерді елестетуге байланысты жаңа дидактикалық мүмкіндіктер ашады. Көрнекіліктің өзі де, оның мазмұны да жоғарылайды. Атап айтқанда, оқу материалын жүйелеу және құрылымдау арқылы тамаша мүмкіндіктер жасалады. Балалардың қажеттіліктері мен бағдарламаның ерекшеліктеріне байланысты мұғалім оңтайлы таңдап, ретке келтіріп, әртүрлі нысандарда ұсынылған, әртүрлі көздерден алынған үлкен көлемдегі демонстрациялық материалды шоғырландыру мүмкін болады.

              Мектеп жасына дейінгі балалармен АКТ қолдану

      Қазіргі уақытта мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста АКТ-ны қолдану керек пе деген сұрақ жиі қойылуда.Заманауи компьютерді пайдалану мүмкіндіктері баланың қабілеттерін дамытуды барынша толық және табысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кәдімгі оқыту құралдарынан айырмашылығы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар баланы үлкен көлемде дайын, қатаң таңдалған, дұрыс ұйымдастырылған біліммен қанықтыруға ғана емес, сонымен қатар интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және ерте балалық шақта өте маңызды. , жаңа білімді өз бетінше меңгеру қабілеті. Менің тәжірибем үлкен болмаса да, АКТ-ны пайдалану кезінде балалардың сабаққа деген қызығушылықтары айтарлықтай артып, танымдық қабілеттерінің деңгейі жоғарылайтынын көрсетті. Балаларды математика әлемімен таныстыру үшін үйірме жұмыстарында АКТ қолдана бастадым. Балаларды ақпараттық технологиямен таныстыру жұмысының барлығы ойын түрінде өтеді. Өйткені ойын практикалық ойлаудың бір түрі. Ойында бала ойынның семантикалық өрісінде мағынаға ие болатын ойын белгілерімен, ойынның әлеуметтік түрінде бейнеленген білімімен, тәжірибесімен, әсерлерімен әрекет етеді. Бала бейтарапты беру қабілетін ашады (белгілі бір деңгейге дейін)ойынның семантикалық өрісіндегі ойын мәні ретінде объект. Дәл осы қабілет компьютерді мектеп жасына дейінгі баланың ойынына ойын құралы ретінде енгізудің негізгі психологиялық негізі болып табылады.

Ал, біз мектеп жасына дейінгі баланы ақпараттық технологиямен таныстырамыз, бірақ АКТ қолданудың қандай артықшылықтары бар?:

  • компьютер экранында ақпаратты ойын түрінде көрсету балалардың үлкен қызығушылығын тудырады;
  • мектеп жасына дейінгі балаларға түсінікті ақпараттың бейнелі түрін тасымалдайды;
  • қозғалыстар, дыбыс, анимация баланың назарын ұзақ уақыт бойына аударады;
  • проблемалық тапсырмалар, баланы компьютер арқылы дұрыс шешуге ынталандыру балалардың танымдық белсенділігін ынталандырады;
  • оқытуды дараландыруға мүмкіндік береді;
  • компьютерде жұмыс істеу барысында мектеп жасына дейінгі баланың өз-өзіне сенімділігі артады, оның қолынан көп нәрсе келеді;
  • күнделікті өмірде көрінбейтін өмірлік жағдайларды имитациялауға мүмкіндік береді.

        Бірақ мен айтқым келетін ең бастысы, компьютерлік технологиялардың балалармен жұмыс жасауда орасан зор артықшылықтары бар, бірақ есте сақтау керек, компьютер адамның эмоционалды қарым-қатынасын алмастыра алмайды, бұл мектепке дейінгі жаста өте қажет. Ол тек тәрбиешіні толықтырады, оны алмастырмайды.

 

№25 МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ МЕНІҢ ОЙЫМ

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі – деп  Ыбырай Алтынсарин атамыз айтып кеткендей дүниедегі мамандық атаулының төресі – ол ұстаздық екен. Шынында да, мұғалім барлық мамандықиесін  тәрбиелейтін, оқытып үйрететінмейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы–барлық мамандықтыңанасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.

Қазақтан шыққан қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған.Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  секілді. Сондықтан ұлағатты  ұстаздарға  бүкіл  адам баласы  құрметпен  бас  иеді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз —  білгенін  үйретуші  ғана  емес,  тұла бойы  тұнған  өнеге,  ақ  тілеулі  ана  тәрізді  барлық  адам­ның бойынан  жақсылық  іздейтін  ізгі ниет  иесі. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім. Шәкірті  өзінен  оз­ған  ұстаз  – еңбегі  ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін  шебер  ұстаз үз­дік­сіз ізденісте  болып,  қоғам сұ­ра­нысына  сай  білімді, шығарма­шыл, өзін – өзі  дамытып, жетілдіре  алатын болуы қажет  деп ой­лай­мын.  Мен  ұстаздықтың  ауыр  жү­гін  арқалауды  өз жүрегімнің қа­лауымен таңдадым. Сондықтан мамандығым- мақтанышым. Маман ұс­таз ретіндегі негізгі ұстанымым: ба­ланы тұлға деп тану, оның  пікірімен  санасу,  оқушының кішкентай қуанышын,  табысын  ба­ғалай  білу.Қиындығы  да, қызығы  да  жетерлік, ең  бастысы  — жауапкершілігі   жоғары  мамандықтың  бірі ұстаздық  ету  екені  ақиқат. Өйткені  бұл мамандық иелерінің мойнына  ешнәрседен  хабарыжоқ, мыңдаған  тарыдай   ғана бүлдіршіндердің бойына білім  нәрін  сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай  азамат  етіп шығару  міндеті  жүктелген.Сондықтан  басқа  мамандық  иелерінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп  ойлаймын.

Қазір заман бөлек, талап басқа, оқушыға берілетін білім де терең. Сондықтанжаңашылдықтыңдәуірінбасынанкешіріпжүргенталантты да, талаптыоқушынытәрбиелеуде, осындай  жаңа  даму  үрдісі  ал­ға  басып  отырғанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек ет­іп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұс­тазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығыдепбағалауғаболады.«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің, жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды болып табылады. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне, осы. Өйткені әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең маңызды ошағы – ұстаз берген білімде.Мұғалім — жас ұрпақ тәрбиешісі.«Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» — деп, М. Шаханов ағамыз айтқандай,  әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын. Сондықтан да мұғалімге жасалатын қамқорлық, жүктелетін жауапкершілік жас ұрпақ тағдырына, болашағына жан ашырлықпен қарау деп ұғынылғаны дұрыс.

Мен өз сөзімді ағылшынағартушысыУильям Уордтың қаннатты сөзімен аяқтағым келіп отыр:

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді.

Ұлы мұғалім шабыттандырады.

 

 

№26 МІНСІЗ МҰҒАЛІМНІҢ ПОРТРЕТІ

Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуге талпынысы, білім беру парадигмасының өзгеріп, жаңа ұлттық модельдің қалыптасуы болашақтың жаңаша ойлайтын, дүниеге көзқарас мәдениеті мен санасы дамыған ұрпағын оқытып, тәрбиелейтін кәсіби құзіреттілігі жоғары мұғалімді  талап етіп отыр. Нәтижеге бағдарланған білім беру сапасын арттыруда жаңаша жолдар мен әдістер табуға дағдыланған «Жаңа формация маманы болу – білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Білім беруді түрлендіруде, білім процесін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім жаңа формация мұғалімі болып табылады. Бүгінгі күнде  экономикалық өсу және азаматтардың әл-ауқаты үшін білімнің айтарлықтай маңызды екенін бүкіл әлем мойындауда. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында  «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар  білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын  жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген ойдың жақтастары  көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Білімді дәл осылай қолдану оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді. Нәтижеге бағытталған жаңаша білім беру тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағытталғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімді функционалдық және шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейінгіде жетістігінің кепілі болып табылады. Бүгін қоғамның білім беруге қойып отырған талаптары мен білім берудің нақты жағдайы арасындағы қарама-қайшылықтарды үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін барлық деңгейінде – кәсіптікке дейін, жоғарғы оқу орнындағы, жоғарғы оқу орнынан кейін де жаңарту негізделген. Қазақстан Республикасының жоғарғы білім беруді дамыту стратегиясының негізгі мақсаты жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің жоғарғы  сапасын қамтамасыз ете алатын жоғарғы оқу орнының ұлттық моделін құру, нәтижеге бағытталған білім беру негізінде кәсіби құзіретті мұғалім қалыптастыру. Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық-белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді.

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің негізгі шарттары:
1. Тұлғааралық және еңбектегі байланыс.
2. Қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.
3. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.
4. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті
5. Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі.
6. Тиімді шешім қабылдау қабілеті.
Білімді толық игеру үшін оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, еркін сөйлеуіне, өз ойын ашық және толық айтуға үйрету, ой-өрісін кеңейту – оқытудың ең басты мақсаты. Әрбір оқушыны өз мүмкіндігіне қарай білім, дағды алатындай етіп оқытуымыз дұрыс.
Жас өркеннің жақсы азамат, білікті тұлға ретінде қалыптасуы мұғалімдердің білімі мен кәсіби шеберлігіне , мемлекет пен халық алдындағы азаматтық парызына деген жауапкершілігіне тікелей қатысты. «Мектептің жүрегі – жақсы мұғалім» деп ұлы даланың дана педагогы Ыбырай Алтынсарин айтқандай, бүкіл мемлекеттің, тұтас ұлттың болашағы – ұстаздардың қолында. Жеке тұлғаның танымдық үрдістерін дамытуда, сондай-ақ, білім, білік, дағдыны, жалпы дүниетанымын қалыптастыруда оқыту әдістерін, жаңа оқыту технологияларын оқыту үрдісінде тиімді пайдалана білу мұғалім шеберлігіне байланысты. Қазіргі заман талабына сай «қазақ  тілі» пәнін оқыту да жаңа тақырыптарды оқушылардың өздеріне меңгере алатындай билік беру, ізгілендіру, түрлендіру, тұлғаға бағытталған білім беру ұстанымдары арқылы жүзеге асырылады.Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген танымал әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Мен сындарлы оқыту бойынша қазақ  тілі пәні бойынша әдіс-тәсілдерімен оқытып жатырмын. Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушылардың пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етеді..

 

№27 КРЕАТИВТІЛІК-ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГТІҢ ҚАЖЕТТІ ДАҒДЫСЫ

ХХІ ғасыр – қарыштап дамыған білім ғасыры. Білім беруді технологиялық жолмен ұйымдастырудың мақсаты – жаңа бағыттағы оқушының шеберлігін шыңдауға, өз білімін көтеруге жауапкершілігін арттыруға көмектеседі.

Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді мақсат етеді. Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті тек кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады. «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында сақтайтын, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін ержүрек болуы тиіс».

Мұғалім идеалы – білімнің құндылығын айқын түсінетін «Мәдениеті жоғары адам», өз пәнінің жетік шебері, педагогика мен психологияны терең меңгерген, жеке тұлғаға бағыттылған педагогикалық әдістерді қолдана алатын, өзін жеке тұлға ретінде дамытып, рухани өсуге деген қажеттілігі мол болуы тиіс.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін, жаңа формацияның педагогы қажет», – деген еді [1].

Қазіргі мұғалім:

  • Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс істей алатын;
  • Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш;
  • Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
  • Оқушымен ортақ тіл табыса алатын;
  • Білімді, шебер, іскер болуы тиіс. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның білімінің жан-жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны меңгеруімен өлшенеді. Белгілі бір саладағы құзырлықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған, қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адам деп есептеуге болады. Кәсіби құзіреттілік деп педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық-педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады [2]. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Өз тәжірибембойынша білім сапасын арттыру жолдарын қарастыратын болсам, қазақ тілі сабағында түрлі дидактикалық дамытпалы ойындар, шығармашылық тапсырмалар колданамын. Қазіргі педагогикалық технология талаптары оқушыға білім берудің ең тиімді, ұтымды жақтарын таңдауды талап етеді және үнемі дамыту, жетілдіру, толықтыру сабақ сапасын арттырады. Оқушыны да, мұғалімді де шығармашылыққа жетелейді. Мысалы, «Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясына тоқтала кетсем, сабақ барысында «кубизм» стратегиясын, «анықтау» стратегиясын, «сәйкестендіру», «суреттеу», «топтастыру» стратегияларын қолдану оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттырады. «Бестармақ» тәсілі арқылы «Уақыт» сөзіне «бесжолды өлең» құрастырып жазады. Тағы бір тиімді, әрі ұтымды әдіс, ол оқылым мәтініндегі автор көзқарасына өз пікірлерін «Попс формуласы» арқылы дәлелдеп жазу. Мысалы, 1-сөйлем: «Менің ойымша, …», 2-сөйлем: «Мен оны былай түсінемін: …», 3-сөйлем: «Оны мына деректермен, мысалдармен дәлелдей аламын: …». Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім:…». Оқушыларды оқытуда негізінен өз басым сын тұрғысынан ойлау технологиясының пайдасы көп деп ойлаймын. Өйткені өзім әр сабағымда осы технологияның элементтерін пайдаланып отырамын. Осы технологияны қолдану нәтижесінде:
  • Нәтижесінде тапсырмалардың түрлері оқушыларды: ерекше ойлауға; өз идеяларын ашық айтуға; болжамдар жасай білуге; белгісізге қарай табысты түрде қадамдар жасай білуге үйрете отырып, олардың бойларына құзыреттілік қасиеттердің белгілерін қалыптастырып, заман деңгейіне сай білім негіздерімен қаруландырады.
  • Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа дайындық барысында, іс – тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып тәрбиеленеді.
  • Ұстаздың шеберлігі – талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесінде бүкіл ғұмырымен қажыр қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.
  • Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзіреттілік қабілеті де кең болмақ.
  • Жаңа педагогикалық технологияның ерекшелігі — өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келген. Ал қазіргі оқушы — өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Осындай жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет. Оқыту үрдісінде осындай әдісті пайдалану үшін, алдымен мұғалім өзі оқып, біліп, зерттеп, зерделеп тиімділігін өз шеберлігіне қарай таңдауы керек, өйткені, технологиялардың өзі мұғалімнің қолдану әдіс – тәсіліне, шеберлігіне қарай жүзеге асады

 

                                №28 МҰҒАЛІМ ШАБЫТТЫ ҚАЙДАН АЛАДЫ?

Өмірде екі мамандық иесі: ұстаздар мен дәрігерлер ерекше құрметпен аталады. Одан кейін диқандар, құрылысшылар… деп, жалғасып кете береді. Дәрігерлерді көбіне ауырғанда еске алсақ, ұстаздар үнемі ойымызда жүреді, күнделікті өмірде де олармен араласымыз үзілмейді. Ұстаздан бұрын өзіміз білім алсақ, кеше балаларымыз оқыды, ал бүгін міне, немерелеріміз мектептерде мұғалімдерден сабақ алуда. Ұстазым, менің ұстазым, Өзіңмен өткен қыс-жазым. Қалдырған ізің мәңгілік, Жадымда тұрар жаңғырып! Осынау әннің жыр жолдарына ақын барша адамдардың қолына алғаш қалам ұстатып білім берген ұстаздарына деген мәңгі махаббатын, суымас ыстық ықыласын қалай сыйғыза білген, қалай жүрегіңнен өткізіп жеткізе білген деп сүйсінесің. Шынында, мұғалімдік – ең ардақты, ең құрметті мамандық.. Американың бір газетінде «Генриден кеңес сұраңыз» деген ата-аналарға арналған бөлім болыпты. Үлкен адамдар кеңес сұрайтын әлгі кемеңгер кеңесші кім десеңдер, 11-12 жасар бала екен. Оқиға былай өрбіген. Бір күні газет редакциясына баладан қызық хат келеді. Онда: «Мен қанша дегенмен біраз балалық шақты бастан кештім ғой. Олардың барлық сырын жақсы білемін. Ата-аналарға бала­лары туралы кеңес беріп тұрар едім. Құрметпен Генри», деп қол қойған. Содан редактор баланың тілегін қабыл алып, газеттен жоғарыдағы бөлімді ашады. Ата-аналар балаларының түрлі тентектік қылықтарын немесе басқа да мінездерін айтып: «Мұндай жағдайда қайтсек екен?» деп Генриден ақыл сұрап редакцияға хаттар жазып жатады. Бір қызығы, сол хаттарға Генридің тапқырлықпен берген қысқа да нұсқа нақты жауап-кеңестері газетте жарияланып тұрады. Мен де сол Генри сияқты: «Қанша дегенмен ширек ғасыр ұстаз болдым ғой, оқушылардың мінездері мен қылықтарын, сырларын және бүгінгі мектептің проблемаларын жақсы білемін, ендеше, осы  оқулықты мен жазбағанда кім жазады», деп іске кірістім. Әңгімеміздің басты тақырыбы мұғалімдік мамандық туралы болғандықтан, алғашқы ұстаз­дарымның бірі Сабыржан Оташ­ұлы туралы «Жұлдыз жүректі ұстазым» деп жазған естелігімнен бір үзінді келтірейін. «…Сабыржан ағай оқушыларға бар жанын салып сабақ бере­тін, бәрі де жақсы оқыса екен, деп педагогиканың бар тәсілін қол­данып бағатын. Жақсы жауап берсек, жай бестік бағаны қоя салмай, сүйсініп: «жарайсың, міне, осылай оқу керек» деп жақсы сөзбен көтермелеп отыратын. Оқымай келсек, соған жай ұрсып ренжігені ештеңе емес, іштей қатты назаланатын. Сондай бір сәті есімде өте-мөте сақталып қал­ған-ды. Ойынға қанбайтын балалық кезіміз емес пе, бір күні бәрі­міз сабақ оқымай келіппіз. Тым болмаса, біріміз жауап берсек­ші. Аузын буған бұзаудай ешқай­сымызда үн жоқ. Содан ағай қат­ты ашуланды. «Бұдан былай мен сендерге мұғалім болмай­мын, сабақ бермеймін, басқа мұға­лімнен оқыңдар» деп сабақты аяқ­тамастан үйіне кетті де қалды. Енді біз сасайық. Өзіміз жақ­сы көретін мұғалімімізді қат­ты ренжітіп ал­ғанымызға өкін­дік, шынында да, бізге сабақ бермейтін болса, жаман болады деп уайымдадық. Сосын бәріміз кешірім сұрайық, деп үйіне бар­дық. Есік алдында жүрген келін­шегі Алданыштан «ағай қайда» деп сұрадық. Ол: «Сендер не бүлдірдіңдер? Ағайларың қатты ренжіп келіп, теріс қарап жатып қалды. Кейіп келгені сондай, тамаққа да тұрмай жатыр» деді. Біз кешірім сұрауға келгені­мізді, бұдан былай ағайдың саба­ғын жақсы оқитынымызды оған айтуды өтініп, үйді-үйімізге тарас­тық. Ұстазымыздың оқушыларға қатты налығандағы осы бір қы­лығы, балаша өкпелеп үйіне барып теріс қарап жатып алуы кейін өзім мұғалім болғанда есіме жиі түсетін. Бұл деген ұстаздық маман­дығын беріле сүюдің, оқу­шыларын, балаларды жанындай жақсы көрудің, оларға жүрегінің бар жылуын, бойын­дағы бар талантын сарқа жұмсап арнауының айқын көрінісі емес пе. Соны біз кезінде бала жүрегімізбен сезініп, оны бұрынғыдан да жақсы көре түстік. Өзім осы уақытқа дейін асыл ағаның бейнесін жүрегімде жылы сақтап келемін. Ұстаздың сол асыл қа­сиет­­тері маған да жұққан болар, мектептерде де, институтта да ұс­таздық қызмет атқарған жыл­дары оқушыларым мен студенттерім үшін бойымдағы бар қабілеттерімді аямай жұмсап еңбек еттім. Студенттерім арасында сүйікті ағай атандым. Жақында әлеуметтік желідегі парақшама қарап отырсам: «Сәлеметсіз бе, алтын жүректі ағайымыз. Сізді әлеуметтік желіде көргеніме қуаныштымын. Сізге сарқылмас шабыт тілеймін. Студентіңіз Арай­лым Серікбаева» деген жазуды оқып төбем көкке жеткендей болды. Осындай алтын сөз, тамаша тілектен соң шабыт қалай шарықтамасын. Сабыржан ағайымыз жылы жүректі болумен бірге талапшыл да болды. Тәртіпті қатаң талап ететін, тиісті жаза да қолданатын. Аяғымыз талғанша бұрышқа тұр­ғызып та қоятын. Әке-шешем мектептен алыс қой қыстауында шопан. Жататын үй болмай бір жылы интернатта тұрып оқыдым. Түнде жатар алдында кезекші мұға­лімдер келіп тексеріп кетеді, сыртқы есікті іштен жауып аламыз. Кезекші мүғалім кетіп қал­ды-ау деген мезгілде ара-тұра қызық көріп, жалаңаяқ қар кешіп, жүгіріп келетін әдетіміз болатын. Бірде Аманжол деген ұзын сирақ бала: «Ал кеттік, ұзын сира­ғымызды көсілтіп келейік» деп дауыcтап өзі бастай жөнелді, біз ере жөнелдік. Қар үстінде жүгіріп бара жатқанда аяқ тоңа қоймайды. Жүз метрдей жүгіріп, қарқы­нымыз басылған соң, ішке кірейік десек есік ашылмайды. Аш, аш! – деп айқайласақ, іштен Сабыржан ағайымыздың: «Ұзын сирақ­тарыңды тағы да біраз көсілтіп ке­ліңдер», деген дауысы ес­тіл­ді. Іші­мізден бұрышқа тұрғыз­ғандай уақыт тұрғызса, біт­тік дедік. «Ағай, тоңып барамыз, ашыңызшы», деп дірдектеп тұрмыз. Әйтеуір ашты-ау. Сөйтсек ағай кетіп қалмай, бұрыштан бізге көрінбей байқап, бәрін ес­тіп тұрыпты. Содан кейін ұзын си­рақты көсілтуді қойып кеттік. Тәртіп сақтауды қалып­тастырудағы бұл да бір дәйектілік болса керек. Бұрын біздің оқушы кезде­рімізде, одан кейін де әйелдерден ер мұғалімдер көп болатын. Мектептерде бұрын тәртіптің болғаны да сондықтан. Мектепке әйел директор болғанын көрген емеспіз. Ал қазір керісінше, ер мұғалімдер мүлдем аз. Тәртіптің жоқтығынан мектептерде қазір полиция күзеті енгізілді. Масқара емес пе. Мектепке сырттан ешкім де басып кіріп шабуыл жасамайды. Мектептің өз ішіндегі қиын балалардан қорыққандықтан солай жасалуда. Айтуға ұят. Мектептерде қыздар мен әйел мұғалімдердің көп болғаны осындай ауыр жағдайға соқтырып отыр.Ер мұғалімдер көп болуы керек. Ұлдарға айтарым, мұғалімдік жұмыстан қашпаңдар. Ұстаздық мамандық – ең тамаша мамандық! Мұғалімдік нағыз ерлер атқаратын жұмыс. Мен өзім мектепте де, институтта да мұғалім, оқытушы болғанымды мақтан етемін. Бұл мамандығымды жан-тәніммен сүйдім, оқушыларымды да, студент шәкірттерімді де жанымдай жақсы көрдім. 1971 жылы елден Алматыға көшіп, журналистік жұмысқа ауысқанымда мектеп пен оқушыларымды қимай-қимай қоштасқаным есімде. Қорыта келгенде, ұлдар мен сен­дерді мектеп бітірген соң мұға­лімдік мамандықты таң­дап, педагогикалық жоғары оқу орындарына түсуге шақырамын. Ерлер атқаратын жұмысты әйелдердің мойнына артып қойғанымыз дұрыс емес. Мек­теп­те ер мұға­лімдер көп болса, полиция күзеті болмас еді, тәртіп бұзатын қиын балалар да азаяр еді сөзсіз. Мысалы, жоғарыдағы «Жұлдыз жүректі ұстазым» атты естеліктегі Сабыржан Оташ­ұлының ұстаздық бейнесі мектептерде ер мұғалімдер көп болуы керектігінің жарқын көрі­нісі емес пе. Ұлдар ұстаздық мамандықты таңдаңдар деген шақыруыма үн қосуларыңды сұраймын. Қазір мектеп мұғалім­дерінің еңбекақысы екі есе көбейтілді. Жас мұғалімдерді тұрғын үймен қамтамасыз ету де қарастырылған. Педагогикалық мамандықты таңдаған ұлдарға жоғары оқу орнына түсуде артық­шылықтар беру де көзделетін болады. Қазақстанның, тәуелсіз еліміздің патриот ер жігіттері болып, мектептерде басты билікті өз қолдарыңа алуларың керек, онда қалыптасқан қазіргі кемшіліктерді таяу болашақта өз қолдарыңмен түзеулерің керек. Мектеп –Отанымыздың болашақ тағдырын шешетін жастардың оқып білім алып, тәрбиеленіп, түлеп ұшатын ұясы, алтын бесігі. Сол ұя, сол алтын бесігіңді бүгінгі күйінде яғни полиция күзетпесе өздерін өзі қорғап, өз қауіпсіздігін өздері қамтамасыз ете алмайтын дәрменсіз жағдайда қалдыруға болмайды.

№29 БІЛІМ САПАСЫ:ТҮСІНІГІ,ТӘСІЛДЕРІ,ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

«Сапа» терминінің философиялық түсінігінде біз сапаны бір объектіні екіншісінен ажырататын маңызды белгі, қасиет ретінде анықтауға негіздейміз. Өндірістік көзқарас тұрғысынан сапа — бұл тұтынушы үшін маңызды болып табылатын тауардың немесе қызметтің маңызды тұтынушылық қасиеттерінің жиынтығы. Метафоралық мағынада мектептің «өнімдері» — бұл жақсы немесе нашар білімі бар, азды -көпті дәрежеде қоғам мен жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын, белгіленген нормалар, талаптар мен стандарттар. Сонымен, білім сапасы деп оқушылардың оқу нәтижелерінің (жетістіктерінің) сәйкес келу дәрежесін және білім беру процесін нормативтік талаптарға, әлеуметтік және жеке күтулерге сәйкестігінің дәрежесін көрсететін оқу процесінің сапасы түсініледі және ол мыналарды қамтиды: келесі компоненттер:

  • білім беру бағдарламасының сапасы;
  • оқу процесін ұйымдастыру сапасы ( білім беру технологиялары, оқыту формалары, әдістері, әдістері, оқытуды ұйымдастыру формалары);
  • білім беру жүйелері мен процестерін басқару сапасы (білім берудегі басқару технологиялары);
  • оқу -тәрбие процесіне қатысатын ғылыми -педагогикалық кадрлардың әлеуетінің сапасы;
  • ресурстарды қамтамасыз ету сапасы (материалдық -техникалық, оқу -әдістемелік қамтамасыз ету);
  • жеке адамды әлеуметтендіру процесінде адамгершілік, рухани, адамгершілік тәрбиенің сапасы;
  • сапасы Денсаулық сақтау, тамақтану, дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстары;
  • отбасы мен қоғаммен серіктестіктің сапасы;
  • оқушылардың потенциалының сапасы;
  • білім сапасы.

Білім беру нәтижелерін бағалау мен білім сапасын бақылаудың мектепішілік жүйесін ұйымдастыру моделі қамтамасыз ету жүйесінің бөлігі болып табылады. білім беру саясатыЯкутск қаласының білім бөлімі мектептердегі білім сапасын бақылау мен басқаруда. Мектептің тартымдылығын арттыру саясаты, оның ресурстарын жақсырақ басқарумен бірге, әрбір білім беру мекемесінің басшылығы үшін, алайда, ауданның бүкіл білім беру жүйесі үшін маңызды. Бұл мәселенің негізі — барлық бюджеттік секторды қайта құрылымдау Ресей Федерациясымектеп басшыларының өз мекемелерінің жұмысына экономикалық жауапкершілігін күшейту үшін жағдайлар жасау және мектептер арасындағы белгілі бір бәсекелестікті ынталандыру. Бұған көбінесе мектептердің әдеттегі аудандарындағы оқушылар санының ауытқуымен және олардың білімге қызығушылықтарының өзгеруімен байланысты демографиялық өзгерістер ықпал етеді. Соңғысына олардың білімін желілік және алыстағы формаларға көшіру, мектеп оқушыларының жартылай ауданішілік қоныс аударуы (географиялық қол жетімділік пен көліктік желінің шегінде) және қашықтықтан оқытудың әр түрлі формаларын қолдану кіреді. Бұл жағдайда мектептердің жаңа миссиясы іске асады — оқушылар мен түлектердің әлеуметтік жетістіктері үшін жеткілікті және қажетті білім беру жағдайларын жасау. Мұндай міндет, әрине, білім беру процесінің сапасы жоғары болған жағдайда ғана мүмкін болады.

Педагогикалық өлшеулер әдістерінің бүкіл кешенін қолдану аналитикалық және түзету жұмыстарының негізін қалыптастыруға ықпал етуі тиіс. Есептеуге болатын орта баллжәне әр тапсырма үшін пайыздар әр түрлі салыстыруға мүмкіндік береді, атап айтқанда: тақырыптардың қайсысы жақсы меңгерілген, қай тақырыптар жылдан жылға тұрақты төмен және жоғары нәтижелер; күтілетін нәтижеге жету динамикасы мен білім сапасын анықтау үшін сыныптар, жұмыс істейтін мұғалімдер арасындағы салыстыру, білімді бағалауды алу. Сонымен қатар, алынған материал білім берудің күтілетін нәтижелері мен сапасына жетудегі тәуекелдер мен шектеулерді анықтауға мүмкіндік береді. Рейтингті құрастыру кезінде үнемі жоғары және төмен нәтиже көрсететін студенттерді бөліп көрсетуге болады, бұл оқытуда оқушыларға жеке көзқарасты қолданудың алғы шарты болып табылады.

Мониторингтік зерттеулердің негізгі нәтижесі — оқу процесін жақсарту және білім сапасын арттыру мақсатында басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ақпаратты қалыптастыру.

Осылайша, мониторинг қызметі тиімділік мәселелерінен басқа келесі мәселелерді шеше алады:

Біртұтас құрылымды, біртұтас корпоративтік мәдениетті, оқу процесінің технологиясына қойылатын талаптардың бірыңғай жүйесін құру.

Оқушылар мен ата-аналарға бір оқу орнында нақты және ұзақ мерзімді білім беру стратегиясын құруға мүмкіндік беретін өтпелі кезеңдегі шығындарды азайта отырып, жалпы білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету.

Білім алушылардың өз құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «негізінің» негізгі элементтерін қайта қарамай, білім мазмұнының нақты өзгермелілігін құру.  Бұл әсіресе орта мектепте және арнайы білім беру жағдайында өзін дәлелдеді.

Жеке білім берудің қазіргі қажеттіліктеріне ғана емес, сонымен қатар негізгі және қосымша білім берудің әр түрлі салаларында оқушылардың өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау. жеке дамуыжалпы.

Білім беру процесінде ақпараттық ресурстарды, оның ішінде заманауи ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану, бұл қазіргі коммуникацияларды меңгеруге қойылатын талаптарды ескеруге мүмкіндік берді.

Жеке білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалімдердің біліктілік қорының өсу векторын анықтау. Бұл жерде біз мектеп қызметкерлерімен жұмыс бағдарламасын айтамыз (кадрларды даярлау, қайта даярлау және кеңейту), олар жұмыс жасай алатын мамандарды дайындауға бағытталған. жеке бағдарламалар.

 

                           №30 ПЕДАГОГ-БІЛІМ БЕРУДЕГІ БАСТЫ ТҰЛҒА

Ұстаз – шәкірт жанының бағбаны. Әрбір бала – жарқыраған шамшырақ, оны жаға білген ұстаз ғана ұтады.
«Жер бетінде мекен еткен адам заттың бір бұтағы халықтың қандай да бір дара қасиетке ие болып, қандай бет – бейнемен көрінуі сол халықтың мектебінің бет-бейнесіне, өзіндік ерекшеліктеріне тікелей қатысты» деген екен бір ғұлама. Әрбір жасөспірімнің қалыптасуында екі үлкен фактор маңызды рөл атқаратыны белгілі. Бірінші – отбасы, екіншісі – өскен ортасы. Ал отбасынан алған тәрбиені дұрыс өрбіту мектептің міндеті. Ол міндетті орындауға басты тұлға мектептің жүрегі – мұғалім. Ұстаз – берген білім, үйреткен тәрбиесімен мәртебелі. «Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық – ұстаздық». «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» – деп Абай атамыз айтқан осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма он бес жыл болды. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойына жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жету.
Күн сайын алдымда пәк көздерімен жәудіреп отырған шәкірттеріме зер сала қараймын. Қараймын да ойланамын. Алға үмітпен талпынған олардың алдында менің де ұстаз ретінде үлкен жауапкершілігім бар екенін іштен сезінемін. Сондықтан менің өзіме қояр талабым, алдыма қойған мақсатым жоғары болуы тиіс, өйткені сол жарқыраған шамшырақты дер кезінде байқап, дер кезінде жаға білу – менің ұстаздық парызым.
Сыныптағы балалардың бірі зерек те алғыр, бірі енжар, бірі баяу, бірі тым пысық. Ал, менің бәріне беретін білімімнің мазмұны мен қоятын талабым бірдей де, олардың мұны қабылдауы түрліше.
Елбасымыз: «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік тұр, оны арқалап жүрген – ұстаздар. Себебі еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен өлшенеді»,-деген еді. Олай болса, өркениет өзегі – білім, ғылым, тәрбие десек, бұл мәселеге де өз үлесімді қосуым керек деп ойлаймын.
Қазіргі таңда мектеп табалдырығын аттаған әрбір бүлдіршін – ол ертеңгі қоғам мүшесі, болашақ иесі. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға қанатын талмайтын етіп қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.
Мен мұғалім мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін. Мектепте оқып жүргенде-ақ өзімді іштей дайындап, өзімнің болашағымды елестететінмін. Болашағыма нық сенетінмін.
Осы мен қандай мұғаліммін? Мен – өз жасыма қарамастан заман ағысысына сай біліммен қаруланған, ой-өрісім жоғары, үздіксіз ізденісте жүрген, жан-жақты дамып, қалыптасып келе жатқан қатардағы жаңашыл мұғаліммін.
«Жаңашыл ұстаз»… Бұл атау бүгінгі таңда педагогика саласында жиі ауызға алынып жүрген жаңа ұғымдардың бірі екендігі баршамызға аян. Қазіргі кезде жаңашыл мұғалім ретінде даму – уақыт талабы.
«Ұстаз шәкіртке күн болып көрініп, нұр болып төгілуі керек» – демекші, жаңа ғасыр мұғалімінің бойында сергектік, байқағыштық, сезімталдық, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, сабыр сақтау сияқты қасиеттер тоғыса келе , олар мейірімділік атты ұлы ұғыммен ұштасып жатса ғана біздің еңбегіміз өз мәресіне жетіп, «Ұлы ұстаз» деген ардақты атаудың шын иегері болатынымызға кәміл сенемін.
Менің ойымша жаңа заман мұғалімі шебер, шығармашыл, ой өрісі кең, білімді, мәдениетті болу керек. Демек мен өз бойымдағы барлық жақсы қасиеттерімді оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуде үйлестіре отырып, мінсіз оқушы шығаруым керек. Өз ойларын еркін жеткізе алатын, білімді, алған білімдерін өмірде қолдана алатын оқушыларды жетілдіру менің қолымда. Барлық мұғалімнің қолында.Ол үшін еңбек етуге дайынмын. Осы мақсаттарыма жету үшін ары қарай жұмыс істеу, шебер мұғалім болу тек қана өзіме байланысты. Сол себепті көп жұмыс істеуім керек. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай.

№31 БІЛІМ БЕРУДІҢ НӘТИЖЕЛІГІ.БІЛІМ БЕРУДІҢ САПАСЫН АТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Білім беру моделі деңгейі экономикалық және ғылыми- техникалық прогрестің ең негізгі көрсеткіші екені белгілі.

Сапалы білім беру дегеніміз- ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық, практикалық іске қабілетті, еңбекке баулу, дүниетанымын кеңейту және баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жан-жақты тұлға тәрбиелеу болып табылады.

Оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі- сапалы білім беру.

Қазіргі кездегі білім берудегі басты мақсат- жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой — талғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайықты орын белгіленген біздің мемлекетіміз үшін жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі біздің 12 жылдық білім беру жүйесіне өтуді талап етіп отыр.

Білім сапасын арттыру бағдарламасының міндеттері болуы тиіс:

  • басқару құжаттарын әзірлеу жүйесін дамыту;
  • білім сапасын диагностикалау;
  • оқытудың әдістемелік жүйесін жаксарту;
  • білім сапасын бағалаудың жаңа рейтингтік формасын енгізу;
  • білім сапасына мектептің күллі қызметкерлерін жұмылдыру;
  • білім сапасын арттыруда жаңа технологиялао қолдану;
  • ұлттық білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру;

 

Мектептің білім сапасын арттыруда педагогтың жауапкершілігі зор болса, заман талабы педагогтан кәсіби білімді, білік пе дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік педагогика мен психологияның негіздерін қолдана білу қабілетін талап етеді.

Мектебімізде білім сапасын арттыру, болашақ білімді азамат қалыптастыруда, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін , құзырлығын арттыруда мектеп жұмысының, әдістемелік жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке, белсенді түрлері мен әдістері кеңінен қолданылуда. Сонымен қатар озат тәжірибелер бойынша іс-тәжірибе тарату жұмыстары, шығармашылық есептер беру, әдістемелік апталықтар, оқушылардың ғылыми жұмыстары, әдістемелік сипаттағы семинарлар, конференциялар өз жалғастарын табуда.

Білім сапасын арттыру бағытында ғы бағдарламада:

 

  • жеке тұлғаны, яғни дарынды шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлғаны  қалыптастыру  үшін ауылдағы 2-5 жас аралығындағы барлық сәбилерді тегін балабақшамен қамтамасыз ету;
  • ШО пен МАД топтарын оқу-әдістемелік және ақпараттық — техникалық құралдармен жабдықтау;
  • бастауыш сынып кабинеттерін жаңа үлгіде жасақтап, әр пән бойынша көрнекіліктермен толықтыру;
  • дарынды оқушылардың жұмысын жолға қою, әрбір оқушыны дарындылыққа жетелеу;
  • ШО, МАД және орта буын мен негізгі саты арасындағы сабақтастықтың жүргізілу формаларын әрбір мұғалімге мңндеттеу;
  • барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
  • педагог мамандардың сабақ беру шеберлігін арттыру мақсатында біліктілігін арттыру ұшін қайта даярлау курстарын енгізу;
  • оқушыларды ойлау білуге және әртүрлі проблемалардыөздігінен шеше білуге тәрбиелеу;
  • гуманитарлық  таным білімге негізделген сөздік қорларын көбейту;
  • сабақ үрдісінде жаңа технологияларды қолдану;
  • пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар ашу;
  • математика пәндері бойынша сағат санын көбейту;

 

 

Білім беру қызметінің негізгі бөлігі білім сапасын арттыру мақсатында негізделді. Бұл қызметтің жоспарында жұмыс бағыты мынадай принциптер бойынша атқарылады:

 

  • тұлғаны дамыту;
  • педагог мәртебесін көтеру;
  • оқытып-үйрету әдістері;
  • іздестіру жұмыстарына бағыттайтын ынтымақтастық;
  • оқушы позициясы;
  • жаңа ақпараттық-технология;
  • бәсекеге қабілеттілік;

Білім сапасы негізінен оқу материалын игеріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың интеллектуалдық және адамгершілік тұрғыдан дамуына, педагогтардың қарым-қатынасын ізгілендіруге оңды ықпал етеді.

 

32 МЕНІҢ КӘСІБИ ЖІНЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ

Мұғалім тұлғасының кәсіби дамуы— педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас құрылымы мен ерекшеліктерін білдіретін кәсіби маңызды сапалар кешенін қалыптастыру процесі. Бұл өзін-өзі қалыптастыру процесі мұғалім тұлғасының дамуының ішкі жағдайлары арқылы әлеуметтік ортаның әсерін сындыру арқылы жүзеге асады. Кәсіби рөлді білу, мүмкін болатын педагогикалық шешімдерді және олардың салдарын түсіну, өзіндік жалпылау. кәсіби қызметжәне оның болашағын болжау, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі жетілдіру қабілеті кәсіби мұғалімнің дамуының бастапқы негізін құрайды. Кәсіби маңызды сапалар педагог тұлғасының кәсіби әлеуметтенуі барысында қалыптасады, өзгереді, әлсірейді немесе нығаяды ( педагог тұлғасының кәсіби әлеуметтенуі— кәсіби тәжірибе мен мәдениетті игерту) және даралау ( мұғалім тұлғасын даралау –кәсіби қарым-қатынастарды иеленудің ерекше дара жолы мен нысаны). Бұл процеске мұғалім бір мезгілде өзі алған кәсіби маңызды қасиеттердің тасымалдаушысы және жүргізушісі, оған әлеуметтік жағдайлардың әсер ету объектісі және педагогикалық іс-әрекетті және өзін белсенді түрде өзгертетін субъект ретінде қатысады.

Мұғалім тұлғасының кәсіби дамуы келесі негізгі параметрлермен сипатталады: а) құрылымол мұғалімнің кәсіптік қызметке ену реттілігімен анықталады; б) бағдарлауқұрылымында кәсіпке деген қатынас, кәсіби қызметке қажеттілік және оған дайындық кіретін жүйелі сапа болып табылады; в) қайшылықтарсубъективті және объективті факторлардың өзара әрекеті нәтижесінде және даму негізі; педагог тұлғасының кәсіби дамуының негізгі қайшылығы – тұлғаның қалыптасқан қасиеттері мен педагогикалық қызметтің объективті талаптарының арасындағы қайшылық; г) мұғалім тұлғасының кәсіби дамуының өзіндік уақыты, яғни. педагогикалық іс-әрекетпен шартталған өзара әрекеттесетін субъективті және объективті факторлар жүйесінің өмір сүру уақыты; д) тұлға дамуының әр кезеңі үшін әр түрлі тапсырмалар түрлерімен – танымдық, адамгершілік, коммуникативті, еңбек, құндылық-семантикалық – байланысты болатын кәсіби мәнді қасиеттердің біркелкі және гетерохронды қалыптасуы; кейбір әрекеттерді (операцияларды) орындаудағы ілгерілеу басқа әрекеттерді (операцияларды) орындаудағы инварианттылықпен немесе тіпті регрессиямен біріктіріледі; f) алдыңғы кезеңнің нәтижелеріне келесі кезеңге үздіксіз кері байланыс; мұғалімнің тұлғасына кәсіби жетістіктердің кері әсерлері оның дамуының қосалқы шарттары ретінде әрекет етеді.

Кәсіби мәнді қасиеттер жалпы кәсіби тұлғаның жеке тұлғаға «аударылуы» арқылы дамиды. Олар өтпелі және кәсіби дамудың бір сатысынан екіншісіне ауысады. Олар мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті мен мінез-құлқының, оның өмір жолының ең тұрақты әдістері мен формаларына негізделген. Педагог тұлғасының кәсіби дамуының критерийі мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің деңгейімен корреляцияланатын, осы әрекетті меңгеру дәрежесін көрсететін кәсіби маңызды қасиеттердің қалыптасу деңгейі болып табылады.

Кәсіби дамудың қажетті шарты болып табылады мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі –университетте алған білімдерін тәжірибе арқылы кеңейту, оны лайықты орындау үшін мұғалімнің кәсіби рөлін шығармашылықпен игеруі. Мұғалімнің кәсіби дамуының әртүрлі кезеңдерінде өзін-өзі тәрбиелеу маңызды рөл атқарады, бірақ ол мазмұны мен әдістемесі жағынан әртүрлі ұйымдастырылады.

Орындалуда кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуді жобалаубірнеше кезеңдері бар:

1-кезең: мотивациялық – кәсіптік ниеттерін қалыптастыру, мамандық таңдау;

2 кезең: концептуалды – алдағы қызметтің мәні мен мазмұнын ашу, қазіргі даму деңгейін диагностикалау негізінде кәсіби өзін-өзі жетілдіру бағдарламасының жобасын әзірлеу;

3-кезең: жобаны жүзеге асыру – өзін-өзі жетілдіруге арналған практикалық іс-әрекеттер;

4-кезең: рефлексиялық-диагностикалық: аралық және қорытынды диагностика, нәтижелерді талдау, рефлексия, өзін-өзі жетілдіру бағдарламасын түзету, кәсіби деңгейге көшу және педагогикалық шеберлікке қол жеткізу.

Кезеңдердің әрқайсысы жеке тұлғаның кәсіби дамуының негізгі сапалық өзгерістерін қамтиды. Кезеңдер нақты тапсырмалары мен мазмұны бойынша ерекшеленеді. Проблемаларды шешудің тиімді жолдары психологиялық механизмдер мен кәсіби маңызды қасиеттер түрінде бекітіледі. Осы ұстанымдардан мұғалім тұлғасының кәсіби дамуы кәсіби педагогикалық міндеттерді шешудің құрылымы мен мазмұнының (әдістерінің) сапалық өзгерістерімен сипатталады. Мұғалім тұлғасының кәсіби дамуы аталған кезеңдердің барлығы жүзеге асырылған кезде толық (үйлесімді) болуы мүмкін немесе мұғалім олардың кейбіреулерінен ғана өткенде шектеулі болуы мүмкін.

Мотивациялық кезеңде – кәсіптік ниетті қалыптастыру – студенттер таңдаған мамандығының әлеуметтік мәні, кәсіптік оқытудың нысандары мен әдістері, еңбек жағдайлары, материалдық сыйақы, еңбек мазмұны, кәсіби талаптар туралы барабар түсінік алуы керек. осы кәсіби рөлді орындаушы.

Екінші кезеңде кәсіби өзін-өзі анықтау басталады — адамның кәсіптер әлеміндегі өз орнын іздеудің күрделі және ұзақ процесі, белгілі бір қызметтің субъектісі ретінде өзіне деген көзқарасын қалыптастыру, оның физикалық және физикалық мүмкіндіктерін салыстыру. интеллектуалдық күштер, қабілеттер, қызығушылықтар, бейімділіктер, құндылық бағдарлар, кәсіптік қызмет талаптарымен қарым-қатынастар. , кәсіби дамудың жеке траекториясын анықтау

Бастапқы кезеңде педагог тұлғасының кәсіби дамуында шешуші рөл әлеуметтік жағдай мен жетекші іс-әрекетке тиесілі болса, кейінгі кезеңде – тұлғаның өзіне, оның шығармашылық белсенділік.

Үшінші кезеңде кәсіптік-педагогикалық бағыт, жүйе кәсіби білім, қабілеттері, дағдылары, типтік кәсіптік міндеттерді шешу жолдары. Кәсіби бейімделу кезеңі нормативтік іс-әрекеттердің дамуымен, кәсіби білім мен дағдының және іс-әрекетті орындаудың жалпыланған тәсілдерінің жетілдірілуімен сипатталады.

Төртінші кезең өзін-өзі диагностикалауды және кәсіби дайындықтың жоғары деңгейіне өтуді қамтиды. Кәсібилік сатысында нормативтік қызметтің тұрақтануы, кәсіби ұстанымның қалыптасуы, сонымен қатар шығармашылық деңгейде іс-әрекетті орындаудың ең оңтайлы стилін дамытуға әкелетін білім, дағды және жеке қасиеттердің интегративті кешендері орын алады.

Жеке тұлғаның интегралды кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастыру меңгеру кезеңінде жалғасады. Оларды тәрбиелеудегі шешуші рөл педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асырудың оңтайлы және шығармашылық жолдарын табуға бағытталған жеке тұлғаның белсенділігіне жатады. Артық белсенділікті көрсете отырып, адам әрекетті орындаудың қалыптасқан тәсілдерін жеңеді, оны түрлендіреді, жетілдіреді, т.б. өз шеберлігінің жоғары деңгейіне – шығармашылыққа өтеді, бұл жеке тұлғаның өзін-өзі көбірек танытуына әкеледі.

Кәсіби дамудың белгілі бір деңгейіне жеткен адам өзінің прогрессивті дамуын тоқтата алатынын атап өткен жөн. Бұл жағдайда тоқыраудың басталуы мүмкін. Мұғалім тұлғасының кәсіби дамуының тоқырауына ықпал ететін фактор, атап айтқанда, оқу-тәрбие процесінде педагогикалық жүйенің оқшаулануы болып табылады. Тоқырауды еңсеру мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісінен тек студенттердің ғана емес, сонымен қатар өзінің жеке тұлғасына қайта бағдарлануымен мүмкін болады. Нормативті түрде берілген қызметті түрлендіре отырып, әр түрлі кәсіби позицияларды таңдай отырып, тұлға өзін дара тұлға ретінде көбірек айқындайды.

Айтылғандардан мынадай қорытынды шығады Мұғалімнің білімі үздіксіз процесс болуы керек,онда базалық білім тек бастапқы нүкте ретінде қызмет етеді және оның маңызды мақсаттарының бірі өзін-өзі тәрбиелеуге деген көзқарасты қалыптастыру, өз бетінше жұмыс істеу дағдылары мен дағдыларын дамыту болуы керек.

№33 ӨМІР БОЙЫ ОҚУ-ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУДІҢ ЖОЛЫ

Елбасы Н.Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс», деп бекер айтпаған да болар.

Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі мен болашақ жайлы ойланып, жаңа идеялармен жұмыс жасауға негіз болады. Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды  дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді.

Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаздың қолында. Жаңа бағдарлама мұғалімдерге қазіргі заманға оқыту әдістерін   жеті модуль арқылы ұсынады.

1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай білім беру және оқыту.

Білім берудегі басқарушы және көшбасшылық.

Қазіргі таңда мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеріп, іс-тәжірибесінде үнемі қолдану Сонымен қатар мұғалімдер өздерінің  оқыту  қызметі   білім  беру  бағдарламасының  іске  асырылуына  қолдау  көрсететінін,  ал  бағалау  тәсілдері  оқушыларға  қажетті  ақпаратты  жеткізуге    және  олардың  жетістіктеріне   қолдау  көрсетуге   көмектесетініне   сенімді  болуы  керек..

Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім  күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Міне, біз бүгін танысып отырған «Қазақстан Республикасынның орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы» осы жоғарыда айтылған ұстанымды ұстайды. Яғни, мұндағы бала өзі ізденуші, бір-біріне үйретуші, ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы. Осы бағдарламаның мақсаты  «Бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру». Жаңа бағдарламаның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру және критериалды бағалау жүйесін енгізді. Әйгілі зерттеуші Л.С.Выготский: «Дәстүрлі оқыту — бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, яғни, «дамудың соңында жүрсе», жаңаша оқыту — «дамытуды өзімен бірге ала жүреді», — деген болатын. Сондықтан тек дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай,  мұғалім әрқашан ізденісте болып, өзіне және шәкірттеріне тиімді жақтарын қарастырып отыруы тиіс.

Жаңа стандарт оқуын өз бетімен құруға қабілетті, өмір бойы білім алуға ұмтылатын оқушы тұлғасын дамытуды  көздейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында біліктілікті арттыру курсы жаңа стандартпен оқыту әдістемесін үйретумен қатар, функционалды сауатты, сыни тұрғысынан ойлай алатын мұғалімдер қатарын көбейтуде.

Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады», — деген қағиданың шынайылығына күнделікті  өзіміз қолданған әдістерден, оларды оқушылардың жас, жеке ерекшелігіне сай  пайдалану қажеттілігінен туындайтынына  тағы бір көз жеткіздік.

Қорыта  келгенде, қоғамымызда балалардың білімде де, білікті болуы үшін әрқайсысының жас ерекшелігін, физикалық, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жеке қарым-қатынас ұйымдастыру арқылы оның дамуына қол жеткізуге болады. Олардың ерешеліктерін ерте анықтауға ата-ана, мұғалім, психолог, дәрігер, мектеп медбикесі бірлесіп ат салысуы тиіс. Бала дүниеге қандай жағдайда келсе де оның тағдырына, болашағына, өмірден өз орнын табуына баршамыз жауаптымыз. Жүрек қалауымен атқарып жүрген жұмыстарымызға сәттілік тілеймін!

 

№34 КӘЗІРГІ ҚОҒАМ ЖӘНЕ МҰҒАЛІМ

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі»-деп Ыбырай Алтынсарин атамыз бекер айтпаса керек.

Жалпы мұғалім деген бір сөздің ішінде қаншама педагогикалық ұғым бар.

Мұғалім деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайық.Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу, сыйлау,ерекше сезіммен жақсы көру және  оның жан дүниесін түсіне білу. Бұл мұғалімнің терең  дүниетанымы мен үлкен жүрегінің кішіпейілділігінен  келіп шығады. Әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Алдына қандай іс  түссе де оны жеңу жолдарын іздестіре білетін, қиындықты мойымай жеңіп шығатын адал мамандық иесі. Мұғалім – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!

Бүгінгі қоғамдағы мұғалімнің рөлі-шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Қазіргі ақпаратты көздер мен техниканың дамыған заманында оқушыға берілетін білім де сол техникалармен байланысты болу керек деген ойдамын.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Ендеше білім алуға құштар жанды шабыттандыру нағыз ұстаздың, ұлы ұстаздың ғана  қолынан келетін іс. Өйткені қазіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті, болашағы.

Жалпы  бүгінгі қоғамдағы мұғалімнің ерекшеліктеріне тоқтала кетсем:

Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлуметтік парызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа сирек, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі үрдістердің барысын

идеялық – адамгершілік тұрғысынан шеше алатын, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлілігі мен қабілетін өздігінен еркінен дамуын ұйымдастыра алатын, және ата – аналармен педагогикалық ынтымақтастықты орнатуға бейімі бар әр шығармашылықпен еңбек ете алатын маман болуға тиіс.Ол шәкірт жүрегіне жол табарлық пәнін қызықтырарлық жол іздейді, өз білімін жетілдіреді, жаңа технология пайдаланады.Өйткені шәкірттен терең білімділікті, ұстамдылықты, еңбекқорлықты , мәдениеттілікті талап ету үшін мұғалімнің өзі сол қасиеттердің үлгісі боларлық дәрежеде болуы тиіс.Сөйтіп, өмір талабының артта қалмаған, үнемі шығармашылық іздену үстіндегі ұстаз ғана шәкірттердің сеніміне ие болып, сый – құрметіне бөленбек.

Сонымен мұғалім өткен тәжрибесін жаңа мен ұштастыра алатын кәсіби қызығушылығы жоғары танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек.

Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуындағы қалыптасып отырған жаңа жағдайлар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттігі туындап отыр. Осыған мемлекетімізде білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуде. Соның бір дәлелі — “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы” жариялануы болса, Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында да білім беруге үлкен мән беріліп отыр.

Мұғалім бүгінгі қоғамда «қозғалтқыш», үдеткіш рөлін атқарады.

Себебі: жас ұрпақтың  тәрбиесіне, жаңа және озық технологиялардың дамуына, қоғамның прогрессивті дамып, қалыптасуына үлкен үлес қосуда.Бұл өте ұзақ әрі күрделі процесс.Осы аталған ұзақ процесске мұғалім елеулі үлесін тигізеді.

Сондықтан, бұл жерде мұғалімнің рөлі жинақтауға ғана емес, ол жинақталған құнды тәжірибені әрі өрбітуші тетігінің негізгі буыны болып табылады..

Мұғалімнің әлеуметтік рөлінің тағы бірі ол, содан кейін жасаған қоғамдық қатынастарды, қарым-қатынас және мінез-құлық тәжірибесін, қоғамның мәдениетін бағалау, сарапшы ретінде әрекет болып табылады.

Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарымызды, байлығымызды түгендеу, игеру, жас ұрпақ бойына игі қасиеттерді сіңіру-бүгінгі ұстаздардың басты борышы.

Жаңа ғасырға аяқ басқанда ана тіліміз бен төл әдебиетімізді одан әрі дамыту- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қасиетті парызы болып қала береді. Бұндай қадірлі іс бағымызға бұйырған екен, оныабыроймен атқару –біздің ең басты борышымыз. Өйткені, тіл – халықтың асыл мұрасы, сарқылмас байлығы десек, әдебиет көркем шежіресі, тарихы. Сондықтан тіл мен әдебиетті оқытудың мектептердегі алатын орны ерекше.

Ең бастысы ұстаз адами қасиеті мол, басқаға қайырын тигізуден шаршамайтын, шалдықпайтын өмірінің әр шақтарын қиып, ұрпағының ертеңіне жол ашатын, шуағы мол шапағат иесі.Ұлағатты шайыры, адам жанының адал бағбаны болған жөн.Ұстаз бойындағы білім мен мінез үйлесімділік тауып, шәкіртке деген ұлы махаббатпен тоғысып жатса, әрбір шәкіртіне жеке тұлға деп қарап, адал жүрегін ұсынса , өз ісін жан тәнімен сүйіп істесе, нағыз ұстаз болмақ.

Жаңа ғасыр мұғалімнің бойында мынандай қасиеттер болуы керек: сергектік, байқағыштық, сезімталдық, сенім, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, сабыр сақтау,ілтипаттылық.

Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда мектептегі жеткіншектердің білім берудің сапасы мен деңгейін жан – жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ.

Жаңа ғасыр мұғалімдері талапқа сай болып, сапалы әрі сан алуан салиқалы тәрбиелік – білімділік қызметтерді ойдағыдай атқара білгенде ғана ұстаздық мақсатына жетеді.

Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу – ұлы міндет.Бала тәрбиесіндегі ата – анадан кейінгі жауапты адам мұғалім.Қоғамға пайдалы жеке тұлғаларды әкелу ұстазға, мұғалімге байланысты.Оқушының мектеп қабырғасынан әрі білім, әрі тәрбие алып шығуы да мұғалімнің еңбегі, қайраткерлік қызметі.

Енді осыған сәйкес ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптарға тоқтала кетейік:

Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет.Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды.Өз ісін жетік біліп табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады.Ондай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар – ожданын үнемі қорғай алады.

Екіншіден, педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек.Дүние жүзінде ғаламадану үрдісі жүріп жатқандықтан, ақпараттық ағыны көбейді.Мұғалім қай пәннен сабақ бермесін, ол баланы өмірдің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.

Әр мұғалімнің педогогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс. Психологиялық басты заңдылық «Адам өзінің шығармашылық өзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым – қатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады» дейді.Көп білу үшін көп оқу, тоқу керек «Интернет» жүйесін меңгеру қажеттігі туындайды.

Үшіншіден, міндетті орта білім беру, стандартты оқулықтарды пайдалану, ақпараттардың көбеюі, т.т Мұғалімнің білім берудегі жетекші ролін жойды. Енді білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр.Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жан – жақты даму үшін осы салада мұғалім ғана көмектесе алады.

Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейімділік сараптамалық қабілеттер мен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп – салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт.Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жету мүмкін.

Бесіншіден, мұғалімнің адамгершілік, саяси идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып, ол ұстанымда бала тәрбиесіне негіз етіп алуы шарт.Қысқасы, бала ықпал ету обьектісі емес ынтымақтаса қызмет ететеін тұлғаға айналуы қажет.

№35 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ-БҰЛ АДАМНЫҢ ӘЛЕМІ

Педагогикалық мәдениеттің жоғары деңгейін меңгерген кәсіби мектеп мұғалімі дүниетанымдық, аксиологиялық, практикалық, шығармашылық және рефлексиялық жобалау құрамдастарының үйлесімі арқасында өз тәрбиеленушілеріне әсер ете алады, болашақ жұмыскерлердің кәсіби мәдениетін қалыптастыра алады.

Мектептің немесе лицейдің кәсіптік-педагогикалық қызметкерінің педагогикалық мәдениетінің құрылымында ерекше рөл атқарады. дүниетаным компоненті:мұғалімнің немесе шебердің сенімдері, қызығушылықтары, қалаулары, бағдарлары (В. В. Кузнецов). Дүниетаным компонентінің негізі ретінде бүгінгі күні прагматизм идеологиясын қабылдауға болады (лат. прагма- әрекет жасау), бұл практикалық нәтижелерге назар аударуды білдіреді.

Өндірістің барлық салаларын қамтитын құрылымдық әлеуметтік-экономикалық дағдарыс жағдайында прагматизм идеологиясы өткен кезеңде кәсіптік педагогикалық училище жинақтаған барлық жақсылықты сақтауға бағыттаушы арқау бола алады.

Сонымен қатар, прагматизм идеологиясы педагогикалық техниканы, еңбекке деген көзқарасты, шығармашылық қызметтегі тәжірибені хабарлау институтын дамытудың жолдары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл идеология Мемлекеттік білім беру стандартында адамның әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар жағдайында өмір сүруіне мүмкіндік беретін ең маңыздысын, қажеттісін ғана бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл күрделі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді сәтті шешіп жатқан жас мұғалімдер мен жұмысшылар контингентін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Келесі кезекте кәсіби-педагогикалық қызметтің құндылық немесе аксиологиялық құрамдас бөлігі туралы айту керек. Әрбір мұғалім өз шәкірттеріне бере алатын адам жасаған тәжірибенің құндылықтарын сақтайды. Бұл аксиологиялық компонентпедагогикалық жұмыс. Құнды, адам қолымен жасалған тәжірибені бүгінгі күн талабына сай ретке келтіруге болады. Құндылық құрылымының бұлай аудармасы педагогикалық мәдениеттің ерекшелігі болып табылады.

Бүгінгі таңда мұғалімнің инновациялық құндылықтарды алып жүруі өте маңызды: оқу үдерісін ұйымдастырушы, менеджер, маркетолог.

Педагогикалық мәдениеттің бұл құрамдас бөлігі сенсорлық-практикалық деп аталады. Жұмысшылардың – токарьлардың, фрезерлердің, слесарлардың, аспаздардың, тігіншілердің және т.б. кәсіптік дағдыларын қалыптастырудағы табыстарды негізінен кәсіптік мектеп мұғалімінің таза «аспаптық» жеке қасиеттері анықтайды.

Педагогикалық мәдениеттің практикалық құрамдас бөлігі міндетті түрде кәсіптік мектеп мұғалімінің кәсіптік мектептер мен лицейлердің студенттеріне, ересек жұмыссыздарға және т.б. оқытатын жұмысшы мамандығын меңгеруіне байланысты таза кәсіби негіздер жатады. Мұғалім өзі оқытатын жұмысшы мамандығын меңгермейінше, педагогикалық мәдениеттің қандай да бір шеберлігі туралы айту мүмкін емес. Бұл әсіресе кәсіптік педагогикалық және өндірістік педагогикалық колледждерде білім алатын өндірістік оқыту шеберлеріне қатысты. Педагогикалық мәдениеттің технологиялық құрамдас бөлігі үгіт арқылы емес, оқыту арқылы тәрбиеленеді.

Жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді оқытуды жетілдіру жұмыстары студенттердің оқу жұмысының тиімділігін арттыру үшін шығармашылық ізденістері сияқты әрекеттерімен байланысты. Мұнда мұғалімнің өз күші мен шығынын үнемдеу, педагогикалық діңгек тиімділігін арттыру мүмкіндігі көрінеді.

Педагогикалық еңбек мәдениетінің практикалық құрамдас бөлігі оқу кабинетін жобалауда көрінеді, мысалы, арнайы оқу шеберханасы (токарь, слесарь, ағаш ұстасы, тігінші, аспаз және т.б. үшін). Кәсіптік мектептің болашақ мұғалімдері оқитын кәсіптік педагогика ғылым мен өнердің қосындысы, педагогикалық мәдениеттің ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын педагогикалық өнер. Ол мұғалімнің педагогикалық шеберлігін меңгеруінде: сөйлеу қабілетінде (А.С. Макаренко бойынша), қарым-қатынаста, сыныпта қозғалуында, педагогикалық әдепті меңгеруде, «үйреткен адамды кітап сияқты оқуда» көрінеді.

Кәсіби мектеп мұғалімдері өте нақты. Тәжірибе көрсеткендей, олардың біліктілік деңгейі неғұрлым жоғары болса, қарым-қатынас стилі соғұрлым күрделі болады. Олардың таза техникалық, технологиялық процестермен байланыстылары көбінесе олардың артында тұрған адамды көрмейді. Бұл «технократияның» өмір сүруі өте қиын.

шығармашылық компонентпедагогикалық мәдениет практикалық (технологиялық) тығыз байланысты. Өнертапқыштықпен және рационализациямен айналыса отырып, мұндай мұғалімдер өз шәкірттерін осы процестерге тартады. Бұл соңғысына үлкен пайда әкеледі. Әртүрлі байқауларда тамаша өнім жасайтын болашақ жұмысшылардың техникалық шығармашылығының қадір-қасиетін төмендетпей, кәсіби-педагогикалық қызметтегі табыс көбіне педагогикалық мәдениеттің шығармашылық құрамдас бөлігімен, яғни педагогикалық шығармашылықпен анықталатынын түсіну керек.

Педагогикалық мәдениеті жоғары мұғалім көптеген оқу бағдарламаларының, әдістемелерінің, әдістемелері мен оқу құралдарының, педагогикалық жаңалықтардың авторы. Ең бастысы, ол «үлгі бойынша», «басқалар сияқты» жұмыс істеуге дағдыланбаған, ол шынымен де болашақ қызметкерлердің оқу-тәрбие іс-әрекетін жоспарлап, ұйымдастырып, бақылап, басқаны емес, өз алдына мақсат қойғысы келеді. өз жолымен. Кәсіптік мектептің шығармашыл мұғалімі болашақ жұмысшыларды оқытуды, олардың оқу-тәрбие жұмысын, өзіндік жұмысын шебер ұйымдастыра алады, жеке тәсілді жүзеге асырады, сабақты жол бойында қайта құрылымдайды, оқушыларға білім беру рефлексиясын, білім алуға, өз бетімен жұмыс істеуге баулу. білім беру. Эвристикалық оқытудың арқасында мұғалім оқу әрекетінің түріне сәйкес келетін жаңа білім өнімін жасайды.

Педагогикалық мәдениет кәсіби-педагогикалық қызметкерлер контингентін сақтаудың кепілі болып табылады, өйткені ол педагогикалық құндылықтарды, теориялық және педагогикалық құндылықтарды, нысандарды, әдістер мен құралдарды меңгеруге, беруге және жасауға бағытталған кәсіби педагогикалық қызметтің әртүрлі түрлерінде олардың өзін-өзі реттеуіне ықпал етеді. өндірістік (практикалық) оқыту. Ол кәсіптік оқыту мұғаліміне қоршаған педагогикалық іс-әрекеттен өзінің кәсіби «Менін» бөліп көрсетуге, оның педагогикалық іс-әрекетіне, сөйлеуіне, педагогикалық ой қозғалысының барысына ой жүгіртуге мүмкіндік береді. Педагогикалық мәдениеттің жоғары деңгейінің жетістіктерінің арқасында мұғалім белгілі бір дәрежеде белсенді, дербес, өзінің педагогикалық іс-әрекетіне жауапты болу мүмкіндігін алады, оның педагогикалық іс-әрекетке, оның өмірдегі орны мен рөліне басқаша көзқарасы бар. қоғам, оның жеке тұлғасының дамуы.

Тұлға мәдениеті кәсіптік оқыту мұғалімінен тыс өмір сүре алмайды. Ол мұғалімнің үнемі өз ісінің мәнін іздеуге, өзін және өзі өмір сүріп жатқан педагогикалық ортаны жетілдіруге ұмтылуынан туындайды. Сонымен, кәсіптік оқыту мұғалімінің педагогикалық мәдениеті тек жеке тұлға тұрғысынан, оның өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктері тұрғысынан қарастырылуы керек. Сонымен бірге оның даму деңгейі «ұзақ мерзімді тұрақтылықпен», яғни. ұмтылыстың ұзақтығы, тұлғаның өзі белгілеген бейнелерге қол жеткізуге күш салу. Жеке дамуда тұлғалық деңгейлердің, шекаралардың болуы мұндай педагогтың өзінің ішкі механизмдерін (қажеттілік, мотивтер, мақсат, қабілеттер, белсенділік, ерік-жігер, эмоция, интеллект) белсендіруге мүмкіндік беретін өзіндік критерийлері бар екенін көрсетеді. Бұл кәсіптік оқыту мұғалімі өзінің тұлғалық дамуында тоқтап қалмайды деген сөз. Оның педагогикалық мәдениетінің дамуының негізгі критерийі ретінде оның өзіндік «қозғалысына» қатынасын белгілі бір дәрежеде алуға болады. Өзін-өзі дамытпай кәсіби мектеп мұғалімінің педагогикалық мәдениетін дамыту мүмкін емес.

 

№36 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭСТЕТИКА ЖӘНЕ ШЕБЕРЛІК

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп  отыруды қажет ететін балаларды  оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.

Педагогикалық шеберлік негізі неде?

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты  дамыған маман – уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ  көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», – деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде?

Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру – педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.

«Тәуелсіз елге – білікті маман» демекші, педагогикалық шеберліктің  негізі, өткен пікірімізде айтып  кеткеніміздей, білім мен тәрбиені ұштастырумен қатар – педагогтардың  жаңа технологияны меңгере білуінде және оны өз тәжірибесінде қолдана алуында. Педагогикалық көзқарас бойынша, «технология » ұғымы – дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде ұйымдастырылған «педагогикалық өндіріс» деген пікір өз уақытында педагог-ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте «педагогикалық технологияны» оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттап, оны дидактикалық үрдістер мен оқыту құралдарымен жабдықтауда жаңа ақпараттық технологияға негіздеу туралы мәселе қозғалады.

Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.

Біздің ойымызша, инновациялық технологиялар  оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдарын оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетінде пайдалануға көмектеседі. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың шарттарының өзі мұғалімнің әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын туғызады. Ол педагогикалық шарттарға: инновациялық ізденіс қажеттілігі; инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім; инновациялық әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын қарастыру; инновациялық әдістерді меңгеру; инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары; инновациялық әдіс-тәсілдерінін нәтижесінің болуы; инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін бекіту жатады. Инновациялық іс-әрекетті басшылыққа ала отырып, педагогикалық шеберліктің басқа құрауыштарының маңыздылығын жоққа шығармаймыз.

Адам қажырлы еңбегімен табиғатты  өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.

«Талант» деген сөзді әркім  әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын – жазушылырда, әртістерде, өнер адамдарда кездеседі. Ал, «мұғалім болу – талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?» – деген сұрақ туады. Ұстаздың барлығы талант болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта – ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады.

Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның оның қолы жетпейтіндігін», – айтады. 
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек.

Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына  жол ашу, оқу – тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.

 

№37 ӨМІР БОЙЫ ҰСТАНУҒА ТҰРАРЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», — десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.
Ата-асқар тау,
Ана – бауырдағы бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ – деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың.
Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.
2006 жыл – Қазақстан Республикасында Отбасы жылы болып жарияланды. Осыған орай С.Бегалин атындағы Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы, назарларыңызға «Отбасы – тіршіліктің тірегі…» атты әдістеме – библиографиялық жинағын ұсынады.
Құрал – мұғалімдер мен оқушыларға ғана емес, ұрпақ өсірер, оның келешегін ойлар иісі қазаққа арналып жазылған деп ойлаймын.

Көшпелі және рулық-тайпалық негізде құрылған халықтарда туыстық байланыстар қоғамдық қарым-қатынастың негізін қалайды. Рулас ағайын, туыс, жақын туыс, аталас, бір ата баласы, бір әке баласы арасында туыстық байланыстан туындайтын парыз бен қарыз міндеттер өте көп. Олар қазақтың ғұрыптық заң-салттарымен бекітілген.
Отбасында негізгі туыстық қатынас — ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан.
Жалпы алғанда, қазақтың туыстық қатынас атаулары 90ға жетеді.
Көнекөз шежіреші қариялар бір атадан келесі атаның баласын, туыстық тармақтарды еш қиналмастан-ақ тарқата береді. Осылайша, тарихи оқиғалар, аңыз-әңгімелер атадан балаға жалғастырылады.
Туыстық жүйенің ең негізі, бел ортасы — отбасы саналады. Барлық алыс-жақын туыстық – осы отбасынан есептеледі.
Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала.
Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый-құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі.
Дәстүрлі қоғамда ата-апаның тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата-апалар жыр, дастан, ертегі айтып немере-шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған.
Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен апасы өз қолына алып, немере ыстық болғандықтан балаларынан да артық көріп, тәрбиелеген. Тұңғыш немерелер ата-апасын өз әке-шешесіндей санап, туған әке-шешесін тек қана өскеннен кейін де танып жатады. Кейде тұңғыш немересі кенже ұлының орнына, атасының қара шаңырағына ие болып та қалатын жәйт кездеседі.
Әке — әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен апалардың орны ерекше.
Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті.
Қара шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта кенже ұл ие болып, қарттарды бағып-қағатын, көне салт бүгінгі қазақ отбасыларында да сақталған. Ал үлкендері үйленіп үй болысымен еншілерін алып, бөлек шыққан. Жасы кіші болса да кенже иеленген үлкен үй басқа жасы үлкен туыстары үшін де қадірлі, қасиетті үй ретінде саналған.
Қазақ қоғамындағы әйелдердің орны жайлы әңгімелегенде, Орта Азияны мекендеген басқа халықтардың әйелдерімен салыстырғанда қазақ қыздары мен әйелдерінің анағұрлым еркін болғанын айтқан жөн. Олар жүздерін жамылғылармен бүркемей, ашық өмір сүрген. Дегенмен, қазақ әйелдері үшін басты міндет – отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, ерлерін барынша сыйлау, рухани қолдау көрсету болып табылады.
Түйгені көп шешесі қызымен, келінімен өмір тәжірибелерін бөлісіп, болашақ үлкен өмірге дайындайды. Туыс ағыйындардың әйелдері – абысындардың қарым-қатынасы өзара көмек пен түсіністікке, берекеге құрылады. Сондықтан да, «Абысын тату болса, ас көп, ағайын тату болса, ат көп», — деген.
Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: « Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», — деп мадақтайды.
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр. Билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, аңшылық, зергерлік сияқты ата-баба өнерін жеті атасына дейін жалғастырған әулеттер қазір де баршылық.
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ қыз балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды. Кәмелетке толғанға дейін бойжеткен болашақ отбасы өмірінің басты міндеттерінен сабақ алды. Ол ерінің адал жары, ана болу, отбасы беріктігін сақтаушы қызметіне, шаруашылықтың барлық жақтарын игеріп жүргізуге, қонақты лайықты қарсы алуға, туыстарын сыйлап қадірлеуге дайындық тәрбиесі. Көргенді отбасылары қыз баланы «қонақ» деп мәпелеп, қадірлеп өсірген. Қыз баланың тәрбиесіне ең бірінші анасы жауапты болған. Сондықтан қазақ «Шешесіне қарап қызын ал» – деген.
Ұзатылып келген қалыңдық үйлену тойының ертеңінде бүкіл ру, әулет, ауылға келін болып саналады. Өзі аттаған босағасының, рудың адамы санатына қосылып кетеді.
Қазақ жақсы келінді қызынан кем көрмеген.
Қазақ дәстүрінде үлкеннің атын атамай, тіріде өзін, өлгенде аруағын құрметтеу — жақсы келіннің әдептілігі мен тәрбиелілігінің айғағы.
Тұрмыстағы көргені мен түйгені, ақылдылығы, парасатты келінді есейе келе, ауыл-үй құлақ салып ақылдасатын ана дәрежесіне көтереді.
Қызына құда түсіп, айттырған күннен бастап жігіт қыз ауылы үшін күйеу атанып кете барады. Күйеу қайын жұртында төрге шықпайды, оған сыбағалы асы деп асықты жілік пен төс тартылады.
Әрине, жасы егделеген сайын, күйеудің әлеуметтік мәртебесі де жоғарылайтыны белгілі. «Күйеу қартайса құда болады», сөзі осы уақыт аралығында күйеу жақтан әлденеше қыз алысып, қыз беріскендігін, күйеудің де беделді адам бола бастағандығын айғақтаса керек. Қазақтың «Күйеуді қызым үшін сыйлаймын» деген сөзінде де үлкен мән бар.
Әуезов М. Абай жолы: Бұл романда жазушы Құнанбайды асқан сүйіспеншілікпен жетер жеріне жеткізе суреттейді. Құнанбай Абайға әке ғана емес, заманның үлкен қайраткері, әрі үлкен тұлғасы. Ал, Абай ойы, Абай даналығы, Абай тереңдігі – тазадан тазалыққа, биіктен биіктерге шақырар жанның жарық жұлдызына айналған. Мұндай эпопеяны халқын шын сүйген адам ғана жаза алады. Бұл эпопеясы болмаса қазақ өмірі, оның кім екендігі дәл сондай құдіреттілікпен дүниеге танылмас еді. « Абай жолы» халқымыздың ақыл – ойын биікке көтерген, әрбір отбасының сүйіп оқитын, тәлім-тәрбие алатын туындысы болды.

Bottom of Form

Top of Form

Bottom of Form

 

№38 ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГТІҢ ТАБЫСТЫ  БОЛУ ФОРМУЛАСЫ

«Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу- сезімнің ақылдығы»— деп ғұлама ақын Ғабу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, ғұмырын  ұстаздық мамандыққа арнаған, көңілі мәңгі жас баладай жақсылыққа құмар ұстаз болу – көп адамға бұйыра бермеген бақыт десем, артық айтқандық емес шығар. Өйткені аузын ашса жүрегі көрінетін, жалғандықты, жасандылықты сүймейтін тазалық пен пәктіктің иесі — оқушыларды көргенде,  олармен бірге қуанып, бірге күліп, жан дүниең ерекше  сезімге толып,  жас баладай  қуанышқа бөленесің. Оқушылар сенен ең жақын жанашырындай үміт күтеді, қуанып қарсы алады, сырларын бөліседі. Кейде қуаныштарын жасыра алмай , еркелей алдыңа келеді. Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы. Сен олармен бірге жүрсең, олармен бірге бала болып, асыр салып, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарайсың. Әр үйдің үміті болған шәкіртеріңнің жан шырағын жаға білсең, нағыз адам етіп тәрбиелей білсең, жүрегіне ұлтына деген қасиетті ұғымды ұялатып, Абай атамыз айтқандай, толық адам тұлғасын қалыптастыра алсаң, міне,  ұстаздық мұрат- мақсатың — осы болмақ…

Шәкірт бойына сапалы білім мен үлгілі тәрбиені сіңіру- мұғалімнің педагог алдына қойған басты  мақсат болу керек. Мұғалім болған соң, өз пәніңді шәкіртіңнің толық меңгергенін қалайсың. «Бес саусақ бірдей емес» дегендей, алдыңда түрлі деңгейдегі оқушылар отырады.Ұстаздардың ұстазы болған Ы. Алтынсарин: «Оқушы сабақты түсінбесе, кінәлі емес, оны түсіндіре алмаған мұғалім кінәлі» деген сөзі бар. Осы ұлағатты сөзді  ешқашан есімнен шығарған емеспін. Егер оқушы түсінбей жатса, онда менің әдістемемнің әлсіз жағының әлі бар екенін мойындап, оны өзімнен іздеп, қателігімді түзетуге тырысып келемін. Заман талабына сай көштен қалмай, білімдегі соңғы жаңалықтарға да көз жүгіртіп, назардан еш тыс қалдырмаймын.

Мен үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болу — ең ардақты мамандық иесі деп ойлаймын. Дүниедегі ең қасиетті тілің мен тарихыңа, ұлтың мен әдебиетіңе жетер еш байлық жоқ Бабалар аманатын болашақ ұрпақ зердесіне жеткізіп, көздің қарашығындай сақтай білуге шақыру -әрбір тіл  маманның педагогтың парызы әрі оқушыларының жанына ұлт намысы, ел мүддесі деген киелі ұғымдарды ұялата отырып, білім беру  — ХХІ ғасыр мұғалімдерінің еншісінде тұр. Еш жалықпаған ұстаздың  тәрбиелеген  шәкірттері — жан- жақты білімді, ой- өрісі биік, өз мақсаттары айқын, сол мақсатқа жету үшін еңбекқорлық пен шыдамдылық таныта білетін жандар болатыны сөзсіз.

«Ұстазы жақсының- ұстамы жақсы» дегендей , оқушыларының тәрбиелі болуы- ұстазынан көрген өнегесі мен тәлімінен екені даусыз.Ы.Алтынсарин : «Мұғалім- адам жанының инженері» деп , өз заманында ұстаздар қауымына зор баға берген.Ұстаз- адам жанының емі, шипагері десек артық айтқандық емес.Күнделікті күйкі тірлікте өз шәкіртіне үнемі көңіл бөліп, жылы сөзімен жылытатын да ұстаз.Адамзат тәрбиелеудің қиындығы мен жауапкершілігі мол мамандық екені белгілі, дегенмен ХХІ ғасырдың ұстаздары жан – жақты дамыған, оқушының жан дүниесін жетік білетін, өз пәнін толық меңгерген, барлық нәрседен хабары бар иман жүзді, талапшыл азамат болуы керек деп ойлаймын.

Ұрпақ… Бала … Бүкіл адамзат болмысының тірлігінің мәні.Қай заманда, қай ғасыр, қай қоғамда болмасын адамдар тірлігінің мақсаты, болашаққа жалғастырар алтын көпірі, аманат етер асылы- оның ұрпағы. Сондықтан да күллі адамзат дүниесіне ортақ мүдде- ұрпақ тәрбиесі.Ал сол ұрпақтың азамат болып шығуына бағыт- бағдар беріп, үнемі қадағалау – бүгінгі ұстаздар қауымының жауапты жұмысы деп білемін. Сол себепті де, оқушыларымыздың сапалы білім мен өнегелі тәрбиені мектептен алып шығатынын еш ұмытпауымыз керек. Оқушымыздың парасатты да саналы адамгершілігі мол тұлға болып шығуымен қатар, нәтижелі білім алып шығуына бар күш- жігерімізді сарп етуіміз қажет. Ұстаз өзінің алдына нақты белгілі бір мақсатты қойып, соған жету жолында барынша талаптанса, жетістікке жетері сөзсіз. Білім кеңістігінде болып жатқан жаңалықтарды үнемі назардан тыс қалдырмай, жаңашыл мұғалімдердің іс- тәжірибесін мүмкіндігінше дұрыс пайдаланып, оқытудың ой елегінен өткен тиімді әдіс- тәсілін дұрыс таңдап, оны мейлінше меңгеру аса қажет болып табылады. Сонымен қатар, бүгінгі қоғамдағы мұғалім заман талабына сай психологиялық негізден өте мықты хабары бар, ақпараттық технологиялардың бар түрінде жұмыс істеуге қабілетті , жан- жақты білімді, үлкен жүректі , оқушыларды жанындай жақсы көре білетін байқампаз да білікті жан болуы керек. Өйткені іс-тәжірибеге көз жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды. Ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде. Сол себептен де ең алдымен, жеке тұлға ретінде өзімнің бойыма өзгерістер енгізуге тура келді. Өзім де өзгердім, оқушыларым мен әріптестерімді де өзгертуге қолымнан келгенше ат салысып жүрмін. Бұрын қандай бір қиындыққа тап келсем, қатты абыржушы едім, бүгінгі күнде, жылдам әрі тез шешімін дұрыс табуға дағдыландым. Оқушыларымды да дұрыс шешім тауып, өз ісіне жауап бере алатын азамат болуға шақырып, не нәрсе болса да сын тұрғысынан ойланып, жеті рет өлшеп, бір рет пішуге қалаптастыруға үйретіп жүрмін. Бұл жетістіктер – менің 3 айлық деңгейлік курстан алған ілімдерім еді. Күнделікті сабағыңды түрлендіріп өткізсең, жаңашылдыққа талпынсаң, оқушыға да сыйлы боласың әрі оқушы сабағыңа да селқос қарамайды. Сол себепті мен өз сабағымда 7 модульді ықпалдастыра қолданамын.Оның нәтижесі де жоқ емес. Дәл қазір  жаңалыққа деген құлшыныс пен қызығушылық, түпкі нәтижеге деген сенімділік, өз ісімнен қанағат табу менде басым. Екінші жетістігім — өзімді шыдамдылыққа, сабырлылыққа  үйреттім. Мен бұрын баладан жауап алғанша асықсам, қазір оқушының ойлануын бірінші орынға қоятын болдым. Жиырма жылдай ұстаздық етсем де, әлі де үйренетінім көп екеніне толық көзім жетіп отыр.

Өзімнің мұғалім, ұстаз, педагог жалпы адам ретінде түйгенім,  мұғалім өзінің артына ерген ұрпағы мен шәкіртінің жетістігімен ғана марқая, қуана алады екен. Ұлтымыздың тағдыры, болашағы – тәрбие мен  білімде екен. Абай атамыз айтқандай: « Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға..» дегендей , шәкірт тәрбиелеп, оны ұядан баптап ұшырудан еш жалықпайық

 

№39 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЗАМАНАУИ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ДАМУ ҮДЕРІСІ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан-2050» стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы» делінген. Елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан екендігі айтылған. Онда «XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» делінген. Барлық дамыған елдерде сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсынудың маңыздылығы айтылған. Орта «Білім жүйесіндегі жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізіп, оқыту нәтижесінде оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеруі тиіс» делінген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңына сәйкес “Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту” сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғарғы дайындығы бар білікті мамандар қажет.

Бүгінгі таңда балалардың қабілеттерін жоғарғы деңгейде қанағаттандыратындай білім беру көптеген өркениетті елдерде саралап оқыту принципінің негізінде одан әрі дамытылуда. Ол Франция, Америка, Германия, Англия, Жапония т.б. елдердің білім беру жүйесінде қазір жоғарғы деңгейде жүргізілуде. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Осындай табиғи сұраныстарға орай, оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Мәселен, академик В.И. Монаховтың технологиясы, В.К. Дьяченконың ұжымдық оқыту әдісі,        М.М. Жанпейсованың оқытудың модульді технологиясы және Ж.А. Қараевтың білім беру жүйесін ақпараттандырумен қатар оқушылардың өскелең оқу тәрбие үрдісін түгелдей терең дараландырып жаңаша білім алуына, өздігінен іздену сезімін ояту, дарындылық пен талапқа жол ашуға бағытталған технологияларын атап көрсетуге болады. Олай болса, оқытушы педагогикалық ізденіспен озық технологиялардың әдіс-тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білуі тиіс. Оқушылар алған білімдерімен келешекте белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін, яғни тез бейімделе алуы арқылы функционалдық сауаттылыққа қол жеткізеді. Әрбір сабақты өту барысында шынайы өмірмен ұштастыру оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын және келешекте өз мамандықтарын дұрыс таңдауына әсер етеді.

«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңаны табатын өнер» – деп бес арысымыздың бірі        Ж. Аймауытов айтқандай, ұстаз әрқашан сабақты қызықты етіп, түрлендіріп өткізіп отыруы тиіс. Сонда оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, өз беттерінше ізденіске ұмтылады. Сондай оқушының өз ізденісін тудыру соңғы кездері қатты қолға алынды, үлкен өзгерістерге ие болды.

Кеңестік мемлекеттен мұра болып қалған білім мазмұны жеке тұлғаның дамуына емес, білім, білік және дағдыны (ББД) меңгеруге бағытталған. Мұндай тәсілдің нәтижесі белгілі: оқу пәндерінің шамадан тыс жүктемесі; білім мазмұны тұтастығының және жүйелілігінің жойылуы; оны бөлшектелген, нашар ұйымдастырылған, схоластикалық ақпарат конгломератына айналдыру; оны пайдалану тәсілі мен оның міндеті кейде мұғалімге де, оқушыға да белгісіз болды. Осыдан мұғалім мен оқушыға шамадан тыс жүктеме, оқуға қызығушылықтың төмендеуі, мектеп түлектерін даярлау сапасының төмендеуі туындады. Бұл туралы орыс педагогтері К.Д. Ушинский, Е.А. Ямбург, В.Н. Бацын және Э.Д. Днепров ашық жазды.

«Біз балалардың басына әртүрлі ештеңеге де қажет емес қоқысты үйіп-төгіп саламыз, кейін адам оны не істейтінін білмейді» – деп жазды К.Д. Ушинский.

Отандық білім беру жүйесінде реформаны жүзеге асыра отырып, біз оны мынадай бағытта дамытуды қамтамасыз етуіміз керек болды:

  • бірыңғайлық пен біртұтастықтан – ашық әрі алуан түрлілікке;
  • әрі-сәріліктен – жеке тұлғалық – бағытталғандыққа;
  • бір жақты білімділіктен – білімді беру және еске түсірумен ғана түгенделмейтін, адамның көптеген және көп қырлы зияткерлік, көркемдік, рухани, практикалық іс-әрекеттеріне де есептелген іс-әрекеттік пен полимәдениеттілікке;
  • схоластикалық, жалған академиялық, нәтиже жоқтығынан (бұл жерде білім мазмұнының ең көп бөлігі оқушылардың меңгеру мүмкіндігі мен қызығушылығынан тыс қалады) – өмірге ұмтылыс пен тиімділікке;
  • репродуктивтіліктен және бейімдеушіліктен – қоғам мен жеке тұлғаның қазіргі өмірде серпінді болып жатқан өзгерістерге «үйлесіп» ғана қоймай, осы өзгерістерді жүзеге асыру, алға жылжыту қабілетін қалыптастырушы нәтижелілікке және дамытушылыққа [3].

Бірақ бұларды жүзеге асыру қиын болды. Сондықтан 11 жылдық мектептен 12 жылдық мектепке көшуді жүзеге асыра отырып, ең алдымен, осы проблемаларды шешу, яғни, оқытуды ұйымдастыру принципін өзгерту мен ондағы оқушының рөлін білім, білік, дағдыны енжар «алушыдан» танымдық үдерістің белсенді субъектісіне айналдыру міндеті қойылды [4].

Білімді адамдардан гөрі тәрбиелі, жүректі адамдарды тәрбиелеу, баланың жүрегіне баратын білім беру керек екеніне көзіміз жетті емес пе? «Жүрек – адам тәрбиесінің темірқазығы» – дейді Абай атамыз. Амалдың тілін алса, яғни арды ойламай, тек пайда ойласақ, жүрек ұмыт қалады.

Баланы тұлғаға бағыттау – жүректі сүйіспеншілікке толтыру.

Бала кезінен бастап бала тәрбиеленетін орта жылылыққа, сүйіспеншілікке толы болу керек. «Жаратушының қолынан шыққан нәрсе әдемі болады да, адам қолында бұзылады» (Ж. Руссо). Демек, белсенді тұлғаны тәрбиелейтін, дамытатын – ортасы, достары, мұғалімдері.

Біздің міндетіміз – баланың бойындағы ерекше қасиеттерін табу, оны дамытуға кемшіліктерін байқап, оған көмектесу.

«Білімді математикаландыру керек» (Н. Назарбаев), яғни баланы жүйелі ойлауға үйрету. Бала алдына лайықты мақсат қойып, мәселені шешудің жолдарын біліп, сол мақсатқа жетудің мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануы керек. Сондықтан да кездейсоқтықтан, әр түрлі ситуациялардан шығу жолдарын қарастыруда дұрыс шешім қабылдау, әрекет жасау қабілетін есепке алатын құзырлылықты нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде зерттеу – бүгінгі күннің талабы.

Адамзаттың өзі жаңа сапаға ауысты. Қарым-қатынас стилін өзгерту талабы туындады. Әр баланың өзіндік ерекшелігі болады. Көру арқылы ой қорытатындар (визуалдар), есту арқылы пікір жинақтайтындар (аудиалдар) болады. Біреулері көргенін тез қабылдап, біреулері естігенін есте сақтайды. Сонымен қатар балалардың кинестетик деп аталатын тағы бір тобы бар. Олар бәрін өздері қолдарымен ұстап, бақылап жылжытып, өзі жасағанды ұнатады.

Ал көбінесе біздер балалардан қозғалмай отыруды талап етеміз. Мұндай жағдайда кинестетиктер ешнәрсені жөнді ұға алмайды. Сонан кейін оқуға деген қабілетін жоғалтады.

Ұстаздың қоғам өмірінде алатын орны мен олар атқарып отырған міндеттердің айрықша маңыздылығын Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең санампаз бөлігі болып табылады… Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» – деп атап көрсетті. Ендеше білім беруде мұғалім білігі мен білімі мол мамандыққа дәл мұғалімге қойылғандай жоғары талаптар қойылмайды.

Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ.

Бүгінгі таңда мұғалімдер басшылыққа алатын ресурстар, әдістемелік нұсқаулықтар баршылық. «Сол әдіс-тәсілдерді қалай пайдалану керек және қайтсек ол нәтижесін береді?» тағы басқа да сауалдарға шамамыз келгенше жауап беріп көрейік.

«Егер оқытуды біреудің басынан басқаның басына білім тасымалдау деп түсінсек, онда адамды ешнәрсеге де үйретуге болмайды» – деген Платон бір сөзінде.

Сол себепті қазіргі заманауи тәсілдерді енгізе білу мұғалімнің жасампаздық қабілетінің артуына үлкен әсерін тигізері сөзсіз.

Мұғалімнің шығармашылығы дами отырып, оқу үрдісінің сапалылығы артады және оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас стилі өзгереді, жаңа сатыға көтеріледі.

Жаңа тәсілдерді білім беру үрдісіне енгізу – көзқарасымызды өзгертуге бағытталған үрдіс.

Әлемдік білім беру жүйесі де жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Бұл ұстаным Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында жан-жақты сипатталған: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу».

Тұлға дамуы оның белсенділігімен тығыз байланысты, өйткені адам бірінші кезекте өз қолымен жасағанды елейді, ескереді, есте сақтайды.

Кеше тұлғаның «миы», «басы», «ақылы», «интеллекті» бірінші орында еді, ал бүгінде адамды бағалауда біз бірінші кезекте оның ішкі дүниесін, рухани ахуалын, адамгершілік қасиеттерін ескереміз. Абайдың «Адам бол» деген рухани қағидасы бүгінде білім игеру жүйесінің басты қағидасына айналып отыр.

Білім беру реформаларын сапалы жүзеге асыру жолдарын қарастыруда әлем елдерінің, соның ішінде, Жапонияны алатын болсақ, біздің балаларымыздың білім сапасы Жапония елінің білім сапасынан айтарлықтай төмен екендігі анықталған. Олар біздің оқушыларымызға қарағанда едәуір аз пән оқиды. Жапонияда жеке тұлғаның эмоционалдық бет-бейнесін қалыптастыратын пәндер 70%-ды құрайды. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесіне айтарлықтай көп уақыт бөлінеді [2].

Мұғалім мен тұлға арасындағы қарым-қатынаста рухани-адамгершілік байланыс орнатып, ынтымақтастыққа қол жеткізуде Ш. Аманашвили мұғалімдерге мынадай кеңес береді: «Педагогикалық үдерісте баламен тіл табыса білу, яғни балаға өз ойын, талғамын, көңілдегісін айтуға рұқсат беру тәрбиешіден көп шеберлікті талап етеді.

Осынау қарым-қатынаста бала жанының қозғалысымен ынтымақтастық тапқан кезде бала өз бойындағы табиғи дарынын ашады, ал мұғалім өзінің шығармашылық жігер қуатының жемісін көруге мүмкіндік алады.

Басқаша айтқанда, бала шығармашылығы мұғалім шығармашылығымен ұласып кетеді. Мұндай жағдайда мұғалім мен оқушы арасында тұтастық пайда болады» – деп рухани-адамгершілік қай кезде орнығатынын пайымдайды.

Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Оқушының дамына әсер етуші әлеуметтік фактор негізінде оқушы, мұғалім, ата-ана, басқа пән мұғалімдері ынтымақтасуы керек.

Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші – мұғалімдер. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктейтінін ұмытпауымыз керек.

Ы. Алтынсарин: «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырағы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер, ол – даналықты жүректен ұға білу болып табылады» – деген екен.

 

40 МҰҒАЛІМДІК ҚАСИЕТ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ АЛУМЕН САҚТАЛАДЫ

Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш ол – білім. Білім беру – оқытудың, тәрбие мен дамытудың үздіксіз процесі. Білімді түрлендіруде, білім беру процесін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім шығармашыл мұғалім ретінде орталық тұлға болып табылады.

«Шығармашыл мұғалім – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты». Н. Назарбаев.

Осы орайда, біздің басты мақсатымыз – бастауыш сатыдан бастап баланың тілін, ой-өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту арқылы, заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруымыз қажет. Білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылым мен тәжірибеге негізделген жаңа идеялар мен жаңа инновациялық технологияларды зерттеп, оны өз іс-тәжірибемізде қолдану арқылы оқу-тәрбие процесінде шығармашыл білімді тұлғаның дамуына мүмкіндік беріледі. «Инновация» ұғымының (латынша inovatis) аудармасы жаңалық, жаңаша, жаңалықты енгізу деген мағынаны білдірсе, «Технология» – деп оқытудың объективтік факторларының жиынтығын (бағдарламаланған оқыту әдіс-тәсілдері, дидактикалық материалдар, құрал-жабдықтар, т. б) қандай да бір іс-әрекетте нәтижеге жету құралы ретінде қарастырылады. Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденіс арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарап іріктеп қолданады. Сол арқылы баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға үйретеміз. «Шығармашылық» деген, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен түзіліп, ақыл-ойы мен сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінеді. Шығармашылық – адам ойлауының және өз бетінше әрекетінің жоғары формасы. Шәкірттеріммен оқу-процесін жаңаша ұйымдастыру барысында оқушыларымның шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жеке дара ерекшеліктерінің ашылуына мүмкіндік алып, жеке тұлғаны қалыптастыру жолында білім берудің инновациялық-педагогикалық технологияларымен жүйелі жұмыс жасау арқылы барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізудемін.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін төмендегідей шарттар орындалу тиіс:

Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу;
Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;
Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету;

Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз — оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының зейінін, есін, қиялын, дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс-әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады. Жаңа формация мұғалімі мынадай гуманистік тәсілдері бар этиканы пайдаланады.

Көрнекті педагог В. А. Сухомлинский «Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» – деп айтқан. Өйткені, жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың жүрегінен орын алады.

  1. Шығармашыл мұғалім – зиялы тұлға. Оның сыртқы келбеті ұқыптылық пен жарасымдылықпен сипатталады, педагогикалық әдебі жоғары, басқаны түсіне біледі. Прогрессивті алдыңғы қатарлы ойларды уағыздаушы, сыни ойлау деңгейі жоғары, өзгенің ойын, өзгенің пікірін құрметтей біледі, ұстамды. Өз білімін тұрақты көтеріп отырумен жүйелі айналысады, өз жұмысына рефлексия жасауға қабілетті. Эрудициясы, жалпы мәдениеті жоғары, эстетикалық талғам және көркемдік мәдениеті жинақталған. Ол саясаттағы, ғылымдағы, өнердегі барлық жаңалық пен озық ойларға қызығушылық танытып отырады. Зиялы тұлға ретінде өз бойына адамзат мәдениетіндегі ең жақсы үлгілерді жинақтайды.
  2. Шығармашыл мұғалім – рухани бай тұлға. Оның рухани байлығы алдымен балаға деген махаббатында, жоғары адамгершілігінде және арлылығы мен ұяттылығында байқалады. Өмірдің мәнін және мақсатын түсінуге, өзінің кәсіби орынын анықтауға ұмтылыста оның руханилығы көрінеді. Ол әлемдегі және адами қарым–қатынастағы сұлулықты өте жоғары сезінгендіктен онда эмпатия және талдай алушылық жоғары дамыған. Өсіп келе жатқан баланың ішкі жан-дүниесінің байлығын түсінуге үнемі тырысатындығы оның өзінде планетарлық ойлауды дамытуына негіз болады.
  3. Шығармашыл мұғалім – жаңашыл тұлға. Ол бірсарындылық пен біртүрлілікті қабылдамайды, сондықтан жаңалыққа жаны құмар. Шығармашылыққа деген мотивтері жоғары болғандықтан ойлап табу, тудыру, жасап көру – оның күнделікті кәсіби жағдайы.
  4. Шығармашыл мұғалім – еркін тұлға. Оның еркіндігі өмірдегі, кәсіби әрекеттегі  мәдени әлемдегі өз орнын анықтай алу қабілетінде жатыр. Оның ойлау, пайымдау және әрекеттену еркіндігі жеке кәсіби жауапкершілікті сезінумен сәтті байланысады. Рухани және материалдық құндылықтар әлемінде еркін бағдарлай алады, педагогикалық, пендешілік догмалардан еркін. Ол өз ісіне өте жауапты, кейде тіпті тәуекелді талап ететін шешімдерді өз мойнына алады. Өзінің өмірлік позициясы, ұстанымы бар.
  5. Шығармашыл мұғалім – ізгілікті тұлға. Оның ізгіліктілігі, қайрымдылылығы, барлық тіршілік иелеріне, ең алдымен балаларға деген сүйіспеншілігінен байқалады. Ол кезкелген уақытта өз оқушыларына, жалпы балаларға көмекке келуге әзір. Өзгеше ойлайтын адамдарды құрметтейді, өз көзқарасына сәйкес келмесе де ол адамдардың қалыптан тыс ойларын түсінуге деген төзімділігі шексіз. Әртүрлі ұлт, дін, мәдениет өкілдеріне бірдей сыйластықпен қарайды. Оның тек оқушылармен ғана емес,ата-аналармен, әріптестерімен ынтымақтаса алу қабілеті зор.
  6. Шығармашыл мұғалім – азаматтық белсенді тұлға. Ол айналасында (ауылында, қаласында, елінде) болып жатқан жағдайларға бей жай қарамайды, ол жағдайларға үнемі өзінің қатысын білдіріп отырады. Қоғамдық өмірдегі өзінің азаматтық рөлін дұрыс түсінетін, саяси сауаттылығы жоғары маман. Оқушыларын да өмірдегі өзгерістерге сын көзбен қарап, объективті бағасын беруге, кемшіліктерге төзімсіз болып, түзету үшін үлестерін қосуға тәрбиелейді.
  7. Шығармашыл мұғалім – бәсекеге төтеп беретін тұлға. Жаңа заманға сәйкес педагогикалық қызмет көрсету аясы кеңейген уақытта шығармашыл мұғалім өзінің шеберлігін үнемі арттырып отырады, өзінің жетістіктері мен кемшіліктері жайлы өзіндік бағасы бар. Әлсіз тұстарын жетілдіру үшін озық тәжірибені шығармашылықпен қолдану, педагогикалық жаңалықтар кешенінен қалмауды  басты назарда ұстайды. Жаңа технологияларды меңгеру, қолдану арқылы өз ісінің нәтижелі болуына талпынады.
  8. Шығармашыл мұғалім – мәдениет адамы. Ол белгілі әлеуметтік мәдени ортада өмір сүріп, еңбек етіп жатқандықтан сол ортаның өнерін, тұрмыс-салтын, мәдениетін бойына сіңірумен қатар, оны құрметтеп басшылыққа алады. Өзінің жалпы мәдениетін көтеру – оның айнымас өмірлік қағидаларының бірі.

Осыған орай шығармашылық әлеуеттің акмеологиялық сипаттамасы:

  • Кәсіби қызығушылықтардың жаратушылық бағыттылығы;
  • Жаңашылдық әрекетке деген қажеттілік;
  • Инновацияға бейімділік;
  • Жалпы және кейбір арнайы интеллектінің жоғарғы деңгейде болуы;
  • Ассоциациялық байланыстарды қалыптастыруға деген бейімділік,
  • Жақсы дамыған елестете алушылық;
  • Мінез-құлық пен әрекетті реттеп отырудағы күшті жігерлік;
  • Дербестік;
  • Өзінің ахуалын басқара алушылық, әсіресе шығармашылық белсенділігін  ынталандыра білушілік.

Шығармашыл тұлғаның ерекше қасиеттерінің қатарына педагогикалық импровизацияны жатқызамыз. Педагогикалық импровизацияны (суырып салмалық деуге де болады деп ойлаймыз). А.К.Маркова «күтпеген педагогикалық шешімдерді тауып, оны жүзеге асыра білу» деп түсіндіріп, оның төрт кезеңнен тұратынын атап көрсетеді: 1) педагогикалық ойдың жарқ етуі; 2) педагогикалық мақсаттың мәнін бір сәтте ұғынып, оны жүзеге асырудың жодарын жылдам таңдай алу; 3) педагогикалық идеяны жұртшылық алдында нақтылы түрде көрсете алу; 4) ой қорытып, көрсеткен педагогикалық идеяны тез арада талдай білу;

Жаңалық ашу өздігінен келе салмайды, оған алдын-ала жасаған қажырлы еңбек құлшындырады десек, дәл сол сәтті шабытты шақ деп сипаттауға болады. Шабыт – адамның рухани күштерінің ширығып өрлеуі, шығармашылық толғанысы. Шабыт жаңа туындының пайда болуына бастайды.

Педагогикалық шығармашылықтың орын алуына септігін тигізетін тағы бір мәселе –  мұғалімнің әртістік қасиеті. Мектеп, әрине, театр емес. Дегенмен мұғалім үнемі халық алдында  тұратын танымал адам. Олай болса ол аудиторияны меңгере алуы, иландыра білуі, шабыттандыра алуы тиіс. Әртістік қасиет – педагогтың «образға ене алуы», сыртқы келбетінің тартымдылығы, тілінің түсініктілігі, көркемдігі, жатықтығы, мимикасы мен қимыл қозғалысының айтылып жатқанға сәйкестігі. Әртістік – образдармен ойлай алу, ашықтық, жағдайға терең эмоцианалдық шому, ішкі және сыртқы мәдениет, өзіне тарта алушылық.

Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: педагогикалық әрекеттің негізгі компоненттерін есіне түсіріп, олардың мәнін, алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру. Орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу. Тек қана сонда ғана алдағы жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын жасау мүмкін болады.

«Рефлексия» – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы. Бұдан басқа да рефлексия жайында айтылған философиялық ойлар негізінен «адамның өзіне бағытталған зерттеу жұмысы», «өзіңнің ақылың мен рухыңды өзіңнің бақылауың» дегенге келіп саяды.

Психологиялық мұғалімнің шығармашылығын дамытудың қысқаша формуласын «тәжірибе + сол тәжірибенің рефлексиясы= даму» түрінде ұсынады. Г.С. Сухобская мен   Ю.В: Кулюткин екеуі бірлесе жазған педагогика оқулығында бұл үрдісті сипаттай отырып, оның мұғалімнің кәсіби әрекетінің өн бойында мына төмендегідей жағдайда байқалатындығы

айтылды: біріншіден – мұғалімнің оқушының ойын, сезімдері мен іс-қимылдарын түсіну бағытындағы әрекеттесуінде; екіншіден – оқушылардың жас ерекшеліктері, даму мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту үрдісінің мақсаттарын анықтау мен жобалауда; үшіншіден – оның өз әрекетін, сол әрекеттің субьектісі ретіндегі өзін талдауда. Тек сонда ғана мұғалімнің педагогикалық әрекетінде шығармашылыққа жол ашылады.

 

 

№41 ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГ:ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

            Бүгінде еліміздің экономикасының барлық салаларын цифрландыру күн тәртібінің басты тақырыптарының бірі. Осы бағытта басталып жатқан белсенді жұмыстың алғашқы бағыттардың бірі білім беру деп аталады.

Цифрлік сауаттылық — бұл адамның өмірдің барлық салаларында цифрлік технологияларды сенімді, тиімді, сыни және қауіпсіз қолдануға дайындығы және қабілеті. Цифрлік сауаттылық — ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі, ХХІ ғасырдың ең маңызды білімі. Цифрлік сауаттылықты қалыптастыру оқырмандық, математикалық және жаратылыстану сауаттылығымен тең дәрежеде назар аударылуы керек.

Расымен де, адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады. Цифрландыру технологиялары дегеніміз – бұл бұрын-сонды адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары. Қазіргі күні бұл технологиялар жасақталу үстінде. Олар қазірдің өзінде біз тамсанып айта беретін ақпараттық технологиялардың өзін жолда қалдыра бастады.

Заманауи технологиялар біздің өмірімізге тұрақты түрде енгізілуде, «Цифрлік» тұжырымдамасын тек ғылыми конференцияларда ғана емес, күнделікті өмірде де жиі кездесетін болдық. Кейбір адамдар әлі күнге дейін цифрлау үрдісінің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы пікірталастарда. Цифрландыру процесті және өндіріс кезеңдерін толық автоматтандыруды, өнімнің дизайнынан бастап, оны түпкілікті тұтынушыға жеткізумен аяқтауды, сондай-ақ кейіннен өнімге техникалық қызмет көрсетуді білдіреді.

Ғылымның қарқынды дамуы барысында көптеген корпорациялар өндірістің барлық деңгейлерінде жаңа технологияларды қолдана отырып жұмыс істеуге дайын қызметкерлерді талап етеді және арнайы дағдыларға ие емес қызметкерлер қажеттілігі артта қала беруде. Осы проблемаларды шешу, әрине, білім беру процесін қайта жаңғыртуды талап етуі тиіс.

Цифрландыру тікелей бұрын қол жетімді болмаған жоғары оқу орындары мен мектептер үшін ашылатын цифрлік технологияның оқу құралдарымен байланысты. Олардың ішінде онлайн оқу аса ерекшеленеді.

Мысалы, онлайн оқыту нарығының кестесін қарастырайық (1-сурет). Графиктен көріп отырғанымыздай, онлайн оқыту Солтүстік Америкада (АҚШ, Канада), Батыс Еуропада (Еуропа елдерінің көпшілігі), сондай-ақ Азияда (Қытай, Жапония) ең күшті дамыды. Шығыс Еуропада онлайн оқыту нарығын дамыту бұрын айтылған елдерге қарағанда әлдеқайда аз екенін атап өту маңызды.

Цифрландыру үрдісі, мінсіз білім беру үдерісі мен сапасына әсер етеді. Мектептік білім беру процесіне енгізілген жаңа технологиялар мектеп оқушыларын қарапайым лекцияларға қарағанда әлдеқайда көп қызықтыра алады. Мәселен, мысалы, Англияның Гранж мектебі мектептің ішіндегі «қала» сияқты жасалған. Гранж мектебінде телевизия мен радиостанциялар құрылып, балаларға әлем шынайылығындағы жағдайларды жақсартуға көмектеседі.

Қазір Қазақстан Үкіметінің ақпараттық технологияларды игеруді барынша жылдам дамытуға ұмтылып отырғандығын байқауға болады. Қазіргі ақпараттық технологиялар дегеніміз – цифрлы сана мен технологияларға қол жеткізудің басты алғышарты.

Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғырту өзектілігі әлеуметтік функциясының маңыздылығы – білімді өндіру және түрлендірумен негізделеді, олар қазіргі қоғамдағы еңбек бөлінісінде шешуші рөлді атқарады. Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғыртудағы барынша табыстылыққа тек егер білім беру саясатына негізделген барлық бағдарламалық қондырғылар әлем тәжрибесімен жиналған оң әлеуеттен барлық мүмкін болатынды өзіне жинай алса ғана қол жеткізуге болады. Және де, әсіресе Орталық Азиядағы көптеген елдер үшін, білім беру жүйесін жаңғырту мәселесі әлі де өзекті болып қалуда.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім беру процесіне цифрландыру жүйесі өте қажет. Осылайша, көптеген жоғары оқу орындары білім беру жүйесінің ұзақ мерзімді тәжірибесін талдап, осы әдістің артықшылықтарын түсінді. Бұл жүйе білім беру сапасын жақсарту, жаңа ақпараттық технологияларды дамыту, заманауи қағаз процестерін жеделдету, мекеменің әкімшілік және басқарушы қызметкерлеріне қажет.

Қазақстанда Білім және ғылым министрлігі цифрландыру саласында бірнеше міндеттерді қойды:

— орта білім беру жүйесінде ақпараттандыруды дамыту;

— білім беру мен ғылымды басқару процесін автоматтандыру;

— АТ мамандарын оқыту.

Бірінші бағытта (орта білім берудегі ақпараттандыруды дамыту) министрлік мектептегі информатикаға «Информатика» пәнін ерте енгізуді бастады. Ең дұрысы, бірінші сыныптан объектіні енгізу жоспарлануда. Қазір бұл мүмкіндік сарапшылармен талқылануда.

Әлемдік тәжірибеде, мысалы, ЭЫДҰ елдерінде бағдарламалау негіздері бірінші сыныптан бастап оқытады. Қазақстанда «Информатика» пәні 5-сыныптан, ал биылғы жылы — 3-сыныптан оқытылады. Сондай-ақ балалар робототехникаға қатысады. Бүгінгі таңда 3000-нан астам мектеп және оқушылар сарайында робототехникада элективті курс енгізілді. 100% -ға дейін қамту жоспарлануда — робототехника шкафтары жаңартылады, ал мұғалімдер біліктілік арттыру курстарынан өтетін болады.

Тағы бір мәселе – балалардың денсаулық жағдайына жаңа технологиялардың әсері. Балалардың техникамен жұмыс істеуі үшін рұқсат етілген, қатаң тексерілген санитарлық-гигиеналық нормалар болуға тиіс.

Орта білім берудегі оқу үдерісін автоматтандыру үшін электронды журналдар жүйесі пайдаланылуда. Электронды журналдарды енгізген мектептерде қағаз түріндегісін қолдануға тыйым салынады. Әзірлеушілердің пікірінше, бұл қосарланушылықты тоқтатады және есептілікті айтарлықтай қысқартады.

Жоғары білім беруде «Жоғары білімді басқарудың бірыңғай жүйесі» жұмыс жасайды, ол ақпараттық жүйелерді ықпалдастырудың  көмегімен толығады, осылайша әрбір оқушының мәртебесі бойынша өзекті мәліметтерді әрдайым көруге мүмкіндік береді. Ғылым саласында барлық ғылыми гранттарға өтінім беру, есептер қабылдау, мақалаларды есепке алу, электронды мекен-жайлар базасы цифрландырылды.  

Екінші бағыт – цифрлық білім беру контенті бойынша мектептер үшін үш тілде 80 мың бейнефильм мен интерактивті сабақтар енгізілді, олар мұғалімге сабақты әлдеқайда жоғары деңгейде жүргізуге көмектеседі. Биыл 7 082 мектеп аталған цифрлық ресурстарға қолжетімді болды.  

Аталған цифрлық ресурстар онлайн және оффлайн режимдерде қолжетімді, яғни мұғалім – пәнді жүргізуші дайын бейнематериалды алып, оны сабақ барысында оқу материалын түсіндіру немесе бекіту үшін пайдаланады. Мұғалімге енді сабақтарға қосымша материал іздеудің қажеті жоқ.

Жұмыстың үшінші бағыты IT-мамандарды даярлау болып табылады. Қазақстанда осы мамандық бойынша жоғары білім беру гранттары жыл сайын артып келеді. Биылғы жылы Президенттің тапсырмасы бойынша қосымша 20 мың грант бөлінді, оның 11 мыңы техникалық мамандықтар үшін, «киберқауіпсіздік» саласына ерекше назар аударылды. Қазақстандық студенттер осы мамандықты шет елдерде игеру үшін стипендия алады.

Үшінші бағыт – білім беруді басқаруды цифрландыру – басқарудың бірыңғай жүйесін құруды қарастырады, оған барлық білім берудің мәліметтер базалары негізінде Big Data құру енгізіледі.

Осы үш бағыттың барлығы бірте-бірте және жүйелі түрде биылдан бастап дамиды, бірақ бүгінгі таңда іске асыру үдерісін баяулататын бірнеше проблемалар бар. Олардың ішінде компьютерлермен / ноутбуктермен, смартфондармен жеткіліксіз қамтылу. Тағы бір кедергі – Интернет желісіне қолжетімдіктің болмауы. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, мектептердің тек 62% интернетке қосылған, ал 37% -ы қосылмаған. Үкімет «Цифрлік Қазақстан» бағдарламасына сәйкес барлық мектептерді біріктіру бойынша ауқымды жоспарды жасады.

Қазақстанда мектептік білім беруді цифрландыру оны реформалау үрдісіндегі басты тенденциялардың бірі болып табылады. Болашақ мектептерінің көрінісі көбінесе барлық пәндердің бұлтты білім беру жүйесіне біртіндеп көшуімен байланысты. Біз онлайн оқулықтар мен виртуалды зертханалар туралы, ашық білім беру мазмұны, әрбір қатысушыға икемді және жеке көзқарас туралы айтып отырмыз. Үй тапсырмаларын оқушылар онлайн режимінде бірге жұмыс істей алады. Мектеп кітапханалары ақпараттық және компьютерлік орталықтарға айналды. Оқу үрдісі әрбір білім алушының идентификаторымен байланыстырылатын болады, бұл бағалау және бағаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

№42 ӘЛЕМДЕ БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕН ИГІ ІС ЖОҚ…

Қазіргі таңдағы әлемде болып жатқан үлкен өзгерістер ұстаз-тәрбиешілерге (педагогтарға) мынадай міндеттер жүктейді: білімді, саналы, жан-жақты дамыған тұлғаны  қалыптастыру. Бала бойындағы қабілеттерді ашып, заман талабына сай құзыретті тұлға ретінде қалыптастыра білсек, бұл мақсатымызға біршама жақындағанымызды көрсетеді. Жас  баланың жаңаша ойлауына, дүниетанымының қалыптасуына әлемдік деңгейдегі білімді меңгеруіне, сонымен қатар жаңаша білім мазмұнын игере білуіне жағдай жасап, оны өмірде толық пайдалануына ықпал ету бұл да тәрбиеші мен ата-анаға жүктелген міндет. Үшінші мыңжылдықтың сан түрлі өзгерістері мен қызыққа толы жаңалықтары  жас ұрпақты заманға сай дамытып, қалыптастыруға итермелеуде. Баланы тәрбиелей отырып, оған ықпал ететін жаңаша  жаңалықтар енгізу, құзыретті ұрпақ қалыптастыру білім беру жүйесіндегі ең  өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі кезде кез-келген салада «құзыреттілік» сөзі кеңінен қолданылуда. Бұл сөздің педагогика саласындағы өзіндік анықтамасы мынадай; құзыретті ұрпақ – әлемде болып жатқан әр қилы жаңалықтарға қызыға қарап, тамсанатын, өз ұлтымен қоса өзге ұлттың тілін, дінін, салт-дәстүрін меңгеруге дайын бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған тұлға.
«Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз қажет», сонымен қатар, «2020- жылға дейін Қазақстан жерінде тұратын қалалық және ауылдық балалардың барлығы мектепке дейінгі білім берумен қамтамасыз етілетіндігі жайлы » Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткен. Сондықтан жас ұрпақтың дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Ғалымдардың зерттеу нәтижелеріне сүйенетін болсақ, адам бойындағы бәсекелестік қабілет 3-6 жас аралығында қалыптасатынын анықтаған. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» -дейді халық даналығы. Мектепке дейінгі тәрбие – балаға тәрбие мен білім берудің алғашқы баспалдағы іспеттес. Бұл кезеңде тәрбие мен білімнің негізі қалай қаланса, сол бағыт бойынша кішкентай бүлдіршіннің өмірге қабілеттілік немесе өмірге деген өзіндік көзқарасы жоқ тұлға ретінде қалыптасуы да осы мектепке дейінгі тәрбиеге байланысты. Себебі, үйдің негізі қалай қаланса, үйдің болашақтағы жарамдылығы мен жарамсыздығы соған байланысты болатыны анық.
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтергенімізде қолға алар ісіміздің өзі ұрпақ тәрбиесі. Қазіргі замандағы ең басты мәселе –бала тәрбиесі. «Әркім өз жолын тауып кететіндей бала тәрбиесі жеңіл нәрсе ме? Деген сұрақ туындайды.  ЖОҚ, әрине.  «Бала тәрбиесі – өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер.» – деген екен М. Жұмабаев. Тұлғаның білімді болып қалыптасуы, елдің тірегі болуы – тәрбиенің нәтижесі. «Тәрбие-адам тағдырын шешетін ұлы іс» деп, дөп басып айтқан екен Белинский В.Г. Тәрбие – құнды байлық, себебі, жас ұрпақтың тәрбиесі халықтың ең қымбат қазынасы. Балалар тәрбиесіне, келер ұрпақ тәрбиесіне қай кезеңде болмасын, қай ұлтта, мемлекетте болсын үлкен мән беріледі. Тәрбие адамдардың пайда болуымен туындаған. Ол адами қоғамның дамуымен бірге дамып және өмір сүреді. Балаға әсер етудің түрлі әдістері бар, бірақ тәрбиемен кешігуге болмайды. Баланы қалыптастыру мен дамытуда ұлттық тәрбие (халықтық жүйе)  үрдісін қолдану, ұлтжанды азаматтарды  өсіріп жеткізуге мүмкіндік береді. Халықтық жүйеде қайта тәрбиелеу әдісінің орталығы ата-аналар және жанұядағы басқа ересектер үлгісі. Халық баланың жас ерекшеліктерін және психологиясы туралы білімді ғасырлар бойы зерттеп жинаған. Халық балаға тәрбиені мақал-мәтел арқылы беруді қарастырған. «Бала тәрбиесі – бесіктен» демекші. Баланы халық дүниеге келгеннен бастап тәрбиелеу керек деген. Баланың болашақта қалыптасуы біріншіден үлкендермен қарым-қатынасына байланысты болады. Зерттеуші ғалым-педагогтар және психологтар жылдар бойы бақылаған баланың ойын іс-әрекетіне байланысты бірнеше қорытынды жасады. Ата-ананың тәрбиелеу әсеріндегі маңызды ерекшелігі, баланың дидактикалық ойындарға ойнауы, рухани және ақыл-ой тәрбиесіндегі маңызы көп және сол үрдісте баланың еңбек құралдары, мамандықтары туралы түрлі заттардың ерекшеліктері туралы біліп, білімде, жұмбақта және жаңылтпашта жарысады. Халық педагогикасы өзіне баланың өмірінің түрлі жақтарын қосып алды, соған қоса олардың денсаулығы, мінез-құлқы, мінез ерекшеліктері және т.б.
Ел болып еңсемізді тіктеп, етек- жеңімізді жиғалы да жиырма үш жылға  аяқ басты. Тәуелсіздіктің, Азаттықтың туы желбірегені қандай-ды! Өшкеніміз жанып, салт- дәстүріміз жаңғырды. Десек те ата дәстүрі дегеніміз не? Бабалар мирасы дегенді бүгінгі жас қалай түсінеді?Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені, озық өнегелі дәстүрлерді, адамгершілік асыл қасиеттерді жас ұрпақ бойына қалыптастырып, оны ұтымды пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз. Сондай-ақ, ұлттық мәдениеттің, әдебиеттің, тілдің, халықтық педагогиканың тағдыры мен болашағы да мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты.  Тәрбиедегі басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: “Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болу керек екенін, ұлттық болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық мәдениетке аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезімен өткеннің тағдыры мен талаптарын, объективті факторлар ретінде ұсынып, сол арқылы ұрпақты өмірге даярлап, оларды жинақталған бай тәжірибе негізінде тәрбиелей отырып, өзінің ата-аналарының рухани мұрасын игере түсуі керек” екені айтылған.  Көне заманнан келе жатқан таным-түсінік, әдеп-тағылымдарын ұғыну, білу және өмірге үйлесімдерін қажетке жарату – жас ұрпақтың туған халқына деген құрметінің артып және өнегенің рухани түлей түсуіне ықпал етеді. Былайша айтқанда, елінің тарихи өткен жолы мен бұраң бұлтарысы көп болмыс-білімін ұғыну халқына деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімінің қарқынды түрде жетіле түсуіне әсерлі ықпал етумен қатар, бұл нәтижелі сапаға айналады.
Әрбір жас ұрпақ қай жағынан болсын келісті, тамаша азамат болып қалыптасуы керек. Жемісті тәрбиенің сыры шәкіртті дұрыс тәрбиелеуде. В.А.Сухомлинский «Біздің балалар-біздің қарттығымыз. Жаман тәрбие-болашақтағы қайғымыз,бұл-біздің көз жасымыз,бұл-басқалар алдындағы,бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәмыз.» Тоғыз сөздің тобықтай түйініне тоқталатын болсақ, тәрбие – адам өміріндегі негізгі, ең маңызды заттың бірі. Тәрбие беруде бағыттан жаңылысу баланың, одан бөлек қоғамды жарамсыз адаммен қамтамасыз ету болып табылады.

№43ЕГЕР МҰҒАЛІМДЕ ӨЗ ІСІНЕ ТЕК СҮЙІСПЕНШІЛІК БОЛСА,ОЛ ЖАҚСЫ МҰҒАЛІМ БОЛА АЛАМА?

\

Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті
оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра
алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ.
Л.Н.Толстой

Мен бастауыш сыныптың мұғалімімін. Мұғалім мамандығына жастайымнан бейімделгенмін деуге болады. Көзімді ашып көргенім, құлағыммен алғаш естігенім де – мұғалім. Мені ешқашан «оқуға қайда барамын, кім болып жұмыс істеймін» деген сұрақтар мазалаған емес , себебі ұстаздықтың қадір-қасиетін отбасынан сезініп өстім. Мен өмірімді жұмыстан бөлек елестете аламын ба? Жоқ, мен үшін ұстаздық – бұл мамандық емес, өмір салты. Ұстаздық – бұл менің жаратылысым. Сондықтан, «Ұстаздық – бұл адамға берілетін сый, ұстаздық – бұл талант, ұстаздық – бұл бейімділік, ұстаздық – бұл өмірлік іс» дер едім. Педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу. Жақсы ұстаз— бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық қабілеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігі болуы тиіс. Бүгінгі заманауи сабақты жаңа әдіс-тәсілдер мен технологияларсыз елестету мүмкін емес , сондықтан өз іс-тәжірибеме әр оқушының өз бетінше жұмыс жасау қабілетін, оны дамыту , жетілдіру жолдарын ескеремін. Әр сабағымды шығармашылықпен жоспарлап, оқушыға дайын білімді бермей, бағыт бере отыра қиындықты жеңуге, ізденіс дағдыларын қалыптастыруға байланысты тапсырмалар әзірлеймін. Әрбір сабақтың қызықты, тартымды өтуін, әрбір оқушы сыныптан шыға бере өзінің бүгінгі нәтижесі мен мүмкіндіктерін мақтан ететіндей сезімде болуын қадағалаймын. Қателеспейтін тұяқ жоқ демекші, қателесе отыра мақсатқа ұмтылуға жетелеймін. Оқушы үшін білім алатын орта қалыптастыру, оқушының ішкі уәжін ояту, оған өзінің біліміне өзі жауапты екенін көрсету, өзін-өзі бағалау, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, алған білімнің күнделікті өмірде қажетілігін түсіндіру менің алдыма қойған мақсатым десем артық емес.

Әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі – өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз – бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.
Ал жаңашыл ұстаз қандай болуы керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл – әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.
Сондай-ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Өмірдің көшінен қалмау, яғни білімі мен біліктілігін әрдайым жетелдіріп, жаңа инновациялық технологияларды меңгеріп отыруы керек. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.
Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге себін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.
Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:

Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді.

Менің оқушыларым менен алған шамшырақтарын ары қарай жаға алатынын,
өмірде пайдалана алатынын, жақындары мен қажет ететіндерге ұсына алатындықтарын білемін. Мүмкін олар ғалым болмайтын шығар, бірақ олар нағыз адам болып шығады. Мен оларға сенемін.

 

№44 «МАҒАН ЖАҚСЫ МҰҒАЛІМ БӘРІНЕНДЕ ҚЫМБАТ,ӨЙТКЕНІ МҰҒАЛІМ –МЕКТЕПТІҢ ЖҮРЕГІ»ДЕГЕН Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ СӨЗДЕРІНІҢ МАҒЫНАСЫНА ӨЗ КӨЗКАРАСЫҢЫЗДЫ БІЛДІРІҢІЗ
             Адамзатты ежелден ойландырып,толғандырып келе жатқан,қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе-жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның-қиыны.Себебі әр адам-қайталанбас жеке тұлға. Әр адамның жан дүниесі өзінше бір әлем.Уақыт озған сайын қоғамдағы саяси-әлеуметтік қарым-қатынас дамыған сайын бүкіл дүние жүзінде ұстаздың қызметі қиындай түсуде.

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай,оны дүниежүзілік білім,ақпарат,экономика кеңістігіне шығуға,яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың қолынан келеді.

Тәуелсіздік алған осы жылдар ішінде егемен еліміздің,қоғамымыздың әлеуметтік-саяси және басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі-білім беру саласы.Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең жауапты,маңызды іс болып қала береді. Сондықтан мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтар мен түрлі өзгерістер еліміздің білім беру саласына да өз әсерін тигізуде.

Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуындағы қалыптасып отырған жаңа жағдайлар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттігі туындап отыр. Осыған мемлекетімізде білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуде. Соның бір дәлелі – “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы” жариялануы болса, Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында да білім беруге үлкен мән беріліп отыр.

Қай қоғамда болмасын шешуші фактор-адам және жеке тұлға болып қала бермек. Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарымызды, байлығымызды түгендеу, игеру, жас ұрпақ бойына игі қасиеттерді сіңіру-бүгінгі ұстаздардың басты борышы.

Ел болашағы- білімді ұрпақта.

Сондықтан ұстаздарға жаңаша жұмыс істеуге, шығармашылық еңбегімен оқыту әдістерін жаңа арнаға бұруына, педагогикалық еңбегін қайта құруына тура келеді. Бұл бағытта жұмыстар атқарылып та жатыр. Көштен қалмаймыз деп жаңаның бәрін қабылдай беру дұрыс па, бұған дейін қол жеткізген табыстарымызбен іс-тәжірибемізді әрі қарай қалай ұштастырамыз деген ойлар да мазалауы мүмкін. Өткен күндердегі іс-тәжірибеге көз жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды. Себебі ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде. А.Байтұрсыновтың: « … Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке оқуға ұмтылу керек. Ол үшін ең алдымен, әдебиет тілін өркендету керек. Өз алдына ел болуға, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз. Бұл мәселеде біздің халқымыз оңды емес.

Жаңа ғасырға аяқ басқанда ана тіліміз бен төл әдебиетімізді одан әрі дамыту- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қасиетті парызы болып қала береді. Бұндай қадірлі іс бағымызға бұйырған екен, оныабыроймен атқару –біздің ең басты борышымыз. Өйткені, тіл – халықтың асыл мұрасы, сарқылмас байлығы десек, әдебиет көркем шежіресі, тарихы. Сондықтан тіл мен әдебиетті оқытудың мектептердегі алатын орны ерекше.

Біріншіден, ана сүтімен дарыған ана тілін біліп алмайынша, өз ұлтының асыл қасиеттерін, ұлттық болмыс – бітімін бойыңа сіңіру мүмкін емес.Өзіміз айтудан жалықпайтын отансүйгіштік, елжандылық, адамгершілік, имандылық қасиеттерінің жас бойынан табылуының өз ана тіліміз бен, әдебиетіміз бен даритыны ақиқат.Әсіріесе, оқушылардың сезімін оятып, қызығушылығын арттыратын пән әдебиет.Себебі оқулықта берілген әдеби шығармалар мен тақырыптардан оқушылар халқының арманы мен қиялын, өткенні мен бүгінгі өмірін біледі .Сүйікті кейіпкерлерінің арасындағы достығы мен сүйіспеншілі-гінен, патриоттағы мен еңбекқорлығынан , адалдығы мен адамгершілік қасиеттерінен үлгі алады, жақсысына жаны сүйсініп, жаманына жиренеді.Сол тұрғыдан алғанда, әдебиет – білім берудің, түрлі тәрбие дағдыларын қалыптастырудың пәрменді құралы, тіл – оның тірегі.

Екіншіден, ұлт болашағымен ұштасып та, астасып та, бірігіп те, кірігіп те жататын ұлы мұраттардың бірі – ұлттық мүдде мен ұлтжандылық екенін естен шығармауымыз керек.Сондықтан бүгінгі салт – санамыз өзгерген заманымыз түрленген кезеңде, қатпарлы нарықтың қалтарысындағы қалған құндылықтарымыздың кейбірінің кемшін түсе бастауы қазіргі ұстаздар қауымын алаңдатып отыр.Әркімнің өмір – тіршілігіне ықпал етпей қоймайтын түрлі әлуметтік жағдайлар.Оның көлеңке жақтары, теледидардан көрсетіліп жатқан ұлтымызға жат хабарлар т.б. ақпарат ағымдары санамызға сыналып еніп, небір біз күтпеген кешегі тал бесіктен тарайтын тәрбиемізге де өз әсерін тигізуде.

Аталы сөзді тыңдаған, аталы сөзге тоқтаған қазағымыздың аналары бесік жырын айтпайды, әжелеріміз шежіре еді, қазір ертегі де айтып бермейді.Қазақ телидидарында әлі де болса қазақша қойылымдар мен хабарлар сирек.Балаларды қызықытыратын қазақша газет – журналдардың таралымы аз.Болса да оқырманына жетпей қалады.Көбіне басқа тілді дүниелер асып төгіліп жатады.Арзанқол дүние қуған сырта жылтырауық іші қалтырауық қызығатын сөзжұмбақ шешетін, боз сөзді көсейтін, ойлы әдебиет қолына ұстамайтынұрпақ өсіп келетіні жасырын емес. Сондықтан ана тіліміз бен әдебиетті оқыту ұлт болашағына деген жауапты іс болып табалады.Өзінің рухани құндылықтарын сақтап, оны өркениетпен ұштастырып отырған мемлекеттердің үлкен жетістікпен игіліктерге қол жеткізіп отырғанын көзіміз көріп отыр.Сол себепті басқаның бағына бұйыра бермеген бай ауыз әдебиеті бар халқымыздың баға жетпес мұрасына бойлау да үйренуде, үйретуде,оқуда, оқытуда қажет.Жас ұрпақ атадан қалған асыл сөзді, Төле, Қазбек, Әйтеке сөйлеген шешен тілді, Абай, Мұхтар, Мұқағали түрленген тілді танып өссе, маржан сөзді Мағжанды, Сұңқар жырды Сәкенді, поэзия дүлдүлі Ілиясты біліп өссе, рухани сабақтастықтың тамыры тереңдей, ұлт мерейі арта түсері хақ.

Ана тілін ардақтап, төл әдебиетін дәріптеп шәкірт санасына сәуле төгіп, жаухар жырларды жүрегіне жеткізіп, мұхиттай мол мұрамызды оқытуды тәжрибесі мол ұстаздарымыз А. Ташекенов, С.Сыдыхов, А.Бердімұратова, О. Шолахова, О. Сағындықова, З.Қожырақова, Г.Хайруллина, Б.Даулетова, А.Әжікенованы мақтанышпен атауға болады. Бұл мұғалімдер уақытпен бірге аяқ басып, жаңаша педагогикалық технологиялар-дың, тың оқыту үрдістерін қолданып, нәтижелі еңбек етуде.

Иә, бүгінгі күн мұғалімнің көп ізденіп , тынымсыз еңбектенуін, сабақ берудің амал – тәсілдерін жетілдіріп отыруды қажет етеді. Өйткені, білім мазмұны, оқыту үрдісі өзгерісті талап етуде.Ал ұстаздар алдында шешімін таппай жатқан проблемаларда баршылық.Пәндерге байланысты көрнекі құралдарды жаңарту, көбейту, толықтыру, дидактикалық материалдардың, әдістемелік көмекші құралдардың аздығы оқулықтар мазмұны мен сапасы алаңдатады. Сонымен қатар білім сапасын арттыруда жаңа технологиямен тұрақты жүйелі, нәтижелі жұмыс істеу үшін мұғалім сабағына жан – жақты дайындалуы керек.Ол үшін мұғалімге еркіндік, шығармашылық ізденіс, көп еңбекке қажет, ал ол үшін жағдай керек.

Біріншіден, мұғалімдер қауымына ортақ көкейтесті мәселелерге тұрғын үй, сағат жүктемесін азайту жалақыны біртіндеп көтеру, мұғалімді еңбек етуге құрал – жабдықтармен қамтамасыз еңбек етуге, сыныптағы балалар санын азайту, бағдарлы, кәсіптік, тереңдетілген сыныптарды топқа бөлу (әсіресе ана тілінен) жатады.Егер бұл мәселелер тезірек шешімін тапса – көр нәрседен ұтатынымыз, шешілмесе, ұтылытынымыз сөзсіз.

Алдымен қазіргі кезде жастар мектептерде тұрақтамайды, не басқа жұмысқа ауысып кетеді.Мектепте жұмыс істеп жүргендердің өзі толқу үстінде.Себебі олар үнемі жұмыс басты болып, аз жалақыға жүргісі келмейді.Өйткені әрбір адамның жеке өмірі бар.Сондықтан еңбек жолын енді бастайын деп отырған осы бір қиындығы мен қызығы мол ұстаздық жолдағы болмай қоймайтын қиындықтарға төзе білуге үйретіп, олардың еңбек етуіне жағдай жасап, өз ісіне бейімделуіне барынша қолдау көрсетіп, дұрыс бағыт беріп тәрбиелеуіміз қажет.Әсіресе,бұл – тәжрибесі мол аға буын ұстаздардың міндеті.Яғни, рухани сабақтастық болса нұр үстіне нұр болар еді.Ең бастысы – мұғалімге кәсіптік шеберлігін ұдайы дамытып, өз білімін көтеріп отыру, шығармашылықта, ғылыми – әдістемелік ізденістер қажет.Ал осыған ұстаздарымыздың уақыты бола бермейді.Болса да аз.Осының бәрі мұғалімнің моральдық – психологиялық ахуалына әсер етіп жүргенін неге ойланбаймыз. Мұғалімге айтылар сын мен мін көп.Ал оған қамқор болатын іс аз. Мұғалімдердің жалақысын ғана көтермей, әлуметтік жағынан қорғау керек.Міне, сонда ғана мұғалім мәртебесі өсіп, шабыттанып жұмыс істейтін болады.

Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлуметтік парызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа сирек, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі үрдістердің барысын идеялық – адамгершілік тұрғысынан шеше алатын, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлілігі мен қабілетін өздігінен еркінен дамуын ұйымдастыра алатын, және ата – аналармен педагогикалық ынтымақтастықты орнатуға бейімі бар әр шығармашылықпен еңбек ете алатын маман болуға тиіс.Ол шәкірт жүрегіне жол табарлық пәнін қызықтырарлық жол іздейді, өз білімін жетілдіреді, жаңа технология пайдаланады.Өйткені шәкірттен терең білімділікті, ұстамдылықты, еңбекқорлықты , мәдениеттілікті талап ету үшін мұғалімнің өзі сол қасиеттердің үлгісі боларлық дәрежеде болуы тиіс.Сөйтіп, өмір талабының артта қалмаған, үнемі шығармашылық іздену үстіндегі ұстаз ғана шәкірттердің сеніміне ие болып, сый – құрметіне бөленбек.

«Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», — деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций. Сонымен мұғалім өткен тәжрибесін жаңа мен ұштастыра алатын кәсіби қызығушылығы жоғары танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек.
Ең бастысы ұстаз адами қасиеті мол, басқаға қайырын тигізуден шаршамайтын, шалдықпайтын өмірінің әр шақтарын қиып, ұрпағының ертеңіне жол ашатын, шуағы мол шапағат иесі.Ұлағатты шайыры, адам жанының адал бағбаны болған жөн.Ұстаз бойындағы білім мен мінез үйлесімділік тауып, шәкіртке деген ұлы махаббатпен тоғысып жатса, әрбір шәкіртіне жеке тұлға деп қарап, адал жүрегін ұсынса , өз ісін жан тәнімен сүйіп істесе, нағыз ұстаз болмақ.

Жаңа ғасыр мұғалімнің бойында мынандай қасиеттер болуы керек: сергектік, байқағыштық, сезімталдық, сенім, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, сабыр сақтау,ілтипаттылық.

Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда мектептегі жеткіншектердің білім берудің сапасы мен деңгейін жан – жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ.

Жаңа ғасыр мұғалімдері талапқа сай болып, сапалы әрі сан алуан салиқалы тәрбиелік – білімділік қызметтерді ойдағыдай атқара білгенде ғана ұстаздық мақсатына жетеді.

Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу – ұлы міндет.Бала тәрбиесіндегі ата – анадан кейінгі жауапты адам мұғалім.Қоғамға пайдалы жеке тұлғаларды әкелу ұстазға, мұғалімге байланысты.Оқушының мектеп қабырғасынан әрі білім, әрі тәрбие алып шығуы да мұғалімнің еңбегі, қайраткерлік қызметі.

Ұлағатты ұстаз – ең алдымен шәкіртіне өмірді, білімді үйретуші. Өйткені, ол шәкіртіне үйрететін нәрсесін өзі жан – жақты терең біледі және қалай үйретудің тәсілдері мен әдістерін жақсы меңгереді де, шәкіртін білімге қызықтыра, ынталандыра түсіндіріп, оның сезімін, әсемдік, сұлулықты түйсіндіретін эстет.

Ұстаз шәкіртіне ана да, әке де болады. Шәкірттерін туған ата – анасындай баурап, оның жанын терең түсінетін балажан, кішірейіл, қайырымды, инабатты, жанын сала жақсылық жасайтын гумманист болуы тиіс.

Ұстаз бен шәкірт арасында шынайы достық қарым – қатынас орнаса бала сенімі нығайып, үй – ішінен жасырған сырын айта алатын сырлас досқа айналады. Мұғалімде оның жан сарайының кілтін тауып сезім құбылыстарын дөп басатын психолог бола алуы керек.

Ұстаз өте әдепті, әділ, шыншыл шәкірттерін алаламай тең ұстайтын, өзінің терең білім – білігі жоғары мәдениеттілігі мен ақыл – парасаттылығымен үлгі болғаны жөн.

Ақпараттар ағыны ағылған, түрлі хабарлар тасқыны тасыған жаңа ғасырда мұғалімде, озық техникалық , электрондық құралдарды, компьютерді жетік білетін өз пәнін өмірімен байланыстыра алатын, ақпаратшыл және ұлтының кемеліне келіп толысуына , рухани өсуіне, әдеби – мәдени дамуына басты ықпал жасаушы, ұлтжанды патриот болу керек.

Енді осыған сәйкес ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптарға тоқтала кетейік: Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет.Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды.Өз ісін жетік біліп табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады.Ондай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар – ожданын үнемі қорғай алады.

Екіншіден, педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек.Дүние жүзінде ғаламадану үрдісі жүріп жатқандықтан, ақпараттық ағыны көбейді.Мұғалім қай пәннен сабақ бермесін, ол баланы өмірдің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.

Әр мұғалімнің педогогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс. Психологиялық басты заңдылық «Адам өзінің шығармашылық өзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым – қатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады» дейді.Көп білу үшін көп оқу, тоқу керек «Интернет» жүйесін меңгеру қажеттігі туындайды.

Үшіншіден, міндетті орта білім беру, стандартты оқулықтарды пайдалану, ақпараттардың көбеюі, т.т Мұғалімнің білім берудегі жетекші ролін жойды. Енді білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр.Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жан – жақты даму үшін осы салада мұғалім ғана көмектесе алады.

Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейімділік сараптамалық қабілеттер мен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп – салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт.Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жету мүмкін.

 

№45 «МҰҒАЛІМ-ОҚУШЫ КӨЗІМЕН»ДЕГЕН ОЙДЫ ДӘЛЕЛДЕРМЕН ЖАМЫТЫП КӨРІҢІЗ

Ұстаз — ұлы есім. Сан ұрпақты тәрбиелеген баға жетпес тұлға. Қай заманда болсын бұл мамандыққа сұраныс жоғары болған. Өйткені, елдің өркениетті, ұлдары мен қыздарының білімді болуы бірінші кезекте осы тұлғаға байланысты екені тарихпен дәлелдеген шындық. Дегенмен, уақыт өткен ұстаздарға деген көзқарас өзгерген сыңайлы. Не себепті? Ата-анамыздың әңгімесіне сүйенсек, олар бұрын ұстаздарды көкке көтеріп, ерекше сыйлай білген. Бұл қазір оларды сыйламаймыз деген сөз емес. «Алдын кесіп өтпей, мұғалімнің көзіне түспеуге тырысамыз» деген сөздерінен осы сала мамандарына деген үлкен құрметті байқаймыз. Ал қазір ше? Мектепке келген жас маманға кейбір жоғары сынып оқушылары тарапынан тыңдамаушылық байқалады. Жасы үлкен қарт ұстаздарды сыйлауды да ұмытып бара жатқан сияқтымыз. Әкеміз бен анамызды оқытқан мұғалімнің сабағы маңызды еместей. Өкінішке орай, айтылған сөздерді тыңдамау, қалыпты әдетке айналып бара жатқандай. Өз құқықтарын жақсы білетін оқушылар, өз міндеттерін жете біле бермейді.

Қазіргі таңда, мұғалім мамандығын екінің бірі ала алады. Педагогика саласына жыл сайын айтарлықтай мемлекеттік гранттың бөлінетіні де баршамызға жақсы белгілі. Болашақ ұстаздардың бірқатары осы мамандықты жүрегімен қаласа, біреулері ата-анасының кеңесімен таңдайды. Мамандық таңдауға толық ойланбастан шешім қабылдаған олардың соңғылары алдағы кезеңде қалайша мұғалім болмақшы? Тұрғындар арасында бұрын да, бүгін де «мұғалім болса, далада қалмайды» деген стреотип бар. Иә, аталған мамандық иесіне кез келген мектептен жұмыс табылар. Бірақ аса ниетсіз оқыған оқудан, санасына тоқымаған білімнен ол ертең қалайша сабақ береді?

Сөз соңында білім мен ілімге үйрететін ұстаздарымызды сыйлай білейік! Ал ұстаздардың абыройы мен беделіне білімі де сай болса екен дегім келеді.

№46 «КӨШБАСШЫ МҰҒАЛІМДЕ БОЛУЫ КЕРЕК ҚАСИЕТТЕР ҚАНДАЙ?»ӨЗ КӨЗҚАРАСЫҢЫЗДЫ ДӘЛЕЛДЕҢІЗ

       ҚР президенті Қасым-Жомарт Токаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» айтылды: «Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет. Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс» [1].
Оқу бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді.
Жеке тұлға тек өз іс-әрекеті арқылы дамитыны бәрімізге белгілі. «Іс-әрекет тек қана менікі, менің жүрегімде тууы тиіс»   деп кезінде К.Д.Ушинский түсінікті де, әсерлі анықтама берген. Әр адамның өзінің жан дүниесі, өз мақсаттары, ұмтылыстары, өзінің өмірлік ұстанымдары болады.
Л.Н.Толстой «Өзін жетілдіруге деген ұмтылысын басқа еш нәрсе адамның өз игілігі мен басқа адамдардың игілігіне септігін тигізе алмайды» деп бекер айтпаған
Көшбасшылық
Басқаларды бағыттау және жетелеу

Басқаларды мақсатқа жетелеу және ықпал ету үшін жеке тұлғалық және проблеманы шешу дағдыларын қолдану
Ортақ мақсатты іске асыру үшін басқалардың артықшылықтарын барынша пайдалану
Өзі үлгі болу және жанқиярлығы арқылы басқаларды биік жетістікке жетуге жігерлендіру
Ықпал мен күш-жігерді пайдалануда адалдық пен әдепті мінез-құлық таныту [2].
Әрбір халықтың білім алуға күштарлығы білім беру қызметі, қосымша білім беру, саралап оқыту, т.б. арқылы іске асырылады. Біліммен қамтамасыз ету мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа, бағдарламаға сай іске асырылады және сол мемлекеттің құзырына кіреді [3].
Жалпыға міндетті білім беру стандарты оқу мекемелерінің түріне байланысты құрастырылады. Білім беру жүйесінің нормативтік құжаттарының негізін оқу жоспары, яғни оқу пәндері мен ретін, мерзімін, бақылау түрін белгілейтін құжат, оқу бағдарламалары – білім берудің бағыты бойынша оның мазмұнын анықтайтын құжат, оқулықтар құрайды.
Жаңартылған оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.
Егер болашақ педагогтың құзыреттілігінің қалыптасуын орта кәсіби білім беру жүйесінің аумағында қарастырсақ, онда білім, білік, дағды, мүмкіншілігі, яғни бір сөзбен педагогикалық қызметке маманның қаншалықты дайын екендігі туралы айтуға болады [4].
Педагогикалық білім берудің қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселесі – бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай кәсіби мамандар дайындау.
60-шы жылдардың аяғынан – 70-ші жылдардың басынан бастап “өзін табу”, “өзін-өзі жүзеге асыру” қажеттілігі, яғни риза болу тәсілін табу туралы айта бастады.  Бақытқа қол жеткізуді өмірдің мағынасына айналдырды, өйткені өзін-өзі жетілдіру өзіне-өзі қанағаттанушылыққа қол жеткізуді білдіреді. Бірақ өзін-өзі жетілдіру – бұл басқа нәрсе. Өзін-өзі жетілдіру жоғары міндетке ие: бұл сіз не үшін құрылдыңыз, сол  мақсатқа жету үшін сіздің әлеуетіңізді дамыту процесі. Адамның өмірдегі өз орнын өзі белгілеу мәдениеті оны жеке өмірінің және жеке бақытының жауапты субъектісі ретінде сипаттайды. Өзінің тұлға ретінде қалыптасуы, оның жеке белсенділігінсіз мүмкін еместігін түсіне бастайды.
Адамның өзін-өзі жетілдіріп, өзімен жұмыс істеуінде кітаптардың маңыздылығы зор. Өйткені, кітаптар бізді жақсы адам болуға ынталандырады, қызықты адамдармен таныстырады.
Мен сізге күніне бір сағат талап ететін іс-шаралар жоспарын жасауды ұсынамын
( аптадағы 5 күнге).
Эрл Найтингейл тәжірибесіне сүйене отырып, ол айтқан «Егер адам бір затты зерттеуге күніне бір сағат жұмсаса, 5 жыл ішінде ол осы саладағы нағыз маман бола алады». Егер сіз тәртіпті адам болсаңыз, күнделікті тәжірибеге жеке өсуді енгізу арқылы сіз көпке қол жеткізе аласыз.
Тұлғалық өсудің келесі жоспары:
Дүйсенбі. Бір сағатты рухани өмірдің дамуына арнаңыз.
Сейсенбі. Көшбасшылық тақырыбына арналған кассетаны тыңдауға 1 сағат арнаңыз.
Сәрсенбі. Кеше тыңдалған кассета бойынша дәйексөздер таңдауға және ойларға сағат арнаңыз.
Бейсенбі. Бір сағатты көшбасшылық тақырыбына кітап оқуға арнаңыз.
Жұма. Кітап оқуға жарты сағат және дәйексөздерді жазу мен ойларға жарты сағат арнаңыз.
Адамның материалдық және рухани әрекетінің барлық түрі еңбекпен өңдіріледі. Жаңа ақпараттар әсеріне, жинақталған тәжірибесіне, қоршаған адамдардың пікірлеріне байланысты өзгеріп отыратын бейімделгіш өзін-өзі бағалау түрі адамның дамуы мен тиімді еңбек етуі үшін ең қолайлы жағдай болады.  Мұндай өзгертудің бастапқы формасы  еңбек болып саналады. Әрекет – қоршаған шындықты адамдардың өзгеріске келтіруі. Оның басты ерекшелігі – қоршаған әлемді шығармашылықпен түрлендіруі.   Алайда Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның әлемдік қауымдастыққа кіруі, осы жағдайға жастардың бейімделуі ғалымдарды, мұғалімдерді «БІД» парадигмасын қайта қарауды міндеттейді. Бұл парадигманың орнына білім берудің мазмұны (және сәйкес оқыту технологиясы) мектеп түлегінің тұлғалық дамуы әлеуметке тезірек бейімделуге мүмкіндік беретіндей (бизнес әлемінде орнын таба алатындай, бәсекеге қабілетті, Қазақстан Республикасының азаматы мен патриоты, жетекші адамгершілік этикалық және эстетикалық құндылықтары бар, салауатты өмір салтын ұстанатын, т.б.), яғни жалпы орта білім беретін мектептің білім беру нәтижесі ықпалдастырылған тұлға ретінде анықтайтын жаңа парадигмасы қалыптасуда.
Жаңа парадигма енгізілген кезде кемшілік болып жататыны түсінікті, осы жағдайда мұғалімнің «жаңа тынысы» ашылып, ол өз тәжірибесіне сүйеніп, бар күшімен қайтадан жұмысқа кірісуге тиіс.
Педагогикалық жаңа парадигмаға сәйкес білім беруді жаңарту барлық білім беру деңгейлерінде бірыңғай әдіснамалық тұғырдың болуын талап етеді, оның басты принциптері еліміздің инновациялық даму бағыттарына негізделген ілім саласынан айқын көрінеді.
Еліміздің қазіргі кезіндегі инновациялық даму стратегиясы мен адам ресурстарын қалыптастырудың стратегиялық бағыттарын анықтау, өзіндік білім алу мен өзін-өзі дамытуға, өзгермелі жағдайларда өмірден тиімді жол табатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру саясатын көздейтін тенденциялар білім берудің нәтижелілігін талап етеді.
Білім беру мақсаты жаңа білім нәтижелерін – жаңа өзгерістер жағдайына инновациялық және жобалаушылық ойлау қабілеттері қалыптасқан, өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын, әлеуметтік және кәсіби құзыреттілігі негізінде тиімді шешімдер қабылдай алатын адамның жаңа сапаларын қалыптастыру.
Қазақстандағы біліктілікті арттыру жүйесіндегі ағымдағы саясатты алып қарастыратын болсақ, онда бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламалары іске асырылып жатыр.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға үнемі қажеттілік болады, бұл білім қорын толықтырып, мұғалімдерді заманауи әдістермен және теориялармен таныстырады.
Шығармашылық тәжірибе мен жаңа идеяларға толы ортада қалыптасып дамиды (NACCE, 1999). Жаңа идеялар мен басқаша ойлайтын адамдар көп болған сайын, жұмысты ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін ойлап табуға жетелейтін мүмкіндіктер де соғұрлым көп болмақ.  Кәсіптік мәні бар әрекеттер мен білімдер үнемі жаттығу нәтижесінде дағдыға айналады.
Біліктілікті арттыру курсының мақсаты мұғалімдерді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның орта білім беру мазмұнын жаңарту оқу
бағдарламасымен (бұдан әрі – Оқу бағдарламасы) таныстыру болып табылады. Бұл бағдарламадағы міндеттерді шешу мақсатында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Батыс Қазақстан облысы Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» да педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың мазмұнын әлемдік және отандық тәжірибе негізінде жаңарту жұмыстарын жүзеге асырып, уақыт талабына сай педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырып жетілдіруде.
Оқу барысында білім алушылар Бағдарламаның барлық бөлімдерімен танысып, оқу қағидаттары және табысты мұғалімге қажетті әдіс-тәсілдер мен дағдылар жан-жақты зерделенеді.
Оқытудың конструктивистік теориясы мұғалімнің алдына нақты міндеттер қояды: оқушы тұлғасына бағыттаушы, әсер етуші және сезімтал болу. Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың оқуды алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуын көздейтін тұжырымдамаға негізделген. Біліктілікті арттыру курсы барысындағы кері байланыс ұсынып, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беретін топтық жұмыс пен бірлескен тәсіл мұғалімдерге кәсіби құзыреттіліктің және/ немесе жетілдірудің кез келген саласын түсінуге көмектеседі.
Мұғалім көшбасшылығын дамытудағы көзге көрінерлік тәсілдердің бірі кәсіби даму (Муйжс пен Харрис, 2004; Столл және басқалары, 2006; Подгорский мен Фишер, 2007). Көшбасшы мұғалімдерді зерттегенде олардың жұмысы туралы мынадай түсініктер пайда болады:
Көшбасшы мұғалімдер өз тәжірибесін ішінен зерттей отырып, сол арқылы оқу, оқыту және өмір бойы білім алуды модельдеу туралы өз ойларын білдіреді.
Көшбасшы мұғалімдер оқушылар, оқыту мен оқу туралы өз түсініктерін «қоғамға тарата» отырып, басқа мұғалімдер мен мектеп мәдениетіне әсерін тигізеді.
Көшбасшы мұғалімдер оқыту тәжірибесімен байланыс орнату және оны жалғастыру жолдарын табады және ойлап шығарады.
Көшбасшы мұғалімдер серіктестікті жетілдіретін және тәуекелге барып, эксперимент жасауға қолдау көрсететін практик мамандар қоғамдастығы аясында көшбасшылық етуге үйренеді.
Көшбасшы мұғалімдер еңбек жолын жаңа бастаған және ардагер мұғалімдермен жұмыс істегенде практик мамандар қоғамдастығын құрып, кәсіби дамуға қолайлы жайлы орта қалыптастырады.
Көшбасшы мұғалімдер мәнмәтін мен мәдениетке сезімтал келеді, олар түрлі жағдайлар мен адамдар түрлі әдіс-тәсілдерді талап ететінін біледі. Оқытуда дәл солай, барлығын бір жолмен оқыта берген жарамайды.
Мұғалімдер көшбасшылық еткенде олар бүкіл мектеп қауымына және мұғалімдер мен оқушыларға бірдей әсер ететін оқуға арналған орта қалыптастыруға көмектеседі.
Бұл көшбасшы мұғалім болу оңай немесе мұғалім көшбасшылығы оқыту мәдениетіне толықтай біріктірілген деген сөз емес. Бұл ретте біз мұғалім ұғымының мағынасын өзгертуге ұмтылатын мамандарды күтіп тұрған қиындықтарды ескерусіз қалдыра алмаймыз. Өзгеріс болған жерде келіспеушілік, теңсіздік, жаңылыстық орын алады. Түбегейлі өзгерістер орын алып, есептілік пен стандарттау үстемдік алып жатқан қазіргі заманда кәсіби қоғамдастықтарды дамытып, мұғалім көшбасшылығын жаңғыртуды көздейтін өзгеріске қол жеткізу және оны ұстап тұру оңай болмас. Осының бәріне қарамастан, мұғалім көшбасшылығына жүргізген зерттеуіміз бізге үміт отын жақты. Олар болашақта демократиялық, тиімділігі жоғары мектептер болады деп ойлауға көмектеседі. Біз білген көшбасшы мұғалімдер ұзақ мерзімге міндет алған. Олар оқушыларын немесе бір-бірін тастап кетпейді. Олар өздерінің және әріптестерінің тәжірибесін тереңдетуге жауапкершілігін жалғастыруды жоспарлаған. Олардың мұғалімдер өз оқушылары мен өздері үшін жаңа мүмкіндіктерді ойлап шығаруға жетекші болатын сәулетті кәсіби орта орнату туралы шешімі мығым.
Адамгершілік мақсаттармен қозғалатын мұғалімдер өз әріптестеріне және қоршаған ортаға әсер ету үшін көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді.
Көшбасшылық, оқыту сияқты, тұрақты дамуға итермелейтін адамның негізгі қабілеті болып табылады. Бірақ, тәжірибе көрсетіп отырғандай, жетекші рөлсіз немесе айқын жоғары жағдайсыз мұғалім қоршаған ортаға әсер ету және өзгерістерге бастамашылық жасау үшін, сондай-ақ – тактикалық дағдыларды жетілдіру және стратегиялық ойлауды дамыту үшін кәсіби және адамгершілік сенімдерді пайдалана алады [4].
Бір күнде көшбасшы болуға болмайды – бұл күнделікті күш-жігерді талап ететін ұзақ процесс. Көшбасшылық қасиеттерді дамыту көшбасшылық заңдарды меңгерумен және олардың қалай жұмыс істейтінін түсінумен қамтамасыз етіледі. Бірақ теоретик болу және адамдарға шын мәнінде әсер ету – бұл екі түрлі нәрсе. Көшбасшылар өз сипатының ерекшеліктерінің арқасында тиімділікке қол жеткізеді.
Тек көшбасшылар сияқты емес, сонымен қатар жеке тұлға ретінде мінезді нығайту және жан-жақты дамыту – бұл біздің дамуымыздың негізгі шарты.
1.Мінез – бұл жай сөзден артық. Кез келген адам тұтас сипатқа және терең тәртіпке ие деп айта алады, бірақ шынайы индикаторы тек әрекет болып табылады. Бұл, өз кезегінде, қоршаған әлемді қалай қабылдайтыныңызды анықтайды. Адамдардың қоршаған дүниеге  қарым-қатынас нормасы негізінде өз-өзіне көзқарасы қалыптасады. Адам мінезі қарым-қатынас жасау барысында көрініс береді.
Білім беру мазмұнының компонентетері – білім, білік, дағды бірімен-бірі тығыз шартты байланысты. Білімсіз іскерлік те, дағды да қалыптаспайды, яғни олар бір-бірімен кері байланыста қарастырылады.
Шығармашылық іс-әрекет те білім мен іскерліктің тәжірибесінен, ал қарым-қатынас білімділік іс-әрекет тәжірибесінен көрінеді. Әлеуметтік тәжірибеде оқу мазмұнын игеру барысында адам қоғамда өздігінен істей алатын және оны өзгерте де алатын дәрежеде болуы шарт. Сондықтан да оқу орнында алған білімін жиынтығын өмірде қолдана алулары қажет. Жалпы білім мазмұны, бір жағынан, оқу-танымдық іс-әрекет жағдайының, екінші жағынан, іс-әрекетті игерудің құралы болып табылады. Білім беру мазмұнын қалаптастырудың негізгі көзі мәдениет пен  әлеуметтік тәжірибе болып саналады.
Адам іс-әрекетінің түрлері қоғамдық сана формалары, қоғамдық қатынас тәжірибелері, рухани құндылығы, материалдық жағдайы, оқу барысындағы танымдық, коммуникативтік, бағдарлы-құндылық, көркемдік іс-әрекетімен сипатталады [3].
Мінез адамдармен қарым-қатынаста табыс әкеледі.  Шынайы көшбасшылық әрқашан басқа адамдарға әсер етуді білдіреді.
Педагог қарым-қатынасқа әсер ете отырып, оқушыны ынталандыруы, оның болмысына мәдени әсер беруі керек. Мұның жолдары әр түрлі.
Үлгі есебінде педагог пен оқушы арасында болған мына диалогті алуға болады.
Педагог:- Өзінді қалай сезінесің?
Оқушы:- Мен орнымдамын.
Педагог:- Кешір, түсінбедім. Орнында шкаф, чемодан, қағаз болады…
Оқушы:- Мен өзімді жақсы сезінемін.Педагог:- Рахмет, – деп диалогті аяқтайды.
2.Талант – бұл сый, ал мінез – бұл сіздің өз таңдауыңыз. Өмірде біз билік етпейтін көптеген нәрселер бар. Біз таланттарымыздың тізімін толтыра алмаймыз немесе өз интеллектуалығымызды арттыра алмаймыз ( IQ). Бірақ біз мінезді шын мәнінде өзіміз таңдаймыз. Шын мәнінде, біз таңдау жасаған кезде оны жасаймыз – қиын жағдаймен күресу немесе одан жылжып кету, шындық алдында бүгу немесе оның ауырлығына төзу, жеңіл ақша табу немесе толық құнын төлеу. Өмір сүріп және күн сайын өз таңдауыңызды жасай отырып, сіз өз мінезіңізді жасайсыз. Көшбасшы болу үшін әркім өзінің дамуына, жұмыстағы құлшынысына көңіл бөлу керек. Өз бойындағы қабілетін байқаған сәттен бастап дамытуға талпыну керек.
«ХХІ ғасырдың мектебі мен мұғалімі ол қандай болу керек?» негізгі сұраққа жауапты Астана қаласындағы Евразия гуманитарлық институтының бір топ ғылымдары тапқан секілді. Мұғалімдерді даярлау барлық кезеңдерде мәнін жоймайтын мәселелер қатарына жатады, себебі қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттері өзгеріске ұшырап отырады, өскелең ұрпақты өмірге даярлауға талаптар күшейді, ал мұның бәрі педагог кадрлардың мамандар даярлау жүйесіндегі көзқарастарды байыта қарауға жетелейді.
Қазақ халқының белгілі ағартушы-педагогі, тұңғыш «Педагогика» оқулығын жазған Мағжан Жұмабаев мұғалім туралы: «Қазақтың қаны бар, жаны бар жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі», деп, қазақ мұғалімдерінің рөлін ерекше бағалады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, мұғалімге өз қызметінде 200-дей жұмыс түрін атқаруға тура келеді екен.
Табысты көшбасшының қасиеттері
«Мектептегі табысты көшбасшы үнемі ашық, басқадан үйренуге даяр; негізгі құндылықтар жүйесінің аясындағы ойларын бір-беткей деуден ғөрі, көнбіс деуге келеді; табанды (мәселен, жоғары талап үдесінен шығуға, қызметкерлерін уәждеуге ұмтылысында; іске берілгендігінде; барлығын оқытып, жоғары деңгейге қол жеткізуге ұмтылысында), жайдары, оптимист» (Лейтвуд, 2006).

«Табыс өз мектебінде көшбасшылық тәжірибесін тиісті дәрежеде қолдана алу қабілетіне байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, тиімді басшылар, әдетте, физикалық орта мен мінез-құлыққа басты көңіл бөледі, содан соң көшбасшылық міндетті бөлу мен деректерді пайдалану, тек соңында ғана жеке басы мен оқу бағдарламасын жақсартуға назар аударады» (Дэй және басқалар, 2009) .
Көшбасшылық
Көшбасшылықты мен қажетті нәтижеге қол жеткізу мақсатында басқалардың әрекетіне ықпал ету қабілеті деп танимын. Көшбасшылар – басқалардың мақсаты, уәжі мен әрекетін қалыптастыратын адамдар. Бекітілген және жаңа мақсатқа қол жеткізу үшін олар түрлі өзгерістерді енгізуге бастама жасайды. Көшбасшылық шығармашылық, қуат пен біліктілік дегенді білдіреді.

Табысты мектеп көрсеткіштері  алты түрлі көзқарасқа байланысты болуы Ұлыбритания тәжірибесінен  (оқушы, мұғалім, ата-аналар, басшылық, оқу-көмекші персонал, жоғары басшылық/ білім беру басқармалары (бөлімдері)).
Мұғалім
ұжымның барлық мүшелері арасында жақсы ақпараттық қарым-қатынас орнаған;

қызметкерлердің кәсіби дамуына және жұмыстан қол үзбей біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік берілген;
жұмыс істеуге жағдай жасалған (ғимарат, жөндеу жұмыстары, көрнекі құралдар);
оқушылар бақытты және уәждері мықты;
барлық оқушыларға өздерінің қабілеттеріне қарай жетістікке жетуге көмектеседі.
Даму жөніндегі жұмыс процесі басқаларды ынтымақтастыққа, рефлексия мен өзін-өзі бағалауға тартуға арналған тапсырмаларды қамтиды. Мұндай іс-шаралар жиі өткізіледі, мысалы: әріптестермен пікірталас жүргізу, желіде орналастырылған есептерін оқу, оқушылардың тәжірибесі туралы пікірлерін жинау, бақылау немесе жоспарлау мақсатында басқа сыныптарға әріптестерінің сабақтарына қатысу. Команда көшбасшысы жалпы мақсатпен біріктірілген  білімді және уәжделген (мотивированных) адамдардың әрекеттерін үйрететін және үйлестіретін көмекші болуы тиіс. Іс-әрекеттердің үйлесімділігіне және іскерлігін жетілдіруге баса назар аударылады. Әр адамның есінде өздерінің үлкен жетістіктерге жеткен кездері жақсы сақталып қалады.
Көшбасшылық – екінің бірінде бола бермейтін қасиет. Оны дамытпасаң ол өшеді. Кез келген мұғалім алдымен өз көшбасшылығын жетілдіріп, үнемі ізденісте болуы керек. Көшбасшысы бар жерде іс те нәтижесін береді.

47 ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІН ҚАЛАЙ КӨРСЕТУГЕ БОЛАДЫ?СІЗДІҢ КӨЗҚАРАСЫҢЫЗ!

       Педагог мамандығының беделін көтеру.  Білім беру сапасы, бірінші кезекте, сапалы даярлығы бар оқушылармен айқындалады. Дамыған елу елдің қатарында болу-еліміздің даму стратегиясының басты саясаты. Ғылым мен техниканың дамыған заманы, экономикамыздың өсуі,  Білімді көтеру, яғни мұғалімнің мәртебесін көтеру дегенге келеді. Қала, ауыл барлық жерлерде мұғалім аты- мәртебелі зиялы адам  болып саналады. Шахтер, дәрігер, космонавт барлығы мұғалім алдында тік тұрады. Әр адамның жас кезінде еліктеп, ұқсағысы келетіні ол әрине мұғалім.Тіпті мұғалім болуды армандады. Қазір мұғалім сол мәртебесінен, ата- абыройынан айырылып қалды деуге болады. Айта кетсек дәлелі көп-ақ , мұғалімнің айтқанын жүре бара тыңдап, ескерткендерін пікірге салып, тіпті ол мұғалімдермен айтысып, одан қалды соттасып жататындар аз емес. Соңғы уақыттарда  әкімшіліктердің тегін жұмыстарына,  науқандық жұмыстардың барлығы мұғалімдердің белсенділігімен атқарылады. Мысалы: алаңдағы митингілер мен залдардағы жиналыстардың еріксіз тыңдарманы мен көрермендеріне айналуы, сайлау немесе тағы да саяси науқандардың насихаттаушысы сияқты қоғамдық жұмыстардың қандайы болсын мұғалімді іздеп табады. Мектеп ішіндегі қағаз бастылықтың көптігі, сабақ өткізу, тәрбие жұмыстарын жүргізуіне күші жете ме? Мұғалімнің сынаушылары өте көп. Білім басқармасы мен аудандық білім бөлімдерін, мектептің өз басшыларын айтпағанның өзінде ата-аналар мен оқушылардың өзі білімі мен тәрбиесіндегі кемшілікті мұғалімнен іздегісі келетіні жасырын емес. Баладан ештеңе жасыра алмайсың, әділ сыншы балалар дейді ғой. Бұрынғыша мұғалімге құдыреттей табынып, ұстазын ұлы әкесіндей сыйлап отыратын оқушылар болмаса да демократиялық көзқарас тұрғысынан қазіргі қоғамдағы мұғалімдердің мәртебесі жөніндегі қоғамдық пікірдің алғашқысын мектеп оқушыларынан білмекші болдық. Мектебіміздің 9-11 класс аралығында  45 оқушыдан сауалнама өткізген болатынмын. Мұғалім мамандығын бағалаймын деген сұраққа  43-і оң көзқарас білдірді. Мұғалім беделді мамандыққа айналуы керек. Еліміздегі әр мамандыққа жақсы жағдай жасалынуы керек.   Сырт көзге қарағанда мұғалімдерге қызығыпта па қызғанып қарайды. Өзге мемлекеттерде мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесі мен еңбекақылары жоғары. Ең жоғарғы сұранысқа ие. Жоғары мәртебеде отырып, оңай олжа тапқаннан гөрі, еліміздің болашағына білім беріп жүрген ұстаздарына көңіл бөлінсе  екен. Кейбір адамдар мұғалімдерді құрметтемейді? — неге десеңіз, бұл сұраққа жауапты айтуға қиналамын. Мектепте алдыңда отырған 30 баланың білімі мен қаупсіздігіне жауап бересің. Елде қызмет еткен жақсы, бірақ жақсы бағаланса. Мұғалім мамандығы қиын.  Біздің екінші анамыз деседе болады. Мұғалім мәртебесі мен үшін өте жоғары. Сауалнаманың келесі сұрағына оқушылардан алған жауаптарым. Мұғалім болу-мен үшін – 42-і ешқашан мұғалім болғылары келмейтінін атап өтті. Қоғамдағы мұғалімнің мәртебесі жайында — 44 оқушы айтуға қиналады. Мұғалімдердің  мәртебесін көтеретін, деген сауалнамаға — 43 оқушы, жан-жақты жағдайы жақсарса деп жауап берді.  Қосымша өз ойым деген пікірге ашық жазғысы келетіндерге  мүмкіндік берілген болатын.

       Таңдалынған пәндерге байланысты үштілдік кадірларды дайындап және оны мектептерге енгізу, кадірларды даярлау  қамтамассыз етілді. Білім және ғылым министрлігінде  жыл сайын 73,3 мың  педагогтардың біліктілігін арттыруды жоспарлап отыр. Қайта даярлау мен біліктілігін арттыру ұйымдарында қашықтықтан оқытылу қамтамассыз етіледі. Жыл сайын мектепке дейінгі  және орта білім беру педагогтарының  осы оқуға деген тапсырысы артырылуда.  Оның ішінде мектепке дейінгі  және мектеп жасындағы инклюзивті білім алу, мүмкіндігі шеклеулі балалар. Педагогтардың мәртебесін көтеру үшін бірқатар шаралар үйымдастырылуда. Атқарған жұмыстарына байланысты жалақының көтерілуі. Бірінші және жоғарғы санатты алу үшін талаптар қайта қарастырылатын болады. Өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру  педагог портфолиясынан анғаруға болады. Мұғалім өз беделін көтеру мақсатында оң имеджін қалыптастыру. Жыл мұғалімі, БАҚ-пен ортақ жобалар, форумдар мен конкурстар, шебер кластар мен слеттер, семинар, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдерде өздерін жақсы қырынан көрсетсе, нұр үстіне нұр емес пе.               Оқушылардың жауаптарына қарағанда, әр оқушының мұғалімге деген көзқарастары  әр түрлі екенін байқаймыз. Қате көп емес.         Оқушылар педагог мәртебесі туралы  арнайы мәселе көтеріп жатқандығы туралы бейхабар. Мұғалім мәртебесі туралы сұрақты түсінгендігін білдіруге тырысқан. Бұл жауаптар мен пікірлердің шынайы екендігінен  сыр береді. «Педагог мамандығының мәртебесін қалай көтеруге болады?»-атты эссемді мен В.Маяковскийдің сөздерімен аяқтағым келеді: «Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек».

 

№48 СІЗДІҢ АЛДЫҢЫЗДА МЫНАУ ТҰР:БАРЛЫҚ ЕСКІ ТӘЖІРИБЕҢІЗДІ ЖОҒАЛТУ  НЕМЕСЕ ЖАҢА ТӘЖІРИБЕНІ АЛУ МҮМКІНДІГІНІҢ  БОЛМАУЫ.СІЗ ҚАЙСЫСЫН ТАҢДАЙСЫЗ,НЕГЕ?

Озат педагогикалық тәжірибе — педагогтың шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі бір принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа педагогтарға үлгі болып, озат тәжірибесі басқа балабақшаларға таратылады. Педагогикалық озат тәжірбиенің мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі педагог ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс–тәсілдерді тиімді етіп ұштастырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені балабақшаның тәжірибесіне енгізуге болады, бірақ жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап тарату керек.

Педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір педагог еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн. Педагогикалық тәжірибені зерттеудің жолдары: педагогтың өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; жаңашыл педагогтардың озат тәжірибесін тарату және оны оқу – тәрбие процесіне енгізу, оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге ат салысу.

Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда педагогтың өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі-әрі қиын, әрі күрделі мәселелердің бірі. Педагог оқыту мен тәрбие саласындағы орын алып отырған бір мәселені шешу үшін әдіс – тәсілдерді таңдап алып, олардың балаларға ықпалын ұйымдастырылған оқу қызметі және тәрбиелік іс – шаралар арқылы байқайды. Мұғалім өзінің немесе көршілес балабақшадағы тәжірибелі педагогтардың тәрбие жұмыстарымен танысып, оқу қызметтеріне қатысып, олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің әдістерімен салыстырып, тиісті қорытындылар жасап, зерттеу жұмысының құжаттарын, атап айтсақ, технологиялық карта, күнтізбелік-тақырыптық жоспар жинақтайды.

Педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе – оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.

Озат тәжірибені зерделеу және қорыту педагогика ғылымын дамытудың негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады, өйткені, бұл әдіс өзекті ғылыми мәселелерді табуға мүмкіндік береді, педагогикалық үдерістің заңдылықтарын оқып үйренуге негіз жасайды.

Озат педагогикалық тәжірбиенің екі түрі бар:

а) педагогтың ғылыми ұстанымдары біліктілікпен, ұтымды кешенді пайдалануы болып табылатын педагогикалық шеберлігі;

ә) педагогикалық жаңашылдық, яғни жаңа білім беру қызметін көрсетулері, оқытудың жаңа мазмұны, нысандары мен әдістері, тәсілдері мен құралдары, т.с.с өзінің шығармашылық табыстарымен байытылған тәжірибе.

Педагогикалық жұмыста зор табыстарға жетіп, өзін-өзі іс жүзінде көрсете білген шебер педагогтардың жұмыс жүйесін зерттеп, жинақтау – озат тәжірбиені кеңінен таратудың басты формасына жатады. Жоспар бойынша зерттеу жұмысы ең алдымен танысу және бақылау критерийлерінен өтеді.

Озат тәжірибенің критерийлері:

  1. Жаңашылдық – белгілі бір қалыптасқан әдістемені жоққа шығару емес, оны жетілдіру, толықтыру;
  2. Жоғары нәтижелілік;
  3. Тәжірибені басқа да педагогтар мен оқу орындарының пайдалану мүмкіндігі;
  4. Тәжірибенің оңтайлылығы; көкейтестілігі, оның ғылым үшін және педагогикалық тәжірибе үшін құндылығы;
  5. Бұқаралық тәжірибеде шығармашылықты қолдану мүмкіндігі.

Педагог озат педагогикалық идеяларды және жаңашыл педагогтардың тәжірбиесін игеру үшін оларды өзінің педагогикалық жүйесінің құрамдас бөлігі етеді, жетілдіріп дамытады. Оларға өзінің шығармашылық ойының элементін енгізеді. Озық идеяларды және педагогикалық тәжірбиені енгізу мен таратудың түсінікті формалары – ауызша және баспасөз арқылы насихатталады.

Ауызша насихат – бұл балабақшалардың педагогикалық кеңестерінде, аудандық әдістемелік кабинеттерінде, педагогтардың білімін жетілдіру институттарында өткізілетін арнайы маслихаттарды, семинарларды озық тәжірбие туралы лекциялар және баяндамалар жасалынып, оларды озық мұғалімдердің жұмыстарының мәні мен негізгі идеяларының мазмұны анықталады. Қатысушылар өзара пікір алмасып, оқу-тәрбие процесін жетілдірудің кейбір бағыттарын белгілейді.

Баспасөз насихаты – бұл педагогикалық теория мен практиканың саласында әр түрлі формаларда жүргізіледі. Оларға психологиялық-педагогикалық еңбектер, ғылыми-әдістемелік ұсынбалар, жинақтар т.б. жатады. Педагогикалық озық тәжірбиені таратуда, оны тұтас педагогикалық процеске енгізуде, әсіресе, «Педагогикалық оқулардың» маңызы өте зор. «Педагогикалық оқуларды» өткізу нәтижесінде ұжымдық түрде талқыланған және мақұлданған жақсы тәжірбие оқу мен тәрбие процесіне енгізу үшін жинақталады және таратылады. Практикаға жаңа бір нәрсені енгізу үшін оқу-тәрбие жұмысының озық әдістерін біліп қоймай, оларды практикада да тыңғылықты игеру қажет

Сонымен, педагогикалық озат тәжірибе жұмысын ұйымдастыру арқылы – ұстаз шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі және шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі анықталады. Педагогтың тәжірибесіндегі жаңалық арқылы басқа педагогтарға үлгі болып, озат тәжірибесі таратылады, ендеше ол жұмысты ұйымдастыру, жүргізу білім беру мекемесінің жаңашыл бағытының көрінісі.

 

№49 БІЗ ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕ АЛАМЫЗ

Қазіргі таңда өзгеруге талпынған жандар мен өзгертемін дейтін семинарлар көбейді. Әрине, жаңалыққа ұмтылудың еш сөкеттігі жоқ. Алайда көп нәрсенің тетігі тек қана өзімізде екенін түсінбейтініміз қиын.

Ұстаз тапсырмасын орындау нәтижесінде бүгінгі желілік бизнеске айналған кестені ойлап тапқан баланы идеясы о баста жақсылық жасау болатын. Былыққа толған қоғамды жамандықтан тазартқысы келген оқушының қарапайым сызбасы әуелі үш адамды, үш адам тағы да тоғыз адамды өзгерту әрі қарай жалғасады. Мектеп оқушысы нашақорға бар жиған-терген тиынын ұстатып, оны үйіне қондырып, жұмыс тауып береді. Жұмыс тапқанымен, ол үйренген әдетінен айнығысы келмей, қайта бұрынғы күйіне түседі. Алайда оның ойында кішкентай баланың «мен сені өзгерткім келеді, сен де біреуді өзгертуге тиіссің» деген сөзі қалып қояды. Таң атпай көше кезіп, қиналған жанына «дауа» таппай келе жатқан нашақорға көпірден секіргелі тұрған бойжеткен кездеседі. Нашақор шошып кетеді. Кенет миының бір қыртысында қалған кішкентай баланың сөзі есіне түсіп, жалма-жан қызды құтқарады. Еңіреп жылаған қыз «мені не үшін құтқардың» дегенде, «енді сен де мен сияқты қиналған бір жанға көмектес, маған бұл ойды кішкентай бала үйретті» дейді. Не керек, мектеп оқушысы ойлап тапқан жақсылық жасаудың желілік кестесі осылайша АҚШ-та көп қолдауға ие болыпты. 2000 жылы америкалық жазушы, қысқа әңгіме жазудың шебері Кэтрин Райан Хайдтың идеясымен түсірілген режиссер Мими Ледердің «Заплати другому» атты фильмі бүгінде әлемге танымал. Қазір аталмыш киноны көптеген тренерлер пайдаланып жүр.     

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы – қоғамдық сананы ұлттық кодты сақтай отырып өзгерту, жаңғырту. Ал сананы өзгерту бір күннің немесе бір жылдың аясына сыймайтыны тағы белгілі. Тіпті күнделікті дағдыңызға өзгеріс енгізу үшін өзіңізбен өзіңіз күресесіз. Адам шын ниеттенсе, мақсатына жетпей қоймайды. Сондықтан да «жақсылық көрсем өзімнен, жамандық көрсем өзімнен» деген мақал біз айтқан ойды айқындай түседі.

Жуырда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы «Мен әлемді өзгертемін» атты видеоролик жабық конкурсын өткізді. Аймақтағы барлық аудан, қала мектептерінен қатысқан оқушылардан 26 жұмысы сарапқа салынды. Байқаудың мақсаты – сананың ашықтығын қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, қоғам жайлы ойларына түрткі болу, идеяларын жүзеге асыруға ықпал ету.

Конкурсқа қатысушылардың шығармашылық туындыларын №2 «Мұрагер» мектебінің киностудия режиссері Жеңіс Сүйіндіков, педагог-психолог, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Сымбат Әбдірахманова, қалалық оқушылар сарайының әдіскері Ақтілек Темірбайұлы қарап, бағасын берді.

Қазіргі уақытта білім алу, білімді болу трендке айналды. Қарап отырсаңыз, шетелде оқу Қазақстандағы білім алудан әлдеқайда арзан. Сондықтан балаларды оқуға, білімге үйрете берген дұрыс. Оқушының олимпиадаға, конкурстарға қатысуына кедергі жасамай, оларға ой салып, бағыт сілтеп отырса, жақсы нәтижеге жетеді. Балаға жақсы атаулыны көрсетуден жалықпауымыз керек.

Әсіресе ақпараттық технологияны меңгеру – бүгінгі күні табыс көзі. Ал білімді табысқа айналдыру үлкен жетістікке жетелейді.

Әрине, әлемді өзгерту – өзекті тақырып. Сондықтан да оқушылардың белсенділік танытып, байқауға қатысқаны қатты қуантты. Алғаш рет ұйымдастырылған байқауға барлық қатысушыларға алғыс айтамыз.

Бір сөзбен айтқанда, жас ұрпаққа білім берумен қатар, олардың бәсекелік қабілетін, санасына озық тәжірибелерді сіңіре білуге үйретуден еш ұтылмасымыз анық, – деді марапаттау салтанатында сөз алған «Тәрбие және білім» бөлімнің басшысы Әлима Әбдіхалықова.

Конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын бағалған, №2 «Мұрагер» мектебі киностудиясының режиссері Жеңіс Сүйіндіковтің айтуынша, байқауға келіп түскен видеороликтер тақырыпқа сай және оқушылар тың идеяларымен қуантты. Бастысы – шынайы еңбек еткендер жеңіске жетті.Жақсылық жасау арқылы қоғамды өзгертуге болатынын білдірген қатысушылардың жұмысы бізді қуантты. Балалардың конкурсқа

 қатысу белсенділігі өте жоғары. Осындай өзекті тақырыпқа конкурс ұйымдастырған облыстық «Рухани жаңғыру» орталығына ерекше алғысымды білдіремін. Балалардың біреуді қайталау, еліктеу дегенге түсіністікпен қарап, оларды қолдай білсек, келешекте керемет идеялар дүниеге келері сөзсіз. 

Қазақстанда алғаш рет «Мұрагер» мектебі жанынан ашылған киностудияға қатысушы оқушылар болашақ мамандықтарына таңдау жасап та үлгерді. Сондай-ақ, оқушылар бос уақыттарын текке кетірмей, өздеріне қажетті ақпараттарды іздеп, өздері жаңалық жасаға ұмтылуда. Алдағы уақытта осындай мектеп студиялары көбейетіні сөзсіз. Осы орайда жастардың шығармашылық ізденістеріне дұрыс бағыт беру ғана жетіспейтінін айтқым келеді.

Конкурста 1-орын алған А.Байтұрсынов атындағы №211 мектептің оқушысы Бисембаев Нұрдәулет «Қазіргі қоғамда балаларға зорлық-зомбылық жасау көбейіп кетті. Егер балаларды ешкім қорламаса, ұрмаса, соқпаса, онда бүкіл әлем мейірімге толар еді. Біз видеороликте осы ойымызды жеткізгіміз келді. Мен балаларды зұлымдықтан қорғағым келді, — дейді.

Бізді байқауға қатысушылардың қоғамды өзгертуге талпынған ойлары қуантты. Зұлымдық пен зорлық – адамзат баласына жат нәрсе. Соған қарамастан ең ауыр зорлықты адамдар жасайтыны да ащы шындық. Әсіресе соңғы жылдары балалар арасындағы бұзақылық пен қылмыстық оқиғалар азаймай тұр. Нұрдәулет өзінің видеоролигінде балалар арасындағы қатыгездікті көрсете отырып, оның соңы жақсылыққа апармайтынын түсіндіргісі келген. 

Ал 3-орын иегері №273 мектептің оқушысы Жұмаділов Бағдаттың айтуынша, адамдар қоқыс тастамаса, табиғатқа зиян жасамаса, әлем өзгеретінін айтады. Біз бәріміз таза жерде, таза қалада тұрғымыз келеді. Алайда көшеде шашылған қоқысты өздігімізден жинауға құлықсызбыз. Егер адамдар күнделікті тұрмыста қоқыс жинауға дағдыланса, онда біздің айналамыз да, табиғат та тамаша болар еді.

 

№50 НЕЛІКТЕН МҰҒАЛІМГЕ КӨП ОҚУ КЕРЕК?

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім бола алады. Расымен де, өмірдегі сан түрлі мамандық бар, адам баласы өзі таңдап алған кәсібінің майталманы болуы керек, ал сол кәсібінің майталманы болу үшін не керек? Әрине, еңбек керек, ізденіс керек, өзін — өзі жан — жақты адам ретінде, тұлға ретінде үздіксіз дамыту керек.
Мектептің жаны, мектептің жүрегі – мұғалім деп айтып та, естіп те жатамыз. Ахмет Байтұрсыновтың «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен көбірек білімді тұлғалар шығады. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» деген сөзінде қаншама ой, қаншама түйін жатыр. Расымен де, өмірдегі сан түрлі мамандықтардың ішінде білімділікті, кәсібилікті, тәрбиелілік пен шеберлікті аса қажет ететін мамандықтың бірден — бірі – мұғалім мамандығы. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесі мен білімі мәселесі кезек күттірмейтін, егеменді еліміздің болашағын айқындайтын ең маңызды міндеттердің бірі. Осы міндетті шешу педагогтың еншісінде. Олай болса, қоғам педагогқа үлкен үміт артып, ел тағдырын сеніп тапсырып отыр және одан жоғары жауапкершілікті талап етеді. Осындай күрделі мәселенің шешімін табу жолында педагогика ғылымының көптеген ғалымдары талмай ізденіп, зерттеулер жүргізіп, өз кезегінде білім беру саласына жаңалықтар мен өзгерістер енгізуде. Ал педагогтар болса, өз педагогикалық іс — әрекетінде сол жаңалықтарды, инновациялық технологияларды, әдіс – тәсілдерді жете ұғынып, тәжірибеде ұтымды қолдана білулері керек.
Мұғалімнің өзіндік дамуыңда ол «Неліктен осындай жағдай орын алды? немесе алмады?», «Кемшіліктерімді қалай жетістікке айналдырамын?», «Келешекте іс — тәжірибемді қалай жақсартамын?» деген сұрақтарды үнемі қоя отырып, кәсіби рефлексия жүргізе білуі керек. Рефлексия деңгейінен тез арада шығып біз дами бастайтынымыз сөзсіз. Біз өз кәсіптік деңгейіміз туралы ойлануымыз керек, себебі жаңа уақыт жаңа талап қойып отыр. Бұрыңғы «дәстүрлі» сабақ өз күшін жоюда, оқушылар өздеріне керекті мәліметтерді, информацияларды интернет жүйесінен алу дәрежесіне жетті. Бәрі де ойлай алады, бәрі ойдан басталады. Қазіргі жаңа формация педагогінің — «рефлексивті практик» деп атауға болады деп есептеймін, яғни ондай педагог — өзінің оқыту және оқу тәжірибесін дамыту, өзгерту және жетілдіру әдістерін мұқият және үнемі ойластырып жүретін педагог. Жаңа технологиялардың әдіс — тәсілдерін сабақтарымызда қолдана отырып, олардың тиімділігін айқындап, біз оларды меңгереміз және жаңа технологияларды меңгеру біздің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсер тигізеді, өзін — өзі дамытып, оқу — тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруымызға көмектеседі. Әрбір сабақта әртүрлі жаңа технологияларды, әдіс — тәсілдерді қолдана отырып, біз өз — өзімізді дамытып, оқу — тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға үйренеміз. Әрине, жұмысымызда қиыншылдықтар да кездеседі, дегенмен оларды өту барысында біз тәжірибе жинақтаймыз, жаттығамыз, мақсатқа жетуге ұмтыламыз. Алдымызға қойған мақсатқа жетуде оқу — тәрбие жұмысындағы әдіс — тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың ақыл — ойын дамытуды мақсат ететін болғандықтан олардың дара ерекшеліктерін біліп, санасып отыруымыз керек. Бұл — әрбір ұстаздың парызы.
Мұғалім өзіндік дамуына кәсіби рефлексия жасай отыра, жаңа әдіс — тәсілдерді жетік меңгеруге қалыптасады, сапалы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Өз жұмысымызда рефлексия жасап, заман талабына сай дағдыланамыз, үйренеміз, біз өз әрекетіміз арқылы ғана дамимыз. Мұғалімдер өздеріміздің біліміміз бен кәсіби дайындықтарымызға сәйкес, өздеріміздің жұмысымыз туралы толғаныста болуымыз керек. Рефлексивті ойды шешуге жататын мәселелерді зияткерлендіру тұрғысынан қарастыра отырып, идеялар мен болжамдарды дамытып, практикалық жағдаяттардың зерттеулеріне бастама жасап және іске асыруымыз керек. Осылайша оқытуға ерекше ықпал етіледі.
Кәсібилік – ұстаздың психолого — педагогикалық, ғылыми — пәндік білім — біліктің мәдени — адамгершілік ұстанымдарымен үйлесудің жоғары деңгейі. Кәсіби құзыреттілік – өз бетінше және жауапты әрекет жасауға мүмкіндік беретін белгілі бір психикалық жағдай, арнайы білімнің болуы, жалпы және арнайы эрудицияның болуы, ғылыми — кәсіби дайындығын үнемі жетілдіру, күнделікті іс — әрекетте міндеттерді шешу үшін еңбек субъектісінің кәсіби дайындығы және қабілеті. Ал мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі білім беру нәтижесін қамтамасыз ететін шешуші фактор, өз кезегінде, тіпті қоғам жағдайының сапалы өзгеруіне әсер етеді. Міне, сондықтан да, қазіргі педагог білім беру үрдісін ұйымдастырудың көпқырлылығы туралы білуі шарт. Яғни, педагог өз қызметіне қатысты инновацияларды, технологияларды, өзгерістерді жақсы меңгерген болуы қажет. Сонымен қатар, қазіргі кезде мұғалімге деген дәстүрлі көзқарастар өзгерді. Кез келген педагог кәсіби және тұлғалық өсудің бірден бір жолы – кәсіби өзін – өзі жетілдіру екенін түсінгені дұрыс. Ұстаздың жеке тұлғалық қасиеттері педагогикалық іс — әрекеттің ішкі мазмұнын құрап, шебер — ұстаз болып қалыптасуға аса қажет. Қазіргі таңдағы көптеген педагогтар өзінің кәсіби жетілуіне көп мән бермейді. Оны әртүрлі жағдайлармен байланыстырып жатады. Дегенмен, жоғарыда айтып кеткен қоғамымыздағы шешімін күтіп тұрған мәселелер ешқандай сын көтермейді.
Ойымды қорыта келе мұғалімнің кәсіби дамуында кері байланыс, кәсіби рефлексия — манызды екендігі сөзсіз. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Үздіксіз жаңалық енгізу білім беру саласында мектеп жұмысының дамуының ең басты фактор болып отыр. Әр мұғалім өз іс — әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс — тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдаланып, кәсіби дамып отыруы керек.

 

 

 

№51 БЕЙНЕ ОЙЫНДАР ДА БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТУІ МҮМКІН 

Ойын баланың миын дамытуға қаншалықты пайдалы екенін білесіз бе? Тығылмашақ және алақай-алақай сияқты қарапайым ойындар дамып келе жатқан сәбилердің миында миллиондаған байланыс орнатады! Сол себептен кішкентайлар оларды қайта-қайта ойнаудан шаршамайды! Ойын баланың миын қалай дамытатынын білу үшін ата-аналар үшін жаңа мастер-классты қараңыз. Джек Шонков, Гардвард университетінің нейрофизиологы баланың миының дамуы үшін ойынның маңыздылығын толығырақ түсіндіреді:

 

Сіз баламен өзара әрекеттесудің ең маңыздысы – бұл онымен бірге ойнау екендігін білесіз бе? 

Балаңыздың миын дамыту өте күрделі болып көрінуі мүмкін, енді бойыңызды еркін ұстаңызда, терең дем алыңыз. Бала тәрбиесі – бұл ғылымнан гөрі өнер болар. Менің атым Джек Шонков және бұл менің ойын арқылы балаларыңыздың миын дамыту жайлы шағын шеберлік сабағым.

 

  1. Бала миының дамуы үшін оның өмірінің алғашқы жылдары неліктен өте маңызды?

Бала өмірінің алғашқы жылдары өте маңызды, өйткені кішкентай бүлдіршіндердің алатын тәжірибесі және олардың жақын адамдарымен қарым-қатынасы олардың миын түгелімен дерлік қалыптастырады.

Және осы ерте шақтағы қалыптасу  баланың оқуы мен мінез-құлқына, физикалық және психикалық денсаулығына өмір бойы әсер етеді. Бала өмірінің алғашқы жылдарының маңыздылығы өте зор.

  1. Бала миын дамыту үшін ата-ананың жасай алатын ең маңызды шарасы қандай?

Баланың және әсіресе кішкентай сәбидің миын дамытуға ықпал ету үшін кез-келген ата-ананың қолынан келетін ең маңызды ісі – бұл бөбегін танып-білу, оның беретін белгілерін түсіну, біздің «беру мен қайтару» деп атаған қарым-қатынасты құруды үйрену.

  1. «Беру мен қайтару» деген не және ол неге ұқсайды? 

Беру мен қайтару  – бұл ойын сияқты.

Мен озып келемін! 

Беру мен қайтару  деген осы; уақыт өте келе және тәжірибеленген сайын, нәтижеңіз жақсара түседі. 

«Беру мен қайтару» ойыны екіжақты болып табылатын өзара әрекеттесудің маңыздылығын айқын көрсетеді.  Бала «береді» — жымияды, былдырлайды, ымдайды, ал ересек адам оған «қайтарады» — баланың жасаған іс-қимылын қайталап көрсетеді. Бала дыбыс шығарады және сіз де оған жауап ретінде сол дыбысты қайталайсыз. Бала бір затты қолымен көрсетеді, сіз де сол затқа қарап қолыңызбен көрсетесіз. Ойынның мәні осы. Бұл екі бағытта жүреді. Баланың өзі бастауы мүмкін. Ата-анасы да бастай алады. Негізгісі — сіздің қалай жауап беруіңізде. 

«Беру мен қайтару» бірінші талпыныстан істеп кетуі міндетті емес. Бірақ іс жүзінде неғұрлым көп қолдансаңыз, соғұрлым оңай бола түседі.

  1. «Беру мен қайтару» бала мен ата-ана арасындағы ойынмен қалай байланысты?

Өте кішкентай балалар барлығын ойын арқылы үйренеді. Ойын – бұл жаңа нәрсені тану. Ойын – бұл жаңа нәрсені байқап көру. Ойын – егер сен тағы бір іс-әрекетті жасасаң, не болатынын анықтау.  Ойын – бұл әлемнің асылын құшуға талпыныс. Осының көбі үйренуге мүмкіндік беретін қауіпсіз ортаның арқасында жүзеге асырылады. 

Көп ойнау, кішкентай бала мен ата-ана арасындағы көп өзара әрекеттесу «беру мен қайтару» санатына жатады. Кейбір ойындарды бала өз бетінше ойнайды.

  1. Ата-аналарға «беру мен қайтаруды» қалай ойын түрінде жүргізуге кеңес берер едіңіз?

Мен «Беру мен қайтару» идеясын жеңіл, жылы шыраймен және еркін жасайтын нәрсеге айналдырар едім. Сіз баламен оны тамақтандырғанда, киімін ауыстырғанда, оны шомылдырып жатқанда ойнауыңызға болады. Ересек адамдар мен балалардың өзара қарым-қатынасында ойын мен үйрету үшін көптеген мүмкіндіктер бар.

Баланың күлкісіне жауап ретінде жымиғанда және олармен ойнағанда, ата-анасы баланың миында жаңа нейрон байланыстарын құратындығы жайлы ата-аналардың түсінуіне көмектесу керек.

  1. Баламен оның миын дамытуға көмектесу үшін қалай ойнау керек?

Бала нәрестелік кезден бастап көрнекі түрде, сонымен қатар дыбыс арқылы өзара әрекеттесу: баланың көзіне қарау, осындай жеке байланысты орнату, баланың сезімдеріне  жауап қату — балалар үшін өте маңызды.

Олардың кейбіреуіне мыналар жатады. Тығылмашақ – сіз бетіңізді жабасыз. «Балақай қайда екен? Ол осында». Алақай-алақай. «Бала үлкен бе екен? Қандай үлкен!» Ең жақсы ойындар баланың өсуіне мүмкіндік беретін эмоционалды қауіпсіздік сезімін тудырады. Сіз бетіңізді матамен жауып, тығылмашақ ойнаған кезде балалар осы арқылы үйренеді.

Сіз осылай істеген сайын, балаңыз неге мәз болады? Біріншіден, бұл өзара жеке әрекеттесу, бұл рахаттану сезімін сыйлайды. Екіншіден, бала заттардың жоғалып, және қайта пайда болатындығы жайлы, және олардың қай кезде болмасын өмірде бар екендігі жайлы тұжырымдаманы ұғына бастайды.

Егер бала бұны қайтадан қайталығысы келсе, оның себебі бар. Және де оның себебі —  баланың миы: «Мен мұны меңгеріп жатырмын. Осының арқасында мен көп нәрсені үйренудемін. Мен осы процестен ләззат алудамын» деп хабар бергені. Өзіңізден сұраңыз: менің балам не істегенді ұнатады? Сосын сіздің ойыңызша бала неге мұны ұнататындығын өзіңізден сұраңыз? Жауабы қашанда мынадай: «себебі бұл менің баламның миын дамытуға көмектеседі».

Кей ата-аналар балаларының компьютер және түрлі гаджеттерде ойын ойнауына қарсы. Олар ойындарды баланың миын сұйылтып, оның уақытын босқа алатын, іш пыстырарлық бағдарламалар деп ойлайды. Иә, әрине біздің балалық шақта мұндай ойындарды көрмедік. Сол себепті ме компьютер ойындары бала дамуына кедергі келтіретін дүние боп көріне береді.

Бірақ, мамандар бұл ойыңызбен келіспейді. Егер, компьютер ойындарының мөлшерін білсек бала дамуы үшін ол өте пайдалы дүние. Не себепті екенін төменде түсіндіріп өтуге тырысатын боламыз.

Әртүрлі тамақтың ағзамызға түрлі дәрумендерді бергені сияқты түрлі жанрдағы электрон ойындары да өзіне тән әсер ету күшіне ие. Компьютер ойындар тарихындағы ең танымал ойындардың бірі – Марио атымен белгілі кейіпкердің қызықты саяхаттары. Кейіпкер шаршау дегенді білмей, баспалдақтан баспалдаққа мініп түсе береді, платформадан платформаға секіріп ұпай мен түрлі сыйлықтарды жинайды. Мұндай ойындарды платформерлер деп атайды. Осы ойынды ойнаған балаларда елгезектік, стратегиялық жоспар құру қасиеттері күшейген екен.

 

№52 БІЗ БАЛАЛАРМЕН ЕРТЕ ЖАСТАН БАСТАП ЕСІРТКІ ТУРАЛЫ СӨЙЛЕСУІМІЗ КЕРЕК ПЕ?

Нашақорлық қазақ қоғамында болған емес. Маскүнемдік те бізге жат еді. Қоғамдық орта да, табиғат та таза, тұнық болатын. Ластықтан жиіркенетін едік. Ал қазіргі халіміз мүлде басқа болып барады. Жүрегіміз жақсы мен жаманды ажырату қасиетінен айырыла бастаған ба, қалай өзі? Абай заманында «тәйт» десе тыйылатын тәрбиеден де мақрұм болып бара жатқан сияқтымыз. Әйтпесе, жасөспірімдер арасында жылдан-жылға белең алып бара жатқан нашақорлыққа әуестікті қалай түсіндіруге болады?

Жасөспірімдер есірткіге әуес. Неге? Бүгіндері нашақорлардың саны көбейіп барады. Статистика бойынша қазіргі кезде есірткіні қабылдайтындардың көпшілігі жастар болып отыр. Мәселен, елімізде 5 мыңға жуық жасөспірім есірткі тұтынады. Оның ішінде ең жасы 7 жаста. Иә, нашақорлықты әліппемен танысатын жастан бастап қолданатын болса, тартар жүгіміз ауыр екен. Бесіктен жаңа шыққан баланың есірткіге әуес болуына не себеп болып отыр? Бұл жағдайдың мамандар психологиялық астары бар екенін айтуда. Әсіресе, отбасындағы психологиялық ахуал, қарым-қатынастың төмен болуы, бала тәрбиесіндегі кемшіліктер көбіне жасөспірімдерді назардан тыс басқа әре­кеттерге апарып соқтыруда. Нарық заманы келгелі бала тәрбиесінің де басқа сипат алғаны аян. Балаға тәрбиені қара жәшік, я болмаса көше беруде. «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын» деп хакім Абай айтқандай, азғындықты насихаттайтын шектен тыс ақпарат арнасымен балалар күнде бетпе-бет келеді. Бірінің-бірі аузына түкіріп қойғандай ішімдікті, нашақорлықты және т.б. азғындықты насихаттайтын арзан кинолар легі молайған үстіне молая түсті. Міне, осындай мәдени ақпараттық агрессия жасөспірімдер мен жастар санасын құрықтап, олардың арасында нашақорлықты, ішімдікті және зор­лық-зомбылығы басым қатыгез сананы орнықтыруда. Есірткіге әуес жас­өс­пірімдердің көбін қалалықтар құрайтын болып шықты. Қаладағы ойын-сауық түрлерінің және түнгі клубтардың көптігі балалардың зерігу ортасына айналып барады. Бұдан бөлек жасөспірімдер еліктегіш келеді. Яғни анашаға алғаш әуестену оның бар өмірін қыршыннан қиятынын білмейді көбі. Мамандардың айтуынша, бұрынғы­дай апиын емес, қазiр жасөспiрiмдер көбіне­се күштi психотроптық дәрі-дәрмектерді, синтетикалық есірткілерді, героиндi пайдаланады. Жүректе қайраттың жоқтығы, ұйықтаған ойды түртуге өзіндік мұршаның болмауы, ақыр аяғында талай жастың ерте жастан мүгедек болуына немесе ұзақ уақыт бойы емделуге апарып соқтыруда. Осы тұрғыда бала тәрбиесіне қатысты бірнеше психолог мамандарды әңгімеге тартқан едік. Мәселен, балалар психологы Гауһар Шажияева былай дейді: «Расында, жасөспірімдер арасында белең алып отыр­ған есірткіге әуестіктің бірнеше психология­лық себептері бар. Мәселен, жасөспірімдер мен жастардың психологиялық ерекшелік­теріне келсек, 11 және 15 жас арасындағы бала­лар түрлі әлеуметтік рөлдерді тәжірибе­леуге бейім, басқа сөзбен айтқанда, «өзін тексеріп көргісі» келеді, мінез-құлықтары жиі қайшылықта, тез шамданғыш болады. Бұл жас кезеңде балалар басқалардың қатесі арқылы үйренгісі келмейді, бір жағынан олар бәрін өздері көріп-білуі тиіс деп есептейді, ал екінші жағынан, олар әлеуметтік топтың, құрдастарының ықпалына тез түседі. Жасөспірім тезірек ересек болғысы, бәрін көріп-білгісі келеді және достарының арасында өзін кемел­ді сезініп, «модадан» қалғысы келмей­ді. Сонымен қатар ол басқалардан артық болғысы келеді. Жастар жиі әділетсіздікке шыдай алмайды. Әртүрлі жағдайлар оның жанын жаралайды. Осындай себептермен жастар есірткіге тезірек беріледі». Ал Алматы қаласындағы №172 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Ғабит Да­йыновтың пікірінше: «Бүгінде Дүниежүзі бойынша өзіне-өзі қол жұмсау, нашақорлық секілді жаман әдеттер күрт өсіп барады. Өзге елдерді былай қойғанда, өзіміздің Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы на­шақорлық қарқынды түрде дамып бара жатқанын көзімізбен көріп жүрміз. Кейбір ресми мәліметтерге қарағанда, 1991-2001 жылдар аралығында ғана Қазақстанда есепке алынған нашақорлар саны 19 есе, ал есірткіден көз жұмғандар 12 есе, оның ішін­де кәмелетке толмағандар саны 42 есеге артқан көрінеді. Жалпы, бұл мәселелердің барлығы жасөспірімдер бойындағы рухани құн­дылықтардың аздығынан болып отыр десек, артық айтқандық емес. Жасөспірімдер тұрмақ, ересектердің өздерінде батыстық жат мінездер мен әдеттерге тойтарыс беретін рухани күшінің кемдігі анық байқалады. Сол себепті дәстүрлі бала тәрбиесіне қайта оралмай, балалардың есірткіден тыс басқа да рухани дерттерге бойұсынатыны анық». Яғни нашақорлық сияқты індеттерден жасөспірімдерді арашалаудың бір жолы мектептерде кешенді түрде бала тәрбиесіне оң әсерін беретін рухани сабақтар шоғырын көбейту керек деп отыр. Иә, осы айтылған пікірлермен келіспеуге болмас. Себебі бұл жағдайға бүгін барлығымыз жабыла жауап қатпасақ, ертең кеш болуы мүмкін. Айтылған жерден аулақ, әрине! Есірткімен жастық шағын улаған Наталья есімді қыз бастан кешкен соңғы 3 жылын былай баяндады: «Қазір мен жиыр­ма екі жастамын. Балалық шағым мен жастық шағым жұрттың бәрінікі сияқты дұрыс өтті. Жалғыз ғана кемістік, мен ерке-тотай болып өсіппін. Менде жаныңа не қажеттің бәрі, тіпті басқалардың қолы жете бермейтін дүниенің бәрі болды. Мүмкін нақ осы жағдай менің он тоғыз жаста есірткімен әуестенуіме себеп болған шығар. Әлі есімде, ол кезде сән агенттігінде жап-жақсы жұмыс істеп жүргенмін. Табысым да жаман емес еді. Жұмысым өзіме ұнайтын. Біраз уақыттан кейін қыздар «кокаин» қабылдауды ұсынды. Мен оны татып көруге бекіндім. Шынымды айтайын, бастапқыда бұл маған ұнады. Бүкіл өне бойың рахаттана жылынып, басың шайдай ашылғандай күн кешесің. Бірте-бірте әлгі «сиқырлы ұнтаққа» тәуелді бола бастағанымды өзім де сезбей қалдым. Содан пәленің бәрі басталды ғой. Бір «доза» үшін біреуді өлтіруге дайын едім. Өйткені ағза есірткіні жиі-жиі талап етеді. Кейін ақшам таусылып, «қайыршылар азығы» дейтін героинге көштім. Ал менің мұңдастарыма келетін болсақ, олардың бірінің де өмірі оңбады, тағдыр соққысын көрді. Біреуі түрмеге түссе, енді біреуі өлді, тағы бірі сал болып қалды. Ендеше, қорытындыны өздеріңіз жасаңыздар, бұл істен еш жақсылық көргенім жоқ. Ал бұдан ары не болары тек бір Құдайға ғана мәлім». Есірткі – әлемдік бизнес Есірткі саудасы мен тасымал жолдарына тосқауыл қойылып жатқанымен, әлемдегі нашақорлық деңгейі бәлендей төмендей қойған жоқ. БҰҰ-ның мәліметіне сүйенсек, жер бетіндегі нашаға тым тәуелді адамдардың саны 30 миллионнан артқан. Соңғы кездері есірткінің синтетикалық жолмен жасалатын түріне сұраныс көбейіп барады. Бұған жалпы саны 50 миллиондай адам құмартады екен. Есірткінің әлемге барынша кең тараған түрі марихуана болып есептеледі. Оны әлемде 150 миллионнан астам адам пайдаланады. Ал кокаин мен апиынға 20 миллиондай адам­ның жаны құмар. Есірткі тұтыну жағынан Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Америка, Кариб бассейні аймақтарының адамдары алда тұр. Ал оны өндіруші әрі тасымалдаушы аймақ ретінде Орталық Азия елдері ерекше аталады. Кейбір деректерге сүйенсек, Ауғанстан әлемдегі наша өндірісінің 90 пайызын бір өзі қамтиды. Халықаралық мамандардың бағалауы бойынша соңғы жылдары Ауғанстандағы апиын-шикiзат өндiрiсi 3 есеге жуық өскен (2002 жылғы 3-4 мың тоннадан 2008 жылы 10 мың тоннаға дейiн). Әйткенмен, Ауғанстандағы есірткі өндірісіне қажетті син­тетикалық материалдар осы аймақтан және Еуропадан жеткізіледі. Наша саудасында әр жылы 300-500 млрд. долларға дейін ақша айналады. Енді мұны әлемдік бизнес секторында алдыңғы орындардың бірін алмайды деп көріңіз. Мысалы, өзімізбен көршілес жатқан Ресейде 11 мен 25 аралығындағы жастар есірткі сатып алу үшін 2000 жылы 1,7 млрд. доллар көлемінде қаржы жұмсаса, арада үш жыл өткеннен кейін аталған сома 2,7 млрд. долларға жеткен. Жағаңды ұстауға мәжбүр ететін уәждер. Қазір әлемнің барлық елдерінде есірткі бизнесіне қарсы тиісті заңдар қабылданғанын да білеміз. Мысалы, Сингапур, Малайзия сияқты елдерде есірткі таратушыларға өлім жазасы қарастырылған. Бұл бағытта елімізде тиісті бағдарламалар қабылдап, әрекет етіп жатқаны бар. Бірақ біз көбіне себеп-салдармен ғана күресудеміз. Бізге алдын алу жұмыстарын жасаған жөн. Ол тек мемлекет болып бітіретін шаруа емес. Ол – барша қазақ елінің азаматының бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып әрекет жасайтын жұмысы. Түйін Нашақорлықпен күрес — баршамыздың алдымызда тұрған басты міндеттердің бірі. Бір өкініштісі, нашақорлардың саны жылдан-жылға өсумен бірге, есірткіні жас балалардың, яғни 14-15 жастағылардың қолдануы жиілей түсуде. Әрине, бұл – бүкіл қоғамды, халықты алаңдататын қасірет. Нашақор адамның болашағы жоқ. Себебі мұндай жаман жолға түскен кісі өзіне де, қоғамға да пайда келтірмейді. Адамдық бейнесінен айырылады. Ұрпақ саулығы, ұлт амандығы қазіргі таңда онсыз да саны аз қазақ халқы үшін аса маңызды. Сол себепті саламатты ұрпақ тәрбиелеуге атсалысу баршаға ортақ міндет болып отыр.

 

 

№53 СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІНСІЗ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МҮМКІН ЕМЕС?

Сөйлеу этикеті сөйлеу тәртібі ережелерінен және сыпайы қарым-қатынастың тұрақты формулаларынан тұрады. Бұл ережелерді білу адамның өзіне деген сенімділігін арттырады, оның әлеуметтік мәртебесін арттырады, басқалармен қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Сөйлеу этикеті іскерлік қарым-қатынаста маңызды рөл атқарады, мұнда сәттілік серіктестердің бір-біріне жасайтын әсеріне байланысты.

Сөйлеу этикетінің негізгі принциптері қандай екенін анықтайық.

Сөйлеу этикетінің негізгі принциптері қандай?

Барлық өркениетті халықтар үшін сөйлеу этикетінің негізгі қағидалары – әдептілік, сыпайылық, мейірімділік. Сонымен қатар әртүрлі мәдениеттерде қарым-қатынастың ұлттық және діни ерекшеліктері бар.

Әдептілік — бұл әңгімелесушіні түсіну, оған жағымсыз болуы мүмкін тақырыптарды талқылаудан бас тарту және оның тарапынан әдепсіз мәлімдемелер мен сұрақтарға сабырлы реакция.

Әдептілік қарым-қатынаста белгілі бір сөйлеу формулаларын қолдануды, қорлайтын сөздер мен сөз тіркестерін болдырмауды талап етеді. Сондай-ақ әңгімелесушіні мұқият тыңдаңыз, оның сөзін бөлмеңіз, қойылған сұрақтарға жауап беріңіз, оның сөздерін қатаң сынға алмаңыз.

Ізгі ниет әңгімелесушінің көзқарасын құрметтеуден және жағымды, достық қарым-қатынасқа деген көңіл-күйден тұрады. Ол сөз таңдауда, интонацияда, мимикада, ым-ишарада көрінеді.

Біз әңгімелесіп отырған адамның жасы, жынысы және мәртебесі ескерілуі керек. Бастықпен және баламен қарым-қатынас нормалары әртүрлі, бірақ әрқашан сөйлеу этикетінің принциптеріне негізделеді.

Сөйлеу этикетіне мыналар кіреді:

Әдептілік формулалары (сәлемдесу, қоштасу, кешірім сұрау, алғыс айту, сұрау т.б. сөздер);

Апелляция нысандары;

Табу – тыйым салынған сөздер мен сөз тіркестерін қолданбау;

Ғылыми тілдегі сыпайылық формулалары коммуникациялар немесе салыстырмалылық деп аталады. Олар сөйлеуде қарапайым сөйлемдер сияқты ақпаратты жеткізу үшін емес, басқа адамның жағдайларына немесе сөздеріне реакция болып табылады. Бұл терминдердің мағынасы (ағылшын тілінде communicate – «қосылу» және relate – «байланысты болу») адамдардың қарым-қатынасындағы және қарым-қатынасындағы «цементтеу» қызметін көрсетеді.

Коммуникациялар адам қоғамымен бірге дамыды. Олар әртүрлі тілдерде әртүрлі, бірақ олар барлық халықтарда және өркениеттің барлық түрлерінде бар.

Сөйлеу этикеті

Сөйлеу этикеті сәлемдесуге сәлемдесу арқылы жауап беруді талап етеді. Жауаптың болмауы әңгімелесушіні құрметтемеуді және этикеттің анық бұзылуын білдіреді.

Адамдар бір-бірін танитын болса ғана емес, бейтаныс адамға өтініш, сұрақ, ұсыныс айтқан кезде де амандасады.

Қоштасу кезінде бірдей ережелер қолданылады. Қоштаспастан әңгімені қалдыру немесе үзу – әдепті бұзу.

«Өтінемін» сөзін қосу — сұраудың ең қарапайым және кең таралған түрі.

Ризашылыққа жауап ретінде тамақ туралы болмаса, «Өтінемін» деп айту керек. Бұл жағдайда жауап: «Денсаулыққа».

Дастархан басынан тұрған кез келген адам қалғандарға тамақ пісіруге еш қатысы болмаса да: «Рахмет» дейді. Бұл «Компания үшін рахмет» дегенді білдіреді. Барлығы бір уақытта дастарханнан шыққанда, мысалы, мейрамханада немесе қабылдауда, көршілерге алғыс айту әдетке жатпайды.

«Алғыс айтуға тұрарлық емес» және «Ештеңе үшін емес» деген тіркестерді қолдану ұсынылмайды, өйткені олар әңгімелесушінің ризашылық сезімін ішінара төмендетеді.

«Бәрекелді!» деген тілек адам түшкіргенде жиі айтылады. Бұл жағдайда түшкіруші алғыс айтуы керек. Дегенмен, этикет, керісінше, басқа біреудің түшкіруін «байқамауға» және оған ешқандай реакция жасамауға кеңес береді. Бұл ереже бәріне таныс емес, егер сіз оған денсаулық тілемесеңіз, әңгімелесуші ренжітуі мүмкін. Шығудың ықтимал жолы – ресми және зайырлы жағдайда (іскерлік келіссөздерде, қабылдауда және т.б.) этикет ережелерін сақтау және «Бәрекелді!» деп айту. күнделікті қарым-қатынас жағдайында: үйде, кеңседе, достарымен кездесуде.

 

№54 АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ КЕЛІСПЕУШІЛІК:КЕЗДЕЙСОҚТЫҚ ПА?ӘЛДЕ БОЛМАЙ ҚАЛАТЫН ҚҰБЫЛЫС ПА?

Кез-келген кішкентай нәрсе аға және жас буын арасында түсінбеушілік тудыруы мүмкін, бірақ кейде ауыр жағдайлар да туындайды. Кез-келген жағдайда сіз жағдайды дұрыс бағалап, өз позицияңызды қарсы жаққа жеткізіп, олардың дәлелдерін тыңдауыңыз керек.

Қарым-қатынас проблемаларының көпшілігі тежелулерден туындайды. Аға буын жастарды тілектерімен, іс-әрекеттерімен және құралдарымен шектейді. Неғұрлым көп тәжірибе болса, олар жастардың іс-әрекеті перспективалық емес, нақты емес, тіпті өмір мен денсаулыққа қауіпті емес екенін түсінеді. Әрине, екі жақ та қателесуі мүмкін, бірақ тәжірибе өте көп екенін түсінуіңіз керек.

Егер ата-аналар бір нәрсеге келісім бермесе, сіз неге бұлай болып жатқанын талдауыңыз керек. Мүмкін, олар мұны зияннан жасағандай болып көрінуі мүмкін, бірақ шын мәнінде мұнда одан да көп себептер бар. Мысалы, олар белгілі бір әрекеттердің қауіпті екенін түсінеді. Кейде олар энергияның, ақшаның босқа жұмсалатынын және бір нәрсеге қол жеткізе алмайтынын түсінеді, ал кейде қиындықты күтеді. Өзіңізді олардың орнында елестетіп көріңіз, оларды не итермелейтінін талдаңыз. Қандай қорқыныш немесе шектеулер оларды қайшылыққа итермелейтінін біліп алыңыз.

Сіз анам мен әкемнен сізге олардың қанағаттанбауының себебін түсіндіріп беруін сұрай аласыз, бірақ оларды тыныш тыңдауға дайын болыңыз, айқайлап немесе ренжімеңіз. Әдетте олар егжей-тегжейлі жауап беруге дайын, бірақ әр бала оны естіп, түсіне алмайды. Бірақ дәл осы білім ымыраға келуге көмектеседі.

Жанжалды шешудің ең алғашқы және тиімді әдісі — бұл сіздің қателескеніңізді мойындау. Сіз олай ойламасаңыз да, бәрібір дауыстап айтыңыз. Кейде бұрын тым көп айтқан болсаңыз, кешірім сұрағаныңыз орынды шығар. Мұны істеу ересектерге сіздің дәлелдеріңізді тыңдауға мәжбүр етеді. Оларға не қалайтыныңызды, олардың талаптарын неге орындамайтыныңызды және қандай нәтиже күтетініңізді ақылға қонымды түрде түсіндіре бастаңыз. Егер қақтығыс тазалаудың болмауына байланысты болса, онда сіз өзіңізді ақтайтын себептерді таба алмайсыз және мойындағаннан кейін сіз тәртіпті сақтауыңыз керек. Егер сіз бір жерге барғыңыз келсе, бірақ сізге баруға рұқсат етілмеген болса, сізге сапардың қандай түрі, кіммен бірге екеніңізді айтуыңыз керек, бұл сіздің қауіпсіздігіңізге кепілдік береді.

Ата-аналардың талаптарын білетіндіктен, сіз оларды естідіңіз, сіздің барлық сөздеріңіз олардың мазасыздығын азайтуға, мазасыздықты азайтуға бағытталған. Олардың барлық мәселелеріне сылтау табыңыз. Сенімді болыңыз және дауысыңызды көтермеңіз. Бұл мәселені шешу сіздің өзін-өзі бағалауыңызға, өмірдегі жетістігіңізге және достарыңызбен қарым-қатынасыңызға қалай әсер ететіндігі туралы әңгімелестік. Бірақ аяушылықты баса бермей, фактілерді айтыңыз.

Тыныш және ақылға қонымды әңгіме — бұл ересектермен қарым-қатынастың белгісі. Ата-аналар сіздің осындай қарым-қатынасқа қабілетті екеніңізді, сіздің сөзіңіз үшін жауап бере алатыныңызды, сіздің мінез-құлқыңызды басқаратындығыңызды көреді және бұл мәселені шешуге көмектеседі.

Ата-аналар мен балалар арасындағы жанжалды шешудің екінші конструктивті емес тәсілі — «Тек бала ғана жеңеді»: Бұл жолмен не қақтығыстардан қорқатын («кез-келген жағдайда тыныштық») немесе үнемі «баланың игілігі үшін» өздерін құрбан етуге дайын ата-аналар жүреді, немесе екеуі де. Бұл жағдайда балалар өзімшіл болып өседі, тәртіпке үйренбеген, өзін-өзі ұйымдастыра алмайды.

Мұның бәрі отбасылық «әмбебап сәйкестік» шеңберінде онша байқалмауы мүмкін, бірақ олар үйдің есігінен шыға салысымен және қандай да бір ортақ іске араласқаннан кейін, олар үлкен қиындықтарды бастайды. Мектепте, жұмыста, кез-келген компанияда енді ешкім оларды қызықтырғысы келмейді.

Мұндай отбасында ата-аналар өз баласына және олардың тағдырына деген саңырауды жинайды. Қартайған кезде мұндай «мәңгі бағынатын» ересектер көбіне жалғыз және тастанды болады. Тек содан кейін эпифания пайда болады: олар өздерін жұмсақтық пен жауапсыз берілгендік үшін кешіре алмайды.

ЖАНЖАЛДАРДЫ ШЕШУДІҢ СЫНДАРЛЫ ТӘСІЛІ: «ЕКІ ЖАҚ ТА ЖЕҢЕДІ: АТА-АНА ДА, БАЛА ДА»

Шешім алгоритмі бірнеше қадамдарды қамтиды:

  • Жанжалды жағдайды түсіндіру;
  • Ұсыныстар жинағы;
  • Ұсыныстарды бағалау және ең қолайлысын таңдау;
  • Шешімді егжей-тегжейлі анықтау;
  • Шешімнің орындалуы; тексеру.

Бірінші қадам — \u200b\u200bжанжалды жағдайды түсіндіру: Біріншіден, ата-ана баланы тыңдайды. Оның проблемасы неде екенін нақтылайды, атап айтқанда: ол нені қалайды немесе қаламайды, не қажет немесе маңызды, не қиынға соғады және т.б. Ол мұны белсенді тыңдау стилінде жасайды, яғни міндетті түрде баланың қалауын, қажеттілігін немесе қиындықтарын білдіреді. Осыдан кейін ол «Мен хабарлама» формасын қолдана отырып, өзінің қалауы немесе проблемасы туралы айтады. Мысалы: «Білесіз бе, мен бұл бағдарламаны асыға күттім (орнына:« Мен оны күнде көретінімді білмейсіз бе?! »).

Тағы бір рет, баланы тыңдаудан бастау керек екенін ескертемін. Ол сіздің проблемаңызды еститініңізге сенімді болғаннан кейін, ол сіздің мәселеңізді тыңдауға әлдеқайда дайын, сонымен бірге бірлескен шешім іздеуге қатысады. Көбінесе, ересек адам баланы белсенді түрде тыңдай бастаған кезде, сыра қайнатуының шиеленісі басылады.

Екінші қадам — \u200b\u200bұсыныстарды жинау: Бұл кезең «Біз қалай бола аламыз?», «Біз не туралы ойлауымыз керек?» Немесе: «Біз қалай әрекет етуіміз керек?» Деген сұрақтардан басталады. Осыдан кейін сіз міндетті түрде күтуіңіз керек, балаға бірінші болып шешім (немесе шешімдер) ұсынуға мүмкіндік беріңіз, содан кейін ғана өз нұсқаларыңызды ұсыныңыз.

Сонымен қатар, сіздің көзқарасыңыз бойынша бірде-бір ұсыныс, тіпті ең орынсыз да қабылданбайды. Алдымен ұсыныстар себетке жай енгізіледі. Егер сөйлемдер көп болса, оларды қағаз бетіне түсіруге болады. Ұсыныстар жинағы аяқталғаннан кейін олар келесі қадамға барады.

Үшінші қадам — \u200b\u200bжанжалды шешу бойынша ұсыныстарды бағалау және олардың ішінен ең лайықтысын таңдау: Осы кезеңде ұсыныстарды бірлескен талқылау өтеді. Осы уақытқа дейін «тараптар» бір-бірінің мүдделерін біліп қойды, ал алдыңғы қадамдар өзара құрмет атмосферасын құруға көмектеседі. Талқылауға бірнеше тараптар қатысқан кезде, барлық қатысушыларға сәйкес келетін ең қолайлы ұсыныс деп саналады.

Төртінші қадам — \u200b\u200bшешімді егжей-тегжейлі көрсету: Айталық, отбасы ұлын үлкен деп шешті және оның өздігінен тұрып, таңғы асын ішіп, мектепке баратын уақыты келді делік. Бұл ананы ерте қиындықтардан арылтады және оған жеткілікті ұйықтауға мүмкіндік береді. Алайда, бір шешім жеткіліксіз. Біз балаға будильникті қалай пайдалану керектігін, тамақ қай жерде екенін, таңғы асты қалай жылыту керектігін және т.б. үйретуіміз керек.

Бесінші қадам — \u200b\u200bорындау, тексеру: мына мысалды алайық: отбасы ананың ауыртпалығын жеңілдетуге, үй жұмысын біркелкі бөлуге шешім қабылдады. Барлық кезеңдерден өтіп, нақты шешімге келдік. Қағазға жазып, қабырғаға іліп қойсаңыз жақсы болар еді (төртінші қадамды қараңыз).

Үлкен ұлдың осындай міндеттері болды делік: қоқыс тастаңыз, кешке ыдыс жуыңыз, нан сатып алыңыз, ініңізді баққа апарыңыз. Егер бұрын бала мұның бәрін үнемі жасамаса, онда алғашқыда бұзылу мүмкін.

Әр сәтсіздікке оны кінәламаңыз. Бірнеше күн күткен дұрыс. Ол және сіздің уақытыңыз болған кезде, ешкім ренжімейтін кезде, ыңғайлы сәтте: «Ал, қалайсың, жұмыс істеп жатыр ма?»

Сәтсіздіктер туралы баланың өзі айтса жақсы. Олардың саны тым көп болуы мүмкін. Содан кейін, оның пікірінше, оның себебін анықтаған жөн. Мүмкін бірдеңе ескерілмеген шығар, әлде қандай да бір көмек қажет; немесе ол басқа, «аса жауапты» тапсырманы қалаған болар еді.

Қорытындылай келе, қымбатты достар, бұл әдіс ешкімді де сәтсіздік сезімімен қалдырмайтынын атап өткен жөн ата-ана мен бала арасындағы жанжалды мүмкіндігінше тиімді шешуге мүмкіндік береді… Ол басынан бастап ынтымақтастыққа шақырады, ақыр соңында бәрі жеңеді.

Мұғалім өзінің кәсіби қызметі барысында жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге байланысты өзінің тікелей міндеттерімен қатар, әріптестерімен, оқушылармен және олардың ата-аналарымен сөйлесуге міндетті.

Күнделікті өзара әрекеттесу кезінде қақтығыстық жағдайларсыз мүмкін емес. Бұл шынымен қажет пе? Шиеленісті сәтті дұрыс шешкеннен кейін жақсы сындарлы нәтижелерге қол жеткізу, адамдарды жақындастыру, бір-бірін түсінуге көмектесу және білім беру аспектілерінде алға басу оңай.

 

55 ТҰЛҒА САЛУ СҮЙІСПЕНШІЛІКТЕН БАСТАЛАДЫ

Адам баласы дүниеге келіп, ес жиып, есейіп, оң мен солын айыра бастаған соң, ең алдымен бүкіл әлемді жаратқан құдіретті күштің иесі — Алла тағаланы барынша жан-тәнімен сүйіп, осы сүйіспеншілігімен өмірден өтуі керек. Жалпы сүйіспеншілік ұғымы — бүкіл жарық дүниені сүю. Ал жарық дүниеге Алла тағала жаратқан бүкіл әлем кіреді емес пе? Егер адам баласының сүйіспеншілігі бүкіл әлемге, яғни жанды, жансыз дүниеге (тау, тал, адам, мақұлық) бірдей болса, нұр үстіне нұр.
Әлем халықтары оның ұлтына, ұлысына, нәсіліне, қайбір діннің жетегінде жүрсе де, бәрі туыстай қатынаста болуы керек.
Әрине, қандай қоғам болмасын, әртүрлі ұлт, ұлыстардан құралатыны белгілі. Егер осы қоғамда ұлтаралық татулық, бірлік сақталмаса, ол қоғам өміршең болмасы өзінен-өзі түсінікті. Қазақта «Мың қосшыдан, бір басшы» деген мақал бар. Бұл дегеніңіз — қайсыбір ел, мемлекет болмасын, оның бар тіршілігі бір басшыға байланысты деген сөз. 

Осы жұрт сүйіспеншілік, махаббат, ғашықтық дегенді бір мағына деп айта беретін болды ғой. Соны екшелеп айыру керек секілді. Жалпы, ғашықтық деген бір жақты болады емес пе? Ол жігіттің немесе қыздың біржақты сезімі. Ал, махаббат деген екі жақты сезім. Бір бірін сүйген кезде ғана махаббат пайда болады. 

Сүйіспеншілік тіршіліктің негізгі тірегі. Сүйіспеншілік — тіршіліктің  сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі. Жарық дүниеде барша кедергі кесепатты жеңетін күш те осы сүйіспеншілік. Көңілі сүйіспеншіліктің түбіндегі әрбір тасын санап алуға болатын кәусар бұлағынан мейірін қандырған жанның рухы кемелділік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Мұндай көңілі көктем, сезімі сел боп аққан ізгі жандар мәңгілік бақыт әлеміне қатысты сезіп – білгендерін, рухани дүниесіне жиған – терген жауһарларын жер-жаһандағы барша жанмен бөлісу үшін алып – ұшып тұрады. Осы мақсатта «мың өліп, мың тіріледі». Өлсе де, тірілсе де, жүрекжарды ұраны, басты қаруы осы сүйіспеншілік сөзі болмақ.

Жан дүниесі сүйіспеншіліктен жұрдай жандардың рухы тартылған судай сор тартып тұрады әрі тартылған судың түбіндегі қолтырауынға жем болады. Мұндайлар жүз жыл, мейлі ғасырдан да ұзақ өмір сүрсе де, рухани танымы бір қарыс алға жылжи алмайды. Көңілінде тырнақтай сүйіспеншілік жоқ мұндай жандар өктем өзімшілдіктің, менмендіктің тар қыспағында тұралап қалғандықтан, ешкімді шынайы сүйе алмайды.

Барша ғалам шынайы сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі десе болады. Мәселен, шуағын төккен күн көзі және судың буға, одан бұлтқа айналуы, сонан соң жауын болып топыраққа нәр шашуы – ғаламдағы сүйіспеншіліктің жарқын мысалдары. Масатыдай құлпырған сан алуан гүлдер көз жауын алатын әсемдігімен қараған жанның жанын жадыратып, көңілін шалқытады. Жапырақ бетіндегі таңғы шықтың күмістей мөлдіреген пәк бейнесінен сүйіспеншілікті қалай сезінбессің?! Иен даланы басына көтере жамырай маңыраған қозы-лақтың берекелі де бейбіт тірліктің бесігін тербеткен үнінен, құлақ құрышын қандыра сайрап, жүрекке шаттық сыйлайтын құстардың әсем әнінен сүйіспеншіліктің әуезді әуенін тыңдау қандай ғанибет!

Шын сүйіспеншілік Аллаһ үшін болғандықтан, бұл сүйіспеншіліктің соңы, шегі болмайды. 

Адам өміріндегі ең қадірлі нәрсе табыс емес, сүйіспеншілік. 

Сүйіспеншілікті қарапайым сөзбен айтып жеткізе алу мүмкін емес…оны іспен ғана білдіре аласың..себебі ол сезімнің бір бөлшегі..ол адамдар арасындағы жылуды ұялатады..үлкен сезімдерге бастау береді..сүйіспеншілік жек көрушілік жоқ жерде ғана ұшқын алады… 

Сүйіспеншілік дегенді махаббат деген мағынада айтып тұрған болсаң, онда адамзат өркендемейді, көбеймейді, тұқымы құриды.

Достық, адамзаттың бір-біріне бауырмалдығы деген мағынада айтар болсаң жер бетінің халықтары бір- бірімен қырғи қабақ болып, жақтырмай, пиғылдары өзгеріп, сан құбылар еді.  Адам бойындағы барлық ізгі қасиеттер жойылар еді.

№56 ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР:ЖАҚСЫ ЖӘНЕ ЖАМАН ЖАҚТАРЫ

Қазіргі уақытта әлеуметтік желі өміріміздің бір бөлшегіне айналды. Кей адамдар смартфон немесе планшет арқылы әлеуметтік желіге кіріп, кітап оқу, теледидар көру, радио тыңдаудан да көбірек уақытын жұмсайды. Бұл қызмет қызығушылықтары сәйкес келетін топтардың бірігуіне мүмкіндік береді. Бұрынғы сыныптастарын тауып алады, жаңа адамдармен достасады, солармен пікір алмаса отырып көп уақытын осы желіде өткізеді. Әлеуметтік желінің пайдалы және залалды тұстары бар. Пайдалы тұстарына келсек, ол қашықтағы басқа қаладағы, алыс елдегі адамдармен, таныстарыңызбен жедел тілдесуге оңтайлы құрал. Өзара пікір ғана алмасып қоймай, өміріндегі жаңалықтарымен, суреттерімен бөліседі. Интернеттегі қызықты жаңалық, сайттар, кітаптар, кинолардың сілтемелерін ұсынады. Әлеуметтік желі арқылы танысып, отау құрып жатқандар аз емес, осы құралды пайдаланып жұмыс іздеу, табу да жеңілдеді… Енді залалды деген тұстарына тоқтала кетсек. Кей адамдардар виртуалды өмірдегі таныстыққа беріліп кеткендігі соншалықты, отбасы мүшелерімен, әріптестерімен, достарымен аз тілдесіп, оларды тіпті байқамай қалуы мүмкін. Осыған қатысты жағдайды мына әзіл дөп береді. «Бүгін жарық өшіп қалды, отбасымызбен бірге отырып әңгімелестік, туыстарым жақсы кісілер екен», депті біреу… Кейбір жастардың көп уақыты желіде өткен соң, жұмысы, оқуы кейінге қалып ақсай бастайды. Осыдан бас тартып, уақытын үнемдей алу, тәуелділіктен арылу желі пайдаланушысына оңайға соқпайды. Бұл да адамның өзін өзін ұстауына, жеке тәрбиесіне, тәртібіне байланысты. Желіні пайдаланушылар да біркелкі емес. Олардың арасында негатив таратушы, өмірден түңілгендер аз кездеспейді. Сондықтан әлеуметтік желіні өлшемді пайдаланып, осы құрал ұсынатын пайдалы жақтарын өз қажетімізге жаратуға бейім болу керек дейді, тәжірибелі пайдаланушылар. Достардың бөліскен пайдалы кеңестер, жазбалар, сілтемелерін егер өзіңіз уақыт жұмсап іздесеңіз қаншама күннің сарп болатынын есептеп шығу қиын емес. Айталық, досыңыз сілтемесін бөліскен қызықты кітаптың, киноның дүниеде бар-жоқтығынан бейхабар болғандығыңызды еске алсаңыз да жеткілікті. Бұл — әлеуметтік желінің жақсы тұстарының бірі. Оның білімді-білікті жетілдіруге, оқуға бағыттау — біздің міндетіміз. Әлеуметтік желі — коммуникация құралы. Алайда бізге неге етене жақын болып шықты? Несімен баурап алды? Сөйтсек оның астарында да терең психологиялық реңк бар болып шықты. Мысалы, осы мәселені зерттеуші ресейлік ғалым Александр Прохоровтың зерттеуіне қарасақ, түрлі әлеуметтік желіні қолдануды америкалық психолог Маслоудың сұраныс пирамидасы арқылы қарастыруға болады. Олардың қатарында, адамның пікір айтуы, өзін танытуы, өзгелерге сыйлата білуі, өзіне сенімді болуы, достардың болуы, туыстық қатынас, сыйластық, қауіпсіздік тағысын тағы деп жалғастыра беруге болады. Яғни, әлеуметтік желі тек қатынас құралы ғана емес, адамның өзіндік келбетін қалыптастыру, өзін өзгелерге таныту және жұртпен білетінін бөлісу алаңы. Сонысымен де құнды. Ендеше оны жақсы тұстарын қажетіне жарату әркімнің өз еркіндегі дүние екендігін көреміз.

 

№57 ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСТІҢ АДАМДАРҒА ӘСЕРІ

Қазіргі таңда қоғам өмірін ғылым мен техникасыз көзге елестету мүмкін емес.

Ғылым-бұл қоғам, табиғат және ойлау қабілеті туралы жаңа білімді алу үшін бағытталған зерттеу әрекетінің сферасын айтады. Ерекше адамзат тобының арнайы және физикалық сабақ түрінің әрекеті, сонымен қатар дұрыс еңбек ізінен және еңбектің қоғамдық бөлімдерінен ғылым туады. Ірі көлік өндірісінің шығуы, ғылымда өндірістің өзіне беделді факторларының жағдайын құрайды.

Ғылым философиясы ғылыми білімнің сипаттамасын, табиғатын, жағдайын ашуды міндет етіп қояды. Ғылым философиясының пәні болып ғылыми білімді қалыптастырушы ерекше қызмет ретіндегі ғылыми танымның жалпы заңдылықтары мен бағдарлары табылады.

Ал ғылыммен тығыз байланысты екінші «техника» ұғымын қарастыруға болады. Гректің «техне» деген сөзі алғашқыда «өнер», «шеберлік» деген мағынада қолданылды. Бүгінгі таңда «техника» деп барлық қоғамның салаларында қолданылатын неше түрлі құралдарды айтамыз. Ф.Энгельсті еске алсақ, адамның өзі-ақ еңбек құралдарын жасау арқылы жануарлардан бөлініп, саналы пендеге айналған жақ па? Егер жануар айнала қоршаған ортаға өз дене мүшелерін жетілдіру арқылы бейімделсе, адам, керісінше, өз дене мүшелерінің жалғасы ретінде неше түрлі жасанды заттарды жасайды да, оларды табиғат пен өзінің екі ортасында орналастырып қоршаған ортаны өзгертеді. Егерде жануардың дене мүшелері белгілі бір оның өміріне керек қызметті істеуге мыңдаған жылдар бойы бейімделіп, өзінің мәресіне жетсе, адамдікі жетілген болмасада, өзінің жан-жақтылығымен көрінеді.

Мыңдаған жылдар бойы ғылым ұрықтары философияның ішінде пайда болып дамыды. Математиканың (геометрия) негіздері жер өлшеу, су каналдарын өткізу т.с.с., астрономия көшіп-қонудағы аспанға қарап бағыт алудан, Орта ғасырлардағы алхимия байлықты өсіру (қорғасынды алтынға айналдыру) іс-әрекетінен пайда болды. Дегенмен де бүгінгі ғылым өз түп-тамырларымен Жаңа дәуірге, яғни капитализмнің тарихқа келуімен байланысты дүниеге келеді. Оның Отаны – Еуропа топырағы. Егер Батыс пен Шығыс елдерінің даму қарқыны мыңдаған жылдар бойы біркелкі болса, ХVI ғасырдан бастап Еуропа ғылыми зерттеулерді дамыту барысында тез қарқынмен алға өрлей бастайды. Шығыс елдері ғылыми-техникалық салада артта қалады.

Бүгінгі таңда күнбе-күнгі өмірде «технология» деген ұғымды да көп пайдаланып жүрміз. Қарапайым сананың деңгейінде «техника» мен «технология» ұғымдары бір мағынада қолданылады. Алайда бұл ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығы бар екенін байқаймыз. Егер техникаға неше түрлі заттардан жасалған құралдарды жатқызсақ, технологияға белгілі бір жасанды затты, я болмаса құбылысты жасау жолындағы әдістерді, олардың бірінің соңынан бірі келетін тәртібін айтамыз. Олай болса, алғашқы «шеберлік» деген мағынаға тағы да қайтып келдік. Жоғарғы дәрежедегі технологияның негізінде жасалып шығарылған заттың сапасы биік болады.

Бүгінгі таңда дамыған елдерде көп өндіріс ошақтарында автоматтандырылған цехтар жиі кездеседі. Мысалы, автомобильдерді шығаратын зауыттарда, машина қорабын жасау, оны бояу, т.с.с. жұмыс түрлері автоматтар мен роботтарға берілген.

Солай келе компьютерлік техника дамып, көп жағдайда бүгінгі таңда олар ақпаратты таңдап алу, оларды бір жүйеге келтіру, түр-түрге бөлу, т.с.с істермен айналысып, өндірістегі шешімдерге келуге, оларды іске асыруға көмектеседі.

Сонымен тарихи адамның негізгі еңбек функциялары бірте-бірте машиналарға беріліп, олар қоғам өмірінде елеулі рөлге ие болды.
Соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың дамуы «үлкен жарылысты» еске түсіреді. Бүгінгі таңдағы өндірістегі автоматикалық зауыттар, бүкіл дүние жүзін қамтыған интернет жүйесі, теледидар, үялы телефондар, 2,5 дыбыс жылдамдығына жеткен ұшақтар (Конкорд), Ғарышта орналасқан станциялар мен жер серіктері т.с.с. қазіргі ғылым жетістіктеріне негізделген.

Осы жетістіктерге таңырқап, сүйсіне қараған ойшылдар болашақта адамзаттың барлық қайшылықтары ғылымның даму негізінде шешіледі деген көзқарас ұстады. Мұны біз сциентистік (scientia — лат. сөзі, ғылым), я болмаса техно — оптимистік көзқарас дейміз.

Техника философиясы – бүгінгі әлемдегі техника феноменінің философиялық методологиялық және дүниетанымдық мәселелерін арнайы зерттейтін бағыт. Оның негізгі мақсаты – техниканы, оның дамуын біртұтас құбылыс ретінде қарастыра отырып, техникалық іс — әрекеттің мәнін ашу, техникалық мәдениетпен, саясатпен, адам іс — әрекетінің басқа да түрлерімен байланысын анықтау.

Техника адам өмірін жеңілдету және кеңейту, дамыту қажеттілігінен пайда болды.

Техника болмысы туралы білім XIX ғасырда қалыптасты. Техника философиясының техника – болмыс қатынасын арнайы зерттейтін бөлімі техника онтологиясы, ал техника – адам қатынастарын қарастыратын бөлімі техника антропологиясы деп аталады.

Техникалық білімнің негізгі ерекшелігі – оның нысаны табиғи емес, жасанды сипатта болуы. Техникалық құрылымдар адамның қолымен жасалынады, бұл процессте оның жан – жақты мүмкіндіктері кеңінен қолданыс табады. Бір адам техникалық құрылымның жобасын сызады, екіншісі оны өндірудің технологиясын жасайды, үшіншісі оны өндіреді. Ал төртіншісі онымен тікелей жұмыс жасайды. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір саладағы арнайы білімді игерген адамдар. Физика, химия, механика, технологиялық білімдер болмаса техниканың дүниеге келуі мүмкін емес. Бұған техникалық білімнің жақында ғана қалыптасуының өзі айқын дәлел бола алады.

Ғылыми – техникалық революция ұғымы ғылым мен техникада пайда болған сапалық өзгерістерді білдіреді. Оның басталуы XX ғасырдың 40 жылдарына сай келеді.

Ғылыми – техникалық революция еңбектің сипатын мағынасын, өндіргіш күштердің құрылымын, қоғамның кәсіптік және салалық құрылымын өзгертеді, еңбектің өнімділігін арттырады, қоғамның барлық жағына әсер етеді.

XX ғасырдың 50 жылдарынан бастап ғылыми – зерттеулерде, өндірісте, басқару, ұйымдастыру саласында электронды – есептегіш машиналар кеңінен қолданыла бастады. Информатиканың, есептеу техниканың, микро процессорлар мен работотехниканың дамуы өндіріс пен басқарудың кешенді автоматтандандырылуына жол ашты.

Ғылым дамуының қазіргі кезеңдегі философиясы — дүниетанымдық базасы диалектикалық-логикалық тұжырымдама болып табылады.

Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғыл.-теор. таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдыққа қамалып, өндірістік амалшараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады.

16 ғ-да адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теор. және тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым Қайта өркендеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртының компасты, оқ-дәріні ойлап табуы және кітап басу тәсілін меңгеруі ғыл. және тех. қызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды. Жалпы, бұл – ғылыми-техникалық прогресстің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезеңдерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір мех. процестерді теор. тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғыл. және тех. нышандарын дамытып, Г.Галилей, И.Ньютон, .Торричелли, кейін Д.Бернулли, Э.Мариотт, Ж.Л.Д’Аламбер, Р.А.Реомюр, Л.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихқа «өндіріс қызметшілері» деген атпен енді. 18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапқыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғыл.-тех. жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық-тех. ізденістің ғана емес, «ғылымның жемісі» саналды.

 

 

№58 АДАМ МЕН ТАБИҒАТ-БӨЛШЕК ЖӘНЕ ТҰТАСТЫҚ

Адам өмірі табиғатпен тығыз байланысты. Адам табиғатты  аялап, қамқорлап, туған жерге сүйіспеншілікпен қарауы тиіс.

  Адам табиғат сұлулығынан,  әдемілігінен, әсемдігінен бойына  қуат, көңіліне шуақ алып, аса  зор іңкәрлік сезімге бөленеді.

Өзін – өзі тану сабақтарын табиғат аясында ұйымдастыру  ерекшеліктері,табиғат құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

адам мен табиғаттың үйлесімдігі, табиғаттың тылсым құдіреті, оның адам тіршілігіне әсер-ықпалы туралы ұғымдарын кеңейту.

Табиғат тылсымына бір  сәт көңіл аударып, оған мән беретін  болсақ, өзара үйлесім тапқан алуан  түрлі құбылыстардың біртұтастығын  байқайсың. Табиғат тылсымын түсiнген адам қоршаған әлемдi құрметтеуге, сырын  ұғуға құштар болады.

Табиғаттағы арайлап атқан  таң, қызарып батқан күн, жүйткіген  бұйра бұлттар, сан құбылған сағым, жарқыраған құйрықты жұлдыз, барқыт түндегі  елестер, әнші құм, биші қайың тәрізді  құпия сырлы тылсым дүниеге толы болып келеді. Осынау таңғажайып құбылыстар – табиғаттың ең тамаша сыйы. Табиғат  суреттері адам жанын нәзік сезімге  бөлеп, бүкіл өмірді көз алдыңа жайып  салады.

Тілсіз табиғаттың тылсымын түсініп, оны аялау, қорғау және көркейту –  әрбір адамның міндеті әрі  борышы. Себебі, табиғат пен адам – егіз ұғым.Табиғаттың  осындай  бүкіл  сұлулығы мен  байлығын  болашақ  ұрпақ  үшін  сақтау – Жер бетінде  өмір сүріп  жатқан  адамдардың  міндеті.Балалар  әрқашан да және  барлық  жерде  табиғатпен   қандай  да  болсын  белгілі бір  қарым-қатынаста  болады. Орманда, көгалда, өзеннің  немесе  көлдің  жағасында   ойнау, саңырауқұлақтар, жидектер,  гүлдер  теру, жануарлар  мен  өсімдіктерді  күту  және бақылау  балаларға  шексіз қуаныш  әкеледі.Табиғатқа  үңіле  қараудан, балалар  ойнайтын  орындарға  құштарлықтан  өз  өлкесіне,  туған  табиғатына, Отанына  деген  сүйіспеншілігі пайда  болып, жетіле  түседі, патриоттық  сезімге  тәрбиеленеді. Табиғаты  шын мәнінде  қандай  болса, сол қалпында  көріп,  еститін  бала кездегі ептілік- балалардың  оған  деген  қызығушылығын  арттырады, білімін  кеңейтеді, мінез — құлқын, ынта — ықыласын қалыптастыруға  ықпал  етеді. 

Табиғат пен адам, егіз әлем ретінде, бірін-бірі күтуге, аялауға  міндетті. Олар бір-біріне сый, құрмет жасауға тиіс болса, сол сыйластықтың және бір түрі – адамның табиғатқа деген пейілі.

Адам – табиғат перзенті. Ол суға, жерге, айға т.б. оларды жаратқан тәңірге табынады, жалбарынады. Жазушы А.Байтанаевтың: «Жұлдызды қайдан ұстауға  болады?» деген әңгімесіндегі  кішкентай Беріктің атасының сөзіне назар айдарайық.

«Е, жаратқан, сен көктесің, құдіретсің, ешкім саған шек келтіре  алмайды. Жердегі пенделеріңе шарапатшы  бол! Шаршағанды демей гөр, ашыққанды  жебей гөр, теріс жолдағының санасына сәуле түсір! Жақсы ойлының тілегін  оңғар! Пенде атаулының бейәдеп  қылығы болса, кеше гөр, тәңірі, сен  мейірімдісің ғой! Шарапат-шапағатыңнан ешкімді тыс қалдырма, хақ тағала! Әумин!».

Адамзат баласы өзінің ғана емес, бүкіл ғаламның аман-саулығы  үшін жаратылыс алдында өзін борыштар сезінері хақ.

Тіршілікте төрт құдірет  – Күн–ана, Жер–ана, ауа мен су болса, олардың біреуінсіз тіршілік тоқтайды. «Жері байдың – елі  бай», «Туған жер – алтын бесік», «Жеміс – жерде, жеңіс – ерде», «Ауа – өмір тынысың», «Судың да сұрауы бар» деген мақалдар осы төрт құдіретті  қадірлеуден туған. «Табиғаттың  бізге жұмбақ сырлары көп таңданар»  деп ақын Мұхтар Шаханов айтқандай, тісімен құс тістеген ақындар  мен шешендер бүкіл қазына-байлықтың  қымбаттысы – табиғат күйін ғибрат сөздеріне, толғау-термелеріне арқау  еткен. Олар табиғат күйін адамның  көңіл күйіне салғастыра жырға қосқан.

Рухани байлық табиғатқа  деген сыйластықпен жасалмақ. Жас  ұрпақтың бойына оны сіңіру, олардың  қоршаған ортаға қарым-қатынасын, сол  арқылы өмірге деген көзқарасын ояту, соған сай мінез-құлқын қалыптастыру – аға ұрпақтың міндеті. Қазақ  халқының атадан балаға қалдырған даналығы –  «көкті жұлма», «шөпті таптама» – табиғат көріністеріне үлкен жауапкершілікпен қарауы, туған жер табиғатының бұрынғыдан да жайнап, гүлденуіне ықпал жасауды мақсат еткені. Артына «Шипагерлік баян» атты ғылыми еңбек қалдырған Өтебойдақ Тілеуқабылұлы адамның өз ғұмырында міндетті түрде орындауға тиісті жеті шартты көрсеткен, оның төртеуі табиғатқа байланысты болған. Олар – «көктеп келе жатқан өскінге тиіспеу, көбеймелі жорғамалдарға тиіспеу, қарлығаштарға тиіспеу, көз ашпаған шикілікке тиіспеу». Бұл – табиғатты аялап сақтаудың да үлкен адамгершілік екендігін көрсеткен баба өсиеті. Көшпелі өмір, осылайша, қазақты табиғатпен етене байланыстырған. Өмір озған сайын адам табиғаттың тылсым күшіне, заңдылықтарына тереңдеп бойлаған.

Табиғатты ұмыту – өз басымызды ұмыту деген сөз. Имандылық  пен мейірбандылық – өркениеттің  белгісі. Жас бала табиғат тіршілігін тамашалай отырып, оны сүю барысында  үлкен адамгершілік сезімге ие болады, өзін табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде  сезінеді.

Мен тимеймін, жасқанба,

Дос болайық, көбелек!

Жайнап тұрған бақшамда,

Гүлдерімді көре кет.

Тұтқиылдан састыра,

Жаңбыр жауса себелеп,

Тақиямның астына

Тығыла ғой, көбелек.   (Асқаржан Сәрсеков)

Қандай нәзік сезім! Бала мен көбелек – табиғат перзенттері, олардың арасындағы сыйластық кімнің болса да өңіне күлкі, жүрегіне мейірім  ұялатады.

С.Экэюпери: «Ең үлкен  сән-салтанат – адамдардың қарым-қатынасының  салтанаты» — деген екен. Бұл  сөзді адам мен табиғаттың ара  қатынасына байланысты да, адамдардың бір-бірімен көңіл жарастығын табуына  байланысты да айтуымызға болады. Ондай  жағдайда рахат күй кешеріміз  анық. Жастарға да осылайша эстетикалық  тәрбие беру, оларды табиғат байлығына  сый-құрметпен қарауға тәрбиелеу  – олардың бойында адамгершілік сезімін қалыптастыру, шарапатты  болуға бейімдеу екендігінде дау  жоқ. Табиғат — тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен  роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы  ғаламда өмір сүру, тіршілік ету  мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің  өзгеруі де, табиғатты одан әрі  әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі  ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген  оттай жанған жануарларды көрудің  өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің  иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен  түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар. Табиғат жайлы өнегелі  сөздер, мақалдар мен өлең- жырлар да аз емес. Оның керемет әсемдігін  жырлаған, суреттеп жазған ақындар  баршылық. Табиғат көркемдігін өз өлең-шумақтарында жырлаған ақындардың қатарында Абай Құнанбайұлы («Жаз!, «Күз», «Қыс»), Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шілде»), Қасым Аманжолов («Дауыл»), Ыбырай Алтынсарин («Өзен») сияқты ақындарды  атауға болады. Шалғайын шалқар маушыған Бұлт келді, көктем кір кетті. Топырлап ұрған тамшыдан, Топырақ иісі бұрқ етті. Шілде мен тамыз пышаны Шаң  ғана болса, Қалдырма Терезелер құшағын  Түгелдей ашшы жаңбырға,- деп Қадыр  Мырзағали атамыз әсем табиғатты  жырлады. Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындарымыз  оның құдіретін білген. Сол өлең жолдарын болашақ ұрпаққа, яғни бізге  қалдырып отыр. Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты  аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет..

Табиғатты қорғау – адамзат  қоғамы мен бүгінгі және келешек  ұрпақтың материалдық, мәдени және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету  мақсатында табиғат пен оның байлықтарын  тиімді пайдалануға және қайтадан қалпына  келтіруге бағытталған мемлекеттік  және қоғамдық шаралар жүйесі. Адамның  өндірістік әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін келеңсіз әсерін белгілі  бір дәрежеде шектеп, табиғи қорларды ұтымды пайдалану ежелден бері адамзат  қоғамының көкейтесті мәселелерінің  бірі болып келді және қазіргі  тех. үдеріс заманында ғаламдық мәселеге айналып отыр. Қазақстанда табиғат және оның байлығы халқымыздың өмірі  мен қызметінің және еліміздің әлеум.-экон. дамуының, әл-ауқаты артуының табиғи негізі, қайнар көзі болып табылады. Кеңестік кезеңде әміршілдік басқару жүйесінің  өктемшіл саясатының салдарынан Қазақстан  жерінде экол. қасірет аймақтары: Семей ядролық полигоны, басқа  да жасырын әскери сынақ орындары, Арал т-нің суалуы сияқты экол. апат аймақтары қазақ халқының өмірі  мен денсаулығына, тіршілігіне қатерлі  қауіп төндірді. Осыған орай Қазақстан  азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға  міндеттеліп, экол. саясаттың негізгі  жалпы ұстанымдары конституцияда  тұжырымдалды (38-бап). “Қоршаған ортаны қорғау туралы” ҚР Заңы (15.7. 1997) қабылданып, онда қазіргі және келешектегі ұрпақтарымыздың  мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құ-қықтық, экон. және әлеуметтік  негіздері мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің экономикалық тетіктері айқындалды.

Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі . Табиғат пен адам қатар  ұғым . Адамсыз табиғат , табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты  қасиет тұтады . Табиғат — тіршіліктің  құт-берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Экологияны қорғау,табиғатты  сақтау қазіргі жастардың қолында. Табиғаттың сырын қазіргі кезге  дейін ғалымдар зерттеуде. Қазақ  халқында табиғатты құрмет тұтады. Қазақтар жұлдыздарға қарап бағыт  бағдарды болжаған. Табиғат біздің сыраушымыз,байлығымыз,күнделікті тынығатын  сарайымыз. Табиғат –адамның еңбегінсіз,адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы. Адам табиғаттың патшасы деген  ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін — асыл ана. Өйткені адам баласы табиғатта,тіршілікте өсіп-өніп, жетілген.Қажетін  алып, өз пайдасына жаратқан. Табиғат  –ырыздықтың,ырыс пен мол қазынаның  кайнар көзі , адам денсаулығының сенімді  сақинасы. Ұрпақтан –ұрпаққа мол мұра ретінде калушы.Табиғаттағы жануарлардың мүйізінен немесе өсімдіктің тамырынан  халық емшілері дәрі – дәрмектер  жасаган сонымен қатар адам ағзасына дәрінің септігін тиерін анықтаған.Табиғаттың сырын білмей, қалай болса солай  пайдалану ойға қонымсыз. Өйткені  оның салдарынан табиғат байлықтары кеми түседі. Қазіргі таңда табиғаттың ластануы үлкен , аса зор мәселе. Бұл барлық дүние жүзінде қарастырылуда. Табиғат – сөз жетпес сұлулық , баға жетпес қазына,көз тоймайтын  әсемдік ,айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап,ластануда  соның салдарынан адам өміріне өте  қауіпті жағдай тудыруда . Біз табиғаттағы  әрбір жайқалып тұрған гүлге,мәуелеп  тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. «Бір тал кессең , он тал ек»  демекші, айналамызда табиғаттан лас  иісті, ауру тудырушы бактерияларды  жоюшы тал,жасыл желек. Егер осы  мәселе қаралмай кала берсе төңірек  азып кетеді. Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының экологиялық  қауіпсіздігі тұжырымдамасы» жарлығы  Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде «Экологиялық білім мен  тәрбие беру»тұжырымдамасы экологиялық  білім беру бағыттарына арналады. Бұл бағыттар мектептегі тәрбие жұмысына еніп, біз ауыл көшелерінің тазалығын  сақтауға өз үлесімізді қосамыз. Салауатты  өмір салтын ұстану аясында адамның  қоршаған ортасы таза болуы шарт.Табиғаттың қорғаны жас ұрпақ — біз.Табиғат  адамның бойына қуат, өзіне шабыт  беруші.Табиғат біз киетін киімді,оқитын кітапты,тамақтанатын тағамды, ас дақылдарын бәрін де табиғаттан аламыз.Өлкелерді  көгалдандыру жұмысы жүргізілсе деймін.Экологияы  және адам өмірін бірдей сақтау үшін тезірек  әрекет ету керек. Адамның ағзасын  нашарлауы шаң-тозаң,қатты суық және ыстық желдерден ,микробтар,түтін, улы  газдар мен бактериялардан бастау алады. Мен өзімнің туған өлкеме қарағай  т.б ағаш түрлерін ексе екен деймін. Табиғаттың зардаптарына төтеп беру үшін табиғатты қорғауымыз керек.

 

№59 АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУДІҢ ЗАМАНАУИ БАҒЫТТАРЫ

Ақпараттық қауіпсіздік — мемкелеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі.

Ақпаратты қорғау  —  ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау — ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.

Ақпараттық қауіпсіздік режимін қалыптастыру кешендік мәселе болып табылады. Оны шешу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық, программалық, техникалық шаралар қажет.

Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын атап кетуге болады: қол жеткізерлік (оңтайлық), тұтастық және жасырындылық.

Қол жетерлік (оңтайлық) — саналы уақыт ішінде керекті ақпараттық қызмет алуға болатын мүмкіндік. Ақпараттың қол жеткізерлігі — ақпараттың, техникалық құралдардың және өңдеу технологияларының ақпаратқа кедергісіз (бөгетсіз) қол жеткізуге тиісті өкілеттілігі бар субъектілердің оған қол жеткізуін қамтамасыз ететін қабілетімен сипатталатын қасиеті.

Тұтастық — ақпараттың бұзудан және заңсыз өзгертуден қорғанылуы. Ақпарат тұтастығы деп ақпарат кездейсоқ немесе әдейі бұрмаланған (бұзылған) кезде есептеу техника құралдарының немесе автоматтандырылған жүйелердің осы ақпараттың өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін қабілетін айтады.

Жасырындылық — заңсыз қол жеткізуден немесе оқудан қорғау.

1983 жылы АҚШ қорғаныс министрлігі қызғылт сары мұқабасы бар «Сенімді компьютерлік жүйелерді бағалау өлшемдері» деп аталатын кітап шығарды.

Қауіпсіз жүйе — белгілі бір тұлғалар немесе олардың атынан әрекет жасайтын үрдістер ғана ақпаратты оқу, жазу, құрастыру және жою құқығына ие бола алатындай етіп ақпаратқа қол жеткізуді тиісті құралдар арқылы басқаратын жүйе.

Сенімді жүйе — әр түрлі құпиялық дәрежелі ақпаратты қатынас құру құқығын бұзбай пайдаланушылар тобының бір уақытта өңдеуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ақпараттық және программалық құралдарды қолданатын жүйе.

Жүйенің сенімділігі (немесе сенім дәрежесі) екі негізгі өлшемі бойынша бағаланады: қауіпсіздік саясаты және кепілділік.

 

Қауіпсіздік саясаты —  мекеменің ақпаратты қалайша өңдейтінін, қорғайтынын және тарататынын анықтайтын заңдар, ережелер және тәртіп нормаларының жиыны. Бұл ережелер пайдаланушының қайсы кезде белгілі бір деректер жинағымен жұмыс істей алатынын көрсетеді. Қауіпсіздік саясатын құрамына мүмкін болатын қауіптерге талдау жасайтын және оларға қарсы әрекет шаралары кіретін қорғаныштың белсенді сыңары деп санауға болады.

Қауіпсіздік саясатының құрамына ең кемінде мына элементтер кіруі керек: қатынас құруды ерікті басқару, объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі, қауіпсіздік тамғасы және қатынас құруды мәжбүрлі басқару.

Кепілдік — жүйенің сәлетіне және жүзеге асырылуына көрсетілетін сенім өлшемі. Ол қауіпсіздік саясатын іске асыруға жауапты тетіктердің дұрыстығын көрсетеді. Оны қорғаныштың, қорғаушылар жұмысын қадағалауға арналған, белсенсіз сынары деп сипаттауға болады. Кепілдіктің екі түрі болады: операциялық және технологиялық. Біріншісі жүйенің сәулеті және жүзеге асырылу жағына, ал екіншісі — құрастыру және сүйемелдеу әдістеріне қатысты.

Есепберушілік (немесе хаттамалау тетігі) қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады. Сенімді жүйе қауіпсіздікке байланысты барлық оқиғаларды тіркеп отыруы керек, ал хаттаманы жазу-жүргізу тексерумен (аудитпен — тіркелу ақпаратына талдау жасаумен) толықтырылады.

Сенімді есептеу базасы (СЕБ)  — компьютерлік жүйенің қауіпсіздік саясаты жүзеге асыруға жауапты қорғаныш тектерінің жиынтығы. Компьтерлік жүйенің сенімділігіне баға беру үшін тек оның есептеу базасын қарастырып шықса жеткілікті болады. СЕБ негізгі міндеті — қатынасым мониторының міндетін орындау, яғни, объектілермен белгілі бір операциялар орындау болатындығын бақылау.

Қатынасым мониторы — пайдалынушының программаларға немесе деректерге әрбір қатынасының мүмкін болатын іс — әрекеттер тізімімен келісімдігі екендігін тексеретін монитор. Қатынасым мониторынан үш қасиеттің орындалуы талап етіледі:

— оңашаландық. Монитор өзінің жұмысы кезінде аңдудан қорғалуға тиісті;

—   толықтық. Монитор әрбір қатынасу кезінде шақырылады. Бұл кезде оны орай өтуге мүмкіндік болмау керек;

—   иландырылатындық. Мониторды талдауға және тестілеуге мүмкін болу үшін ол жинақы болуы керек.

Қауіпсіздік өзегі —  қатынасым мониторының жүзеге асырылуы. Қауіпсіздік өзегі барлық қорғаныш тетіктерінің құрылу негізі болып табылады. Қатынасым мониторының аталған қасиеттерінен басқа қауіпсіздік өзегі өзінің өзгерместігіне кепілдік беруі керек.

Қауіпсіздік периметрі — сенімді есептеу базасының шекарасы. Оның ішіндегі сенімді, ал сыртындағы сенімсіз деп саналады. Сыртқы және ішкі әлемдер арасындағы байланыс ретқақпа арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретқақпа сенімсіз немесе дұшпандық қоршауға қарсы тұра алуға қабілетті бар деп саналады.

Объектінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтаммасыз етуге арналған жұмыстар бірнеше кезеңге бөлінеді: даярлық кезеңі, ақпараттық қорларды түгендеу, қатерді талдау, қорғаныш жоспарын жүзеге асыру. Осы аталған кезеңдер аяқталған соң эксплуатациялау кезеңі басталады.

Даярлық кезең. Бұл кезең барлық келесі шаралардың ұйымдастырушылық негізін құру, түпқазық құжаттарды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ, үрдіске қатысушылардың өзара қарым — қатынастарын анықтау үшін қажет. Даярлық кезеңде ақпарат қорғау жүйесінің ақпараттың міндеттері анықталады.

Ақпараттық қорларды түгендеу. Бұл кезеңде, әдетте, объект, ақпараттық ағындар автоматтандырылған жүйелердің құрылымы серверлер, хабар тасышулар, деректер өңдеу және сақтау тәсілдері жайында мәлімет жиналады. Түгендеу анықталған соң олардың осалдылығына талдау жасалынады.

Қатерді талдау. Келесі шаралардың нәтижелерді ақпараттық қорлардың қорғанылу күй — жағдайның қаншалықты толық және дұрыс талдануына тәуелді болады. Қатерді талдау мыналардан тұрады: талданатын объектілерді және оларды қарастырудың нақтылану дәрежесін таңдау; қатерді бағалау әдіснамасын таңдау; қауіптерді және олардың салдарын талдау; қатерлерді бағалау; қорғаныш шараларын талдау; таңдап алынған шараларды жүзеге асыру және тексеру; қалдық қатерді бағалау.

Қауіп бар жерде қатер пайда болады. Қауіптерді талдау кезеңі қатерді талдаудың орталық элементі болып табылады. Қауіптердің алдын алу үшін қорғаныш шаралары мен қүралдары қажет. Қауіптерді талдау, біріншіден, мүмкін болатын қауіптерді анықтаудан (оларды идентификациялаудан) және, екіншіден, келтірілетін болашақ зиянды болжау — бағалаудан тұрады.

Бұл кезеңнің орындалу нәтижесінде объектідегі қауіп — қатерлер тізбесі және олардың қауіптік дәрежесі бойынша жіктемесі құрастырылады. Бұлар бәрі ақпарат қорғау жүйесіне қойылатын талаптарды айқындауға, қорғаныштың ең әсерлі шаралары мен құралдарын таңдап алуға, сондай — ақ, оларды жүзеге асыруға қажетті шығындарды анықтауға мүмкіндік береді.

Қорғаныш жоспарын құрастыру. Бұл кезеңде осының алдында жүргізілген талдаудың нәтижесінде анықталған қатердерді бейтараптау үшін қорғаныштың тиісті ұйымдастырушылық және техникалық шаралары таңдап алынады.

Қорғаныш жоспарын құру ақпарат қорғау жүйе,сінің функционалдық сұлбасын әзірлеуден басталады. Ол үшін қорғаныш жүйесінің атқаратын міндеттері анықталады және нақты объектінің ерекшеліктерін ескере отырып жүйеге қойылатын талаптар талқыланады. Жоспарға мынадай құжаттар қосылады: қауіпсіздік саясаты; ақпаратты қорғау құралдарының объектіде орналасуы; қорғаныш жүйесін жұмысқа қосу үшін қажет шығындардың сметасы; ақпарат қорғаудың ұйымдастырушылық және техникалық шараларын жүзеге асырудың күнтізбелік жоспары.

Қорғаныш жоспарын жүзеге асыру. Бұл кезеңде қорғаныш жоспарында келтірілген шаралармен қоса жабдықтаушылармен келісім — шарттар жасасу жабдықтарды орнату және баптау, қажетті құжаттарды әзірлеу және т.б. осы сияқты шаралар іске асырылады.

 

 

 

 

№60 ЕҢ МАҢЫЗДЫ АШЫЛЫМДАР

Еліміздегі ғылымды дамыту көрсеткіштеріне назар аударатын болсақ, ғылымды өркендетуде жоғары білім беру секторы жетекші орынға шықты деуге болады. ЖОО-ның ғылымды дамытатын негізгі күшке айналуына соңғы жылдары елімізде жүзеге асырылған бірқатар реформалар әсер еткені сөзсіз. ҚР Білім және ғылым министрлігінің еліміздегі жетекші университеттердің автономды бағытқа бұруы және оқу орындары жанынан ғылыми-зерттеу орталықтарының құрылуы ғылымды дамытуда негізгі күшке айналды.  

Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдары ғылым мен білімді дамыту бағдарламасында аталған бағыттарға ерекше мән берілді. Қазіргі таңда дамыған елдерде ғылыми-зерттеу орталықтарының көпшілігі іргелі университеттердің базасында дамып жатыр. Мұндай әлемде мойындалған үрдіс Қазақстанды да айналып өтпегені бізді қуантады.  

Осы ретте университеттер жанында ғылымды дамытатын ұйымдарға ЖОО-ның бақылауындағы ұйымдар немесе олармен қауымдас ҒЗИ, экспериментальды станциялар мен клиникалар кіретінін айта кетуіміз керек.

2018 жылы 17,4 мың зерттеуші-мамандардың көпшілігі (5,2 мың) жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан. Бұл саладағы мамандардың біліктілігі бойынша жіктесек, ғылым докторы – 574, кандидаттар – 1,3 мың, философия докторлары (PhD) – 200, салалар бойынша докторлар 199 адамды құрағанын байқауға болады. Ал магистранттардың саны 1,2 адамды құрады. 

Тағы да айта кетсек, инженерлік зерттемелер мен технологиялар салалары бойынша ғылыми жұмыстармен айналысқан адамдардың саны 2,2 мың адамды құрап, олардың арасында ғылым докторлары – 371, ғылым кандидаты – 837, философия докторлары (PhD) – 59, салалар бойынша докторлар – 112 және магистранттар 863 адамды құраған.

 

Жоғары ғылыми атағы мен біліктілігі жоғары ғалымдардың ғылыми жұмыстармен айналысуы медицина саласында байқалған. Аталған сала бойынша 909 адам ғылыми жұмыспен айналысып, оның 244-і ғылым докторы, 393-і ғылым кандидаттары, философия докторлары (PhD) мен  салалар бойынша докторлар 204 адамды құраған.

Тиісті орындар жүргізген сараптама нәтижесі бойынша, ғылыми бағытта жоғары нәтижелі зерттеулерге негізінен, іргелі ғылымдар бағытының физика, химия ғылымдары және биология, сонымен қатар қолданбалы жұмыстар бағытындағы – металлургия саласы, медицина және ауыл шаруашылығы энергетиктері жеткен.

Айталық, «Парасат» Ғылыми-техникалық орталығы» АҚ тау-кен және металлургия саласы бағдарлама шеңберінде «Отқа төзімді және сапасы төмен шикізаттарды өңдеу мен байыту технологиясын»  ең алғаш демеркуризациялы өңделген көмірден вакуумда алтын өндіру, бөліп алу үшін үздіксіз әсер етуші құралдар мен технология әзірлегенін атап айтуға болады.

Жүргізілген материалдық баланс есебінше, қайта өңдеу өнімдерінде пайдаланылған сынап көмір сорбенттерінде көрсеткендей, сынап толықтай дерлік (99,4 %) конденсатқа айналады. Өнімдерді қайта өңдеуге жұмсалған (қыздырушы от, шаң, газ қалдықтары мен ағын сулар) сынаптың ШРК нормасы аспайды. Мұндай технология және вибровакуумді орнату әлемде теңдесі жоқ, әрі жоғары өнімділікке ие және экологиялық қауіпсіз.

Ал Ж.Әбішев атындағы химия-металлургиялық институт ҚР Минералды шикізаттарын кешенді қайта өңдеудің Ұлттық орталығымен тізе қосып, «Минералды-шикізат ресурстары мен түрлі-түсті металлургияның техногенді қалдықтарын тиімді пайдаланып, отандық өндіріске қажетті өнім алу» бағдарламасы бойынша маңызды ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Ғалымдар алғаш рет ожау тәсілімен кен балқыту пешіне алдын ала кальцийленген колеманит құю арқылы силикобария ағызып, құрамында боры бар ферроқорытпа алудың жаңа өндірісі ұйымдастырды. Нәтижесінде, 5 тонна жаңа қорытпа алынды. Сонымен қатар КАМС (кальцийі бар алюмосиликомарганц) кешенді қорытпа алу технологиясы әзірленді.

Наносиликатты мысты электролиттік бөліп алудың технологиялық және аппараттық схемасы әзірленді. Бөлшектік мөлшері 50 нанометрді құрайтын нанодисперсиялы силикат мысты алу үшін алғаш рет стендті-жартылай өнеркәсіптік технологиясына сынақ жүргізілді.

Жоғарыдағы ғылыми бағдарлама бойынша «2015-2017 жылдарға арналған баяу байытылатын түсті металдар кенін игерудің ғылыми-техникалық негіздемесі» атты жұмыстың жаңалығы қоршаған ортаға еш залалы келмейтіндей және улы заттарсыз таза технологияны пайдаланып, қорғасын-мырышты тотыққан кендерден барий, күміс, қорғасын, мырыш және тауарлық өнімдерді жоғары техника-экономикалық көрсеткіштерімен кешенді өңдеу технологиясын  пайдалана отырып бөліп алу жолын әзірлеу болып табылады.

Іргелі ғылымдар бағдарламасы бойынша емдік дәрі-дәрмек жасауда «Фитохимия» Халықаралық ғылыми-өндірістік  холдингі» АҚ «Өсімдіктер және олардың синтетикалық баламаларының жаңа биологиялық белсенді қосылысы» тақырыбында алғаш рет бірегей дәрілік заттар алуды қолға алғанын мақтанышпен атап айтуға болады.  

 

Сонымен қатар фармацевтикалық өндірісте дәрілік субстанцияда сатылай бақылау жүргізу үшін стандартты үлгі ретінде пайдаланылады. Ғылыми бағдарламада гармал гармин субстанциясын бөліп алу және тазалаудың оңтайландырылған әдісін «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» серіктестігі өндіріске тәжірибе ретінде енгізді. Алғаш рет 2-(бромалкокси) және тиісінше 2-(азидоалкокси) алу тәсілі әзірленіп, «кумарин-халконов» гибридті синтезінде пайдалану мүмкіндігі зерттелді.

Нәтижесінде, рентгенқұрылымдық зерттеулерде алғаш рет 14 молекулалы кеңістік құрылымын белгіленген табиғи қосылыстар орнатылған. Бұл ақпарат Кембридж банкінің құрылымдық деректеріне енгенін атап айтуға болады.

Алғаш рет жоғары антиоксидантты белсенділікке иеленетін гидразонапиностробина зертханалық регламент арқылы алу тәсілі әзірленді.

«Қазақстан Республикасында атом энергетикасының дамыту бағдарламасы бойынша энергетика саласында жер бетінің атмогеохимикалық түсіруде оның геологиялық ортадағы техногендік өзгерістерінің әдістемесі мен модельдік бағдарламасы әзірленді.

Алғаш рет Қазақстанда радон 222Rn изотопынан дозалық жүктемесі анықталып, қазақ ғалымдары оны алудың әдістемелік нұсқаулығы әзірлегенін мақтанышпен айтуға болады.

Осы нұсқаулықты сынау нақты Ақмола облысы Калачи ауылы тұрғындарына жүргізілді. Бәріміз білетіндей бұл ауылда 2014-2015 жылдары айтулы дүрбелең тудырған «ұйқы синдромы» оқиғасы орын алған еді. ҚР ҰЯО-ның мамандары табиғи радионуклидтердің 222Rn-ге қатысы болуы мүмкіндігін анықтады.

Еліміздегі ең танымал Жану мәселелері институты машина жасау саласында 3 D принтинг» ғылыми орталығының негізін қалап, ұйымдастыру Қазақстанда алғаш рет пластмассамен жұмыс жасау және бетоннан үй тұрғызу жұмыстары үшін отандық 3D принтерлер жасап шығаруды қолға алды.

Сонымен алғашқы отандық пластмассадан бұйымдар басып шығаратын түрлі-түсті 3D принтер әзірленді. 3D принтерді тестілеу мен сынақ жүргізу ойдағыдай сәтті жүргізіліп, пластмассадан тестіленген бұйым алынды. Сонымен қатар ұсақ темір қосалқы бөлшектерді еш қиындықсыз дәлме-дәл тетікке бағыттай алатын, 5 сатылы еркін қимылға ие бетонмен жұмыс жасайтын қатты металдан экструдер әзірленіп, жасап шығарылды.

Үйдің сұлбасын тұрғызатын 3D принтердің жалпы технологиялық схемасы әзірленді. Түрлі-түсті 3D принтердің механизмі пысықталып, жаңа бағдарламалар енгізіліп, жұмыс істеуі жүйеленді.

Ал медицина саласы бойынша «Арал маңындағы тұрғындардың денсаулық жағдайын кешенді басқарудың тәсілдері» алғаш рет экологиялық тәуелді аурулардың пайда болуын айқындайтын Арал маңы тұрғындарына әсер етуші экологиялық ауыртпалықтың дозасын (мөлшері) анықтады.

Зерттеуге алынған елді мекендердегі суқоймаларынан, сондай-ақ топырақ және шөгінділерінен жоғары сульфат және паразиттік қоздырғыштармен зақымданғаны анықталған.

Онкологиялық аурулардың (өңеш, асқазан, бауыр обыры) пайда болуы табиғи ортаның хлоридтер, сульфаттар және металдардың кездесуімен тікелей байланысты екені ғылыми тұрғыдан дәлелденді. Сонымен қатар ер мен әйелдің репродуктивті жүйесі және гуморальдық иммунитеттері бұзылып, балаларда дене ұзындығының төмендеуі, ССС және ЖКТ функционалдық баланстың бұзылуы, темір жетіспеушілік анемия, бронхиалды астма аурулары жиі кездеседі.

Қоршаған ортасы ластанған Арал маңы тұрғындарының жағдайының алдын алу, түзету және оңалту шаралары жүргізілген.

«Қазақстан Ресубликасының 2014-2016 жж. биомедициналық индустриясының негізін қалауда трансляциялы және персоналдандырылған медицинаның дамуы» (Назарбаев Университеті) бағдарламасынан алынған нәтижелер биофармацевтикалық препараттар өндірісі бүкіл әлемдік зерттеулер контексіне жаңалық  болып отыр.

Алғаш рет Назарбаев Университеті ғалымдары адамның дін жасушаларындағы индукцияланған плюрипотенттерінде эритроциттердің қалыптасуындағы гипоксия әсерін зерттеді. Клиникаға дейінгі зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, сүйек асты жасушасын пайдалана отырып, жасушалы-имплантациялы жүйесін әзірлеу шеңберінде гепарин-конъюгировалы фибринды гидрогелді (ГКФГ) қолдану сүйек ақауын толық қалпына келтіруге және небәрі 12 аптада шоғырландыруға септігін тигізетіндігі анықталды.

Осылайша, соңғы жылдары қазақ ғылымы дамудың жаңа сатысына көтеріліп, өзінің күші мен қуатын әлемге паш етті.

№61 КӘЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Адам құқығы — конституциялық құқықтың маңызды институты. Мемлекет ішіндегі құқық, сондай-ақ халықаралық құқық саласын да ол ХХ-ғасырдың екінші жартысында ерекше дамып, бұл адамзат құқығының дамуындағы елеулі қорытындыларының бірі болып табылды.

Адам құқықтары — адам жарық дүниеге, өмірге шырылдап келген сәттен бастап пайда болады. Адам құқықтары — адамның өз мүдделерін заң шеңберінде жүзеге асыру мүмкіндігі. Адам құқылары табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи құқықтар дегеніміз — адамның тіршілік етуінен туындайтын (мысалы; өмір сүру, еркіндікке жету, жеке басына тиіспеушілік т. б.) құқылары. Әлеуметтік құқылар дегеніміз — адамның мемлекетпен өзара әрекеті процесінде пайда болатын (мысалы; білім алуға, еңбек етуге, байқуатты өмір сүруге, азаматтық алуға, сот әділдігіне жүгінуге, еркін жүріп-тұруға, мүліктерді иеленуге т.б.) құқықтары.

Қоғамдық қарымқатынастарға құқықтық нормалардың тиімді әсер етуді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың құқықты қолдану қызметінде сот билігін жүзеге асырушы болып табылатын сот жүйесіне үлкен рөлі беріледі.

Адам құқыларының жалпыға бірдей Декларациясының 8-бабында бекітілген, тәуелсіз және әділ сот арқылы істің әділ және ашық қаралуын талап етуге құқығы, Қазақстан Республикасының Конституциясының 12-бабымен да кепілдік берілген, онда: «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар» делінген.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында, құқықтық саясаттың маңызды мәселесі азаматтардың Конституция кепілдік беретін сот арқылы қорғалу құқын жүзеге асыруы деп ерекше атап өткен. Соның ішінде Елбасы сот төрелігін жүзеге асыру процесін оңайлатып, артық бюрократиялық рәсімдерден арылту керек екенін тапсырды, жаңа ақпараттық технологияларды белсенді енгізген жағдайда мұны істеу қиын емес екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол соттардың жұмысын жеңілдету мақсатында дауларды соттардан тыс реттеу институттарын дамытуды жалғастыруды тапсырып, болмашы мәселелер бойынша дауларды шешу соттардан тыс тәртіппен жүргізілетіндей тетіктер қарастыру қажет екенін айтты.

Бүгінгі күнде Елбасының осы тапсырмаларын орындау аясында республика соттарымен «Виртуалды сот», SMART-сот пилоттық жобалары жүзеге асырылуда, сонымен қатар татуластыру рәсімдері, соның ішінде медиацияда белсенді дамып келеді.

Қазіргі уақытта республика соттары сот отырыстарын қашықтықта жүзеге асыруға мүмкіндік беретін аудио-,бейнетіркеу жүйелерімен жабдықталған. Яғни адам, басқа жерде бола тұра сот отырысы залымен бейнеконференцбайланысы арқылы қосылып, тыңдалуына, сонымен қатар, өзі де сот процесінде не болып жатқанының барлығын естуге мүмкіндігі бар.

Бүгін мобильдік технологиялар бізге әрі қарай дамуға мүмкіндік береді. Адамға сотқа келуде қажет емес, ол үйінде, кеңседе отырып немесе сапарда, демалыста болып, соттың жүйесіне өзінің смартфоны, планшеттік компьютері немесе смарт сағаты арқылы да қосыла алады. Ол үшін сот отырысына қатысушыға өзінің мобильдік құрылғысына «TrueConf» арнайы қосымшасын орнату керек, содан кейін сот отырысына логин арқылы қосылуға облыстық соттың программистері көмек көрсетеді. Ол үшін өзінің мәліметтерін және қаралатын істің номерін беру қажет. Бұл адамның сот арқылы қорғалу құқығын анағұрлым жеңілдетті.

Атап айтқанда Жангелдин аудандық соты ауданымыздың облыс орталығы мен басқа да ірі қалалардан анағұрлым қашық аралықта орналасқандығын ескеріп, сот төрелігін жүзеге асыру кезінде алдыңғы қатарлы электрондық сервистерді кеңінен қолданады.

Сондай-ақ, бүгінгі күнге республика соттарымен «Татуластыру: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жобаның жүзеге асырылуында дауды шешудің сотқа дейінгі және соттан тыс механизмдерінің дамуына, медиация институтының әйгілендірілуіне ерекше көңіл бөлінеді.

Медиациялық келісім арқылы қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша тараптар даусыз, ұрыс-керіссіз, өз қалауы және өз еркі бойынша өздеріне, екі жаққа да тиімді келісімге келе алады. Бұл жерде тараптар сотқа келіп кетумен байланысты қаражат шығындары мен уақыттарын үнемдейді және істі әрі қарай қоздырмай екі жаққа да тиімді негіздерде медиациялық келісім бойынша іс жүргізуді тоқтата алады. Бұл жерде адам өз еркін, өз қалауын білдіре алады.

Адам құқығы — адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, заңмен қорғалатын ең жоғарғы демократиялық құндылық. Сондықтанда әрбір адам өзінің де, басқаның осы құндылығын бағалай білу және оған ешқандай да зиян келтірмеу керек.

 

№62 БҮГІНГІ БІЗ КЕЗДЕСІП ОТҚАН ЖАҺАНДЫҚ ПРОБЛЕМА?

Адамзаттың дамуы тұрғысынан алғанда, біз өмір сүріп отырған заман осы кезге дейінгі интеллектуалдық, ғылыми және техникалық тәжірибе жинақтаудың ең биік шыңы екендігі еш күмән тудырмайды. Біз қордаланып қалған, шешімін таппаған көптеген жаһандық мәселелердің ортасында өмір сүріп келеміз. Адамзат ғаламдық деңгейдегі әртүрлі күрделі сын-қатерлермен бетпе-бет келіп қана қоймай, алдағы 20-30 жыл ішінде соларды шешудің оңтайлы жолдарын іздеп табуға мәжбүр. Ғаламдық сипаттағы сын-қатерлерді қарастырғанда мәселенің ғылыми-техникалық астарларымен қатар, философиялық, діни және рухани негіздерін де ұмыт қалдырмаған жөн. Тіпті, сол мәселелердің туындауының негізгі себебі адамның өзіне келіп саятынын, оның мінез-құлқына, тәлім-тәрбиесіне, жауапкершілігіне тікелей байланысты екендігін де ашық айту қажет.

Адамзат өз даму жолының қорытындысын жасап, өз өткеніне әділ баға беріп, дамудың жаңа сапалы кезеңіне аяқ басқалы тұр. Осы орайда, ғылыми ой мен діни сенім, адам ақылы мен жасанды ақыл, үшінші технологиялық төңкеріс пен адамның экологиялық жауапкершілігі, нарықтық прагматизм мен жаңа үлгідегі «жасыл» экономика, капиталистік индивидуализм мен жалпы адами құндылықтар арасындағы текетірес пен қайшылықтар адамзатты тағы бір қасіретті де қараңғы дәуірге жетелеп, адастырып, нәтижесінде тағы да сан соқтырып кетпесіне кім кепіл? Ғылым мен технология қарыштап дамыған ХХ-ХХІ ғасырларда тарихта бұрын-соңды болып көрмеген кісі өлімінің тіркелуі, дүниежүзілік соғыстар мен қарулы қақтығыстардың, құқықтық заң бұзушылықтар мен экологиялық қылмыстардың, геноцид пен қуғын-сүргіндердің, атомдық жарылыстар мен техногендік апаттардың орын алуы, өндірістік қалдықтардың табиғатты, жерді, суды, ауаны ластауы сынды оқиғалар адамзаттың психологиясында, санасы мен тіршілігінде жағымсыз әсерлер қалдырғаны рас.

Қазіргі дағдарыс жағдайынан шығудың жолдары қандай, адамзат үшін жаһандық мәселелерді шешудің философиясы неде, бұл турасында

ғылым не дейді, дін не дейді, деген сауалдарға жауап табу мақсатында әл-Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультетінің доценті,

философия ғылымдарының кандидаты, шығыстанушы Жанат МОМЫНҚҰЛОВПЕН әңгімелескен едік.

Адамзаттың дамуы тұрғысынан алғанда, біз өмір сүріп отырған заман осы кезге дейінгі интеллектуалдық, ғылыми және техникалық тәжірибе жинақтаудың ең биік шыңы екендігі еш күмән тудырмайды. Біз қордаланып қалған, шешімін таппаған көптеген жаһандық мәселелердің ортасында өмір сүріп келеміз. Адамзат ғаламдық деңгейдегі әртүрлі күрделі сын-қатерлермен бетпе-бет келіп қана қоймай, алдағы 20-30 жыл ішінде соларды шешудің оңтайлы жолдарын іздеп табуға мәжбүр. Ғаламдық сипаттағы сын-қатерлерді қарастырғанда мәселенің ғылыми-техникалық астарларымен қатар, философиялық, діни және рухани негіздерін де ұмыт қалдырмаған жөн. Тіпті, сол мәселелердің туындауының негізгі себебі адамның өзіне келіп саятынын, оның мінез-құлқына, тәлім-тәрбиесіне, жауапкершілігіне тікелей байланысты екендігін де ашық айту қажет.

Адамзат өз даму жолының қорытындысын жасап, өз өткеніне әділ баға беріп, дамудың жаңа сапалы кезеңіне аяқ басқалы тұр. Осы орайда, ғылыми ой мен діни сенім, адам ақылы мен жасанды ақыл, үшінші технологиялық төңкеріс пен адамның экологиялық жауапкершілігі, нарықтық прагматизм мен жаңа үлгідегі «жасыл» экономика, капиталистік индивидуализм мен жалпы адами құндылықтар арасындағы текетірес пен қайшылықтар адамзатты тағы бір қасіретті де қараңғы дәуірге жетелеп, адастырып, нәтижесінде тағы да сан соқтырып кетпесіне кім кепіл? Ғылым мен технология қарыштап дамыған ХХ-ХХІ ғасырларда тарихта бұрын-соңды болып көрмеген кісі өлімінің тіркелуі, дүниежүзілік соғыстар мен қарулы қақтығыстардың, құқықтық заң бұзушылықтар мен экологиялық қылмыстардың, геноцид пен қуғын-сүргіндердің, атомдық жарылыстар мен техногендік апаттардың орын алуы, өндірістік қалдықтардың табиғатты, жерді, суды, ауаны ластауы сынды оқиғалар адамзаттың психологиясында, санасы мен тіршілігінде жағымсыз әсерлер қалдырғаны рас.

 

№63 ШЫНДЫҒЫНДА БІР АДАМ  ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСЫ ЖАҚҚА ӨЗГЕРТЕ АЛАДЫ МА?

Адам әлемді өзгерте ала ма? Сөзсіз, жауап иә. Адам жер бетінде пайда болғаннан бері көп нәрсе өзгерді. Адам әрекетінің әсерінен кейбір жануарлардың популяциясы азайып, басқа түрлері мүлдем жойылып кетті. Флора мен фаунаның қалған бөлігімен де солай болды.

Біз шын мәнінде жататын Homo Sapiens түрі пайда болғанға дейін адамдардың басқа түрлері болған деп мәлімдейтін кейбір зерттеулер бар. Күн астындағы орын үшін күрестің арқасында парасатты адам қалған түрлерді жойды. Бұл да әлемді өзгертті.

Адамдардың өмірінде де өзгерістер болды. Егер адамдар пайда болған сәттен бастап шағын тайпаларда өмір сүрсе, аңшылық және терімшілікпен айналысса, мыңдаған жылдардан кейін көп нәрсе бірқатар өзгерістерге ұшырады. Өнеркәсіптік революциялар болды, адам барған сайын жаңа қолөнерді игере бастады, оның өмірі мен өмір салты күрт өзгереді. Адамзат бірте-бірте қазіргі кездегідей даму деңгейіне келеді.

Бірақ, сөзсіз, адамзат өркениетінің ең үлкен жетістігі – ғарышқа ұшу. Адамдар біздің планетамызбен және Әлемнің басқа тұрғындарымен танысуды бұрыннан армандаған.

Бүгінгі күнге дейін адамзат өркениеті ата-бабаларымыздан да мол білімге ие. Медицина, ғылым, білім күн сайын көбірек жетістіктерге жетуде. Әрине, прогресс адамзат болғанша жалғаса береді.

Демек, әлемде бәрі жарық жылдамдығымен өзгереді. Кім біледі, мүмкін болашақта адамзат өркениеті Жер планетасында ғана өмір сүретін шығар. Бәлкім, біздің ұлан-ғайыр ғаламды зерттеп жүрген ғалымдар өмір сүруге болатын планетаны табатын шығар.Адамдарға шешілмейтін болып көрінетін мәселелер: табиғат ресурстарын экологиялық таза пайдалану, планетаның флорасы мен фаунасын сақтау, аштықпен және басқа да экономикалық факторлармен күресу соншалықты күйіп кетпейді, өйткені адам олардың шешімін табады. . Мүмкін, медицина жаңа деңгейге көтеріледі: адамдар емделмейтін аурулармен күресуді үйренеді, сонымен қатар өлместіктің кілтін табады.

Бірақ, бір адам әлемді өзгерте алмайды. Мұндай маңызды миссия үшін ол қоғамда болуы керек. Адамзаттың пайда болғаннан бергі тарихына тереңірек үңілсеңіз, бұл шындық анық. Жалғыз өмір сүретін адам жаһандық өзгерістерге қабілетті емес, өйткені пікірлестердің болмауы оның қызметін айтарлықтай қиындатады.

№64  МЕНІҢ ӨМІРЛІК МАҚСАТТАРЫМ

Әрбір бала – жарқыраған шамшырақ, оны жаға білген ұстаз ғана ұтады.

Мен бүгінгі таңда білім беру саласында  2 жылдай еңбек етіп келемін. Күн сайын алдымда адал көздерімен жәудіреп отырған шәкірттеріме зер сала қараймын. Қарап отырып, ойланамын. Алға үмітпен талпынған олардың алдында менің де ұстаз ретінде үлкен жауапкершілігім бар екенін іштей сезінемін. Сондықтан да менің өзіме қоятын талабым, алдыма қойған мақсатым жоғары деңгейде болуы тиіс, себебі сол жарқыраған шамшырақты жаға білу – менің ұстаздық парызым. Сыныптағы оқушылардың бірі зерек, бірі алғыр, бірі енжар, бірі баяу, ал енді бірі тым пысық. Ал, менің бәріне беретін білімімнің мазмұны мен қоятын талабым бірдей де, олардың қабылдауы әр түрлі.

Елбасымыз: «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік тұр, оны арқалап жүрген – ұстаздар. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен өлшенеді», – деген еді. Олай болса, бұл мәселеге мен де өз үлесімді қосуға тырысуым керек.

Қазіргі таңда мектеп табалдырығын аттаған әрбір бүлдіршін – ол ертеңгі қоғам мүшесі, болашақ иесі. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Алдындағы әрбір шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға қанатын талмайтын етіп қатайтып ұшырады.

Қандай рақат, шын бақытын тапса адам, – деп ақын жырлап өткендей, шынымен де, «бақыт» деген ұғымның бір шеті мен үшін осы ұстаз мамандығымен ұштасып жатыр. Ұстаз деген кім? Ұстаз – шәкіртін адалдыққа баулушы, өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін себуші, жақсы мен жаманды үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, ең жақын жанашыры әрі ақылшысы, досы әрі сырласы. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі қоғамды ертең алға сүйрейтін озық ойлы адам тәрбиелеуші, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаушы.

Мен мұғалім мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін. Мектепте оқып жүргенде-ақ өзімді іштей дайындап, өзімнің болашағымды осы ұстаздық жолында екенін сезінетінмін. Өзіме аянбай білім нәрін берген ұстаздарыма мың алғыс. Бәріміз де ұстаздың қолынан ұшқанбыз.

«Жаңашыл ұстаз»… Бұл атау бүгінгі таңда педагогика саласында жиі ауызға алынып жүрген жаңа ұғымдардың бірі. Қазіргі кезде жаңашыл мұғалім ретінде даму – уақыт талабы.

Менің ойымша жаңа заман мұғалімі шебер, шығармашыл, ой-өрісі кең, білімді, мәдениетті болу керек. Демек, мен өз бойымдағы барлық жақсы қасиеттерімді оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуде үйлестіре отырып, мінсіз оқушы шығаруым керек. Өз ойларын еркін жеткізе алатын, білімді, алған білімдерін өмірде қолдана алатын оқушыларды жетілдіру менің қолымда. Ол үшін еңбек етуге дайынмын. Осы мақсаттарыма жету үшін ары қарай жұмыс істеу, шебер ұстаз болу тек қана өзіме байланысты. Сондықтан аянбай барлық күшімді салуым керек. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес па?!

 

№65 ЖҰМЫСТАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ҚАЛАЙ ЖЕҢГЕНДІГІҢІЗДІ АЙТЫҢЫЗ

Өмір. Өмір деген өзені сарқыраған, сулары арқыраған, құстары шиқылдап, әсем әуенге салған таңғажайып әлем. Бірақ та осы ғажайыптардың бәрі жоғалып, адамның әлемін қара түнек басатын кездер де болады. Бұл кезеңді қиындық кезеңі деп атайды. Қиындық кез келген адамның басынан өтетін жағдай. Бірақ мұны кейбіреулер болмашы нәрсе ғой, өтеді де кетеді деп қабылдаса, кейбір адамдар тағдырдың берген ауырпалығы деп түсінеді. Негізінде қиындықты жеңудің жолы бар. Ең бастысы қиындыққа қаймықпай қарсы тұрып, оны бір өтіп кететін нәрсе де қабылдау керек. Қиындықты күні бойы ойласаңыз, жансызданып қаласыз. Қиындықтар туралы ойлай берсеңіз, оның салмағы азаймайды, одан да әрекет етсеңіз одан құтылуға болады. Солай ғана оны жеңіп шығуға болады.

Маған да көптеген қиындықтар қарсы тұрып, жолыма тосқауыл болды. Сонда мен де күні бойы сол туралы ойлап, салым суға кетіп жүретін. Әрине, менің өмірімдегі қиындықтар сабаққа қатысты болды. Орыс тілін өте төмен деңгейде білдім, информатика сабағы да көптеген қиындықтар тудырды. Сонымен қатар отбасымнан жырақта жүрген соң оларға деген сағынышым да жанымды жегідей жеді. Күнде уайымдап, жылап, өз-өзімнен таусыла беретінмін, тіпті өмір сүруге деген құлшынысым азайып, алға қойған жоспарларымның ешқайсысы жүзеге аспады. Ұзақ жыладым, ешкіммен араласпай, дос болмай жүрдім. Сонда мен не ұттым? Әрине мұның бәрі маған кері әсерін тигізді. Ата-анам да мен үшін уайымдап, ұйықтамай жүрді.

Түбінде мен үлкен жеңіске жеттім, өз қиындықтарымды жеңе білдім. Мұның ешқандай қиыншылығы жоқ. Ең басты алдыңа мақсат қоя біл, егер бір нәрсе қолыңнан келмесе, тырыс, талпын, сонда ғана сен сол көздеген мақсатыңа жетесің. Мен бүгін төмен нәтиже көрсетсем, келесіде жоғарғы нәтижеге жету үшін көп еңбектендім, және осы еңбегімнің жемісін көрдім. Сонымен қатар кейбір адамдар қиындықты өзі шақырып алады. Егер қиындық сені қуып келе жатса да артыңа қарама, оны ұстатпай қашып кететініңе сенімді бол. Бірақ саған қашу үшін күш керек, ал сен күшті өмірден аласың. Сол үшін сен өміріңді жандардырып күш жина, сол күшпен қиындық атаулыға оп-оңай тойтарыс бере аласың.
Мен де күрестім, бірде жеңдім, бірде жеңілдім, бірақ мені жеңістерімнің көп болғандығы қуантады. Тағы да айта кететін нәрсе, қиындығың туралы жалғыз өзің ғана білмей, өзге адамдармен де бөліс, сонда олар саған бұндай жағдайлардан шығуға көмектеседі.

Қорытындылай айтқым келетіні, алдыңа мақсат қоя біл, сол мақсатқа жетер жолда талай сүрініп, талай жығылсаң да ешқашан мойныңды артқа бұрма. Осы кезден бастап өз-өзіңді мықтылыққа тәрбиелесең, болашақта кез болған барлық қиындықтарды жоя аласың.

 

66 МЕНІҢ КӘСІБИ ЖЕТІСТІКТЕРІМ-ИЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ

Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», — деп халқымыздың  ұлы ақыны, ойшылы, сазгері, қара сөздің қас шебері Абай Құнанбаев атамыз айтып кеткендей, кез келген адам «Өмір» деген атты дүнеде өз орнын табуға тырысады, яғни өседі,көреді, өнеді,тәрбиленеді. «Еңбекпен тапқан нан тәтті» демекші, қалаған мамандықтарының қызығын көреді.  Балалық шақта кішкене сәби жүрек қиялшыл, жақсыға құмар еліктегіш болып келеді. Бала кезден мен армандаған мамандық-ұстаз болу еді. Қазіргі таңда сол мамандықтың иесі болып табыламын.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

РЕКЛАМ

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы,-

деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғанымды мақтан етемін. Себебі ұстаз болу-жай мамандық емес. Ұстаздық-қызық та бейнеті көп мамандық.Осы орайда менің мақсатым: тек білім қағидаларын меңгерту ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі тануға, дамытуға ұмтылатын,ақылды да алғыр, қабілетті, өз көзқарасын ашық айта алатын балаларды тәрбиелеу. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалімнің бейімділігі, дарындылығы көбінесе оқушының тағдырын шешеді. Мұғалім үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып,  үйренсем, білсем, таныссам деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл, ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға » дейді қазақ. Бұл басқа емес, дәл ұстаз, мұғалім мамандығына арнап айтылған мақал.

Қай заманның болсын мұғалімі  ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегеніндей, ұстаз деген киелі мамандықтың сырын ашып, өз еңбегімнің жемісін көріп, мектеп деген үлкен өзенде жүзіп келе жатқаны — өз мамандығымды шексіз сүюден болар. Біріншіден — өз мамандығымды сүйдім, сол өз мамандығымды сүю арқылы өз шәкірттерімнің жүрегіне жол тауып, оларды өз істеріме сүйсіндіре білдім. Бұл мұғалім үшін үлкен қуаныш.

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Менің ойымша, ұстаз болу — кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Нағыз ұстаз шәкірттерін «біз жақсы

Ұстаз сөзінің ұғымы мен үшін кең дүние. Оның ең негізгі мәні — жақсылыққа тәрбиелеу, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуге үйрету дегенді білдіреді. Ұстаз бен шәкірт сүйіспеншілігі – адам баласының қатынастарының ең бір абзалы, әрі мағыналы, мәнді түрі.

Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы.. тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.

К.Д.Ушинскийдің «Мұғалім — ол өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім.Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де тоқтайды» деп бекер айтпаған.Сол үшін де ұстаздықтың қыр-сырын жетік меңгеріп, игеру жолында тынбай еңбек етуді мақсат етуде. Жүсіпбек Аймауытов «Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көрсін» деген екен. Олай болса, құрметті ұстаздар, өз мамандығын, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйе отырып, осы іске деген қызығушылықпен, әрбір ізденіс, әрбір іс- қимылымыз тек оқушыға, оның біліміне, оның болашағына ғана арналса, шәкірттеріміз сол білімді жоғары дәрежеде көрсетіп,  ақылды да алғыр, қабілетті, өз көзқарасын ашық айта алатын, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелейтініміз күмәнсіз.

 

67 МЕНІҢ КӘСІБИ ЖОЛЫМ

Данышпан да, дана да оқып сенен,

Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.

Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

 

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық — ұстаздық мамандығы. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Менің пікірім бойынша бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелей отырып, оқушының бойына жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын дарыту қажет. Ол үшін білімді, еңбекқор, бала жанын түсіне алатын болса ғана ұстаздық кәсіптің шыңына жете алады деп ойлаймын. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы.  Мен өз кәсібімді, өз пәнімді, барлық шәкірттерімді, мектебімді шексіз сүйемін.    Ұстаздық қызметіме  деген қызығушылық пен сүйіспеншілік мені небір қиын әрекеттерге жетелеп, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалатыныма сенемін. Әр  ұстаздың қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс- тұрысы, жинақы іс- әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге  бола білуі тиіс деп ойлаймын.

Менің педагог ретіндегі басты ұстанымым-Өз ұлтыма рухани діңгегі мықты, әлемдік кеңестікке еркін самғай алатын, білім мен тәрбие деп аталатын қос қанатын қомдаған заманына сай ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесімді қосу. Мемлекеттің күшеюі мен ұлттық гүлденуі дарындыларға, таланттыларға тәуелді екені белгілі. Ал дарындылар тәлім — тәрбиенің алдыңғы шегінде жүрген мұғалімдер алдынан шығатыны сөзсіз. Оқыту мен тәрбиелеу мақсатында жүргізілген жұмыстың тиімді көрсеткіштерінің бірі – оқушының белсенділік қабілеттері және пәнге деген қызығушылығын ояту, терең де мазмұнды білім беру, ой-өрісін, шығармашылық ізденісін дамытып, қазіргі нарық заманы бәсекесіне төтеп бере алатындай білікті тәрбиелі шәкірт, азамат тәрбиелеу.

Еліміз егемендік алып, өз алдына тәуелсіз мемлекеті болды. Тәуелсіз елеіміздің болашағы кімдер? Олар – бүгінгі менің алдымда отырған шәкірттерім. Тәуелсіз елеміздің берік тірегі – білімді ұрпақ. Ендеше жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе- оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, рухани бай, салауатты жан-жақты дамыған жеке тұлға даярлау менің басты парызым. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген еді. Ұстаздық қызметті ерекше ұлықтаған халқымыз өзінің ең қымбаттысын – балаларын оқытып, тәрбиелеуді  бізге — мұғалімдерге тапсырған. Сондықтан кездесетін қиындықтарға қарамастан білім сапасын арттыру, баланы тәрбиелеу – мұғалімдер қауымының міндеті. «Адамның адамшылығы… жақсы ұстаздан» деп Абай атам айтқандай, мен қандай болсам, алдымдағы шәкірттерім сондай боп шығарын түсінемін. Шынында да, бала болашағы – менің қолымда. Қызығы да, қиындығы да мол ұстаздық жолдан мүдірмей өтсем, менің де биік шыңға шыққаным.

Абай атамның «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретудан балаға» деген қасиетті қағидасы менің әрдайым жүрегімнің түкпірінде ұстайтын ұстанымым.

Мұғалім – мектептің айнасы, бәйтерегі. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” – деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші, мұғалім жақсы білімді болса, білген білімін алдында отырған шәкірттеріне үйрете білсе, ол мектептен бала көбірек білім алып шығады.

Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы.

Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде жасауы да сан ғасырларға жалғаса береді. Білім күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді.

Бұдан біз білімнің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіземіз.

Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.

Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ.

Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор.

Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы“Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақтытәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.

«Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға»-дегендей ұстаз болғанымызды мақтан етемін.

 

№68 ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТУ ҮШІН,СІЗ ӨЗІҢІЗДІ ӨЗГЕРТУІҢІЗ ҚАЖЕТ.СІЗ БҰНЫ ҚАЛАЙ КӨРЕСІЗ?

Өзіңді-өзің тәрбиелеу оңай дүние емес екені бәрімізге мәлім. Алайда, адам баласы кез-келген затты және іс-әрекетті өзіңнен бастау керек екені анық. Дегенмен де біздің қазіргі қоғамда адамдар өзін-өзі тәрбиелеуге аса назар аудара бермейді. Мысалы мен мына бір мақалды эфиграф ретінде ала отырып, осы мақалға сүйену арқылы шығарманы жазуды жөн көрдім. «Тәрбиесіз алған білім- адамзаттың қас жауы» деген атам қазақ ендеше кез- келген адам өзін-өзі басқаруы, бақылауы қажет. Себебі адам өз іс-әрекетіне үнемі есеп бере бермейді. Сондықтан да өмірде көптеген қателіктерге тап болып жатамыз. Бұл дегеніміз адамдардың өз –өзіне аса мән бермеу, яғни әр адамның жүріс –тұрысы, көзқарасы, пікірі болады. Адам болған соң қоғам болады. Қоғамда әртүрлі адамдар да болады. Сол себепті барлық зат біз ойлағандай бола бермейді. Өмірде жақсы–жаман бірге жүреді соны ескере отырып, өзіміздің жүрген ортамызды табу яғни адам баласына сен жүретін ортаныңда әсері қоғамның да әсері зор. Сондықтан да адам бірінші өзінен бастау керек. Мен кіммін? Қалай киінем? Қалай жүрем, кіммен жүрем? Қалай сөйлеуім керек? Осы өмірде менің қалағаным не? деген сияхты көптеген сұрақтар үнемі мазалап тұру керек.

Дәл өзің қалағандай өзгергің келсе төмендегі алты кезеңді есте сақта!.

Бірінші кезең – адам өз –өзіне деген сенім қалыптастыру керек.

Екінші кезең-табандылығы мен төзімділік қажыр қайтаты мықты болу.

Үшінші кезең-адалдықпен, адамкершілік рухани жан дүние тазалығын қалыптастыру.

Төртінші кезең-өз іс-әрекетіңді мұқият қадағалау.

Бесінші кезең-ашу,ызаны жеңе білу.

Алтыншы кезең-кез-келген нәрсе шешім қабылданған соң басталады.

Бұл кезеңде сондай-ақ адам өзіне белгілі бір үлгі табу, яғни, өз-өзіңді тәрбиелеудің нәтижесі қандай болу керек екендігін нақты белгілеп алу. Өзіндік танымы мен қоршаған ортаның әсерінен адам өзіне үлгі құрады екен. Кейде адам өзінің болашақта болғысы келетін абстрактылы бейне ойлап табады. Идеал – белгілі бір адам бейнесінде немесе нақты бір шарттар (сыртқы келбет, сөйлеу мәнері, адамдық қасиеттер) арқылы белгіленеді. Өзін-өзі тануы, өзін-өзі тану үдерісінде белгілі бір қасиетті анықтау және дамыту әрекеті жүзеге асады. Оларды дәл анықтау адамның өзіне байланысты болады. Сонымен қатар осы кезеңде адами құндылықтарды нақтылау үдерісі жүреді. Әлем біздің ішкі және сыртқы жан дүниемізбен үлесу керек.Сонда ғана нәтижелі іс-әркет қалыптасады.Егер сіз өзіңізді басқара білсеңіз сіздің оқу мен

болашағыңыз анықтала бастайды. Бұлай деп айтып отырғаным мен осы өзін -өзі тану пәнін мектепте оқу барысында көптеген өміріме қажетті құндылықтарды түсіне бастадым. Нақты дәлелдеп айтатын болсам менің көзқарасым жүріс-тұрысым басқаша еді.

Мен өзін –өз тану пәніне деген қызығушлығым оянып өмірге деген көзқарасым,пікірім мүлдем түп нұсқасымен өзгерді десем артық айтпаған болар едім. Менің өзін – өзі тану пәнінен алаған білімім мен тәрбиемді кез-келген жерде тиімді пайдалана аламын деп толық айта аламын.Себебі әлем өзгеру үшін мына бізден басталады.Әлемнің бастауы біз. «Әлем өзгереді менде өзгеремін». Біздің әлемде болып жатқан құбылыс немесе т.б заттың бәрі өзгеріс деп түсінем. ХХІ ғасыр әлемінде техникада тіпті күнделікті тірлікте пайдаланатын заттың бәрі де өзгерді. Қараңғы сезім мен тұңғиық ойдан аулақ болу. Жаңа өмірге деген жаңа білімге деген көзқараспен ой-сана, сезім де түп нұсқасымен өзгеру керек. Өзгеру үшін өзімізден бастау алу. Экономика, бизнес тіпті таға басқа да барлық ішікі және сыртқы рынокта өгеру қажет біз өзіміз нені қалаймыз және неге қол жеткіземіз қалай білім аламыз? Қандай ұрпақ боламыз, деген сұрақ болу қажет. Бізден болашақ көп нәтиже күтеді сондықтан да қазіргі өскелең ұрпақ қандай болу керек? Жан-жақты мобилді адам болып қалыптасуды қажет етеді.Өз бетімізбен білім алу, өздігімізбен шешім қабылдай білу нәтижелі іс-әрекет жасуға ұмтылу ол барлық осы қоғамда өмір сүріп жатқан адамдардың бүгінгі заман талабы десем де қателеспеген болар едім. Әлем бізді емес біз әлемді өзгертуміз қажет деп түсінем.«Ұлт болашағы білімді ұрпақта» деп елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай білімді болып ғана қоймай тәрбиелі тәлімді азамат болу шарт. «Сауатты ұрпақ салауттылық нысаны» деген ұстанымды үнемі бойыма сіңіріп келемін. Еңбек ету, талпыну қоғамға, ортаға пайдалы жұмыс жүргізу.Адал еңбек ету барыңды бағалай білу. Жоққа қанағат, барға нысап жасау. Беркелі елдің бейбіт өмір сүруіне үлес қосу. Адам өзінің де, өзгеніңде қателігін көрсең бетіне басу емес сол қателікті жібермеуге тырысу. Өмірде барлық адам өз қалауынша өмір сүруге болады. Бірақ қалаған заттқа жету үшін тағыда адал еңбекпен төзім сенім болу керек. Өзімізді-өзіміз басқару ол басты мәселе.

Өз -өзіңді бақылау, бағалау, қадағалау қарам-қатынастан басталады. Адам мен сөйлесең оның ойы мен пікіріне аса назар аударған жөн. Себебі бүгінгі қоғамда барлық адам өзінше ойлай жасай алады. «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген мақал-мәтел есіңе түсері анық. Қолыңнан келгенінше өзгеге көмек қолын ұсыну ол адамгершілік белгісі болып табылады. Адам алдымен өзінің ішкі және сыртқы көзқарасын өзгерту қоғамға басқаша көзбен қарау жан-жақты түсінуге тырысу. Алдыңа нақты мақсат қойсаң соған жетуге ұмтылу әрекет ету басты мақсатың жетуге өз-өзіңе жол ашу.

«Әлемді өзгерткің келсе, алдымен өзіңнен баста» (М.Ганди), сөзіне сүйене отырып шығармамды қортындылауды жөн көрдім. Сенің көзқарасың ол сенің өмірің. Қоғамға, адамға деген ізгі ниет жылы қабақ мейірімділікті басшылыққа алсаң өзіңді де, өзгенің де өзгеруіне көмектесе аласың деген ойдамын.Адам алдымен өзгенің өзгеруін көру үшін өзіңе баса назар аударған жөн.

 

 

№71 НЕЛІКТЕР ЕРІКТІ БӨЛУ МАҢЫЗДЫ ЖӘНЕ ОДАН ӨЗІҢІЗ ҮШІН НЕ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Ерікті (волонтер) – латынның «voluntarius» сөзінен шыққан, адамның өз еркімен, өзінің есебі арқылы қоғамдық жұмыстарға белсенді араласушы деген сөз. Тағы бір мағынасы өзінің қалауымен әскерге барушы адам. Ал қоғамда олардың орны ерекше. Өйткені еріктілер жасаған жақсылықтары үшін өтемақы немесе материалдық қажеттілік талап етпейді. Олар көмектесуді парыз деп санайды. «Еріктілер деген кім, олар немен айналысады, олар не үшін мұндай жақсылықтарға барады?» деген сұрақтарға бүгін жауап іздейм. Еріктілердің өздеріне дәл осы сұрақтарды қойсаңыз, бірден жауап бере алмауы мүмкін. Себебі олар  өздерінің қалауымен, жан қалауларымен жасап отырғаннан кейін бірден «ерікті деген мынау» деп жауап қайтара алмайды. Бір сөзбен айтқан кезде «еріктілер» адамгершіліктің ақ туын көтерген қоғамдағы белсенді топ. Еріктілер жалғыз өзі және топ болып жұмыс істейді. Ол өз еріктерінде. Олардың негізгі айналысатын жұмыстары жетімдерге, мүгедектерге немесе қарттар үйіне барып оларға қолдарынан келгенше көмек көрсету. Ал олардың белгілі бір мереке кезінде қоғамға мемлекет мүддесі үшін өз еріктерімен көмекке келуі де «ерікті» әрекеті саналады.

Қазақ тілінің сөздігіне бір үңілсеңіз, «ерікті» деген сөзге синоним болатын, балама ретінде «асар» сөзін алуға болады. Асар – ауыл-аймақ, көрші-қолаң болып белгілі бір мұқтаж жанға қолдарынан келгенше тегін көмек көрсету. «Асар» сөзі тіпті белгілі бір дәстүрге де айналып кетті. Сондықтан «ерікті» сөзін кейін пайда болған немесе жаңа заманның термині деп қабылдаудың қажеті жоқ. Өйткені қазақ халқында бұл сөздің түбірі баяғыдан бар.

Қазақстанда 2020 жыл волонтерлар жылы деп жарияланғаны белгілі. Күні кеше ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың қатысуымен «Birgemiz» атты республикалық фронт-офистің ресми ашылуы өтті.

— Еріктілік — бұл мемлекет пен жалпы қоғам дамуының көрсеткіші. Елдің жетістіктері мен жеңістері күнделікті пайдалы және маңызды істерді орындайтын патриот азаматтардың белсенді әрекеттеріне тікелей байланысты. Бізде ондай азаматтар өте көп. 16 мың адам — ​​бұл бастапқы сан ғана. Мен кем дегенде 100 мың, мүмкін миллиондаған адамдар, негізінен, өзінің жан дүниесімен, шын беріліп, өз еркімен, волонтерлықпен  айналысуға дайын екендігіне сенімдімін. Мемлекеттің, атқарушы органдардың, сондай-ақ Парламент депутаттарының міндеті — еріктілер қозғалысына қатысуға көмектесу. Біз мұны жасаймыз, — деді ҚР Президенті.

Ерікті деген кім?

Сонымен, волонтер деген кім? Олардың Қазақстандағы және әлемдегі белсенділігі қандай? Олар қаншалықты пайдалы?  Дерек бойынша волонтерлар дүние жүзінде кең таралып, әлемдік қозғалысқа, белсенді топқа айналды. Мәліметтерге сәйкес,  бүгінде әлем бойынша  1 млдқа жуық адам ерікті болып табылады. Ал Қазақстанда 16 мың төңірегінде екен. Президенттің пікірінше бұл өте  аз. Сондықтан бұл көрсеткішті 100 мыңға дейін көтеруге болады. Себебі, олардың жаһандық дамуға тигізер үлесі орасан. Мысалыға, әлемдік ішкі жалпы өнімнің 2,5 пайызы – Еріктілер еңбегінің нәтижесі екен. Бірқатар  елдерде ерікті болу қалыптасқан жағдай,  олар үлкен құрметке ие. Себебі, жұрт оларды ерекше сыйлайды, құрметтейді. Келтірілген ақпаратқа қарағанда  Франция халқының жартысына жуығы волонтер атанған. Сонымен қатар, Германия мен Жапонияда еріктілердің саны жылдан жылға көбейіп келеді екен.

№72 ВОЛОНТЕРЛІК ҚЫЗМЕТ.БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ АРҚЫЛЫ ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚҰРУ

«Волонтерлік» ұғымы латын тілінен аударылғанда – voluntarius «ерікті» мағынасын білдіреді. Волонтерлер (еріктілер) алуан түрлі қызмет үлгісін көмек ретіндегі көрсетеді. Қызмет тегін жүзеге асады. Кез келген адам еркіне қарай волонтер бола алады. Егер өзіңіз не серігіңізбен айналадағы қоқысты жинасаңыздар, экологиялық волонтерлік деп атауға болады. Демек волонтерлық қызмет – елдің әлеуметтік, мәдени, экономикалық және экологиялық дамуына әсер ететін күш.

Кеңінен таралған волонтерлік қызметтер:

* Қоршаған ортаны сақтау: қорықтарды, өзен-суларды, жан-жануарларды аңшы-балықшы-броконьерлерден қорғау қызметі

* Табиғи және әскери апат кезінде жапа шеккендерге көмек көрсету: психологиялық жәрдем, сауда-саттықпен көмектесу, тамақ дайындау, бұзылған объектілерді қайта қалыпқа келтіру, жоғалғандарды іздестіру, медициналық қолдау. 

* Табиғи және техногенді апат алдын алу: адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіру.

* Білім беру саласын, инновацияны және ғылымды дамыту: мектепте, балабақшада, колледж, университет және түрлі кәсіби клубтарда қызмет ету.

* Тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау: нысанды қалпына келтіру жұмыстарына ат салысу. 

* Маңызды іс-шаралар ұйымдастыру: спорттық, мәдени, білім беру саласындағы шараларға қатысу. 

* Мүмкіндігі шектеулі жандардың ішкі потенциалын ашу: көрме ұйымдастыру, шеберлік сыныптарын өткізу. 

Әлемге жақсылық нұрын шашу – өз қолымызда. Ақысы қайтпайтын жұмыс деп емес, көп тәжірибе мен керемет адамдармен тіл табыстыратын, жаңа бастамаға апаратын ғажап жол деп ұққан абзал. 

«Басқаға қуаныш сыйлай білген – ең бақытты жан» деген екен Дени Дидро. Ерікті волонтер болу дегеніміз риясыз мейірімділік көрсету, жаңа дағдыларға үйреніп, адамдарға жақсылық жасау, төрт қабырға ішіне қамалып, тағдырына налып отыратын мүмкіндігі шектеулі жандардың қызықты да əсерлі істер мен оқиғалардың ортасында болуы үшін көмектесу, тағдырдың тезімен қиын жағдайға тап болған адамның жанынан табылу, қолынан келгенше сүйеу бола білу деген сөз. Ол екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Ерікті волонтерлер болу үшін адамдарға ниет білдіру, жаны ашып, есіркей білу, ашуды  ақылға  жеңдіре  білу,  командада жұмыс жасай білу ғана емес, адалдық, парасаттылық сияқты адамгершілік қасиеттер керек.

Мұқтаж адамдарға көмек қолын соза алатын кез келген адам волонтер бола алады. Волонтерлі қызметтің мақсатты бағытталған тобы түрлі көмекке мұқтаж жандар болуы мүмкін: ауру жəне ауру балалар, нашақор немесе маскүнем ата-ана балалары, жастар, мүгедектер, зейнеткерлер жəне кедей адамдар, сонымен қатар ҮЕҰ, жануарлар, табиғат жəне т.б.

«Асар» – бұл ерте уақыттағы «көмек сұраған» адамдарға ерікті көмек көрсету түрі. Бұл шақыруға келушілер, қыстақ салуда, той жəне жерлеу рəсімдерін ұйымдастыруға көмек берген. Асар түрлі жастағы жəне əр түрлі əлеуметтік статусқа ие адамдарды бір істе біріктіргенмұқтаж жанға көмек беру. Бұл ерікті көмек беру идеясының таралуындағы алғашқы қадамдар. Ол жеке бір индивидуалдық емес, қоғамдық игілік үшін қажет. Уақыттар өтті, асар əлі де бар, алайда оған паралельді көмектің түрі пайда болды олволонтер.

Қазақстан Республикасында волонтерліктің дамуы жəне дамудағы проблемаларға тоқталардан бұрын волонтерліктің пайда болуына тоқталайық. Волонтерліктің пайда болуы мен даму тарихына тоқталар болсақ. Волонтер түсінігі əлеуметтік қызмет идеясы ретінде өте ескі түсінік, «социум» түсінігі секілді. Адам тарихында ерікті жəне дүниеқорлық мақсатта емес көмекке ешқашан қоғам қарсы болмаған. Қоғамда əрдайым қоғам игілігі үшін еңбек етуші адамдар болған.

Тарихқа дейінгі кезеңде қоғамда ауылдық жерлерде өмір сүру үшін адамдар бірлесіп өнім жинаған, үй соққан, жол жөндеген. Мүмкін, XIX ғасырда индустрализация, ақша рөлінің жоғарылауы, урбанизацияға қостаушы аутичтілік, анонимділіктер, бір-біріне көмек беру жəне ынтымақтастық секілді құндылықтарды үзді.

1920 жылы бұл құндылықтар қайта пайда болды, ол жеккөрушілікке қарсы дəру ретінде Бірінші Дүние Жүзілік соғыста пайда болды. Сол жазда Австрия, Англия, Германия жəне Швециядан волонтерлар, соның ішінде бұрынғы сарбаздар, Вердуна жанындағы ауылды қайта қалпына келтіру мақсатында жиналды, ол ауыл миллиондаған адам өмірін қиған соғыс зардабынан қираған болатын. Міне осыдан кейін адамзат тарихында халықаралық волонтер лагерінде алғашқы волонтерлік қозғалыс пайда болды, ол қазіргі күнге қызмет етуде. Ол французша атауға ие  Service Civil International (Халықаралық Азаматтық Көмек), қысқаша S.C.I.Волонтерлік көмек тез таралды 1920-1930 жылдар S.C.I. жалғастырушылар көбейді. Сол уақытта мұндай ұйымдар түрлі еуропалық елдердің жастарының достық қарымқатынас   құру   тəсілі   ретінде   бағаланды. 1929 жылғы қатаң экономикалық крисиз кезінде АҚШтан бастап Болгарияға дейінгі елдер волонтерлік жұмыстарын жұмыссыз жастарды бос жүргізбей əлеуметтік қажет іспен айналыстырып, тегін тамақ пен төсек орынмен қаматамасыз етілуі үшін ұйымдастырды.

Өкінішке орай, бұл халықаралық ұйымдардың идеялары неміс жұмысшы бригадасы Hitlerjugend Arbeitsdienst жəне өзге тоталитарлық елдердегі ұйым əсерлерінен бұрмаланушылыққа ұшырады жəне өзге ағымға бұрылды.

1934 жылы S.C.I. төрт еуропалық волонтерлерді Үндістандағы кедейлерге көмек беруге жіберді. Бұл команда British Volunteer Programme, US Peace Corps, Deutsche Entwiklungsdienst секілді ұйымдардың жəне өзге топтардың бастамашысы болды. Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін жас волонтерлер Еуропаның қайта қалпына келтіруіне қатысты. Олар мынадай проекттерде жұмыс жасады: Варшава орталығын соғу, батыс Еуропадағы қираған қалаларды қайта қалпына келтіру, Югославиядағы Bratsvo-Edinstvo көлік магистралін құруда. Волонтер халықтар арасында достық қарым-қатынас орнауына өз септігін тигізді.

Қырғи-қабақ соғыс кезінде жүрек пен адам санасының «мұздау» қаупі туды. Адамдар волонтер көмегіне суынуы жəне волонтерлік бəсекелестіктің мықты құрал болу қауіптері төнді. Алайда, 1948 жылы  құрылған   ЮНЕСКО-ның  жəне Халықаралық Волонтерлік Ұйымның Координациялық Комитетінің арқасында шығыс жəне батыстағы волонтерлік ұйымдар жұмыстары тоқтап қалмады. 1960 жылдары американдықтар халықаралық СССР, ГДР жəне Венгриядағы волонтерлік жұмыс лагерьлерінде болды, онда нағыз адам алмасу болды, нағыз достық пайда бола бастады. Шығыс волонтерлері де батысқа саяхаттады. Азия,  Африка  жəне Латын Америкасындағы волонтерлік қозғалыстар құлдықтан құтылғаннан соң пайда болды.

1960 жылдары дамушы елдерге көпжылдық көмек көрсету программасы бастау алды. Міне сонда олардың деполитизацияға үндеуі басталды. Себебі волонтерлерді Қырғи-қабақ соғыста əскер ретінде пайдалануды тоқтату мақсатында, БҰҰ волонтерлер корпусын тағайындады. 1950 жылдарда ЮНЕСКО-дан жергілікті жерлерде АҚШтан, Иорданиядан келген кішігірім волонтерлар тобы жұмыс жасады. Оның мақсаты араб елдерінде жəне Латын Америкасында сауаттылықты ашу. 1970 жылы БҰҰ-ның Волонтерлік бағдарламасы жасалды. Волонтерлік ол көп ұлтты құбылыс. Жапония, АҚШ, Канада, Австралия, Англия, Италия жəне өзге дамыған елдердің пайымдауынша, ерікті іс-əрекет демократия принциптерінің қолдауы мен жеңілдетуіндегі негізгі рөл атқарушылардың бірі ретінде түсіндіреді, ең алдымен, шешім қабылдау процесінде көпшілік азаматтарды тартады. Елдердің үкіметтері ерікті қозғалысқа жан-жақты көмек көрсетеді, түрлі заңдар шығарылады, ерікті қозғалыс бағдарламаларын қабылдайды. Міне солай, Жапонияда еріктілер орталықтарының жүйесі бар, оған жалпыұлттық, преферактуралды жəне муниципалды орталықтар кірді. Жапония Министрлігі волонтерлік жұмыспен айналысуды жүзеге асырумен айналысу негізгі міндеті.

Қазақстанда волонтерлік 1991 жылдан бастап БҰҰ Еріктілер қозғалысы бағдарламасының пайда болғаннан кейін дами бастады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының еріктілер қозғалыс қарарына қаржылай демеуші болды. 1997 қараша айында Қазақстан 100-ге жуық дүние жүзі елдерімен қатар A/RES/52/17 қарарына қол қойып, 2001 жылды Халықаралық Еріктілер жылы деп аталды. Сондай-ақ, Қазақстан Индонезия, Лаос, Маврикия мен Нигер мемлекеттерімен бірігіп 2002 жылдың желтоқсан айында A/RES/57/106 қарарына демеуші болды. Онда былай делінген: «…волонтерлік принципі кез келген стратегияның маңызды компоненті, кедейшіліктің азаюы, тұрақты дамуы, денсаулық, төтенше жағдайлардың алдын алу жəне басқару, əлеуметтік интеграция жəне əлеуметтік эксклюзивті жеңу жəне дискриминация».

Ең алғашқы ҮЕҰ Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін құрылды, міне солар алғашқы болып қоғамдағы волонтерлік идеясын көмектің жаңа формасы ретінде, қоғамдық өмірде азаматтық қоғамның араласуы жəне одақ мəселелерін сол одақпен шешу ретінде таратты. Қазіргі уақытта да волонтерлік сферасы көптеген жетістіктерге жеткеніне қарамай, ол пайда болу кезеңінде, өзіне қызығушылық танытқан барлық мұдделі жақтарды көңіл бөлуін қажетсінеді: ҮҮЕҰ жəне халықаралық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер жəне бизнес құрылымдар. 2006 жылы 25 шілде Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстандағы азаматтық қоғам 2006-2011 жылдарға арналған дамуының концепциясына» қол қойды. Бұл концепция азаматтық қоғамның ұйымдасуы мен дамуын түрлі коммерциялық емес ұйымдардың ашылумен, мысалға ҮЕҰ секілді ерікті əлеуметті белсенді халықты тартуын қолдайды. Концепция азаматтық қоғам дамуының маңыздылығын көрсеткен. «Волонтер» немесе «Ерікті» сөздері концепцияда көрсетілмеген, тек қана ортақ бағыт берілген, ол «Елімізде азаматтық қоғамның дамуының жоғарғы сатысы ретінде волонтерлік институттың дамуын алу». Еріктілер – демократиялық елдердегі ең үлкен жұмыс күштері саналады. Соңғы уақытта Қазақстанда көптеген еріктілер ұйымдары құрылды. Алайда көпшілігі тек қағаз жүзінде жұмыс  жасайды. Əзірше əлеуметтік жобалар бойынша жұмыс жасайтын бұл ұйымдарды білім, экология немесе мемлекеттік органдар ұйымдастыратын шаралар толғандырмайды.

 

Желтоқсанның 5-і. Экономикалық жəне əлеуметтік дамуға көмек көрсетуші еріктілердің халықаралық күні, Дүниежүзілік еріктілер (волонтерлер) күні. Атаулы күні 1985 жылғы желтоқсанның 17-дегі БҰҰ Бас Ассамблеясы 40шы сессиясының шешімі бойынша атап өтіледі.

Қазақстанда Ұлттық волонтерлік желісі жұмыс жасайды, ол Құрылған уақыты: 2010 жылғы 30 сəуір. БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы жəне Қазақстанның Азаматтық Альянсының жобасы. Волонтерлік ұйымдарды, волонтерлермен жұмыс жасайтын ҮЕҰ-ларды, сонымен қатар, волонтерліктің дамуына қызығушылық білдіретін жеке тұлғаларды біріктіреді. Мақсаты: еріктілік бастамалардың əрі азаматтық қоғамның толыққанды жəне үдемелі дамуы. ҚР-да волонтерлік мəдениетті дамыту. Желінің дамуы: ҰВЖ мүшелерімен жұмыс: ақпарат алмасу, білім əрі машықтарға үйрету, қолдау көрсету жəне т.б. (қазіргі уақытта желіге бүкіл Қазақстан бойынша 18 волонтерлік ұйым кіреді). Білім беретін волонтерлік лагерлер/мектептер: 2010 жылдың қараша айында волонтерлермен жұмыс істейтін ҮЕҰ-ларға арнап, Бурабай жерінде халықаралық волонтерлік лагерь өткізілді. Оған Қытайдан келген эксперттер, БҰҰ волонтерлері, АҚШ Бейбітшілік Корпусының волонтерлері қатысты. Биылғы жылдың жаз мезгіліне волонтерлер мектебі жоспарлануда. Халықаралық қызметтестіктің дамуы: Қазақстандағы БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы, АҚШ Бейбітшілік Корпусы, ASA германдық қызметі. Желіге мүше болу арқылы Волонтерлік туралы ақпарат пен қорларға қол жеткізу. Волонтерлікті дамытуға қызығушылық білдіргендерге өзара көмек, өзара қолдау көрсету əрі өзара байланыс орнату. 

 

73 ПІКІРТАЛАС-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТИПТЕГІ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ БІРІ

Бүгінгі тәуелсіз еліміздің дамып, одан әрі өсіп-өркендеуі мен Елбасының атап айтқандай бәсекеге барынша қабілетті болуы ең алдымен осы мемлекеттің іргетасын құрайтын жастардың білімділігі, мәдениеттілігі, саяси саналығы мен өмірге бейімділігіне байланысты болса керек. Бүгінгі қоғамда болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси құбылыстар жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне жаңа өзгерістер енгізуді талап етуде. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған ел тығырыққа тірелуі анық» делінген. XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу керек. Себебі рухани жан-дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашағымыздың тірегі бола алады. Сондықтан білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер ауқымды тәрбие керек. Бұл ретте балаға тәлім-тәрбие беріп, оны білім-ғылымға баулитын ұстаздар мен тәрбиешілерінің міндетті түрде білікті, көрегенді әрі өнегелі болғаны абзал. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» деп хакім Абай айтқандай, ақыл-ой тәрбиесінде пікірлесу, пікірталас арқылы ой дамыту, оқушы тұлғасының өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес оның дарынын дамытуға, интеллектісін арттыруға ат салысуымыз қажет.

 

Бүгінгі оқушы өзінің алдағы бағытын дұрыс белгілеп, саралай білу үшін оларға берілетін білім өзегінде, біріншіден, өзіндік сана, көзқарас, дүниетаным мен сенім қалыптастыратын, екіншіден, қай ортаға болсын тез бейімделіп, жаңа ақпараттарды тез түсіну, қабылдау қабілеттілігін, іскерлік қасиетін дамытатын тәсілдер қамтылуы тиіс. Сонда ғана білім әлеуметтік күштен оқушы әрекетін дамытудың тетігіне, яғни практикалық қажеттілікті ақтайтын тегеуірінді күшке айналады.

 

Жалпы білім беретін орта мектепте оқушының, пікір-пайымын дұрыс жеткізумен қатар, оның өз көзқарас-тұжырымдарын дәлелдей алуы – өте маңызды ритрикалық дағды. Осы тұрғыдан алғанда, оқушыны пікірталасқа қатысуға үйрету үдерісі көптеген аспектіден тұратын күрделі құбылыс. Оның: педагогикалық, психологиялық, әдістемелік, этникалық, яғни тәрбиелік секілді құрамдас бөліктері бар. Психологиялық тұрғыдан алғанда, пікірталасты сөйлеу әрекеті деп қарауға болады, себебі пікірталас дегеніміз – бұл ең алдымен, сөйлеу, өз ойыңды өзгеге жеткізу, дәлелдеу.

Ал, пікір деген – қарапайым тілмен айтқанда, көрген, оқыған, естіген әңгіме, баяндама, көркем шығарма т.б. еңбектер жайындағы әсер, туған ой.

Мұғалімнің әрбір сабақта пікірталас ұйымдастыруы – оқытудың тиімді тәсілдерінің бірі. Себебі, оқушы пікірталас кезінде еркін қарым-қатынаста болып, өз позицияларын қалыптастыру және қорғау, оларды өзге пікірлермен салыстыру әрекетін жасайды. Пікірталас оқушылар өміріне шынайы проблемаларды әкеліп, оларды әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарастырады, ең тиімді шешімдерін табуға бағыттайды.

Сабақты пікірталас форматында дұрыс ұйымдастыра білуі керек. Мәселен, тақырыпты алдын ала беруі қажет. Және кез келген тақырыпты емес, бағдарламаға сәйкес дау туғызатын мәселелерді берсе, оқушылар дайындық кезінде біршама ақпаратқа кез болады. Мен былтыр педагогикалық практикада болған кезде, өзім сабақ берген 9-10 сыныптар арасында бірнеше пікірсайыс өткіздім. Байқағаным, басында ұяңдықтары басым болған оқушыларым, соңында шаршы топта сөйлеп, шешендік өнерге машықтанды. Өз ойларын анық жеткізуге тырысып, көп ізденді. Пікірталаста тек екі топ болады, ал үшінші топтағы оқушылар көрермендер қатарын толықтыратыны белгілі. Осы орайда, ойынға қатыспаған оқушыларды блиц-сұрақтар қойып, қысқаша ғана олардың да пікірін білген жөн. Сонымен қатар, олардан пікірсайыстың барысы туралы өз көзқарастарын біліп, қатысушылардың жіберген қателіктері мен кемшіліктерін таба білуге үйрету керек.

Пікірталас кезінде оқушылармен бірлесіп ұстанатын ережелерді анықтап алған дұрыс. Пікірталас кезінде әрбір қатысушының өз мүмкіндігін айту мүмкіншілігі болу керек; қарсыласын тыңдай білуге дағдылану; біреудің сөзін бөлмеу; үйренушілерге ой шақыру немесе дәлелдерді жинақтау үшін уақыт беріп отыру.

Пікірсайысшыда болуға тиісті қасиеттердің негізгілері: харизмалық қасиет, яғни шешендік, импровизаторлық қасиет, яғни кез келген жағдайдан сүрінбей өту, дер кезінде шешім шығара білу, риторикалық қасиет, яғни сұрақты жүйелі қоя білу, эмоциялық қасиет, яғни өз эмоциясын басқара алу. Ең бастысы, мықты пікірсайысшыға логика мен білім қажет екені белгілі. Пікірсайыс кезінде дауыстың тембрі де белгілі бір дәрежеде қызмет атқаратынын да оқушы білуі тиіс.

Ұтымды ой айту, құнды сөз арқылы ойындағысын жеткізу – ата-бабадан қалған игі дәстүр. «Шешендік – көп сөздікте емес, тапқырлықта» деп Ғабиден Мұстафин айтқандай шешендік өнердің қыр-сырын жетік меңгеріп, саналы да ұтымды ойды тапқырлықпен ұштастыра білген жастарымыз ел үмітін ақтар ертеңгі болашағымыз. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды» деп баса атап көрсеткен болатын. Сондықтан да еліміздің ертеңгі тұтқасын ұстар болашақ жастарымыз саналы да сапалы білім игеріп, тәлім-тәрбие алып, қандай жерде болмасын өз ойын еркін түрде жеткізе алатындай тұлға болып қалыптасуы қажет.

Ұрпақ тәрбиесі – ел алдындағы маңызы зор міндет. Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени дамуында үлес қосатын, білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – орта кәсіптік білім беру жүйесіндегі ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы міндеті. «Адам ұрпағымен мың жасайды» – дегендей, ұрпақ тәрбиесі қай кезде де халықтық мәселе болған. Тарихтан білетініміздей, дарындылар, қабілеттілер аса жоғары бағаланған. Сондықтан қазіргі жоғарғы сынып оқушылары педагогтары алдында тұрған аса маңызды міндет – талабы таудай тұлғаны тәрбиелеп, орта кәсіптік біліктілігі бар маманды өсіріп шығару. Ал еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілеті жоқ адамның болмайтыны педагогикада дәлелденгендіктен, оқушы дарынын дамытар жұмысты орта мектептен кейінде жалғастыра беру керектігі айдан анық.

 

74 КӘЗІРГІ ЗАМАНГЫ ТӘРБИЕ  ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты  білім беру. Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде. Балалар мен жастар тәрбиесінің болашағы – оларды адамгершілік – рухани жағынан нағыз адам етіп қалыптастыру керек. Сонда ғана нағыз толыққанды тұлғаға айналады.Тәрбиедегі басты мәселе – балалардың тұлға аралық қатынасын дәріптеу,  өз құрбы – құрдастарымен, отбасы мүшелерімен қарым – қатынасын жасай білу, ол үшін өзге адамдарды түсінуі, қабылдауы, әр адамның даралық ерекшелігін жасына, ұлтына қарамастан саналы  түсіне білуі, өзіне сын көзбен қарап, өзінің көңіл – күйін, атқарған іс — әрекетінің есебін түсініп, істеген ісінің нәтижесіне өзіндік баға бере алғанда оның болашағы биікте болары сөзсіз.Бүгінгі бала тек мұғалім берген білімді игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі , дарындылық іс — әрекетімен сабақтастыра білгенде болашағы кемел болары сөзсіз.

 Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» деген еңбегінде «Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы – адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр» деп атап көрсетілген.

 Рухани – адамгершілік тәрбиесіндегі басты нысана – баланы құрметтеу, оның рух иесі, бойында жаратқанның ұлы қуаты бар – тіршілік иесі екенін және дүние, әлемнің біртұтастығын саналы түсініп, оған бой ұсынса оның болашағы биік болары даусыз.Балаға қоғамда ұлттық тәрбие беру керек. Олай дейтініміз ұлттық құндылық адамды тәрбиелеудегі ең негізгі құрал болып саналады.Сондықтанда болар бабаларымыз: Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле, — сонда ғана оның болашағы биік деген.

 Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың жылдар жасап келеді, сәт сайын өзгеріп, өрлей дамыған саналы тірлік жалғасуда.  Адамзат еншісіне ғана тиісті сол тірлік дамуының бағбаншысы – тәрбие.Тәрбие дегеніміз – аға буынның кейінгі ұрпаққа мирас етіп табыстар озық тәжірибесі, үлгі — өнегесі, әдет – ғұрып, рухани байлығы болса, халық педагогикасы – қазақ халқының сан ғасырдан бері атадан балаға қалдырған өлмес мұра.

 Қоғамымыздағы кездесетін кейбір келеңсіз жағдайларға: тілден, діннен, арбау мен алдау, кісі өлтіру мен ұрлық, әділетсіздік пен қайырымсыздық, нашақорлық атаулыға тосқауыл болатын жол табу қажеттігі туындайды. Оның тиімді жолы – халық педагогикасына сүйенген ұлттық тәрбиенің болашағы зор.

 Ұрпақ тәрбиесі – бұл болашақ тірегі. «Адамзат ұрпағымен мың жасайды», — дегендей ұрпақ тәрбиесі – қай кезде де халықтың мәселе болған.Бүгінде, мектеп оқушыларының түрлі тәртіпсіздікке жол бермеуде, үлкен мен кішінің жарасты сыйластығын қалыптастыруда, ағайын – туыстардың ауызбіршілігін орнықтыруда әкелердің ықпалы ыдырап, үлкендердің тыйым салмауы олардың тәрбиесіне балта шабуда.Өзімнің сараптауым бойынша, бұрындары  әкелер ұлдарын қастарына ертіп ел аралайды екен.Онда барған үйлерінің ылғи көрегенді шаңырақ, ақылгөйі бар ақылдарды көрсетеді екен. Мұндағы негізгі мәселе: балаға өзге шаңырықтағы ұлағатты істерді көрсету болған екен. Ал, қазір ше?!Әкелер емес…Шешелер сөйлейтін заман болды.Халқымыздың болашағы – ұрпақ тәрбиесінде екендігін кейбір шешелер біле ме екен?!Тәрбие жетілген сайын, халық соғұрлым бақытты болатындығын адамзат тарихи дәлелдеген.«Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәрбиесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, дүние танымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру», — делінген тәлім – тәрбие тұжырымдамасында.Тәрбиенің ең маңызды түрінің бірі – ең алдымен өз халқын, өз Отаннын сүюден басталуы да ерекше.

 Менің түсінігім бойынша – мұғалім мамандығы жасандылықты қаламайды, уақыт талабынан қалыс қалуға төзбейді.Балалар біздің болашағымыз. Ертеңіміз, болашағымыз өсіп келуде. Бізден жаңа қоғам ғана жасалып келе жатқан жоқ, жаңа адамда жасалып келеді. Ұстаз шәкіртін түсіне білу керек.Сену керек. Дос болу керек. Ұстаз болу – қиын, бірақ ардақты іс – шәкірт пен ұстаз арасында достық сезімнің берік болуы қажет. Бала жүрегіне жол таба білмеген мұғалім кейде оны өзіне қарсы қойып алады, бала ерегіскіш келеді.

 Бала тәрбиесі – үлкен өнер. Әр балаға, әр түрлі тәсіл керек. Біреуіне ақыл айтсаң да жетеді, біреуне ақыл жүрмейді, мінез – құлқына қарай басқа амал табу керек.Бала жүрегі кішкентай ғана күй сандық, ол кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімдердің қолында әр кез сол кілт жүру керек.

 Қорыта келіп, өмірін осы қызметке арнаған адамды, өз өнерін, бойындағы барлық қасиеттерін дарытқысы келетін адамды нағыз ұстаз деп атауға болады. Олай дейтінім болашаққа ізгілік нұрын себушілер – олар.«Жаңа адамды тек жаңашыл ұстаз ғана тәрбиелей алады». Өнегелі адамды тек өнегелі ұстаз ған тәрбиелей алады. Сонда ғана, жастар болашағының шоқтығы биік болмақ. Сол ұлы тәрбиелі жолда шаршамайық, ізгілік нұрын себуші, жол нұсқаушы ұлағатты  ұзтаздар. Менің түсінігім бойынша – мұғалім мамандығы жасандылықты қаламайды, уақыт талабынан қалыс қалуға төзбейді.

 

№75 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ ШЕБЕРЛІК РЕТІНДЕ

Педагогикалық шеберлік

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог — өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.

Педагогикалық шеберлік негізі неде?

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман — уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», — деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде?

Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру — педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.

 «Тәуелсіз елге — білікті маман» демекші, педагогикалық шеберліктің негізі, өткен пікірімізде айтып кеткеніміздей, білім мен тәрбиені ұштастырумен қатар – педагогтардың жаңа технологияны меңгере білуінде және оны өз тәжірибесінде қолдана алуында. Педагогикалық көзқарас бойынша, «технология » ұғымы – дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде ұйымдастырылған «педагогикалық өндіріс» деген пікір өз уақытында педагог-ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте «педагогикалық технологияны» оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттап, оны дидактикалық үрдістер мен оқыту құралдарымен жабдықтауда жаңа ақпараттық технологияға негіздеу туралы мәселе қозғалады.

Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.

Біздің ойымызша, инновациялық технологиялар оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдарын оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетінде пайдалануға көмектеседі. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың шарттарының өзі мұғалімнің әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын туғызады. Ол педагогикалық шарттарға: инновациялық ізденіс қажеттілігі; инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім; инновациялық әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын қарастыру; инновациялық әдістерді меңгеру; инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары; инновациялық әдіс-тәсілдерінін нәтижесінің болуы; инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін бекіту жатады. Инновациялық іс-әрекетті басшылыққа ала отырып, педагогикалық шеберліктің басқа құрауыштарының маңыздылығын жоққа шығармаймыз.

Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.

«Талант» деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын – жазушылырда, әртістерде, өнер адамдарда кездеседі. Ал, «мұғалім болу – талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?» — деген сұрақ туады. Ұстаздың барлығы талант болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта – ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады.

Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның оның қолы жетпейтіндігін», — айтады.
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек.

Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу – тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.

 

№77 БҮКІЛ ӘЛЕМДЕГІ БЕЙБІТШІЛІК-БІЗДІҢ  ҒАЖАЙЫП ПЛАНЕТАМЫЗДЫҢ БОЛАШАҒЫНЫҢ  КЕПІЛІ

Бейбітшілік пен келісім – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі. Адамзат өмір бойы үнемі тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандап келеді. Бірақ нақты өмірде оған ешқашан толық қол жеткізген емес. Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, соңғы 5 мың жылда жер бетінде небары 292 жыл ғана бейбітшілік «билік» құрыпты. Қалған уақыттың бәрінде мемлекеттер «Тыныштық керек болса – соғысқа дайындал» деген қағидамен өмір сүрген көрінеді. Осы аралықта жер бетінде 15 мыңнан астам қантөгіс шайқастар өтіпті. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері жер бетінде бейбіт өмір орнады десек те, әлемнің түрлі аймақтарында ірілі-ұсақты соғыстар, қарулы қақтығыстар, лаңкестік әрекеттер жиі кездесуде. Батыстың бір ғалымының есептеуіне қарағанда, өткен ХХ ғасырдың соңғы 45 жылында әлемде бар-жоғы 12 ғана «бейбіт» күн болыпты. Кейінгі 40 жылдың ішінде ғана дүниежүзінде 250 соғыс болып, 354 млн адам қаза тауыпты. Иә, жоғарыда келтірілген бұл деректер өте қорқынышты!..

Соғысты болдырмау үшін, әлемдегі одақтар мен мемлекеттердің, ұлттар мен ұлыстардың бейбітшілікте күн кешуі үшін олардың өзара келісімі болуы керек. Бұл идея сонау 90-жылдары ескерілгенмен, бүгінде мұны әлемдік саясатта мәселе ретінде көтеріп, іс жүзінде бейбітшілік пен келісімнің туын тіккен ел – Қазақстан. Жаһандағы мемлекеттердің өзара бейбітшілігі мен келісімін нығайтуда Қазақстанның, жалпы осы мемлекеттің атынан әлемдік саяси аренаға шығып жүрген президент Н.Назарбаевтың үлесі орасан зор. Мәселен, бір ғана Қазақстан Республикасының дін жөніндегі саясаты дінаралық және конфессияаралық келісімге негізделіп жүргізілуде. Осы орайда діни үнқатысу алаңына айналған Астана қаласында үш жыл сайын әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі өткізіліп келеді. Қазақстанның бұл бастамасы әлемдік қауымдастық пен одақтар тарапынан жоғары бағаланып үлгерді және Қазақстан жаһандық дінаралық диалог мекеніне айналды. Діннің негізгі мақсаты адамдарды адамдықтан ажыратпау екенін ескерсек, Қазақстанда өтіп тұратын Дін Съездері адамзатты бейбітшілік пен келісімге бастайтын айқын әрекет.

Бейбітшілікке, бейбіт тыныш өмір сүруге ұмтылу – қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі екенін тарихтан белгілі. «Сырт көз – сыншы» деген ғой, арғы-бергі заманда қазақ жерінде болған саяхатшылар, ғалымдар, елшілер қазақ ұлтының меймандос, сабырлы, момын, ешкімге жамандық, қаскөйлік жасамайтын халық екенін, қазақ елі ежелден бейбітшілік сүйгіш ел, өз бетінше ешкімге ұрынбаған, соғыс ашпаған ел екенін сүйсіне жазған. Тәуелсіздікке қол жеткен тұста да, елбасымыздың және елдің бетке ұстар азаматтарының қажырлы, табанды еңбегінің арқасында біз осы асыл қасиетімізді тағы да бір дәлелдеп, оны әлемге паш ете білдік. Мәселен, сонау тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Семей ядролық полигонын жабу еліміздің өмірінде ғана емес, әлемдегі айтулы оқиғаның бірі болды. Ядролық қару пайда болғалы ешбір ел ядролық полигонды өз еркімен жауып көрмеген болатын. Біздің еліміздің дүниежүзінде бірінші болып ядролық полигонды жабу жөніндегі осы қадамына БҰҰ мен дүниежүзілік қауымдастық үлкен баға берді. Дәл сол тұстан бастап әлем Қазақстанды бейбітсүйгіш ел екенін тани бастады.

Діндер, өркениеттер, мемлекеттер арасындағы ынтымаққа, бейбітшілік пен келісімге үндейтін диалог алаңы ретінде халықаралық қауымдастықпен мойындалып үлгерген Қазақстан бастамаларының ауқымы мен маңызы жыл сайын артып келеді. Діндер Съезі алғаш рет қазақ даласында туын тіккенде оған қатысушылар саны 17 елден 17 делегатты ғана құраған еді. Ал, соңғы Съезде әлемнің 50 мемлекетінен 100-ге жуық делегация жиналды. Қазақстанның беделінің өскені шығар, делегация құрамында әлемдегі ықпалды дін басшылары болды. Атап айтсақ, Дүниежүзілік ислам лигасының Бас Хатшысы Шейх Абдалла бен Абдель Мұхсин ат-Түрки, Мәскеу және бүкіл Ресейдің Патриархы Кирилл, Папаның Киелі Тағының делегация басшысы кардинал Джованни Лайоло, Ислам мазхабтарын жақындастырудың дүниежүзілік ассамблеясының Бас хатшысы аятолла Мұхаммад Али Тасхири, Израильдің бас раввиндері Йона Мецгер және Шломо Амар және т.б. Елбасы айтпақшы, бұл процестер Съездің жаһандық маңызының жыл сайын артып, салмағының сапалы түрде өсіп келе жатқанын дәлелдейді.

ХХІ ғасырдың ең басты заңы – татулық. Президентіміз бұл заңдылықтың құдіретін ерекше түсінетін әлемдегі көреген басшылардың бірі. Бейбітшілік пен келісімсіз әлемнің құрдымға кетуін, адамдардың қырылып кетуін, табиғат анамыздың экологиялық проблемаларға ұшырау мүмкіндігін біздің еліміз бен елбасымыз өте жақсы біледі. Мемлекеттердің тәуелсіздігінен айырылу қаупі туралы елбасымыз Н.Назарбаев «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы жолдауында: «Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама» – дейді де, жалпы әлемдегі мемлекеттердің мемлекет болып қалу кепілдігі «бейбітшілік пен келісімде» жатқанын тілге тиек етеді.

Жалпы, елбасымыз бүгінгі әлемнің жаңа тарихында бұрынғы халифалар мен сұлтандардай бір басшы, бір жолбасшы ретінде дінаралық және ұлтаралық татулық пен үндестік идеологиясын жүргізіп, әлемге бейбітшілік шаңырағын тұрғызуға қадам жасауы – біздің еліміздің бейбітсүйгіштік қасиетін үлкен айғағы. Мемлекетіміздің көптеген азаматтары Қазақстан халқының діни және этносаралық татулықты ту еткен асыл қасиеттерін әрдайым мақтан тұтады. Бұл жетістіктеріміз әлем жұртшылығына үлгі екені де мәлім. Жаңа мыңжылдықта толастамай отырған әлемнің әр бұрышындағы діни текетірестер мен ұлттық қақтығыстардың алдын алуға ықпал ету үшін еліміз көптеген іс-шараларды қолға алуда. Астанадағы әлемдік Діндер Съезді – еліміздің осындай табанды ұстанымының бір көрінісі. Сондықтан, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының әр үш жылда бір рет өтіп тұратын съезі дүние жүзінде дінаралық келісімнің өркен жайып, өркениеттердің өзара үндестік табуы ісінде айтарлықтай маңызға ие.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан – бұл ортақ мекен, ортақ ұлт пен діннің тоғысқан жері. Барлық қазақстандықтарды ұлтаралық және дінаралық келісімдерді сақтауға шақырамын. Бұл біздің мәңгі құндылығымыз. Бұл біздің мәңгі еліміз бен Астанамыздың мақтанышы» – дегені бар. Басқа елдерге үлгі болып жүрген мемлекетіміз бейбітшілік пен өзара келісім ішінде 140 ұлт пен 40 конфессия өмір сүруде. Республикамыз көпұлтты және көпдінді қоғамнан тұрады. Біздің ішкі саясатымыздың өзі бейбітшілік пен келісімді ту етіп, басқалар құра алмаған қоғам бізде орнағанын нық көрсетеді.

Қазақстан Республикасның Конституциясына сай, еліміз құқықтық, зайырлы және демократиялы ел. Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі екені бізге мәлім. Достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс мол болары айдан анық. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөйлеген сөзінде былай деген болаын: «Конституция бойынша, заң бойынша өмір сүру – жай ғана қажеттілік пен азаматтық міндеттілік емес. Бұл – азат адамдардың артықшылығы. Өз құқықтарының бағасын біліп, басқалардың да осындай құқықтарын мойындайтын адамдардың артықшылығы. Осындай жағдайда ғана біз – жеке азаматтар емес, Қазақстан халқымыз, тұрғындар емес, қоғамбыз, азаматтық қоғамбыз. Географиялық кеңістік емес, бізді біріктіретін – еліміз». Әрине, әрбір азамат өз ортасы мен қоғамының бейбітшілігі мен келісімін құрметтей алуы тиіс. «Ауылына қарап, азаматын таны» деген қазақтың даналық сөзі бүгінде «Мемлекетіне қарап, азаматын таны» дегеннің кері боп тұр. Мемлекетіміз қайтсе «мәңгілік ел» болады? Бұл – замандастарымыздың өз міндетіне деген жауапкершілікті түсінуіне, әділдік пен адалдықты, бейбітшілік пен келісімді басты ұстаным ретінде алуына тікелей байланысты. Бір ғана мысал, президентіміз ЕЭО-ны құрудағы тағы бір мақсат – бұл әлемдегі бейбітшілік пен келісімді сақтаудың төте жолы. Осы одақ арқылы адамзаттың татулығын сақтау үшін көптеген мүмкіндіктер ашылады.

Бірлік бар жерде – тірлік барын ұққан халықпыз. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық, бейбітшілік пен келісім үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатынын еліміздің соңғы жылдардағы тәжірибесі дәлелдеп берді. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, әлемдік беделі қалыптасып, ілгері басып келеді. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы және бұл жер бетінде қырғи-қабақ боп жатқан басқа елдерге үлгі. «Халқымыздың, еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың бейбітшілігі мен келісімін көздің қарашығындай сақтауға тырысуымыз керек» деген президентіміздің сөзі әрбір Қазақстандықтың жүрегінде нық орнаулы. Біз әлемдік кеңістікте күллі адамзаттың бейбітшілігі мен келісімін сақтау жолында еңбек етіп жүрген президентімізді бір жұдырықтай қолдауымыз қажет. Бейбітшілік пен келісімнің туы құламауы үшін де Қазақстан алдағы уақытта тек Дін Съездерін ғана емес, ұлттар съезін, бейбітшілікті насихаттаған мемлекеттер съезін өткізіп тұруы тиіс. Біз әлемге осылайша нұрымызды шаша береміз!..

 

№78 БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ-ПЕДАГОГТІҢ ӨСУ НЕГІЗІ

Республикамыз қазір ТІМSS зерттеулеріне қатысатынын білеміз. Халықаралық ТІМSS зерттеуі — бастауыш сыныптар бойынша 4 сынып оқушыларының математика мен жаратылыстанудан білім сапасын бағалайтын төрт жылдық мерзіммен өткізіледі. Зерттеуге 63 елден аса әлем елдері қатысады. Бағдарламаны оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша Халықаралық Қауымдастығы (IEA) үйлестіреді.
1995 жылдан бері бастау алатын TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) зерттеуінің негізгі мақсаты 4 сынып оқушыларының математика мен жаратылыстану пәндері бойынша оқу жетістіктерін бағалау және басты мектепішілік және мектептен тыс білім детерминанттарын анықтау болып табылады.
Қазақстанның аталмыш жобаға қатысуы білім сапасын дамытуда стратегиялық маңызға ие, әсіресе елімізде Халықаралық білім берудің көпшілікпен мақұлданған принциптеріне негізделіп құрылып жатқан 12 жылдық білім беруді енгізу аясында бағыт береді. Зерттеу нәтижесінде алған мәліметтер білім сапасы мен әлемдік білім беру жүйесіндегі орны жөнінде ой өрбітуге мүмкіндік береді.
Ал, енді осы зерттеулердегі еліміздің орынына тоқталайық. 2007 жылы TIMSS зерттеуіне еліміздің 141 мектебі қатысты. Оның ішінде 89 қала , 52 ауыл мектептері еді. Жалпы зерттеуге 3 990 бастауыш сынып оқушылары қатысты. Соның ішінде 2 394 қазақ тілінде, 1596 – орыс тілінде білім алушылар.
Зерттеуге қатысушы 36 мемлекет ішінде қазақстандық оқушылардың білім жетістігі жоғары және халықаралық орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары деп бағаланды. Оқушыларымыздың математикадан орташа көрсеткіші 549 ұпай, бұл көрсеткіш 36 ел ішінде 5 орынға лайық болса, ал жаратылыстанудан орташа көрсеткіші — 533 ұпай, аталмыш көрсеткіш 36 қатысушы елдер ішінде 11 орынды көрсетеді. Жалпы алғанда осы сынақта еліміз 7 орынды иеленді.
Араға үш жыл салып, осы көрсеткішті көрсете алмадық. 2011 жылғы зерттеу кезінде елімізден 154 білім беру ұйымы қатысты. 78 – қала, 76 – ауыл мектептері. Жалпы зерттеуге 4 385 бастауыш сынып оқушылары қатысты. Соның ішінде 2 660 — қазақ тілінде, 1 725 — орыс тілінде білім алушылар. Нәтижесінде орташа көрсеткіш төмен екені анықталды. Қазақстандық 4 сынып оқушыларының математикадан орташа көрсеткіші 501 ұпай, 27 орынғасәйкес, ал жаратылыстану пәнінен – 495 ұпай, 32 орын. Сөйтіп сарапшылар еліміздің оқушыларының деңгейін 28 орынға қойды. Бұл қалай сонда? 3 жыл ішінде білім деңгейіміз соншалықты құлдырап кеткені ме?
Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз не? Бұл сұраққа мынандай деректер келтіруге болады. Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмапты. Бір қызығы,олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан. Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Сақтанбау, ұқыпсыздық, байқаусыздық, апаттар: мұның бәрі ережені дұрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр.
Қазақ маманы С. Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымас тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап оқушылардың 60 пайызының өз бетімен жазып-оқуға деген ынтасы жоғалады екен. Тіпті түлектердің үштен бірінің оқуға мүлдем құлқы болмайтын көрінеді. Елбасы дұрыс айтады, «білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу қажет».
Сонымен, функционалдық сауаттылық дегеніміз не? Функционалдық сауаттылығы дегеніміз — адамдардың әлеуметтік , мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алу, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары 2011-2020 жылының мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген.
Және де Елбасы 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспар қабылданғаны баршамызға белгілі. Ұлттық жоспардың мақсаты — Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады. Осыған орай, Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төрт негізгі механизмін бөліп көрсетеді.
Оның бірінші механизмі — оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту / МЖБС -мемлекеттік стандарт/ . Ол үшін мұғалім оқушының бойына әлеуметтік ортаға бейімделуіне, алған білімін практиакалық жағдайда тиімді пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Олар:
1. Басқарушылық /проблеманы шешу қабілеті/;
2. Ақпараттық /өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау/;
3. Коммуникативтік /қазақ, орыс, ағылшын тілінде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау;
4. Әлеуметтік /қоғамда, өз өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті/;
5. Тұлғалық / өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақта өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу/;
6. Азаматтық /қазақ халқының салт-дәстүрі,тарихы, мәдениеті, діні мен тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі/ технологиялық / ақпараттық технологияларды, білім беру технологияларды сауатты пайдалану/;
7. Оқушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік құзыреттіліктерді /әр пәннің мазмұны арқылы/ меңгеруі тиіс.
Елбасы Н. Назарбаев оқулық мәселесіне де ерекше тоқталған болатын. Оқулықтың мақсаты, міндеті, мазмұны, құрылымы функционалдық сауаттылықтың құзыреттілігіне сай жазылуы тиіс.
Ұлттық жоспарда көрсетілген функционалдық сауаттылықтың екінші механизмі — оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту. /Қазіргі біз қолданып отырған жүйеде 5, 4 және 3 деген бағаларды не үшін қоюға болатыны нақты анықталмаған / Бағалау жүйесі функционалдық сауаттылықта сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау- оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау. Ал сырттай бағалау- әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелері /ҰБТ,ОЖСБ/. Сондай-ақ халықаралық /TIMSS , PISA және PIRLS/ зерттеулерге қатысуы . Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жетілдіру үшін, жеке жетістіктерін бағалау арқылы жүзеге асырылады. Критериялық бағалау жүйесі енгізілетін болады.
Функционалдық сауаттылықтың үшінші механизмі — ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Ата-ананың борышы бала бойына жас кезінен адами құндылықтарын дарытып, саналы өмір сүруге баулу. Ата-ана баласының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мұғалімдерімен тығыз байланыс жасау керек. Ата-ана баласының ерекше қасиетін тану, түсініп қол үшін беру, олардың қабілетін дамыту, бойына рухани құндылықтарды қалыптастыру, жағымсыз мінез — құлық, әдеттрден арылтуға көмек беруі керек. Ата-ананың бойында да фукционалдық сауаттылық болуы тиіс. Бұл үшін мемлекет жаңа әдістемені әзірлеуге кірісті. Осы әдістеменің негізінде ата-аналарға арналған семинарлар мен тренингтер өткізіледі. Аталған жұмысқа Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) және азаматтық қауымдастықтың басқа да секторлары белсенді тартылады.
Төртінші механизм — қосымша білім беру жүйесін дамыту. Ұлттық жоспарда оқушылар сарайы, музыка мектептері, жас техниктер мен натуралистер станциялары жұмыстарын түбегейлі өзгерту қарастырылған. Қазақстанның тарихында алғаш рет аталған ұйымдардың материалдық техникалық базасы жаңартылатын болады. Оқытудың жаңа технологиялары мен интерактивтік, инновациялық формалары енгізілетін болады. Олар: балалар интерактивті парктері (ғылыми қалалар), технопарктер, балалар мұражайлары, ғылыми үйірмелер және т.б Бұл – шығармашылық пен инновацияға деген қызығушылықты арттырады. Мұндай оқыту жүйесі баланың санасына әлеуметтік тұрмысына, төңіректегі әлемге терең көзбен қарап үйреніп, жолығатын қиын мәселелерді оңай шешетін болады. Бұрынғыдай мектептен шыққан соң бала үйренген білімін ұмытып қалмайды, қайта өмірде пайдаланатын болады.
Бастысы бізге білімді тек жаттау емес, оны өмірде пайдалану керек. Ұлы ғұлама Сағди айтпақшы: «Білімді игеріп, оны өмірге қолданбаған адам жерін айдап, дәнін сеппеген дихан секілді». Білімді көкірегіне тоқып, миына сақтап ғана үйренген, оны өмір тәжірибесінде қолданбаған адамнан не пайда, не қайыр? «Көзі танып тұрғанмен, қолы етпесе іс бітпес» дегендей «жаттанды» оқушыларды қашанғы дайындай береміз. Мұнымыз тас құдыққа су құйып, ағытылғалы тұрған бұлақтың көзін ашпаудан аумайтын іс екенін талайлар айтып та жүр. Сондықтан оқушының жаттап айтқан сабағына ғана қарап емес, жанбай жатқан жалынына қарап бағалап, оны өмірге бейімдеу керек. Сол арқылы бала білімін дамытып, оны өмірінде қолданған дұрыс. «Шымшық сойса да қасапшы сойсын» дегендей біз мектептегі баланың өзін үлкен өмірге дайындауымыз керек. Яғни, білім берілумен ғана маңызды емес, оның өмірде қолданылуы, қайтарылуы, шексіз пайда әкелуімен маңызды. Бұл біз айтып жүрген дамыған елдердің ұстанымы.

 

№79 МЕКТЕПТЕГІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ РӨЛІ

Мектеп өзін-өзі басқару — бұл әр мектепте бар ескі жүйе. Ол кеңес дәуірінде дүниеге келген. Дегенмен, кеңес мектебінің өзін-өзі басқару жұмысы қазіргі заманнан айтарлықтай ерекшеленді.

Бұл айырмашылық неде? Кеңес уақытында биліктің қатаң орталықтандыруы сияқты мұндай құбылыс кең тараған. Мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар мектеп басшысының қызметіне әсер ете алмады. Демек, мектептің өзін-өзі басқаруы қатаң құрылымға ие болды, толықтай және толығымен режиссерге бағынады, тек оның бұйрықтарын орындады. Мектеп өзін-өзі басқарудың негізгі мақсаты студенттер арасында қатаң тәртіпті орнату және жоғарыда көрсетілген тапсырмаларды орындау болды. Тиісінше, мұндай өзін-өзі басқарудың тиімділігі нөлге тең.

Қазір жағдай түбегейлі өзгерді. Біздің билік ресми түрде демократиялық болды, яғни барлық оқушылар мектептің жұмысына дауыс беруге және өз үлестерін қосуға құқылы екенін білдіреді. Мұғалімдер мен ата-аналар мектеп әкімшілігінің саясатымен келіспеушіліктерді айтуға және мәселені шешудің жолдарын ұсынуға құқылы. Мектеп өзін-өзі басқару — бұл мектеп директорына мойынсұнудың ғана емес, сонымен қатар мектептегі жұмысын ұйымдастыруға әсер етуі мүмкін жүйе. Мектеп өзін-өзі басқару міндеті — мектепке қызықты және әдемі болу, студенттердің қызметін бақылау және дамыту, үйлестірілген жүйені ұйымдастыру.

 

Мектеп өзін-өзі басқаруға түрлі органдар кіреді. Мәселен, мектепте оқушылар мен тәртіптерге жауапты орган бар. Оның міндеті — студенттердің көрінісін тексеру, мектеп алаңдарын тазалауды ұйымдастыру және басқа да іс-шаралар. Іс-шараларды ұйымдастыруға жауапты орган, түрлі мерекелерді, жарыстарды жоспарлайды және өмірде ойластырылған нәрсені бейнелейді. Спорттық шаралар спорттық шараларға жауап береді. Редакциялық кеңес мектеп ғимараттарын жобалау мен жобалауға жауап береді. Баспасөз орталығы мектеп газетін шығарады, мектепте болып жатқан жаңалықтар мен қызықты ақпаратты жинайды.

Мектеп басшылығының басшылары айына бір рет кем дегенде өз органдары мен сыныптық активтерінің басшыларына кеңес өткізеді. Кеңес мектеп өзін-өзі басқарудың одан әрі жұмысын үйлестіреді, нәтижелерді қорытындылайды, мектептің өзекті мәселелерін анықтайды және оларды шешудің жолдарын ойластырады.

Сонымен қатар, мұндай кеңестер мектеп өзін-өзі басқарудың жұмыс жоспарын талқылайды. Әдетте мұндай жоспар бастапқы және соңғы кездесулерді жылдың соңында және жыл басында, іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді, аумақты тазалауды және аумақты тазалауды, студенттердің пайда болуын тексеруді қамтиды.

Әрине, мектептегі өзін-өзі басқару, дәлірек айтқанда, оған кіретін органдарда өздерінің бірегей атаулары болуы керек. Осылайша, Кеңестің жұмысы өздігінен басқаруды қызықты әрі қызықты етіп жасайтын оқушылардың көптігін қамтиды және мектеп өзін-өзі басқарудың түпнұсқалық жүйесі бар мектеп ерекше және ерекше!

 

№80 МЕДИАСАУАТТЫЛЫҚ-АДАМНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ӘЛЕМДЕГІ НЕГІЗГІ ДАҒДЫСЫ

Біз білетін сауатты адам әріп танып, қолына қалам ұстай алады. Әріп таныған адам мәтін оқып, оның мағынасын түсіне біледі. Оқыған адам өзі шимақтап, біртіндеп жазуды үйренеді. Бұл – мектеп табалдырығын аттаған кез келген бала машықтанатын қабілеттер. Баршаға аян нәрсені неге тәптіштеп айтып отыр дерсіздер? Сол оқып отырған мәтіннің түрі мен түпкі мағынасын түсіну қаншалықты қиын болуы мүмкін? Бір қарағанда, оп-оңай.

 

Ал мақаламызға арқау болған медиа сауаттылық тұрғысынан келгенде әріден бастауға тура келеді. Ең алдымен «медианың» не екенін анықтап алайық. Бірден газет-журнал, радио, телевизия, интернет дерсіз. Қолыңыздағы кітап пен смартфон, көше бойындағы жарнама тақтайшалары, дүкеннің маңдайшасы, фильм, көне ескерткіштер, видео ойын­дар, музыка, аңыз-ертегілер мен ауызекі сөз­ге дейін медиаға жатады дегенге не дейсіз? Медиа – ағылшынша me­dium сөзінің көпше түрі, ақпарат жеткі­зетін кез келген коммуникация құра­лын осылай атауға болады. Енді техно­ло­гияның қарыштап дамуымен енген ме­диа­сауаттылық ұғымы нені білдіреді?

Біз жоғарыда айтқан ақпарат құрал­дары арқылы адам күніне қанша ақпарат алатынын білу үшін, 2020 жылы орташа есеппен күн сайын қанша дерек пайда болғанын қарап көрейік. Бұл сан күніне 2,5 квинтиллион байтты құраған. Квинтиллион деген сан мөлшерін бірінші рет көріп тұрсаңыз, жалғыз емессіз. Салыстырып көру үшін 18 нөлі бар еке­нін айта кетейік. Әрине, осы секілді адам күніне, секундына қанша ақпарат өңдейтінін көрсететін толып жатқан өзге де статистиканы келтіре беруге болады.

Десе де, үй мен жұмыстың арасы­ның өзінде қанша нәрсе көріп, қанша ақпарат оқитыныңызды өзіңіз де біліп отырсыз. Ол мәліметтің барлығына зер салып қарау міндетті емес, миыңыз өзі қабылдап өңдей береді, ал жадыңыз сақтай береді. Бұл ақпараттарға ортақ бір нәрсе бар, ол – авторының болуы. Кез келген ақпаратты таратарда бел­гілі бір себептің болатынын есте ұстау керек. Ал сол себепті түсіне білу – медиа­сауаттылықтың негізі.

Бізді қоршаған дижитал заманда ақпараттың қайдан, қандай мақсатпен шыққанын, қаншалықты сенімді екенін анықтау одан сайын қиындай түсті. Дегенмен, мойындағымыз келсе де, келмесе де, бұл бүгінгі күннің ең маңызды қабілеттерінің біріне айналды. Қоршаған ортаны енді танып-біліп, дүниетанымы қалыптасып келе жатқан, болашақта толығымен тех­нология дәуірінде өмір сүретін балаларға бұл, тіпті, өзекті. Медиасауаттылықты балаларды ақпараттан қорғау деп түсінуге әсте болмайды. «Бала­ның миын улайтын контент көрсетпеймін» деген желеумен теледидарды өшіріп, интернетті шектейтін ата-ананың әрекетімен ақпаратты айы­ра алатын ұрпақ тәрбиелеудің арасы жер мен көктей.

Медиасауаттылық анықтама­ла­рында бірінші мән беретін нәрсе – адамның сыни ойлай білу қабілеті. Бұл шетінен барлығын сынау емес. Сыни ойлай білетін адам біржақты пікірден аулақ болады, кез келген ақпаратты түрлі ракурстан талдай біледі. Бұл – негізі мектеп жасында қалыптасатын машық. Батыс елде­рінде білім алған отандастарымыз біз­дің білім беру бағдарламамыз осы жерде ақсайтынын жиі алға тартады. Ата-ананың, ұстаздың, не өзінен жасы үлкен адамның айтқанын өздігінен саралап, жеке пікірін білдіру – бұрыс не тәрбиесіздік емес. Кішкентайынан кез келген айтылған нәрсені сұраққа алып, шамасы келгенше талдай білетін балалардың уақыт өте келе сыни ойлау қабілеті қалыптасады. Міне, осы машықты бойына сіңірген бала медиасауаттылықтың негізін меңгерген десек артық емес.

Ақпарат көбейген сайын оның ақиқат не жалған екенін анықтау қиындап кетті. Оған пандемия кезінде толық көз жеткіздік. Коронавирус туралы бұрмаланған ақпараттар әр отбасында талқыланды. Бұған шүбә келтірмейтініміз анық. Вакцина салған жерді магнитпен тексерген талайды көрдік, әлі көретінімізге сенімдімін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қолданысқа пандемия­дан қаупі кем емес «инфодемия» терминін енгізді.

Жалған ақпараттың кең тарағаны соншалық, медиа және коммуникация саласында фактчекиң бағыты пайда болды. Ол бойынша деректерді тек­серіп, хабарлардың рас-өтірігі анық­талады. Былтыр пандемия ке­зін­де індетпен қатар, ақпараттық ви­­рус­тың кең тарағаны соншалық, Қа­зақстан үкіметі арнайы stopfake.kz жобасын іске қосуға мәжбүр болды. Бұл салада жалған ақпарат мәселесінің кезек күттірмейтінін көрсетті.

Қоғамда медиасауаттылықтың дең­гейін көтермесек, салдары қан­дай болатыны туралы журналист, фактчекер, Factcheck.kz онлайн басы­лымының редакторы Павел Бан­никовпен әңгімелестік. Ол бұл мәселенің салдарын қазірдің өзінде байқауға болатынын айтады.

– Қоғамда медисауаттылықтың төмен­дігі үрейге, сенімсіздікке, ден­сау­лық саласындағы жобалардың сәт­сіз болуына, әлеуметтік поляри­за­цияға, жек көрушілікке алып келе­тінін былтырдың өзінде анық көрдік. Бәрімізге айқын күнделікті көріністің бірі – халық алаяқтардың алдында қорғансыз қалады. Былтырғы статистиканың өзінен алаяқтардың арбауына түскен адамдардың қан­шалықты көп екенін көруге болады. Алаяқтар келтірген залал 2019 жылмен салыстырғанда 180 млрд теңгеге артқан. Бұл құқық қорғау органдарына шағымданғандардың үлесі ғана, ақшаға алданғанын айтқысы кел­мейтіні қаншама. Қоғамда медиа­сауаттылықтың төмендігінен туындайтын ең қарапайым мысал осы. Ал болашақта ең қорқыныштысы – қоғам­дағы поляризация дер едім. Халықтың біртұтастығы бұзылғанда, медиасауатсыз қоғамда үлкен ақпарат ағынын радикалды топтардың теріс ойлары оңай жаулап алады. Бұл – Қазақстан үшін де ең қауіпті мәселе, – дейді сарапшы.

Расымен, интернет алаяқтарды айыра алмау – қауіпсіздік саласын­дағы үлкен мәселелердің бірі. Жауап­кершілік құқық қорғау органдарының мойнына артылғанмен, бұл да медиасауаттылыққа келіп тіреліп тұр. Осы секілді ақпаратты саралай алмай опық жеген жан қаншама. Бұл, әсіресе, әлеу­меттік желі мен интернеттен оқы­ған кез келген мәліметке сене кететін орта жастан асқан адамдар арасында жиі кездеседі.

Мәселенің өзектілігін анықтадық. Оны шешу үшін не істей аламыз? Дамыған елдердің мысалына зер сал­сақ, бұл мәселе өткен ғасырдың соңында көтеріле бастаған. Сонда зерт­теушілер мен сарапшылар медиа­ның қоғамға теріс әсерін саралай келе, күнделікті тұтынатын ақпараттың қайдан, қалай, қандай мақсатпен тарағанын ажырата білу керек деген тоқтамға келген. Осылайша медиасауаттылық деп аталатын пән Батыста мектеп бағдарламасында оқытылатын болған. Қазір әлемдегі басқа да елдер бұл мәселенің өзекті екенін айтып, көбірек көңіл бөле бастаған. Осында бір қуанышты жаңалықты айтпай кетпеуге болмас. Жақында Қазақстандағы медиасауаттылық бойынша алғашқы оқу құралын мемлекеттік комиссия мақұлдап, білім беру мекемелерінде пайдалануға ұсынды. MediaNet халықаралық журналистика орталығы дайындаған оқу-әдістемелік кешенді еліміздегі оқу орындарында қосымша сабақ ретінде өтуге болады деген сөз. Су жаңа оқу­лық туралы жоба жетекшісі Алена Кошкинадан сұрастырып білдік.

– Біз алдымен сынап көру үшін оқу­лықты 2019 жылы орыс тілінде басып шығардық. Оқу құралы Қазақ­станның төрт мектебінде, тіпті бір университетте сынақтан өтті. Соны­мен қатар, Алматы мен Қараған­ды­да медиасауаттылық курсының бағдарламасы қабылданды. Мектеп және колледж мұғалімдеріне арналған медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша тренингтер 2019 жылы басталып, әлі де өтіп жатыр. Енді Қазақстанның барлық өңірлеріндегі мұғалімдерді оқу құралына негіз­делген бағдарлама бойынша оқытуды жоспарлап отырмыз. Оқуға тартылған мектептердің толық тізімі жақын арада келісілетін болады, – деді А.Кошкина.

Мақалаға арқау болған мәселенің осы­лайша іс жүзінде шешім тауып жатқаны қуантады. Енді тек мек­теп басшылары бүгін білімді жас ұр­­пақ тәрбиелеуде олардың медиа­сауаттылығын көтеру қаншалықты маңызды екенін бірден түсінсе дейміз. Шетелден келген тағы бір «сәндегі» сөздердің бірі ғана деп қабылданбаса екен.

Жалпы, оқулық жоғары сынып оқушылары мен ересектерге де ар­налған. Бұл туралы жобаның қазақ тіліндегі редакторы Жұлдыз Әбділда ай­тып берді. Ол елімізде медиа­сауат деңгейі төмен екенін, тіпті әріп­тестерінің арасында кездесетінін алға тартты.

– Өкінішке қарай, бізде медиа­сауаттылық өте төмен дең­гей­де. Басқаны айтпағанда, әріптес­теріміздің өзі ақпаратты тексеруді, оның рас-өтірігіне көз жеткізіп алмай тұрып жариялауға болмайтынын, оған қоса медиа этиканың бар екенін түсіне бермейді, – дейді Жұлдыз Әбділда. Маманның айтуынша, оқулық ақ­парат алу, ақпаратпен жұмыс істеу, киберқауіпсіздік, әлеуметтік желі­лердің біздің өмірімізге ықпалы, қаупі, кибербуллинг бойынша жан-жақты ақпарат береді.

Балалардың сауатын арттыру мә­селесі сәл де болса түсінікті бол­ды. Ал дүниетанымы, белгілі бір көз­қарасы қалыптасып қалған, өзгерісті оңай қабылдай қоймайтын, көбіне жалған ақпараттың қармағына ілінетін орта жастан асқан азаматтарға қа­лай көмек­тесуге болады. Дәл осы сұрақты журналист, фактчекер, Павел Банниковке қойдық. Ол балалардан гөрі ересек адамдарды үй­ретудің расында қиын екенін айта келе, жауапкершіліктің бір ұшын БАҚ-қа әкеліп тіреді.

– Адам жасы ұлғайған сайын қосымша білім алуға құштар бо­ла бермейді. Сондықтан БАҚ пен бас­қа медианың міндеті медиа және ақ­параттық сауаттылық туралы жиі айтып, қоғамда медиа сауатты адамның жағымды тұлғасын қалыптастыруы керек. Шешімдердің біреуі осы делік. Одан бөлек ойын түрінде немесе кәсіби тегін курстар ұйымдастыруға болады. Десе де, бұл Қазақстанды ғана емес, бүкіл әлемді алаңдататын сауал, – дейді П.Банников.

Адамзатты басқа тіршілік иесінен ерекшелеп тұратын ақылы мен санасы десек, сол екеуінің ортақ жемісі – сөзге келіп түйіседі. «Ақпаратқа кім ие болса, сол әлемді билейді» деген қанатты сөздің бүгінгі шын­дыққа қаншалықты сай екеніне күн­делікті өмірде көз жеткізіп келеміз. Ен­деше осы тұрғыдан келгенде медиасауаттылықты арттыру заман­ның басты талабы екені сөзсіз.

 

№81 ОҚУҒА ҚҰШТАР ҰЛТ-МӘДЕНИ-ДАМЫҒАН ГҮЛДЕНГЕН ЕЛ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасыны аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктернің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енетін болады. Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды болғанымен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы ҚР-ның мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып табылады. Оқу сауаттылығы қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Оқу мәдениеті оқушылардың нақты және жаратылыстану ғылымдарын, еңбекке үйрету және дене шынықтыру, сондай-ақ басқа да пәндерді табысты оқып білу үшін міндетті ме? Жауабы анық. Әрине, иә. «Оқу мәдениеті — өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру факторы» деген түйін сөз бекер айтылмайды. Оқуды дамытуда әдістемелік әдістерді жүйелі және мақсатты түрде қолданған жағдайда оқушының дербес оқуын қалыптастыруға үлес қосады.

            Сондықтан бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет болды.

            Оқушының әдеби салада қандай құзыреті болуы керек?

  1. Жалпы мәдени-әдеби құзыреттілік — ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде әдебиетті қабылдау.
  2. Әлемдік құндылықтар құзыреттілігі — әдебиетте бейнеленген осы  құндылықтарға деген көзқарастарын анықтау және нақтылау мүмкіндігі құндылықтарды түсіну.
  3. Оқырман құзыреттілігі — шығармашылық, «автор-оқырман» диалогына қосыла білуі, кейіпкерлермен толғана білу, көркем туындысының тіл ерекшеліктерін түсіну.
  4. Сөйлеу құзіреттілігі — қазақ әдеби тілінің нормаларын білу; сөйлеу қызметінің негізгі түрлерін меңгеру.
  5. Әртүрлі жанрда әдеби шығармашылық жұмыстар жаза білу қабілеті.

            Жаңа стандарттарда бастауыштағы оқушының оқу құзыретін қалыптастыру үшін әдеби оқу үйрену басымдық болып табылады. Әрине, адамның кітапқа деген қатынасы бастауыш мектеп жасында қалыптасады. Оңтайлы оқуға үйретудің біршама тиімді резервтерін атап айтуға болады.

  1. Ұзақтығы емес, жаттығу жұмыстарының жиілігі маңызды.

Бірінші сынып оқушысын кітапты ұзақ уақыт бойы соңына дейін оқуға отырғызып қоюға болмайды. Біріншіден, баланы шаршатып жалықтырады, екіншіден, оның оқуға деген ынтасын жояды. Онан да 5 минуттан бірнеше бөліп оқытса, әлдеқайда тиімді. Осындай жаттығулардың тиімділігі бір сағаттық жаттығуларға қарағанда әлдеқайда жоғары.

  1. Ызыңдап оқу. Ызыңдап оқу дегеніміз – бұл бір мезгілде дауыстап сыныптастарына кедергі келтірмес үшін күбірлеп, әрқайсысы өз жылдамдығымен біреуі жылдам, біреуі баяу барлық оқушылардың оқуы. Әрбір баламен 2 минуттай жұмыс жасай алады.
  2. Әр сабақ сайын бес минуттық оқу.

Әр сабақтағы бес минуттық оқуды қарастырып көрейік. Мысалы, Әр сабақта бес минут, әр күні 4 сабақ, аптасына 5 күн бар. Бір апталық жаттығу 100 минут көлемінде болады. Дәстүрлі әдістермен 2-3 минутты салыңыз. Жаттығу уақытынын 50 есеге артқаны көрініп тұр. Мұның бәрі де әдістемелік айласыз жүзеге асады.

  1. Ұйықтар алдындағы оқу. Бұл жақсы нәтиже береді. Өйткені соңғы оқиғалар эмоционалды есте сақталып қалады, яғни адам ұйықтағанда, 8 сағат бойы сол әсерде болады.
  2. Аялауыш тәртіптегі оқу (егер бала оқуды ұнатпаса).

Жеткіншек бір-екі жолды оқиды және содан кейін қысқа мерзімге демалады. Балалары оқып-үйренуді қаламайтын ата-аналарға осы тренингті ұсыныс жасауға болады.

            Оқушылардың оқырмандық іс-әрекетін жүйелі үш кезеңде ұйымдастыру ұсынылады:

1 кезең – сапалы оқу дағдысына жұмыс. (жүгіртіп оқуға тұрақты жаттығу, оқыған шығарманың көлемі мен саны ұлғайту). Оқушыға жүгіртіп оқуға дағдыланбай тұрып басқа барлық пәндер мен бастауыш сыныпта МЖМБС-ты меңгеру қиын болады. Көркем әдеби шығарманың мәтінін меңгеру және одан қажетті ақпаратты алу мүмкіндігін дамыту;

2 кезең –құндылық бағдарларын дамытудағы оқушының іс-әрекеті, танымдық-коммуникативті қабылдау, эмоциялық жауаптылық, толғану, оқылған шығарма бойынша оқырманның пікірі;

3 кезең – кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу, өз бетінше оқуға дағдылану әрекеті.

            Оқырман белсенділігін қалыптастыру үдерісі мектепте заманауи тиімді технологиялар мен оқыту әдістері қолданылған жағдайда тиімді болады. Мектеп оқушысының кітап оқу іс – әрекетін дамыту Қазақстандағы білімді жаңғыртуда басым бағыттардың бірі болып табылады. Ұлттың рухани және интеллектуалды ілгерілеуінің құралы ретіндегі оқылым іс-әрекетіне балаларды және жастарды тарту мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасының  үлесі маңызды болмақ.  Кітап оқу — білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір түрі ретінде, тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететіні айқын.

 

№82 БУЛЛИНГ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ

Буллинг термині ағылшынның “bully” сөзінен шыққан, қазақша ол “бұзақылық”, “зорлаушы”, “қорқыту” деген мағынаны береді. Басқаша айтқанда, булинг- адамды қорлау. Буллинг қоғамымыздың әр түрлі топтарында, тек мектептерде ғана емес, сонымен қатар жұмыс орындарында, интернет желісінде де көрініс табуы әбден мүмкін. Буллингтің физикалық, психологиялық, экономикалық, жыныстық зорлық-зомбылық тәрізді түрлері болады. Қорлаудың осы түрлерінің бәрін біріктіретін бір қасиет бар, бұл- агрессиялық іс-әрекеттің әлсіз, қорғансыз адамға бағытталуы, жәбірлеуі. Әдетте агрессор (қорлаушы) немесе агрессорлар тобының іс-әрекеттері асқақтық сезімі мен аз да болса биліктің дәмін сезінуге бағытталған.

 

Буллингке адамдар үш тараптан қатысады: жәбірленуші, агрессор немесе куәгер ретінде. Бұл істің ең ауыр психологиялық зардаптарын бірінші кезекте жәбірленуші шегетінін айтпасақ-та белгілі шығар. Алайда, зерттеулер нәтижесі бойынша, қорлаудың теріс салдарлары куәгерлерге де, түптің түбінде тіпті агрессордың өзіне де келіп тиеді екен. Жәбірленуші үшін буллингің қаупі орасан зор, оның дәлелі ретінде әр түрлі деңгейдегі психологиялық және психосоматикалық аурулардың пайда болуы мен суицидтық ойларды келтіре аламыз. Буллинг жасөспірімдер арасында көптеп кездеседі. Статистикалық мәліметтердің хабарлауынша, 7 мен 15 жас аралығындағы мектеп оқушыларының 44 пайызы  “буллинг-агресситі” болып келеді. Мектептегі қорлаудың жарқын мысалы ретінде Кеңес дәуірінде жарық көрген “Чучело” атты фильмді келтіре аламыз.

 

Буллингтің жасөспірімдер мен балаларға деген әсері қоғамда қауіпті нәрсе ретінде бағаланбайды, байқалмайды. Мектептегі мұғалімдер буллингті екі жас арасындағы ерегіс, қақтығыс ретінде ғана қабылдайды. Бірақ ерегіс дегеніміз- мүдделері келіспей қалған, дәрежелері тең адамдардың антагонизмі (бәсекелестігі). Ал буллинг- бұл күштінің әлсізге жасаған әлімжеттігі. Кейде ұстаздар оқушылар тарапынан пайда болатын агрессияға көз жұма қарайды және тек физикалық қорлауды ғана ажыратып, тани алады. Әдетте қорлауды болдырмас үшін агрессормен тәрбиелік әңгіме жүргізу және агрессордан жәбірленушіге кешірім сұрату жеткілікті деп саналады. Алайда бұл қате тәсіл агрессордың жәбірленушіге деген ызасы мен көрсететін қысымын арттыруы мүмкін. Оның үстіне, жәбірленушінің жан жарасын агрессордың мәжбүрлі түрде айтылған бос сөзімен жазып, емдей алмайсың.

 

Не себепті сіздің бауырыңыз, балаңыз немесе жақын адамыңыз буллингке тап бола алады? Бұл сұрақтың нақты жауабы жоқ, себебі көп. Тым толық, тым арық, тым ұялшақ, тым кедей, тым “нашар” киінеді, тым “әдемі”/”ұсқынсыз”, тым ақылды немесе ақымақ, ерекше мінез-құлық, физикалық ерекшеліктер және т.б. Жасөспірімдер кез-келген нәрсе үшін жәбірлеп, қорлық көрсете алады. Осы жерде барлығымыз жәбірленушінің жасалған әрекеттерде ешбір кінәсы жоқ екендігін ұғынуымыз қажет.

 

Буллигті қалай тануға болады және онымен күресу тәсілдері қандай?

 

Қорлану кезіндегі жәбірленушіден мынадай белгілерді байқауға болады: киімнің жыртылуы, зақымдануы, денедегі жарақаттар (дененің көгеруі), қымбат заттарының “жоғалуы”, тәбеттің төмендеуі, қорқынышты түстер, серуендеу кезіндегі мазасыздық, сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуден бас тарту, т.с.с. Буллинг құрбанына көмектесу үшін оны кінәламай, қолдау көрсетіп, демеу болу қажет. Жәбірленушіге оның жалғыз емес екендігін барынша көрсеткен дұрыс. Оны мазақ етіп, айтқан сөздерін елемеуге мүлдем болмайды. Сондай-ақ, жәбірленушіден көрген қорлығы мен тәжірибесі жайлы қайта-қайта сұрай беруге тыйым салынады. Жәбірленушіге агрессорлар өздерінің алдында өз құндылықтарын біреуді қорлау арқылы ғана арттыра алатындығын, сол себепті жазықсызға шүйлігетіндігі жайлы түсіндіру керек. Жәбірленушінің өзін мықты тұлға ретінде көрсетіп, күш қолдана алуы буллингті тоқтатуы мүмкін. Бірақ, өкінішке орай, көп жағдайда жәбірленуші бұндай әрекеттерге дайын емес, сондықтан көмекке мұқтаж болып келеді. Егер сізде сіздің жақыныңыз буллингтің құрбаны болуы мүмкін деген күдік пайда болса, дереу онымен осы жайтты талқылаңыз және әңгіме желісіне байланысты әрекет етіңіз. Мәселенің барлық маңыздылығын ескере отырып, жәбірленушінің сізге сенуге деген дайындығын байқаңыз. Жәбірленушіге көмектесу үшін мектеп әкімшілігіне хабарласыңыз, болған жайтты талқылау үшін агрессор мен ата-анасын шақыртыңыз. Осылайша сіз өз жақыныңызды қорғау үшін бәріне баратыныңызды көрсетіңіз. Егер бұл көмектеспесе, баспасөз бен құқық қорғау органдарына жүгінуіңізге болады. Сақтықта қорлық жоқ екенін естен шығармаңыз,  жақындарыңызға жанашыр болыңыз!

 

 

№91ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУДЫ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ

Білім беру үдерісінің субъектісін  тұлға деп қаратырсақ,  онда дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. Тұлғаның мәні нақты индивидтің өзіндік ерекшелігінде, оның әлеуметтік жүйе шеңберіндегі  өзімен — өзі болу қабілетінде ашылады. Табиғи таланттардың, туа біткен ерекшеліктерінің  маңызды рөлін тұлға дамуында әлеуметтік факторлар жаңаша түрде көрсетеді. Дара өмірдің тіршілік ету әдісі дегеніміз – адам өмірінің жалпы көрінісі, адамның бірегей және бесаспап қасиеттерінің бірлігі тұтас жүйе; адамдардың арасындағы өзінің ұстаным орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Қоршаған ортамен қоғамдық және адами қарым – қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам тұлға болып туа қалмайды, әлеуметтану процесінде тұлға болып шығады деген  ғалымдардың тұжырымын қолдай отырып, білім мен тәрбие беру үдерісінде өздігінен үздіксіз дамуға қабілетті  тұлғаны қалыптастыру   кәсіби білімдендіру үдерісінің ізгілендірілуіне орай  кәсіби педагогиканың негізгі басымдықтарына айналды. Кәсіби педагогиканың басым бағыттарыннда болашақ маманның  тұлғалық болмысын дамытуға оқыту технологиялар жүйесінің  қолданыс аясы кеңейіп,  практикалық маңызы айқындалды. Себебі  педагогикалық технологияда педагогикалық жобасы ретінде объектілерді, процестерді және олардың өзара әрекет ету жағдайларын ажыратады, яғни педагогикалық технология кең мағынасында бүкіл білім беру жүйесінің тұжырымдамасын, стратегиясын білдіреді. Кәсіби білім беру жүйесін ұйымдастырудың негізі  ұжымдық оқыту тәсілі болып табылады. Ұжымдық оқыту тәсілі – оқытуды білімденушілердің бір – бірін оқыта алатын динамикалық жұптарда қарым қатынас жасауы арқылы іске асырылатындай етіп ұйымдастыруымен сипатталады. Білімденушілердің  оқу қызметін ұйымдастырудың ұжымдық формасы  білімдену үдерісіне бірге қатысушылардың өзара ықпалдастығын, өзара жауапкершілігін білдіреді.

         Г. Ю. Ксенева ұжымдық оқыту тәсілінің төмендегідей негізгі басымдық белгілерін атап көрсетеді.

         — қисынды ойлау және түсіну дағдыларын жетілдіреді;

        — сөйлесу барысында ойлау қызметінің дағдылары дамытылады, жадының жұмысы іске қосылады;

         — әркім өзін еркін сезініп, өзіне тән жеке қарқынмен жұмыс жасайды;

         — ұжымдық еңбек нәтижесі үшін жауапкершілігі артады.;

         — жеке тұлғаның өзін лайықты бағалауы қалыптасады;

         — ақпаратты ұжымда талқылау материалды неғұрлым берік меңгеруді қамтамасыз етеді[115].

          Ұжымдық жұмыстың төмендегідей белгілері білім беру үдерісінде толыққанды айқындалды, олар:

         — ортақ мақсаттың болуы;

         — жұмыстың, ондағы функциялар мен міндетердің бөлінуі;

         — білім беру процесіне қатысушылар арасында ынтымақтастық және өзара жолдастық көмек;

         Білім беру үдерісінде оқытушы білімденушілердің жеке тұлғалық даралық болмысын дамытуға «барлығы әрқайсысын жеке  және әрқайсысы барлығын оқытады» деген қағидасын педагогикалық жағдай жасау мақсатында  жүзеге асырады. Ұжымдық жұмыстың жеке тұлғалық бағыты саралап оқыту қажеттіліктерімен айқындалады.

Саралап оқыту оқу ісін білімденушілердің бейімділіктерін, мүдделері мен байқалған қабілеттерін ескере отырып, бірақ олардың жалпы даярлығының базалық деңгейін төмендетпей ұйымдастырудың тиімді нысаны.

         Саралап оқыту адамның қажеттіліктерімен мүдделерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау арқылы оның біршама дамуына бағдар  ұстай отырып, оқу процесін  ізгілендіреді.

         Әлеуметтік тұрғыдан алғанда, саралап оқытудың мақсаты қоғамның шығармашылық интелектуалдық, кәсіптік әлеуетін қалыптастыруға, қоғамның әрбір мүшесінің мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануға ұмтылуға мақсаткерлікпен әсер ету.

         Психологиялық тұрғыдан алғанда, саралап оқытудың мақсаты – әрбір адам басқа адамды дамытудың шарты және құралы болатын, «оқушы –мұғалім» жүйесіндегі субъект – субъектілік қатынастарға көшуге қолайлы жағдай жасау. Бұл қатынастардың негізінде мұғаліммен білімденушілердің  өзін – өзі дамытуын қамтамасыз ететін бірлескен нәтижелі іс – әрекеті жатыр.

         Дидактикалық тұрғыдан алғанда, саралап оқытудың мақсаты – тұлғаны білімденушілердің  жеке қабілеттерін ескере отырып ұйымдастырылатын оқыту әдістерінің, нысандары мен құралдарының жиынтығын іске асыру арқылы әрбір білімденушінің  қызығушылығы мен қабілеттерін дамыту, қасиеттерін ашу үшін оңтайлы жағдай туғызу. Бұл мақсатқа жетудің маңызды құралы білімденушілерге  таңдау мүмкіндігін беру болып табылады.

         Әдістемелік  тұрғыдан алғанда, саралап оқытудың мақсаты – мектептің пісіп жетілген проблемаларын оқытуды сырттай және іштей саралауға негізделген жаңа әдістемелік жүйе жасау арқылы білім стандарттарын (міндетті талаптар) сақтай отырып шешу.

         Саралаудың қажеттілігі тұлғаның мүдделерімен және құқықтарымен бірлесетін (әлеуметтік психологиялық) және әлеуметтік педагогикалық алғыштар қоғам қажеттіліктерімен туындайды, сол сияқты педагоикалық процестің (педагогикалық алғы шарттың) сапасын жақсартуға тікелей ұмтылудан келіп шығады.

         Білім берудің жоғары деңгейі әрбір адам меңгеруге тиісті ақпараттардың айтарлықтай көлемімен, интелектуалдық практикалық біліктердің көптігімен, оның бойында қалыптасқан құндылықтар жүйесі мен тығыз байланысты. Ақпараттың қазіргі дүниеде жедел өсуі білім берудің міндетті базалық жағдайында белгілі бір салада мамандануға қажеттілікті туғыза отырып, оны әрбір адамның толық көлемінде меңеруге мүмкіндік бермейді.

         Бұрын көсетілгендей, саралап оқыту адамдардың жекелеген топтарына қатысы жөнінен жеке тісілді іске асыруға бағытталған. Саралап оқыту, бір жағынан алғанда жалпы білім беруді кеңейтумен және тереңдетумен, екінші жағынан – кәсібилендіру элементтерімен ұштастырылады.

         Саралап оқыту жағдайында аса маңызды проблема – жоғары білікті мамандар проблемасы туындайды.

         Саралап оқытуды ұйымдастырудағы тағы бір проблема білімденушілрдің  саралау алдындағы дайындығымен байланысты. Бұл проблеманың бір қыры белгілі бір жасқа дейін бірқатар жалпы оқу дағдыларын меңгеруге, шығармашылық қызмет тәжірибесі, терең базалық білімі болуға тиісті білімденушілерді әрі қарай білім алуға даярлау қажеттігі болып табылады.

         Сонымен  білім беру үдерісінде саралап оқытуды ұйымдастыруға байланысты қаралған кейбір мәселелердің өзі саралау проблемасының күрделілігін, көп қырлылығын көрсетеді

         Бұл технологиялардың идеологиясын зерттеу, проблемалық әдістерді кеңінен пайдалануды, жобамен жұмыс істеу кезінде бірлескен немесе жеке іс- әрекет арқылы алынған білімдерді қолдануды, өзіндік сыни ойлауды ғана емес, мәдени қарым — қатынас деңгейін де дамытуды, мұның бәрі өмірде табысқа жетуді және күрделі өмір жағдайларынан абыроймен шығуды қамтамасыз етеді.

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *