Эсселер жинағы. 50 эссе

БҰЛ ЖЕРДЕ 50 ЭССЕ БАР. АСТЫҒА ҚАРАЙ ТҮСІРЕ БЕРІҢІЗ

№1 МЕН ҮШІН ПАТРИОТИЗМ ДЕГЕН НЕ?

Мен — патриотпын! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін! Мен Отанымды, отбасымды сүйемін! Мен — тілімді, дінімді, ділімді сүйемін! Мен Қазақстан Республикасының Туын, Гимнді, Елтаңбаны құрметтеймін.Менің ойымша патриот ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата – анасын, туған – туыстарын жақсы көруден басталады. Мен өзімді шын патриот санаймын. Кез — келген адамды отансүйгіштікке тәрбиелейтін ең бірінші — ата — ана тәрбиесі, екінші — ұстаздардың тәлімі. Ал өзіңді — өзің отансүйгіштікке тәрбиелегендегі тірегің ол — кітап. Осы құдіреті күшті кітап арқылы біз өз імізді патриот болуға тәрбиелей аламыз. мейлі ол мұғалім, мейлі ол жұмысшы, дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Тату тірлік пен ауызбірлік жылы ұямызға арқасын кең жайғанда адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ. Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ңұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын. Осы тәрбиенің ең маңыздысы – балаға патриоттық тәрбие беру. Халқымыздың тарихына терең үңіле білсек, жасынан жарқыраған күміс көмей әнші, жау жүрек батыр, нар тұлғалы палуан елі мен жері үшін аянбағаны баршаға мәлім. Ендеше көкірек көзімен тарихты тамырынан тамшылата жас ұрпақ зердесіне зерлей, шырайлы сөзбен кестелей таныту ата – ана мен ұстаз – тәрбиеші шеберлігіне байланысты. «Барлық халық пен ұлт барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс» деген еді ұлтымыздың мақтанышы, ұлы патриот атамыз Бауыржан Момышұлы. Бұл сөздің астарында өз ұлтыңды ерекше сүй, сол арқылы өзге ұлтты сүюге үйрен деген ой жатыр.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы, — деген

Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Адам Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі — өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар — тарапқа жетелеуші. Ұстаз — бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт — бағдар беруші, ата — ананың сенімді көмекшісі. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан — жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым — қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

Ал қазіргі заманның мұғалімі  қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш — жігерін, парасат — қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл — әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.
Сондай — ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан — дүниесін танып — білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым — қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек.

 

№2 ҚАЗІРГІ МҰҒАЛІМ ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК?

Қазіргі кездегі оқушылар білімінің төмендеп кету себептерін «жаһандану мен әлемде болып жататын өзгерістерге сәйкес мектеп жүйесінің кешенді түрде өзгертілмегендігінен», «мектептерге оқытудың жаңа мазмұны енгізіліп жатпағандығынан», «мұғалімдердің заманауи оқыту әдістері мен формаларын пайдаланып оқытпағанынан», т.б. сияқты қол жетпес «қияннан» іздеп жатамыз. Оқушылар білімінің нашарлауын мектептің іші-сыртынан іздеу керек. Оларды табу да қиын шаруа емес, күнделікті оқыту үдерісінде қадам сайын кездесіп те жатады, бірақ оны ескере бермейміз. Солардың негізгілеріне тоқталайық. Қазіргі кезде мұғалімнің де, мектептің де, одан жоғары оқу-ағарту ұйымдарының да білім сапасының нәтижесі оқушылар үлгерімінің пайыздық көрсеткішімен өлшенетіндігі белгілі. Мәселен, тоқсанда екілік баға алған оқушысы бар мұғалім  нашар мұғалім атанатын болды. Үл­гер­мейтін оқушыларының пайыздық көрсеткіші жоғары мектеп – артта қалған мектеп. Тәжірибеде мұғалімдер «жақсы мұғалім» атанудың оп-оңай жолын тауып та алған. Ол – оқушыға нашар баға қоймау. 100% үлгерім беру! Оқу жетістіктерін бағалаудың пайыз­­­дық көрсеткіші оқушылар бі­ліміне қойы­ла­тын талаптың әлсіреуіне әкеліп соқтырды. Кейбір оқушылар біліміне сай бағаланбады. Керек десеңіз, «кітап бетін ашпағандар» да кездеседі. Оқушыларды біліміне сай әділ бағалау деген мәселе өткен ғасырдың 80-жылдары қолға алынған да болатын. Ол «оқытудың міндетті нәтижесі» деп аталды. Онда әрбір тақырыпты оқып-үйрену кезінде оқушылар не білуі, қандай біліктіліктер мен дағ­дылар қалыптасуы керек екендігін дәл анықтау керек деген ой болды. Егер оқушы «оқытудың міндетті нә­­ти­­жесіне» қол жеткізе алмаса, оған «үштік» баға қойылмайды деп болжамдалған да еді. Бірақ бұл әдіс­­­темелік жүйені жүзеге асыруға «жал­пыға бірдей міндетті орта білім беру» науқаны мүмкіндік бермеді. Мүмкін, қазіргі жағдайда, оқушы­лар үлгеріміне қойылатын талапты күшейту мақсатымен барлық оқушы үшін міндет­ті, әрбір тақырыпты меңгерудің ең төменгі (минимум) деңгейін дәл анықтап алу керек шығар. Оқу минимумын орындай алмаған оқушыға оң баға қойылмайды. Сонда оқушының өзінің де және ата-ананың да жауапкершілігі артады. Бұл жоғары сыныптарға (кейін бейіндік сыныптар мен мектептерге) білімі төмен оқушылардың келуіне де тосқауыл болар еді. Сонда қазіргі кездегідей орта білімге сәй­кес білімі жоқтардың «жоғары білім» туралы диплом алуының төлемақы­ға тәуелділігі де жойылуы мүмкін. Мектеп­те үлгер­мейтін оқушының болуы да ешкім­нің үрейін ұшырмайтын бо­­луы керек. Сонда үлгермейтін оқушы­ның сыныптан сыныпқа көшпей қалуы да «төтенші жағдай» болудан қалып, қалып­ты жағдайлардың біріне айналады. Үлгермейтін оқушы үшін мұғалімді кінәлаудың да, мектеп директорын жазалаудың да қажеті болмайды. Ондай жағдайда оқушылардың үлгерімін бақылау және қадағалау комитетінің тексеріп тұруының да керегі болмай қалады. Егер «оқу қонбайтын» оқушы болса, оларды ерте бастан кәсіпке бау­лу да ізгіліктілік қағидасын жүзеге асырудың бір көрінісі. Қазір айтылып жүрген «оқыту­дың күті­ле­тін нәтижесі» де «оқытудың мін­дет­ті нәтижесін» меңгеруді көздейді. Бірақ оқушы білімін бағалаудағы пайыз­дық, әріппен, сандық шкала, соңында цифрмен баға қою сияқты басы артық жұмыс­тар білім сапасын арттыруға тигі­зер әсері мен өзіміздегі қалыптасқан баға­лау жүйесінен артық­шылығы болмайды-ау, шамасы

 

№3 НЕ СЕБЕПТІ ҚАЗІРГІ БАЛАЛАРҒА САБАҚ БЕРУ ҚИЫН?

Хакім Абай «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» десе, «Ұлтқа қызмет білімнен емес, мінезден» дейді Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан. Демек елге қызмет етуде қажыр-қайраттан туған өрелі еңбектерімен халқының рухани кемелденуінің күретамырына қан жүгіртуде мемлекеттік қызметшіге өршіл рухты мінез қажет. Қашанда ұлттық мұратты ұстанған тұлға бойындағы ар-ожданы, елдік мінезі үкімет пен халық арасындағы сенімді байланысты қалыптастырады. Жалпы мемлекеттік қызметші қоғамның айнасы деуге болады.

Егеменді еліміз ТМД аумағында алғашқылардың бірі болып мемлекеттік қызмет туралы заңнама қабылдап, қызметтік мансап жүйесін ендірді, әкімшілік және ­саяси мемлекеттік қызметшілердің кадрлық резервін құрған болатын. Осының арқасында 2000 жылдардың басында Дүниежүзілік банк Қазақстанды ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында мемлекеттік қызмет саласындағы реформалардың көшбасшысы деп таныды. Осылайша еліміз 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімдік басымдылықтарының бірі кәсіби мемлекет құруды жоспарлады. Ал бұл міндетті жүзеге асыру мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне байланысты. Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Демек адамдар арасында осы қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуы қажет. Мұндай сенім мен құрметке жету оңай емес. Бұл үшін бір ғана кәсіби білімділік пен білгірлік жеткіліксіз, одан басқа қызметшінің жеке мінез-құлық мәселесі және бар. Яғни кызметшінің кәсібилік деңгейі мен жоғары моральдық адамгершілік қасиеттері қатар тұру керек. Бұл туралы Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында «Өте жоғары этика мен кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылады» деп атап көрсеткен болатын. Сондықтан бүгінгі күні мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуде. Кәсібилік пен әдептілік қосылып, мемлекеттік қызметшінің тұтас имиджін көрсетеді. Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығына және әділдігіне қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуға мүмкіндік береді.

Иә, әр өңірдің деңгейін мемқызметшіге қарап-ақ бағамдай беруге болады. Сөзі өтімді, ісі кесімді, адамға жұғымды қызметкерлер бар. Сауал жолдаса жауап қатып, кемшін тұсын келешекте жөнге келтіретінін жеткізіп, әдептен әрі аспайды. Сөз құдіретін түсінетін жан дерсіз оны. Алайда, мемлекеттік қызметке келген жастарға осы тәрбие жетіспей жатқан сыңайлы. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітедінің» кері келмес үшін алдыңғы буын ағалар жол көрсетпеуші ме еді? Беттен алып сөз бақпайтын, айтқан ойды ұқпайтын, ­ауызбен орақ орып, іске келгенде ізін таппайтын мемлекеттік қызметші халықпен қалай жұмыс істемек? Мемлекеттік қызметші болу – зор құрмет. Сондықтан кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттерге ие болған абзал. Әсіресе, қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологиялар мен БАҚ еркіндігі туған шақта мұндай қасиет өте керек-ақ.

Президент Қ.Тоқаев билік пен халық арасында ашық қарым-қатынас орнатуды көздеп отыр. Яғни әрбір қызметкер атқарған жұмысын халыққа ашық, түсінікті түрде жеткізуі қажет. Мұң-мұқтажын айтқан қарапайым бұқараға тиісінше жауап беру де мемлекеттік қызметшінің әдебін білдірсе керек. Алайда, істеген ісін көрсетпек түгілі керек ақпаратты алудың өзі аптаға созылатын кездер бар. Сондай-ақ өзін-өзі ұстау, сөз саптау, жауап қату сынды мәселеге келгенде аудандағы мемлекеттік қызметшілердің этикасы нормаға сай ма деген ойға келесіз? Елбасы Н.Назарбаев «Мемлекеттік қызметке біз жұмыс істеу үшін шақырамыз. Себебі, халқымыз бізді өзіне жұмыс істеу үшін жалдайды. Сондықтан біз өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық. Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болып, әрбір адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсініп, оны дәл сол кезде орындай алмасаң да түсіндіріп, дұрыс жауап беріп, шығарып салу – біздің парызымыз

 

№4 ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ БІЛІМНЕН ЕМЕС,МІНЕЗДЕН?

Мінез адамның ішкі әлемінің айнасы. Жүсіп Баласағұн «Кісіге екі дүниеде пайдалы – ізгі іс немесе мінезі түзулік. Екіншісі – ұят, Үшіншісі – әділдік. Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады» — деген. Бұл тұста ұят пен әділдік мінездің сыңары екенін ойда ұстау қажет. Білім ізгілікке жұмсалмаса, оның пайдасынан зияны артуы әбден мүмкін. Сондықтан Шығыс даналығы адам мінезінің көркемдігін алдыңғы орынға шығарса керек. Адамзатты өркениет шыңына жетелеген ойшыл Әбу Насыр әл Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес,  тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген  білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» — деген екен. Елге адал қызмет етер адам – әділдік, жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, оларды тәжірибеде қолдана білу, адалдық және парасаттылық, белсенді өмірлік ұстаным сынды қасиеттерге ие болуы басты міндет. Еліне қызмет етерде алар үлесі басым мінез-құлық жайлы сөз болғанда Хакім Абайға тоқталмай кете алмаспыз. Алаштың Абайы «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ» — деген сөзін тілге тиек етіп, білім мен мінездің, ардың адам өміріндегі орнына ерекше тоқталған. «Ғылымды, ақылды сақтайтын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсе қызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады», — деп ескертеді. Дана Абай әсіресе адамның танымдық қызметін арттыратын мінездің қырына баса көңіл бөледі. Ол жастарды білім-ғылымға шақыра отырып, төк қажырлылықтың, құштарлықтың арқасында ғана ғылымға қол жеткізуге болатынын айтады. Адамның көңілін көтеріп, бойына қуат беретін сезімдердің бірі – өзгеге еш міндетсінбей  қол ұшын беру. Ар-ожданы таза адам ғана бар шынайы көңілімен өзгенің керегіне жарайды. Адамды көздеген мақсатына, асыл арманына жеткізетін, ғылым-білімді меңгеруге мүмкіндік тудыратын жан қуаттарының бірі – ерік-жігер, қажыр-қайрат. Ерік-жігер адамның ез мінез-құлқын меңгере алу қабілеті, оны әр түрлі кесапаттардан, пайдасыз құмарлықтардан қорғайды. Абайдың айтуынша «жан қуаты деген қуат бек көп нәрсе… Бұл қуаттың ішінде үш артық қуат бар… ол жоғалса, адам баласы хайуан болды, адамшылықтан шықты» — деп, адамның өзі таңдап түскен жолынан таймауына ерік-жігері мен қажыр-қайратының ғана кезектесетінін еске салады.

 

№18 ЖҰЛДЫЗДАРДЫ ЖАҒУ ӨНЕРІ(МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫТУРАЛЫ)

Білім беру мазмұнын жаңару оқу технологияларды үнемі меңгеруді оқушылардың білім сапасын жоғарлатуды талап ету, сабақ беру үрдісін күрделендіру – осының бәрі мұғалімнен білім қорын жаңартып, кәсіби біліктілігін арттырып, әдістемелік шеберлігін шыңдап отыруын талап етеді. , мұғалім өз пәнінен оқушылардың ойлау әдісін, өз бетімен білім алып, оны қолдану білуін қалыптастырып,талдау және білімді бағалау сияқты ғылыми-зерттеу әдістерімен қаруландыруы қажет. Осыдан келіп, мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптар өрбиді. Ол тек жан-жақты дамыған маман ғана болып қоймай, өздігімен іздену жұмыстарының тәсілдерін меңгерген, зерттеу дағдысы қалыптасқан маман болуы шарт. Қазіргі кезеңде мектептің алдына қойылып тұрған ең басты талап – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру ісі болып отыр. Соңғы кездері оқушылардың дарындылығын дамыту өзекті мәселеге айналып отыр.

Дарынды адам деп, басқалардан ерекше, қиын жағдайлардан күтпеген жолдар табатын, жоғарғы жетістіктерге талпынатын адамды айтады. Дарынды оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгеше. Олар сезімтал, ықылас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп қоя біледі.Физиологиялық тұрғыдан ерекшелігі: дамытудағы шапшандылық, ауызекі сөйлеу, жиі-жиі ойға берілу, қиял-күшінің басымдығы. Дарынды оқушылар көп көлемде білім меңгереді және ұмытпайды. Түсінік танымы өте жоғары.

Шығармашылық – баланың бойындағы дамыған сана белсендігі мен таным белсендігі, тума қабілет. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми салалардан білім алу арқылы және тәжірибелі ұстаздардың көмегі арқылы ашылады.

Дегенмен де, сөз әрбір  қайталанбас талантты, өзінше жеке тұлға әрбір мектеп оқушысы жайында болмақ.

Шығармашылық қабілеті өздігінен жетілмейді, оған да белгілі бір факторлар ықпал жасайды:

  • мектеп өмірі, мектептегі оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің ұйымдастырылу деңгейі;
  • оқушылар мен ұстаздар арасындағы қарым-қатынас;
  • отбасы жағдайы;
  • физиологиялық даму үлгісі;
  • балаға қажет білімнің берілу сапасы.

Оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту гимназия педагогтары көңіл аударып келе жатқан мәселе. Педагогикалық ұжым әрекетінің өзектілігі – дарынды оқушылардың өзін-өзі жетілдіруде жайлы жағдай туғызу. Дұрыс тәрбие беруде танымға сүйіспеншілікті арттыру және оның жоғарғы шыңы – танымдылық тұтынушылығын оятуы мүмкін. Сезімді, ерікті, ойды не нәрсені терең меңгеруге бағыттау, үнемі көп білуге талпынуды ояту, белгілі жайда жаңа бір қырын ашу, әлемді танып білуде ізденіске ұмтылуды қалыптастыру – бұл мұғалімнің алдында тұрған негізгі міндеттерінің бірі. Оқыту баланың табиғи қасиеті мен жаратылысына бағыттауы қажет. Сондықтан да білім беру мазмұнын құруда ең басында жеке тұлғалық талаптары, тілектерімен бірге бала тұруы қажет. Бала – оқыту үрдісінің негізгі бейнесі. Оның анықталған, қызығушылығы қанағатталған, қабілеті дамыған болуы қажет.

 

№19 МЕНІҢ ШӘКІРТТЕРІМ-МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ

Мұғалімніңбүкілмақтанышышәкірттерінде,

өзі шашқан ұрпақтарының өсіп — өнуінде.

Ұстаздан жақсылыққа тәрбиелену, өзі бақытты болып,өзгелерді де бақытты ету жолына үйрену дегенге саяды. Жалғыз екенсің, ізіңнен ерген ізбасарың болмаса, онда құның да шамалы,шәкіртсіз ұстаз да бұтақсыз қу ағаш сияқты.

Ана сүтін дене үшін табиғат әзірлесе, шәкірттердің рухын биіктету үшін біз оқытушылар  өз үлестерімізді  қосуға тырысамыз . Алдымызда бізге сеніп тапсырылған бала, ертеңгі қоғамның бір белді тұлғасы болмасына кім кепіл?

Әрбір шәкіртімнің  жасаған қылықтары мен үшін қайталанбас бейнелер.Жұмыста да, үйде де тек шәкірттерімнің қылықтарын ойлап жүретінмін.

16 шәкіртімді әлі күнге дейін ұмытқан емеспін, ұмытпаймын да.

Себебі: олардың өмірге деген қызығушылығын ояттым, өз баламдай аянбай тәрбиеледім, жақсылыққа сүйсініп, жамандықтан жиренуге шақырдым. Олардың қуанышына ортақтастым, кемшін тұстарына күйіндім де.

Шәкірт бойында ынта- ықылас оянбаса, онда еңбегіңнің зая кеткені.

Өзіңді шәкірттердің іздеп жүруі, мақтан тұтуы – ұстаз үшін баға жетпес бақыт.

Табиғаттың ең бір үлкен сыйы- ұстаздың шәкірт жүрегінде мәңгі ойып орын алып қалуы. Егер шәкірт жүрегінде мәңгі қалсаң, онда сол бала жүрегінің кілтін дұрыс тапқаның. Ондай құпия кілтті табу үшін асқан қабілеттілік, байқағыштық, елестету, әдептілік өте қажет.

Адам өзінің айрықша сыйлайтын, сенетін, тәнті болып, мақтан тұтатын кісінің айтқанын екі етпейді, тапсырмасын ауырсынбайды, оны шын пейілі, ықыласымен, бар ынтасымен және шабытпен орындайды.

Менің шәкіртім де дәл осындай.. Ол –Канафин Арыстан . Алғаш бірінші курсқа түсіп ,топ жетекшісі ретінде қабылдап алғанымда   тұйық  болып көрінгенмен, оның ұшқыр ойы, үкілі үмітінен көп нәрсені күтуге болатын байқадым.Ынта қойып, тапсырылған іске ерекше ықыласпен кірісетін шәкіртіме жауапты жұмыс тапсырып сенім арттым.  Ол ғылыми жоба байқауына , түрлі конкурстарға қатысу мүмкіндігі еді.  Алғаш Арыстанды ағылшын пәнінің оқытушысы Жұлдыз Нұрлановна  олимпиадаларға қатыстырып , білім алушының ашылуына септігін тигізді десем де болады. Тақырыпты бірлесе отырып таңдап, аймақ, аудан, облыс көлеміне де шығуына өзінің ,ұстазының адал еңбегі арқылы жетті. Таңдаған тақырыптың өзектілігі, мақсаты, проблемалары, ұсыныстар туралы ой тұжырымдап, ерекше мән беруі оның қанаттанып биік белестерден көрінуіне бірден — бір себепші болды. «Тамшыдан теңіз құралады» демекші, осы  шәкіртімнің де мектеп қабырғасын бітіріп келгеніне үш  жылдың жүзі болды. Тамшының тас тесетіні сияқты талай еңбектің арқасында осы дәрежеге жеттім, «сіздің мен үшін еңбегіңіз зор», — деген сөзі әліде  құлағымда. Сүйікті ұстаз болу үшін, шәкірт жүрегінен орын алуымыз қажет-ақ. Салмағы ауыр осы бір сөзден көп ой түюге болады.Елдің ертеңі, келешегі – біздің қолымызда.

 

№20 МЕНІҢ ҰСТАЗДЫҚ БАҚЫТЫМ

Есік ашылып,тұлымдары желбіреген ер балалар мен шаштарына ақ бантик таққан қыз балалар бірінен соң бірі кіріп жатты. Бұл менің оқушыларым.
Осы балалардың шат күлкісі, күлімдеген жүздері менің жүрегіме «мен кіммін?», ұстазбын ба?, әлде анамын ба?- деген ой мазалап қоя берді.
Ой тұнығынан ойланбастан мен ұстазбын деп айқайлағым келді. Себебі олар еліміздің болашақ үміт артар азаматтары, ертеңі. Осы күлімдеген жүздер менің өміріме, ұстаздық жолына тереңірек үңілуге жол ашты.Сол мезетте менің түсінгенім, ұстаз  мамандығын жан-жүрегімен сезінген, бала жүрегіне жол таба
білетін, ата-ана алдындағы жауапкершілікті сезіне білген адам ғана өз мамандық иесі бола алатынын түсіндім.
Мен өзімді  әлі, еркін маманмын деп айтуға жүрексінемін, өйткені мен, еңбек жолына енді ғана қадам басып отырмын. Алар асулар мен белдер әлі алда деп білемін. Мен сүйкімді оқушылар мен оның жанұсына енген ұстазбын.
Ата-ана маған ең қымбат баласын сеніп тапсырды. Сондықтан балалрдың мектеп қабырғасындағы өмірі қалай болатындыңы маған байланысты, сондай-ақ ата-ананың мектепке, ұстазға деген көзқарасының қалыптасуы да маған байланысты.Мен әр баланың жанұя мүшесі тәріздімін, мүмкін мен әр жанұяның өмірлік досы болармын…
Мен, бала мен ата- ананың маған артқан  сенімін қалай ақтауым керек?-деген ойға қалдым. Осы ойлардың жетегінде жүріп, ізденімпаздықпен  аянбай еңбек еттім.Сол еңбегімнің нәтижесінде бірталай жетістіктерге де қол жеткіздім.
«Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға»-деп Абай атамыз айтқандай,ұстаз бала тәрбиелеу мен білім беру жолында үлкен сындардан өтеді. Әрине бұл жетістіктеріме мақтанбаймын,осы еңбегімнің жемісіне, еңбек іс әрекетіме,мамандығыма деген көзқарасымның қалыптасуына әріптес ұстаздарымның көмегі зор. Апайларымнан алған ең басты сабағым, балаға деген мейірімділік,қамқорлық,шыдамдылық,әрине шығармашылық ізденісте болу. Оқушыларды заман талабына сай ,тұлға ретінде білім мен тәрбие беру үшін, қазіргі іс-тәжірибеде жүрген дамыған елдердің озық инновациялық технологияларының әдіс-тәсілдерін қолданып келемін. Шынымды айтсам кейде балаша ойнап,балаша күліп ұстаз екенімді ұмытып кетемін, ал кейде бірге өткізген қызықты да,тәтті қылықтырына тамсана тоймай бір сәт еске аламын. Міне,мен осылайша әнші, биші, суретші, әртіс, әсем сөз маманы,баланың жан-дүниесін түсіне алатын психолог-ұстазға айналдым.
Балаларға білім мен тәрбие беруде,ұлттық құндылықтырды бойына сіңіріп,ойына ұялатуға тырысамын. Күн сайын маған үміт толы күлімдеген көздер мен балбұл жанған әдемі жүздер қарап отырады.Мөлдір бұлақтың бастауын,көзін ашып.тұнығына қану үшін таңғажайып балалар әлемін тереңірек танып,бала жүрегіне мейірім дәні мен білім нәрін себу менің басты мақсатыма айналды. Ұстаз-киелі мамандық.Ұстаз оқушыларын білім әлеміне, еңбек жолына,танымдық қабілеттерін дамытуда аянбай еңбек етеді. Француз педагогы Жан Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады,оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты,өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» деген сөзді әр ұстаз үнемі  жадында сақтап қана қоймай, үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар. Ұстаз жұмысы күрделі де қызықты. Оның көптеген қырларын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес,оны тек қана  шын жүрегімен, жан-тәніңмен ғана сезіне аласың. Ұстаз болу, мен үшін-үлкен бақыт. Мектеп қабырғасында жүрген әр оқушы еліміздің ертеңгі болашағы.Еліміздің болашағы, ертеңі білімді ұрпақ өсіру баршаға ортақ, әрі міндет. «Бала жүрегі кішкентай күйсандық.Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады»-деп Мұхтар Шаханов айтқандай біздің ұстаздарымыздың қолында әркез сол кілт жүруі керек.«Бір жылдығыңды ойласаң арпа ек, он жылдығыңды ойласаң, тал ек, бүкіл ғұмырыңды ойласаң, бала тәрбиеле»  деген дана сөздің асылдығын, үкілеген үмітіміз-бала келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарайық…
Балалардың шат күлкісі мен күлімдеген жүздерінен, зерделі білім нәрімен сусындаған,еліміздің болашақ үміт артар азаматтары мен шәкірттердің биігін көруді арамн етемін.
… Ертең мектепте менің қызықты,қуанышты күнім басталады. Ертең маған тағы да күлімдеген көздер мен балбұл жанған әдемі жүздер қарайды.Ол менің оқушыларымның үміт толы көздері…

 

№21 «ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНДА БІЛІМНІҢ ШЫРАҒЫН ЖАҒУ ҮШІН МҰҒАЛІМ БІЛІМ НӘРІН БОЙЫНА СІҢІРУІ ҚАЖЕТ »

«Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін…»
«Алты алаштың баласы бас қосқанда қадірлі орын — мұғалімдікі»
М. Жұмабаев

Қай кезде де қазақ – қазақ болғалы бала, отбасы, тәрбие ұғымдарын бірінші сатыға қойған дана бабаларымыздың ұрпағынан ұласқан қаракөз қазақтың қызы бүгінде «Ұстаз — ұлы есім» деп Мұхтар Әуезов атамыз ұлағатты сөзімен сипаттағандай осы ұлы сөзді мен де арқалап жүрмін.

Ұстаз болу мәртебе. Бұл қызмет қарапайым көрінгенімен адам өміріндегі жалпы тарихтағы ең ұлы істің бірі болып қала береді. Мектеп менің екінші үйім, ыстық ұям. Мен мұнда шәкірттерімді білім нәрімен сусындатып, тәлімді тәрбие беріп, адамгершілік рухта бағыт — бағдар беру арқылы мен өзіме ерекше бір күш — қуат, қайрат жігер аламын. Бойыма осындай жігер қайрат дарып отырғанда бар ынтаммен ізденіп, мектептің жүрегіне айналып, оқытып отырған шәкірттерімді сүйе отырып, білім ошағының құдіретті сәулесі іспеттес жарқырап қызмет етемін. Қазақ даналығында «Шырағың сөнбесін» деген әдемі айтылған қанатты сөз бар. Шырағың сөнбесін… иә, расында да, баланың шырағын жағу бұл астарлап айтылып отырған екі сөзден құралған сөз тіркесі. Алайда мұның астары өте терең әрі күрделі басқаларды үйрете жүріп, өзің де бойыңа көп нәрсені сіңіретін жауапты қызмет.

Шәкәрім атамыздың «адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады: адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл саналар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» деген сөзі бар. Яғни, адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Алдымен жүрегің таза, еңбегің адал болу керек. Осындай таза жүрек арқылы баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады. Осылайша ұл тәрбиелей отырып жер иесін, қыз тәрбиелей отырып ұлтты тәрбиелейміз. Демек, қазақ елінің, жұртының өркениетті қоғамда еркін өмір сүруі ұлт болашығы ұл — қыздарымызға тікелей байланысты болса, ұл — қыздарымыздың жас ұрпақтың тағдыры біздің қолымызда. Біз, ол ұстаздар. Ұстаз, ол мен. Мен – ұстазбын, мен – зерттеушімін, мен – ұйымдастырушымын, мен – ұрпақты келешекке жетелеп апаратын тәрбиешімін. Менің алдымда отырған әрбір жас жеткіншектің ертеңгі күні амгершілікке мол, қоғамды өркендетуге қарымы жететін азамат, терең ойлап, дұрыс іс — әрекет ететін, барлық тірі жанға сүйіспеншілікпен қарайтын рухани бай тұлға болып қалыптасуын қалаймын және қалыптастырамын. Мені осы қиын да қызық мамандық ешқашан жалықтырған емес, қайта өмір сүруге күннен-күнге құлшынысымды арттырып, жаңа жолдар мен шешімдерді, жаңа әдіс – тәсілдерді іздеуге итермелейді. Демек бойымдағы жастық жігерімді, күш — қуатымды, жаңашылдығымды шәкірт тәрбиелеуге жұмсау керек. Болашақта өсіп – дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына мен себепкер болған шәкірттерімді биік белестерден көрсем, өзімді бақытты ұстаз, бақытты адам ретінде толықтай сезініп білемін. Осы эссені жаза отырып толқыныста болып ойымның қорытындысы ретінде өз шығармашылығымнан туған мына өлең жолдарын ұсынсам деп едім.

Ұстаздық етем білім берем жалықпаймын,
Бейбіт елдің аспанында қалықтаймын.
Шәкірттерім тұрса озып өзімнен де,
Бақыттан бас айналып шарықтаймын.

Арман менен мақсатымды анықтаймын,
Еңбектенем, ізденемін қалыспаймын.
Шәкірттерді рухы биік ұлы адам етіп,
Өмір атты қарияға табыстаймын.

 

№22 «ӨЗІҢДІ ОҚЫТУ-ИГІ ІС,БІРАҚ ӨЗГЕЛЕРДІ ОҚЫТУ ОДАНДА ИГІ»

Балаға тәрбиеде қандай бағыт берсек, үлкенге де сондай бағыт-бағдар беріп отыру керек, онсыз үлкен адамдар да қателесіп кетуі ықтимал. Баланы не бұзатынын білсем, соған амал табар едім, бірақ оның қиындығы барлық талап тілегіне шектеу қоймауында ма деймін? Адам табиғатындағы ақылсыздықты тек тәрбиенің күшімен ғана ақылға келтіруге болады. Сондықтан тәрбиеге әрқашан бірінші жетекшілікті беру керек.

Бабалар дәстүрінде тәрбиелеудің ең басты белгісі сенім. Осы берік сенім негізінде адамды қалыптастыра аласың. Өзіңді өзің беріліп, сеніп, шын тәрбиелемесең, қай істе болмасын өжеттілік жасай алмайсын.

Болайын деген бала жер тепкілеп туады, онысы «болам,болам», «алам,алам» дегені. Мен кейбір адамдардың сөзін, ойын, пікірін таң қалып тыңдаймын, тұла бойы асыл қазынаға толы неткен жандар деп ойлаймын. Егер осы адамдар түбегейлі қолына қалам алып жазса, кемеңгер адам болып, ұрпақтың кәдесіне жарарлық көп көп мұра қалдырар еді. Бірақ, көп адамдар тұтанып жанып, жылу да, жалын да бермей, өзімен алып кетеді. Сондықтан адамға ерте мән беріп, тәрбиелеп, бағыт бағдар берген дұрыс! Тентек қайдан келді демендер, қайда тіршілік етті деңдер.

Мектеп тәрбиесінен өтпеген бала — суарылмай тұрған гүл сияқты, барлық әсем түсінен айырылып қалады.

Класс активіне сүйенген тәрбиенің жүз көзі, мың құлағы бар, сондықтан күнделікті жұмысты орынды пайдалана білген ұстаз табысты болады.

Қорқытудың тәрбиелік мәні жоқ екендігі аксиомаға айналғаны шындық, сондықтан кімде-кім тәрбиеші болғысы келсе, бұл тәсілден әр кез аулақ болғаны жөн.

Тәртіпсіздік істеген балаға қатаң сөз айтып керек емес, жылы сөзбен өзіне тартып, себебін өзіне айтқызып, істеген ісінің дұрыс бағытта еместігіне көзін жеткізу керек, бала деңгейіне дейін өзін кішірее білуің керек, әйтпесе ештеңе шығара алмайсын.

Шәкірттер арасында тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу күрделі инженерлік құрылыс тәрізді, қателік жібермеуді талап етеді. Тәлім-тәрбие барлық істің басы.

Қисықты түзететін — күш, қыңырды түзететін — тәрбие, басқа жол жоқ.

Жылы сөз тәрбиенің кілті де, құлпы да, сондықтан жылы сөз сөйлеуге әр кез дайын бол.

Адамға күн шұғыласы қандай қажет болса, тәрбие де сондай қажет,ендеше тәрбиеленіп өскеніне мақтана аласың.

Тәрбиелену міндет те, борыш та, сондықтан әр жеткіншек ол кезеңнен өтуі қажет.

Қорқақтық тәрбиенің жеткіліксіздігінен, сондықтан тәрбиеде мақсат, талап, тілек қойылып отыруы қажет.

Ережелер тәртіптілікке ғана шақырып қоймайды, мәдениеттілікке де үйретеді.

Мектеп ережесінің мәнін, сыр-сипатын терең ашып түсіндіре білу — тәрбиешінің төл жұмысы.

Мен тәрбиеші бола алмаймын, ұстаз боламын!,- дейді кейбір мұғалімдер, олар балаға білім беру үшін тәрбиені бірінші кезекке қоюды ұмытады. Әуелі тәрбиеле, содан соң білім бер.

Тәрбиенің мақсаты: шат көңілділікке, өмір сүйгіштікке, адамгершілікке және жасампаздыққа баулу.

Мектеп өмірі ақиқат мәліметтер мен уақиғалардың жиынына толы болуы керек. Шындықтан алшақ, ғылымнан алыс ұғымдар мен ойлар мектеп іргесіне жақындамағаны жөн.

Мектеп барлық ғылым саласынан орта мәлімет беретін бірден-бір ғылыми орын, сондықтан әр оқушы өзіне керегін мектептен алып қалуға талпынуы керек, онда мектептегі бір күн іздегеніңді, кейін мың күн іздемейтін боласың.

Келешектің ұстаздары кем дегенде үш тілді, не үш мамандықты меңгерулері керек, ал компьютермен еркін жұмыс істеуге дағдылану қазіргі талап-тілек болып отыр, сондықтан келешекте ұстаз болу бақыт та, арман да болсын деймін жас ұрпаққа.

Педагогика мың мінездің басын біріктіріп, бір жиынтық мінез тудыратын ғылым.

Педагогикалық жұмыспен шұғылданған адам үш дәуірді басынан өткізіп өтеді: ол кешегі, бүгінгі және келешек.

Біздің мақсатымыз  — шәкіртті жындысүрей етіп тәрбиелеу емес, ойшыл, епті, ерікті, сезімтал етіп тәрбиелеу,  оны күнделікті тәрбие жұмысында ұмытуға болмайды.

Жындысүрейді де тәрбиелеу ұстаздың үлесіне тиген, сондықтан ақыл ойынды, күш жігеріңді оларға сарқа бере білуге үйрен.

Педагогика — сәбилердің ұясы, оны таза ұстау керек.

 

Оқушыға тәртіп талабын қойсаң, оны сыйлайтыныңды да сездіріп қойғаның дұрыс, себебі бала талап-тілекті түсінбеуі мүмкін. Адамды адам сыйлау арқылы ғана түсініседі,сыйласады.

Тентек жойылса, тәрбие далада қалады деме, ол шексіз.

Тәрбиенің құдіреттілігі сонда, күн сәулесін уыстап бергендей, ендеше зиялы азамат — тәрбие жемісі.

Мектеп басшысы тәрбиені оқушыдан емес, мұғалімнен бастаса іс түзеледі, мақсат айқындалады.

Менің мақсатым — бала жүрегінің дүрсілін сезіну.

— Бір ибадат оқып жібер,- дейді көптеген қариялар, ал қайсы бірі:

«Ибадатты бала екен»,- дейді, сондықтан баланы ибадаттылыққа тәрбиелеу

керек.

Барлық ұстаздар міндеттерін өз құқығындай жақсы білсе ғой, жұмыс алға тезірек басар еді.

Жақсы ұстаз туа болмайды, жүре болады, бірақ дағдыда өмір бақи «ұжым тәрбиесінде» жүрген ұстаздар әлі де бар-ау.

Кейбір шәкірттерге неге сабақтан кешіктің демеу керек, кешігіп болдың ба деу керек, сонда ол кешіккенін тоқтатады.

Ұстаз ұстаз болған шәкіртімен кездессе де, ұстаздық сөзін айтады, ғажап жалғастық.

Ұстаз шәкіртке күн болып көрініп, нұр болып төгілуі керек, себебі шәкірт оны «құдайдай» көреді.

Шәкірттің ойын күнде жетелеп отырмаса, ол тәрбие көшінен қалып қояды.

Жақсы ұстаздың аяқ басқанының өзі оқы, оқы деп дыбыс бергендей.

Өзгені ұмытсаң да, шын ақылшы адамыңды ұмытпа.

Күнделікті оқымаған ұстаз — өз міндетін орындамағаны.

Алаңғасар шәкіртке алаңдамас ұстаз кез болар.

Жас ұстаз екі-үш жыл алаңдамай тиянақты қызмет істесе, одан ұлағатты ұстаздық күтүге болады.

Ұстаздың сөзі — игі істің басы.

Шәкірт шәкірт болуы үшін, ұстазға беріліп еліктеу керек.

—         Бақытты кімге берер едіңіз,- депті шәкірт ұстаздан.

—         Кім көп оқыса, соған,- депті ұстаз.

Баланы хұсайын етіп тәрбиелеу бесіктен басталады, бұл әр ананың парызы, оны естен шығаруға жол жоқ.

Біз адамдарды өзгертеміз деп тәрбие жұмысымен шұғылданып жүрміз, бірақ өзгеріп кеткен адам жоқ, тек әр қоғамдық талап-тілектерге байланысты бейімделген адамдарды көріп жүрмін. Адам — жағдайдың құлы, тәрбие — құлды жұбатудың құралы.

Шәкіртке қатты сөз айтуға болмайды, ол алланың қаһарынан да жаман.

«Бұзық» оқушымен әңгімелеспес бұрын, өзің туралы айтшы деп жақын тарт, сонда оны түсінесің, күдігің жойылады, өзара тіл табысасың. Тіл арқылы жүрекке кіресің.

Адамды тәрбиелеймін десең, оның тілегін орында, одан арғысы белгілі болады.

Ұлы адамдар да өле-өлгенше тәрбиеленіп өтеді. Тәрбие — телегей теңіз, байтақ ұғым, шеті мен түбіне жете алмайсың. Тәрбие — адамның екінші

табиғаты.

Тәрбие — теңіз, сондықтан тәлімдегің келсе, малтый білуді үйрен.

Баланы баяндама оқып тәлімдеме, баяндап тәлімде.

Барлық кереметтілік табиғатта ғана емес, адамдарда да сан-қилы, бірақ әлі толық сезініп біле алмай жүрміз. Адамды зерттей де, тәрбиелей де, түсіне де білуге ерте бастан көңіл бөліңдер.

Қай есік болсын, теуіп ашпа, тәлімгерлігіңнің төмендігін көрсетесің.

Жұмыртқадан шыға сала, құс та ұшпас.

Кедейлікке емес, байлыққа тәрбиелеу керек, себебі ұрпақ бай өсіп жетілсе,  халыққа да берері көп болады.

Ұстаз мейірімсіз мінезін ешкімге де білдірмеуі керек, әйтпесе ол ұстаз бола алмайды. Ұстаз баланың жүрегінде отыратын «ақ періштесі» болуы шарт.

Баланың жүрегін меңгермей тәлім-тәрбие, білім-өнер бере алмайсың.Ұлттың ұйтқысы, намыс пен ержүректілікті, ақыл мен ойшылдықты қалыптастыратын, тәрбиелейтін ұстаз ғана. Ұстазы аз ұлт өсіп жетіле алмайды, рухани кемтар, жалтақ, жасық ұлт болады. Ұстаз ұлттың жаны мен дем берушісі.Ұлы ұлт боламын десең, ұстазды көбейте беріңдер.

 

№23 «ШӘКІРТТЕРІНІҢ ІСТЕРІНДЕ МҰҒАЛІМ-МӘҢГІЛІК!»

Мұғалім – жалпы білім беретін мектептерде жас ұрпақты оқытып, әрі оларды тәрбиелеу қызметін атқаратын маман.

Мұғалім – байырғы мамандықтардың бірі.

Қоғамдық тәжірибені жаңа жас ұрпаққа беру және ол ұрпақты өмірге, еңбек етуге даярлау қажеттігі оқу мен тәрбиені өз алдына дербес қоғамдық қызметке айналдырды. Ежелгі Шығыс елдерінде мұғалім негізінен (дін иелері) болатын. Капитализм дәуірінде мектеп ісінің дамуына байланысты мұғалімдік кәсіп кең тарап, түрлі типті училищелер мен мектептерде штатты қызметке айналды. Осылайша мұғалімдік өз алдына мамандық болып танылды.

ХIX ғасырдың 2-жартысында қала мұғалімдері шыға бастады. (орыс-қазақ училищелері, жаңалыққа бет алған жеке дара оқытушылар). Олар орыс халқының ұстаздық тәжірибесіне зор көңіл аударды.  Қазақ жастары түсіп оқитын бірнеше мұғалімдер семинариясы ашылды. Ел ішіндегі мұғалім правосыз және жалақысыз, көбінесе өз белсенділігімен қызмет атқарды.

Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін халық Мұғалімдері толық правосын алып, өзінің басты мақсатын коммунистік тәрбие мүддесіне бағыттады.

Қазақ Мұғалімдері өзінің өсу және толысу жолын мол қамтитын жас ұрпақты тәрбиелеу, мәдени революция міндеттерін өтеу жұмысына белсене кірісті. Осы биік мақсаттарға сай оның беделі барынша арта түсті. Коммунистік партияның әр кезеңде Мұғалімге деген қамқорлығы, мұғалімнің беделін өсірді, педагогикалық тәжірибесін жетілдірді. Біздің елде арнаулы “Мұғалімдер күні” белгіленген. Мұғалімдер ордендермен, медальдармен марапатталады. Арнайы мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары ұйымдастырылған. Көптеген арнайы газет, журналдар бар.

Мұғалім – мектептің айнасы, бәйтерегі. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” – деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші, мұғалім жақсы білімді болса, білген білімін алдында отырған шәкірттеріне үйрете білсе, ол мектептен бала көбірек білім алып шығады.

Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы.

Артта  қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде жасауы да сан ғасырларға жалғаса береді. Білім күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді.

Бұдан біз білімнің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіземіз.

Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды  танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.

Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ.

Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар,  мұғалімнің де рөлі зор.

Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз  жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға  деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты  тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.

Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де,  жолы да бөлек.

“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

 

№24 «ЖАҢАНЫ ТҮСІНГЕН,ЕСКІНІ ҚАСТЕРЛЕГЕН АДАМ ҰСТАЗ БОЛА АЛАДЫ…»

Жаңаны түсінген, ескіні қастерлеген адам ұстаз бола алады.
Конфуций.

Дана сөздер. Олармен келісе де, келіспеуге де болады. Бірақ біз жұмысымызда қандай да бір жаңа тенденциялардан аулақ болғымыз келсе де, әртүрлі себептермен біз сәттілікке жете алмаймыз, өйткені өмірдің өзі, біздің қарапайым және әдеттен тыс балалар оған түзетулер енгізеді, бізді, мұғалімдерді, санды шешуге «итереді». мәселелердің әртүрлі тәсілдермен шешілуі, олардың бірі жаңа технологияларды пайдалану болып табылады.
Қазіргі қоғамды ақпараттық қоғам деп атайды.
Қазіргі бала электронды мәдениет әлемінде өмір сүреді. Компьютерлер кішкентай балаларды туғаннан бастап қоршайды: үйде, балабақшада және дәрігерде. Жаңа ақпараттың қуатты ағыны, жарнама, компьютерлік технологияны теледидар мен кинода пайдалану, ойын консолдерін, электронды ойыншықтарды тарату мектеп жасына дейінгі баланың тәрбиесіне және оның қоршаған әлемді қабылдауына үлкен әсер етеді. 5-6 жастағы бала дербес компьютермен еркін сөйлеседі. Оның сүйікті іс-әрекетінің — ойынның сипаты да айтарлықтай өзгереді. Қазіргі бала өзін ең қызықтыратын, өзіне жақын, таныс, жағымды және жайлы сезім тудыратын ақпаратты ғана игереді. Сондықтан қазіргі мектеп жасына дейінгі баланың ынтасын арттыруға және білімін жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға және оқу іс-әрекетіне жағымды эмоционалдық фон жасауға бірегей мүмкіндік беретін құралдардың бірі — компьютер. АКТ-ны оқу үдерісіне енгізу туралы педагогикалық пікірталастар көптен бері жүргізіліп келеді. Бірақ қазіргі әлемде бір орында тұру қиын, сондықтан қаласақ та, қаламасақ та, АКТ мектепке дейінгі мекемелердің оқу-тәрбие процесіне берік енгізілген.
Компьютер ересектер өмірінің қажетті және маңызды атрибуты ғана емес, сонымен қатар балаларды оқыту құралы болды.
Компьютерлік технология – баламен жұмыс жасауда оның дамуына көмектесетін ерекше бағыт. Қазіргі уақытта ол біздің елде әлі жеткілікті түрде дамымаған. Егер мектеп белсенді түрде алға жылжып, компьютерді қолданудың жаңа технологиялары мен әдістерін көбірек енгізсе, әр мектепте дерлік компьютерлік сыныптар мен интерактивті тақталар болса, мектепке дейінгі мекемелерде бұл жұмыс енді ғана басталып келеді және әдетте, білім беру деңгейінде. мұғалімнің жеке қызығушылығы.
Мен балалармен жұмыс істеуде АКТ-ны қолдануды жақтаймын, өйткені мұғалім баламен бір тілде сөйлесу үшін заманауи әдіс-тәсілдермен, жаңа білім беру технологияларымен қарулануы керек деп есептеймін. Зейінін ұзақ уақыт бойына жинақтау қиынға соғатын гиперактивті балалар да үлкен экранда ұсынылған ақпаратты, тіпті түрлі ойындар мен музыканың сүйемелдеуімен үлкен қызығушылықпен қабылдайды. Заманауи технологиялардың оқу тәжірибесіне енуі жаңа мүмкіндіктер ашады.
Мұғалімнің тікелей оқу іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды қолданудың мақсаттары:
білім беруді заманауи ету (техникалық құралдарды пайдалану тұрғысынан);
оқу іс-әрекетін қазіргі баланың дүниетанымына жақындату, өйткені ол оқу мен сөйлегеннен гөрі көбірек қарап, тыңдайды; техникалық құралдардың көмегімен алынған ақпаратты пайдалануды жөн көреді;
мұғалім мен оқушы арасында өзара түсіністік, өзара көмек қарым-қатынасын орнату;
мұғалімге материалды эмоционалды және бейнелі түрде жеткізуге көмектесу.
мұғалімнің де, баланың да уақытын үнемдеу, оқу іс-әрекетінің тығыздығын арттыру, жаңа мазмұнмен байыту.
АКТ-ны пайдалану ақпаратты бір уақытта келесі түрде шығаруға мүмкіндік береді:
мәтін;
графикалық кескін;
дыбыс;
сөйлеу;
бейне.
Мұның бәрі мұғалімге балаларды дамытудың принципті жаңа құралдарын жасауға мүмкіндік береді. Тәжірибе көрсеткендей, АКТ-ны пайдалану кезінде балалардың сабаққа деген қызығушылығы айтарлықтай артады, танымдық қабілеттерінің деңгейі артады. Презентация үлкен көлемдегі қағаз көрнекі құралдардан, кестелерден, репродукциялардан, аудио және бейне жабдықтардан босатып, демонстрациялық материалдың үлкен көлемін біріктіруге көмектеседі.
Қазіргі білім беруді интернет ресурстарынсыз елестету қиын. Интернеттегі іздеу жүйелері мұғалімдерге даму және оқу бойынша кез келген дерлік материалды және сабақтарға арналған кез келген фотосуреттер мен иллюстрацияларды табуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Интернеттің көмегімен оқу іс-әрекетінің тақырыбына сәйкес келетін музыкалық шығарманы таңдауға болады. Бұл классикалық немесе заманауи шығармалар, балалар мультфильмдеріндегі әндер болуы мүмкін.
Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде ақпараттық технологияларды қолдану балалардың интеллектуалдық енжарлығын жеңуге мүмкіндік береді, мектеп жасына дейінгі тәрбиешінің оқу-тәрбие қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, балалармен жұмыс істеуде АКТ-ны қолдану материалды көрнекі түрде көрсетуге, оны «жандандыруға», басқа жолмен көрсетуге болмайтын құбылыстар мен процестерді елестетуге байланысты жаңа дидактикалық мүмкіндіктер ашады. Көрнекіліктің өзі де, оның мазмұны да жоғарылайды. Атап айтқанда, оқу материалын жүйелеу және құрылымдау арқылы тамаша мүмкіндіктер жасалады. Балалардың қажеттіліктері мен бағдарламаның ерекшеліктеріне байланысты мұғалім оңтайлы таңдап, ретке келтіріп, әртүрлі нысандарда ұсынылған, әртүрлі көздерден алынған үлкен көлемдегі демонстрациялық материалды шоғырландыру мүмкін болады.

Мектеп жасына дейінгі балалармен АКТ қолдану

Қазіргі уақытта мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста АКТ-ны қолдану керек пе деген сұрақ жиі қойылуда.

Заманауи компьютерді пайдалану мүмкіндіктері баланың қабілеттерін дамытуды барынша толық және табысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кәдімгі оқыту құралдарынан айырмашылығы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар баланы үлкен көлемде дайын, қатаң таңдалған, дұрыс ұйымдастырылған біліммен қанықтыруға ғана емес, сонымен қатар интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және ерте балалық шақта өте маңызды. , жаңа білімді өз бетінше меңгеру қабілеті. Менің тәжірибем үлкен болмаса да, АКТ-ны пайдалану кезінде балалардың сабаққа деген қызығушылықтары айтарлықтай артып, танымдық қабілеттерінің деңгейі жоғарылайтынын көрсетті. Балаларды математика әлемімен таныстыру үшін үйірме жұмыстарында АКТ қолдана бастадым. Балаларды ақпараттық технологиямен таныстыру жұмысының барлығы ойын түрінде өтеді. Өйткені ойын практикалық ойлаудың бір түрі. Ойында бала ойынның семантикалық өрісінде мағынаға ие болатын ойын белгілерімен, ойынның әлеуметтік түрінде бейнеленген білімімен, тәжірибесімен, әсерлерімен әрекет етеді. Бала бейтарапты беру қабілетін ашады (белгілі бір деңгейге дейін)ойынның семантикалық өрісіндегі ойын мәні ретінде объект. Дәл осы қабілет компьютерді мектеп жасына дейінгі баланың ойынына ойын құралы ретінде енгізудің негізгі психологиялық негізі болып табылады.

Ал, біз мектеп жасына дейінгі баланы ақпараттық технологиямен таныстырамыз, бірақ АКТ қолданудың қандай артықшылықтары бар?:

  • компьютер экранында ақпаратты ойын түрінде көрсету балалардың үлкен қызығушылығын тудырады;
  • мектеп жасына дейінгі балаларға түсінікті ақпараттың бейнелі түрін тасымалдайды;
  • қозғалыстар, дыбыс, анимация баланың назарын ұзақ уақыт бойына аударады;
  • проблемалық тапсырмалар, баланы компьютер арқылы дұрыс шешуге ынталандыру балалардың танымдық белсенділігін ынталандырады;
  • оқытуды дараландыруға мүмкіндік береді;
  • компьютерде жұмыс істеу барысында мектеп жасына дейінгі баланың өз-өзіне сенімділігі артады, оның қолынан көп нәрсе келеді;
  • күнделікті өмірде көрінбейтін өмірлік жағдайларды имитациялауға мүмкіндік береді.

Бірақ мен айтқым келетін ең бастысы, компьютерлік технологиялардың балалармен жұмыс жасауда орасан зор артықшылықтары бар, бірақ есте сақтау керек, компьютер адамның эмоционалды қарым-қатынасын алмастыра алмайды, бұл мектепке дейінгі жаста өте қажет. Ол тек тәрбиешіні толықтырады, оны алмастырмайды.

 

№25 МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ МЕНІҢ ОЙЫМ

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі – деп  Ыбырай Алтынсарин атамыз айтып кеткендей дүниедегі мамандық атаулының төресі – ол ұстаздық екен. Шынында да, мұғалім барлық мамандықиесін  тәрбиелейтін, оқытып үйрететінмейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы–барлық мамандықтыңанасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.

Қазақтан шыққан қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған.Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  секілді. Сондықтан ұлағатты  ұстаздарға  бүкіл  адам баласы  құрметпен  бас  иеді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз —  білгенін  үйретуші  ғана  емес,  тұла бойы  тұнған  өнеге,  ақ  тілеулі  ана  тәрізді  барлық  адам­ның бойынан  жақсылық  іздейтін  ізгі ниет  иесі. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім. Шәкірті  өзінен  оз­ған  ұстаз  – еңбегі  ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін  шебер  ұстаз үз­дік­сіз ізденісте  болып,  қоғам сұ­ра­нысына  сай  білімді, шығарма­шыл, өзін – өзі  дамытып, жетілдіре  алатын болуы қажет  деп ой­лай­мын.  Мен  ұстаздықтың  ауыр  жү­гін  арқалауды  өз жүрегімнің қа­лауымен таңдадым. Сондықтан мамандығым- мақтанышым. Маман ұс­таз ретіндегі негізгі ұстанымым: ба­ланы тұлға деп тану, оның  пікірімен  санасу,  оқушының кішкентай қуанышын,  табысын  ба­ғалай  білу.Қиындығы  да, қызығы  да  жетерлік, ең  бастысы  — жауапкершілігі   жоғары  мамандықтың  бірі ұстаздық  ету  екені  ақиқат. Өйткені  бұл мамандық иелерінің мойнына  ешнәрседен  хабарыжоқ, мыңдаған  тарыдай   ғана бүлдіршіндердің бойына білім  нәрін  сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай  азамат  етіп шығару  міндеті  жүктелген.Сондықтан  басқа  мамандық  иелерінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп  ойлаймын.

Қазір заман бөлек, талап басқа, оқушыға берілетін білім де терең. Сондықтанжаңашылдықтыңдәуірінбасынанкешіріпжүргенталантты да, талаптыоқушынытәрбиелеуде, осындай  жаңа  даму  үрдісі  ал­ға  басып  отырғанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек ет­іп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұс­тазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығыдепбағалауғаболады.«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің, жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды болып табылады. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне, осы. Өйткені әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең маңызды ошағы – ұстаз берген білімде.Мұғалім — жас ұрпақ тәрбиешісі.«Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» — деп, М. Шаханов ағамыз айтқандай,  әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын. Сондықтан да мұғалімге жасалатын қамқорлық, жүктелетін жауапкершілік жас ұрпақ тағдырына, болашағына жан ашырлықпен қарау деп ұғынылғаны дұрыс.

Мен өз сөзімді ағылшынағартушысыУильям Уордтың қаннатты сөзімен аяқтағым келіп отыр:

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді.

Ұлы мұғалім шабыттандырады.

 

№26 МІНСІЗ МҰҒАЛІМНІҢ ПОРТРЕТІ

Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуге талпынысы, білім беру парадигмасының өзгеріп, жаңа ұлттық модельдің қалыптасуы болашақтың жаңаша ойлайтын, дүниеге көзқарас мәдениеті мен санасы дамыған ұрпағын оқытып, тәрбиелейтін кәсіби құзіреттілігі жоғары мұғалімді  талап етіп отыр. Нәтижеге бағдарланған білім беру сапасын арттыруда жаңаша жолдар мен әдістер табуға дағдыланған «Жаңа формация маманы болу – білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Білім беруді түрлендіруде, білім процесін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім жаңа формация мұғалімі болып табылады. Бүгінгі күнде  экономикалық өсу және азаматтардың әл-ауқаты үшін білімнің айтарлықтай маңызды екенін бүкіл әлем мойындауда. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында  «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар  білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын  жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген ойдың жақтастары  көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Білімді дәл осылай қолдану оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді. Нәтижеге бағытталған жаңаша білім беру тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағытталғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімді функционалдық және шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейінгіде жетістігінің кепілі болып табылады. Бүгін қоғамның білім беруге қойып отырған талаптары мен білім берудің нақты жағдайы арасындағы қарама-қайшылықтарды үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін барлық деңгейінде – кәсіптікке дейін, жоғарғы оқу орнындағы, жоғарғы оқу орнынан кейін де жаңарту негізделген. Қазақстан Республикасының жоғарғы білім беруді дамыту стратегиясының негізгі мақсаты жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің жоғарғы  сапасын қамтамасыз ете алатын жоғарғы оқу орнының ұлттық моделін құру, нәтижеге бағытталған білім беру негізінде кәсіби құзіретті мұғалім қалыптастыру. Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық-белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді.

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің негізгі шарттары:
1. Тұлғааралық және еңбектегі байланыс.
2. Қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.
3. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.
4. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті
5. Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі.
6. Тиімді шешім қабылдау қабілеті.
Білімді толық игеру үшін оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, еркін сөйлеуіне, өз ойын ашық және толық айтуға үйрету, ой-өрісін кеңейту – оқытудың ең басты мақсаты. Әрбір оқушыны өз мүмкіндігіне қарай білім, дағды алатындай етіп оқытуымыз дұрыс.
Жас өркеннің жақсы азамат, білікті тұлға ретінде қалыптасуы мұғалімдердің білімі мен кәсіби шеберлігіне , мемлекет пен халық алдындағы азаматтық парызына деген жауапкершілігіне тікелей қатысты. «Мектептің жүрегі – жақсы мұғалім» деп ұлы даланың дана педагогы Ыбырай Алтынсарин айтқандай, бүкіл мемлекеттің, тұтас ұлттың болашағы – ұстаздардың қолында. Жеке тұлғаның танымдық үрдістерін дамытуда, сондай-ақ, білім, білік, дағдыны, жалпы дүниетанымын қалыптастыруда оқыту әдістерін, жаңа оқыту технологияларын оқыту үрдісінде тиімді пайдалана білу мұғалім шеберлігіне байланысты. Қазіргі заман талабына сай «қазақ  тілі» пәнін оқыту да жаңа тақырыптарды оқушылардың өздеріне меңгере алатындай билік беру, ізгілендіру, түрлендіру, тұлғаға бағытталған білім беру ұстанымдары арқылы жүзеге асырылады.Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген танымал әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Мен сындарлы оқыту бойынша қазақ  тілі пәні бойынша әдіс-тәсілдерімен оқытып жатырмын. Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушылардың пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етеді..

 

№27 КРЕАТИВТІЛІК-ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГТІҢ ҚАЖЕТТІ ДАҒДЫСЫ

ХХІ ғасыр – қарыштап дамыған білім ғасыры. Білім беруді технологиялық жолмен ұйымдастырудың мақсаты – жаңа бағыттағы оқушының шеберлігін шыңдауға, өз білімін көтеруге жауапкершілігін арттыруға көмектеседі.

Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді мақсат етеді. Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті тек кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады. «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында сақтайтын, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін ержүрек болуы тиіс».

Мұғалім идеалы – білімнің құндылығын айқын түсінетін «Мәдениеті жоғары адам», өз пәнінің жетік шебері, педагогика мен психологияны терең меңгерген, жеке тұлғаға бағыттылған педагогикалық әдістерді қолдана алатын, өзін жеке тұлға ретінде дамытып, рухани өсуге деген қажеттілігі мол болуы тиіс.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін, жаңа формацияның педагогы қажет», – деген еді [1].

Қазіргі мұғалім:

  • Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс істей алатын;
  • Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш;
  • Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
  • Оқушымен ортақ тіл табыса алатын;
  • Білімді, шебер, іскер болуы тиіс. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның білімінің жан-жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны меңгеруімен өлшенеді. Белгілі бір саладағы құзырлықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған, қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адам деп есептеуге болады. Кәсіби құзіреттілік деп педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық-педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады [2]. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Өз тәжірибембойынша білім сапасын арттыру жолдарын қарастыратын болсам, қазақ тілі сабағында түрлі дидактикалық дамытпалы ойындар, шығармашылық тапсырмалар колданамын. Қазіргі педагогикалық технология талаптары оқушыға білім берудің ең тиімді, ұтымды жақтарын таңдауды талап етеді және үнемі дамыту, жетілдіру, толықтыру сабақ сапасын арттырады. Оқушыны да, мұғалімді де шығармашылыққа жетелейді. Мысалы, «Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясына тоқтала кетсем, сабақ барысында «кубизм» стратегиясын, «анықтау» стратегиясын, «сәйкестендіру», «суреттеу», «топтастыру» стратегияларын қолдану оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттырады. «Бестармақ» тәсілі арқылы «Уақыт» сөзіне «бесжолды өлең» құрастырып жазады. Тағы бір тиімді, әрі ұтымды әдіс, ол оқылым мәтініндегі автор көзқарасына өз пікірлерін «Попс формуласы» арқылы дәлелдеп жазу. Мысалы, 1-сөйлем: «Менің ойымша, …», 2-сөйлем: «Мен оны былай түсінемін: …», 3-сөйлем: «Оны мына деректермен, мысалдармен дәлелдей аламын: …». Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім:…». Оқушыларды оқытуда негізінен өз басым сын тұрғысынан ойлау технологиясының пайдасы көп деп ойлаймын. Өйткені өзім әр сабағымда осы технологияның элементтерін пайдаланып отырамын. Осы технологияны қолдану нәтижесінде:
  • Нәтижесінде тапсырмалардың түрлері оқушыларды: ерекше ойлауға; өз идеяларын ашық айтуға; болжамдар жасай білуге; белгісізге қарай табысты түрде қадамдар жасай білуге үйрете отырып, олардың бойларына құзыреттілік қасиеттердің белгілерін қалыптастырып, заман деңгейіне сай білім негіздерімен қаруландырады.
  • Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа дайындық барысында, іс – тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып тәрбиеленеді.
  • Ұстаздың шеберлігі – талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесінде бүкіл ғұмырымен қажыр қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.
  • Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзіреттілік қабілеті де кең болмақ.
  • Жаңа педагогикалық технологияның ерекшелігі — өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келген. Ал қазіргі оқушы — өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Осындай жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет. Оқыту үрдісінде осындай әдісті пайдалану үшін, алдымен мұғалім өзі оқып, біліп, зерттеп, зерделеп тиімділігін өз шеберлігіне қарай таңдауы керек, өйткені, технологиялардың өзі мұғалімнің қолдану әдіс – тәсіліне, шеберлігіне қарай жүзеге асады

 

 №28 МҰҒАЛІМ ШАБЫТТЫ ҚАЙДАН АЛАДЫ?

Өмірде екі мамандық иесі: ұстаздар мен дәрігерлер ерекше құрметпен аталады. Одан кейін диқандар, құрылысшылар… деп, жалғасып кете береді. Дәрігерлерді көбіне ауырғанда еске алсақ, ұстаздар үнемі ойымызда жүреді, күнделікті өмірде де олармен араласымыз үзілмейді. Ұстаздан бұрын өзіміз білім алсақ, кеше балаларымыз оқыды, ал бүгін міне, немерелеріміз мектептерде мұғалімдерден сабақ алуда. Ұстазым, менің ұстазым, Өзіңмен өткен қыс-жазым. Қалдырған ізің мәңгілік, Жадымда тұрар жаңғырып! Осынау әннің жыр жолдарына ақын барша адамдардың қолына алғаш қалам ұстатып білім берген ұстаздарына деген мәңгі махаббатын, суымас ыстық ықыласын қалай сыйғыза білген, қалай жүрегіңнен өткізіп жеткізе білген деп сүйсінесің. Шынында, мұғалімдік – ең ардақты, ең құрметті мамандық.. Американың бір газетінде «Генриден кеңес сұраңыз» деген ата-аналарға арналған бөлім болыпты. Үлкен адамдар кеңес сұрайтын әлгі кемеңгер кеңесші кім десеңдер, 11-12 жасар бала екен. Оқиға былай өрбіген. Бір күні газет редакциясына баладан қызық хат келеді. Онда: «Мен қанша дегенмен біраз балалық шақты бастан кештім ғой. Олардың барлық сырын жақсы білемін. Ата-аналарға бала­лары туралы кеңес беріп тұрар едім. Құрметпен Генри», деп қол қойған. Содан редактор баланың тілегін қабыл алып, газеттен жоғарыдағы бөлімді ашады. Ата-аналар балаларының түрлі тентектік қылықтарын немесе басқа да мінездерін айтып: «Мұндай жағдайда қайтсек екен?» деп Генриден ақыл сұрап редакцияға хаттар жазып жатады. Бір қызығы, сол хаттарға Генридің тапқырлықпен берген қысқа да нұсқа нақты жауап-кеңестері газетте жарияланып тұрады. Мен де сол Генри сияқты: «Қанша дегенмен ширек ғасыр ұстаз болдым ғой, оқушылардың мінездері мен қылықтарын, сырларын және бүгінгі мектептің проблемаларын жақсы білемін, ендеше, осы  оқулықты мен жазбағанда кім жазады», деп іске кірістім. Әңгімеміздің басты тақырыбы мұғалімдік мамандық туралы болғандықтан, алғашқы ұстаз­дарымның бірі Сабыржан Оташ­ұлы туралы «Жұлдыз жүректі ұстазым» деп жазған естелігімнен бір үзінді келтірейін. «…Сабыржан ағай оқушыларға бар жанын салып сабақ бере­тін, бәрі де жақсы оқыса екен, деп педагогиканың бар тәсілін қол­данып бағатын. Жақсы жауап берсек, жай бестік бағаны қоя салмай, сүйсініп: «жарайсың, міне, осылай оқу керек» деп жақсы сөзбен көтермелеп отыратын. Оқымай келсек, соған жай ұрсып ренжігені ештеңе емес, іштей қатты назаланатын. Сондай бір сәті есімде өте-мөте сақталып қал­ған-ды. Ойынға қанбайтын балалық кезіміз емес пе, бір күні бәрі­міз сабақ оқымай келіппіз. Тым болмаса, біріміз жауап берсек­ші. Аузын буған бұзаудай ешқай­сымызда үн жоқ. Содан ағай қат­ты ашуланды. «Бұдан былай мен сендерге мұғалім болмай­мын, сабақ бермеймін, басқа мұға­лімнен оқыңдар» деп сабақты аяқ­тамастан үйіне кетті де қалды. Енді біз сасайық. Өзіміз жақ­сы көретін мұғалімімізді қат­ты ренжітіп ал­ғанымызға өкін­дік, шынында да, бізге сабақ бермейтін болса, жаман болады деп уайымдадық. Сосын бәріміз кешірім сұрайық, деп үйіне бар­дық. Есік алдында жүрген келін­шегі Алданыштан «ағай қайда» деп сұрадық. Ол: «Сендер не бүлдірдіңдер? Ағайларың қатты ренжіп келіп, теріс қарап жатып қалды. Кейіп келгені сондай, тамаққа да тұрмай жатыр» деді. Біз кешірім сұрауға келгені­мізді, бұдан былай ағайдың саба­ғын жақсы оқитынымызды оған айтуды өтініп, үйді-үйімізге тарас­тық. Ұстазымыздың оқушыларға қатты налығандағы осы бір қы­лығы, балаша өкпелеп үйіне барып теріс қарап жатып алуы кейін өзім мұғалім болғанда есіме жиі түсетін. Бұл деген ұстаздық маман­дығын беріле сүюдің, оқу­шыларын, балаларды жанындай жақсы көрудің, оларға жүрегінің бар жылуын, бойын­дағы бар талантын сарқа жұмсап арнауының айқын көрінісі емес пе. Соны біз кезінде бала жүрегімізбен сезініп, оны бұрынғыдан да жақсы көре түстік. Өзім осы уақытқа дейін асыл ағаның бейнесін жүрегімде жылы сақтап келемін. Ұстаздың сол асыл қа­сиет­­тері маған да жұққан болар, мектептерде де, институтта да ұс­таздық қызмет атқарған жыл­дары оқушыларым мен студенттерім үшін бойымдағы бар қабілеттерімді аямай жұмсап еңбек еттім. Студенттерім арасында сүйікті ағай атандым. Жақында әлеуметтік желідегі парақшама қарап отырсам: «Сәлеметсіз бе, алтын жүректі ағайымыз. Сізді әлеуметтік желіде көргеніме қуаныштымын. Сізге сарқылмас шабыт тілеймін. Студентіңіз Арай­лым Серікбаева» деген жазуды оқып төбем көкке жеткендей болды. Осындай алтын сөз, тамаша тілектен соң шабыт қалай шарықтамасын. Сабыржан ағайымыз жылы жүректі болумен бірге талапшыл да болды. Тәртіпті қатаң талап ететін, тиісті жаза да қолданатын. Аяғымыз талғанша бұрышқа тұр­ғызып та қоятын. Әке-шешем мектептен алыс қой қыстауында шопан. Жататын үй болмай бір жылы интернатта тұрып оқыдым. Түнде жатар алдында кезекші мұға­лімдер келіп тексеріп кетеді, сыртқы есікті іштен жауып аламыз. Кезекші мүғалім кетіп қал­ды-ау деген мезгілде ара-тұра қызық көріп, жалаңаяқ қар кешіп, жүгіріп келетін әдетіміз болатын. Бірде Аманжол деген ұзын сирақ бала: «Ал кеттік, ұзын сира­ғымызды көсілтіп келейік» деп дауыcтап өзі бастай жөнелді, біз ере жөнелдік. Қар үстінде жүгіріп бара жатқанда аяқ тоңа қоймайды. Жүз метрдей жүгіріп, қарқы­нымыз басылған соң, ішке кірейік десек есік ашылмайды. Аш, аш! – деп айқайласақ, іштен Сабыржан ағайымыздың: «Ұзын сирақ­тарыңды тағы да біраз көсілтіп ке­ліңдер», деген дауысы ес­тіл­ді. Іші­мізден бұрышқа тұрғыз­ғандай уақыт тұрғызса, біт­тік дедік. «Ағай, тоңып барамыз, ашыңызшы», деп дірдектеп тұрмыз. Әйтеуір ашты-ау. Сөйтсек ағай кетіп қалмай, бұрыштан бізге көрінбей байқап, бәрін ес­тіп тұрыпты. Содан кейін ұзын си­рақты көсілтуді қойып кеттік. Тәртіп сақтауды қалып­тастырудағы бұл да бір дәйектілік болса керек. Бұрын біздің оқушы кезде­рімізде, одан кейін де әйелдерден ер мұғалімдер көп болатын. Мектептерде бұрын тәртіптің болғаны да сондықтан. Мектепке әйел директор болғанын көрген емеспіз. Ал қазір керісінше, ер мұғалімдер мүлдем аз. Тәртіптің жоқтығынан мектептерде қазір полиция күзеті енгізілді. Масқара емес пе. Мектепке сырттан ешкім де басып кіріп шабуыл жасамайды. Мектептің өз ішіндегі қиын балалардан қорыққандықтан солай жасалуда. Айтуға ұят. Мектептерде қыздар мен әйел мұғалімдердің көп болғаны осындай ауыр жағдайға соқтырып отыр.Ер мұғалімдер көп болуы керек. Ұлдарға айтарым, мұғалімдік жұмыстан қашпаңдар. Ұстаздық мамандық – ең тамаша мамандық! Мұғалімдік нағыз ерлер атқаратын жұмыс. Мен өзім мектепте де, институтта да мұғалім, оқытушы болғанымды мақтан етемін. Бұл мамандығымды жан-тәніммен сүйдім, оқушыларымды да, студент шәкірттерімді де жанымдай жақсы көрдім. 1971 жылы елден Алматыға көшіп, журналистік жұмысқа ауысқанымда мектеп пен оқушыларымды қимай-қимай қоштасқаным есімде. Қорыта келгенде, ұлдар мен сен­дерді мектеп бітірген соң мұға­лімдік мамандықты таң­дап, педагогикалық жоғары оқу орындарына түсуге шақырамын. Ерлер атқаратын жұмысты әйелдердің мойнына артып қойғанымыз дұрыс емес. Мек­теп­те ер мұға­лімдер көп болса, полиция күзеті болмас еді, тәртіп бұзатын қиын балалар да азаяр еді сөзсіз. Мысалы, жоғарыдағы «Жұлдыз жүректі ұстазым» атты естеліктегі Сабыржан Оташ­ұлының ұстаздық бейнесі мектептерде ер мұғалімдер көп болуы керектігінің жарқын көрі­нісі емес пе. Ұлдар ұстаздық мамандықты таңдаңдар деген шақыруыма үн қосуларыңды сұраймын. Қазір мектеп мұғалім­дерінің еңбекақысы екі есе көбейтілді. Жас мұғалімдерді тұрғын үймен қамтамасыз ету де қарастырылған. Педагогикалық мамандықты таңдаған ұлдарға жоғары оқу орнына түсуде артық­шылықтар беру де көзделетін болады. Қазақстанның, тәуелсіз еліміздің патриот ер жігіттері болып, мектептерде басты билікті өз қолдарыңа алуларың керек, онда қалыптасқан қазіргі кемшіліктерді таяу болашақта өз қолдарыңмен түзеулерің керек. Мектеп –Отанымыздың болашақ тағдырын шешетін жастардың оқып білім алып, тәрбиеленіп, түлеп ұшатын ұясы, алтын бесігі. Сол ұя, сол алтын бесігіңді бүгінгі күйінде яғни полиция күзетпесе өздерін өзі қорғап, өз қауіпсіздігін өздері қамтамасыз ете алмайтын дәрменсіз жағдайда қалдыруға болмайды.

№29 БІЛІМ САПАСЫ:ТҮСІНІГІ,ТӘСІЛДЕРІ,ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

«Сапа» терминінің философиялық түсінігінде біз сапаны бір объектіні екіншісінен ажырататын маңызды белгі, қасиет ретінде анықтауға негіздейміз. Өндірістік көзқарас тұрғысынан сапа — бұл тұтынушы үшін маңызды болып табылатын тауардың немесе қызметтің маңызды тұтынушылық қасиеттерінің жиынтығы. Метафоралық мағынада мектептің «өнімдері» — бұл жақсы немесе нашар білімі бар, азды -көпті дәрежеде қоғам мен жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын, белгіленген нормалар, талаптар мен стандарттар. Сонымен, білім сапасы деп оқушылардың оқу нәтижелерінің (жетістіктерінің) сәйкес келу дәрежесін және білім беру процесін нормативтік талаптарға, әлеуметтік және жеке күтулерге сәйкестігінің дәрежесін көрсететін оқу процесінің сапасы түсініледі және ол мыналарды қамтиды: келесі компоненттер:

  • білім беру бағдарламасының сапасы;
  • оқу процесін ұйымдастыру сапасы ( білім беру технологиялары, оқыту формалары, әдістері, әдістері, оқытуды ұйымдастыру формалары);
  • білім беру жүйелері мен процестерін басқару сапасы (білім берудегі басқару технологиялары);
  • оқу -тәрбие процесіне қатысатын ғылыми -педагогикалық кадрлардың әлеуетінің сапасы;
  • ресурстарды қамтамасыз ету сапасы (материалдық -техникалық, оқу -әдістемелік қамтамасыз ету);
  • жеке адамды әлеуметтендіру процесінде адамгершілік, рухани, адамгершілік тәрбиенің сапасы;
  • сапасы Денсаулық сақтау, тамақтану, дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстары;
  • отбасы мен қоғаммен серіктестіктің сапасы;
  • оқушылардың потенциалының сапасы;
  • білім сапасы.

Білім беру нәтижелерін бағалау мен білім сапасын бақылаудың мектепішілік жүйесін ұйымдастыру моделі қамтамасыз ету жүйесінің бөлігі болып табылады. білім беру саясатыЯкутск қаласының білім бөлімі мектептердегі білім сапасын бақылау мен басқаруда. Мектептің тартымдылығын арттыру саясаты, оның ресурстарын жақсырақ басқарумен бірге, әрбір білім беру мекемесінің басшылығы үшін, алайда, ауданның бүкіл білім беру жүйесі үшін маңызды. Бұл мәселенің негізі — барлық бюджеттік секторды қайта құрылымдау Ресей Федерациясымектеп басшыларының өз мекемелерінің жұмысына экономикалық жауапкершілігін күшейту үшін жағдайлар жасау және мектептер арасындағы белгілі бір бәсекелестікті ынталандыру. Бұған көбінесе мектептердің әдеттегі аудандарындағы оқушылар санының ауытқуымен және олардың білімге қызығушылықтарының өзгеруімен байланысты демографиялық өзгерістер ықпал етеді. Соңғысына олардың білімін желілік және алыстағы формаларға көшіру, мектеп оқушыларының жартылай ауданішілік қоныс аударуы (географиялық қол жетімділік пен көліктік желінің шегінде) және қашықтықтан оқытудың әр түрлі формаларын қолдану кіреді. Бұл жағдайда мектептердің жаңа миссиясы іске асады — оқушылар мен түлектердің әлеуметтік жетістіктері үшін жеткілікті және қажетті білім беру жағдайларын жасау. Мұндай міндет, әрине, білім беру процесінің сапасы жоғары болған жағдайда ғана мүмкін болады.

Педагогикалық өлшеулер әдістерінің бүкіл кешенін қолдану аналитикалық және түзету жұмыстарының негізін қалыптастыруға ықпал етуі тиіс. Есептеуге болатын орта баллжәне әр тапсырма үшін пайыздар әр түрлі салыстыруға мүмкіндік береді, атап айтқанда: тақырыптардың қайсысы жақсы меңгерілген, қай тақырыптар жылдан жылға тұрақты төмен және жоғары нәтижелер; күтілетін нәтижеге жету динамикасы мен білім сапасын анықтау үшін сыныптар, жұмыс істейтін мұғалімдер арасындағы салыстыру, білімді бағалауды алу. Сонымен қатар, алынған материал білім берудің күтілетін нәтижелері мен сапасына жетудегі тәуекелдер мен шектеулерді анықтауға мүмкіндік береді. Рейтингті құрастыру кезінде үнемі жоғары және төмен нәтиже көрсететін студенттерді бөліп көрсетуге болады, бұл оқытуда оқушыларға жеке көзқарасты қолданудың алғы шарты болып табылады.

Мониторингтік зерттеулердің негізгі нәтижесі — оқу процесін жақсарту және білім сапасын арттыру мақсатында басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ақпаратты қалыптастыру.

Осылайша, мониторинг қызметі тиімділік мәселелерінен басқа келесі мәселелерді шеше алады:

Біртұтас құрылымды, біртұтас корпоративтік мәдениетті, оқу процесінің технологиясына қойылатын талаптардың бірыңғай жүйесін құру.

Оқушылар мен ата-аналарға бір оқу орнында нақты және ұзақ мерзімді білім беру стратегиясын құруға мүмкіндік беретін өтпелі кезеңдегі шығындарды азайта отырып, жалпы білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету.

Білім алушылардың өз құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «негізінің» негізгі элементтерін қайта қарамай, білім мазмұнының нақты өзгермелілігін құру.  Бұл әсіресе орта мектепте және арнайы білім беру жағдайында өзін дәлелдеді.

Жеке білім берудің қазіргі қажеттіліктеріне ғана емес, сонымен қатар негізгі және қосымша білім берудің әр түрлі салаларында оқушылардың өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау. жеке дамуыжалпы.

Білім беру процесінде ақпараттық ресурстарды, оның ішінде заманауи ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану, бұл қазіргі коммуникацияларды меңгеруге қойылатын талаптарды ескеруге мүмкіндік берді.

Жеке білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалімдердің біліктілік қорының өсу векторын анықтау. Бұл жерде біз мектеп қызметкерлерімен жұмыс бағдарламасын айтамыз (кадрларды даярлау, қайта даярлау және кеңейту), олар жұмыс жасай алатын мамандарды дайындауға бағытталған. жеке бағдарламалар.

 

№30 ПЕДАГОГ-БІЛІМ БЕРУДЕГІ БАСТЫ ТҰЛҒА

Ұстаз – шәкірт жанының бағбаны. Әрбір бала – жарқыраған шамшырақ, оны жаға білген ұстаз ғана ұтады.
«Жер бетінде мекен еткен адам заттың бір бұтағы халықтың қандай да бір дара қасиетке ие болып, қандай бет – бейнемен көрінуі сол халықтың мектебінің бет-бейнесіне, өзіндік ерекшеліктеріне тікелей қатысты» деген екен бір ғұлама. Әрбір жасөспірімнің қалыптасуында екі үлкен фактор маңызды рөл атқаратыны белгілі. Бірінші – отбасы, екіншісі – өскен ортасы. Ал отбасынан алған тәрбиені дұрыс өрбіту мектептің міндеті. Ол міндетті орындауға басты тұлға мектептің жүрегі – мұғалім. Ұстаз – берген білім, үйреткен тәрбиесімен мәртебелі. «Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық – ұстаздық». «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» – деп Абай атамыз айтқан осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма он бес жыл болды. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойына жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жету.
Күн сайын алдымда пәк көздерімен жәудіреп отырған шәкірттеріме зер сала қараймын. Қараймын да ойланамын. Алға үмітпен талпынған олардың алдында менің де ұстаз ретінде үлкен жауапкершілігім бар екенін іштен сезінемін. Сондықтан менің өзіме қояр талабым, алдыма қойған мақсатым жоғары болуы тиіс, өйткені сол жарқыраған шамшырақты дер кезінде байқап, дер кезінде жаға білу – менің ұстаздық парызым.
Сыныптағы балалардың бірі зерек те алғыр, бірі енжар, бірі баяу, бірі тым пысық. Ал, менің бәріне беретін білімімнің мазмұны мен қоятын талабым бірдей де, олардың мұны қабылдауы түрліше.
Елбасымыз: «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік тұр, оны арқалап жүрген – ұстаздар. Себебі еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен өлшенеді»,-деген еді. Олай болса, өркениет өзегі – білім, ғылым, тәрбие десек, бұл мәселеге де өз үлесімді қосуым керек деп ойлаймын.
Қазіргі таңда мектеп табалдырығын аттаған әрбір бүлдіршін – ол ертеңгі қоғам мүшесі, болашақ иесі. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға қанатын талмайтын етіп қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.
Мен мұғалім мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін. Мектепте оқып жүргенде-ақ өзімді іштей дайындап, өзімнің болашағымды елестететінмін. Болашағыма нық сенетінмін.
Осы мен қандай мұғаліммін? Мен – өз жасыма қарамастан заман ағысысына сай біліммен қаруланған, ой-өрісім жоғары, үздіксіз ізденісте жүрген, жан-жақты дамып, қалыптасып келе жатқан қатардағы жаңашыл мұғаліммін.
«Жаңашыл ұстаз»… Бұл атау бүгінгі таңда педагогика саласында жиі ауызға алынып жүрген жаңа ұғымдардың бірі екендігі баршамызға аян. Қазіргі кезде жаңашыл мұғалім ретінде даму – уақыт талабы.
«Ұстаз шәкіртке күн болып көрініп, нұр болып төгілуі керек» – демекші, жаңа ғасыр мұғалімінің бойында сергектік, байқағыштық, сезімталдық, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, сабыр сақтау сияқты қасиеттер тоғыса келе , олар мейірімділік атты ұлы ұғыммен ұштасып жатса ғана біздің еңбегіміз өз мәресіне жетіп, «Ұлы ұстаз» деген ардақты атаудың шын иегері болатынымызға кәміл сенемін.
Менің ойымша жаңа заман мұғалімі шебер, шығармашыл, ой өрісі кең, білімді, мәдениетті болу керек. Демек мен өз бойымдағы барлық жақсы қасиеттерімді оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуде үйлестіре отырып, мінсіз оқушы шығаруым керек. Өз ойларын еркін жеткізе алатын, білімді, алған білімдерін өмірде қолдана алатын оқушыларды жетілдіру менің қолымда. Барлық мұғалімнің қолында.Ол үшін еңбек етуге дайынмын. Осы мақсаттарыма жету үшін ары қарай жұмыс істеу, шебер мұғалім болу тек қана өзіме байланысты. Сол себепті көп жұмыс істеуім керек. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай.

 

№31 БІЛІМ БЕРУДІҢ НӘТИЖЕЛІГІ.БІЛІМ БЕРУДІҢ САПАСЫН АТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Білім беру моделі деңгейі экономикалық және ғылыми- техникалық прогрестің ең негізгі көрсеткіші екені белгілі.

Сапалы білім беру дегеніміз- ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық, практикалық іске қабілетті, еңбекке баулу, дүниетанымын кеңейту және баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жан-жақты тұлға тәрбиелеу болып табылады.

Оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі- сапалы білім беру.

Қазіргі кездегі білім берудегі басты мақсат- жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой — талғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайықты орын белгіленген біздің мемлекетіміз үшін жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі біздің 12 жылдық білім беру жүйесіне өтуді талап етіп отыр.

Білім сапасын арттыру бағдарламасының міндеттері болуы тиіс:

  • басқару құжаттарын әзірлеу жүйесін дамыту;
  • білім сапасын диагностикалау;
  • оқытудың әдістемелік жүйесін жаксарту;
  • білім сапасын бағалаудың жаңа рейтингтік формасын енгізу;
  • білім сапасына мектептің күллі қызметкерлерін жұмылдыру;
  • білім сапасын арттыруда жаңа технологиялао қолдану;
  • ұлттық білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру;

 

Мектептің білім сапасын арттыруда педагогтың жауапкершілігі зор болса, заман талабы педагогтан кәсіби білімді, білік пе дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік педагогика мен психологияның негіздерін қолдана білу қабілетін талап етеді.

Мектебімізде білім сапасын арттыру, болашақ білімді азамат қалыптастыруда, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін , құзырлығын арттыруда мектеп жұмысының, әдістемелік жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке, белсенді түрлері мен әдістері кеңінен қолданылуда. Сонымен қатар озат тәжірибелер бойынша іс-тәжірибе тарату жұмыстары, шығармашылық есептер беру, әдістемелік апталықтар, оқушылардың ғылыми жұмыстары, әдістемелік сипаттағы семинарлар, конференциялар өз жалғастарын табуда.

Білім сапасын арттыру бағытында ғы бағдарламада:

 

  • жеке тұлғаны, яғни дарынды шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлғаны  қалыптастыру  үшін ауылдағы 2-5 жас аралығындағы барлық сәбилерді тегін балабақшамен қамтамасыз ету;
  • ШО пен МАД топтарын оқу-әдістемелік және ақпараттық — техникалық құралдармен жабдықтау;
  • бастауыш сынып кабинеттерін жаңа үлгіде жасақтап, әр пән бойынша көрнекіліктермен толықтыру;
  • дарынды оқушылардың жұмысын жолға қою, әрбір оқушыны дарындылыққа жетелеу;
  • ШО, МАД және орта буын мен негізгі саты арасындағы сабақтастықтың жүргізілу формаларын әрбір мұғалімге мңндеттеу;
  • барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
  • педагог мамандардың сабақ беру шеберлігін арттыру мақсатында біліктілігін арттыру ұшін қайта даярлау курстарын енгізу;
  • оқушыларды ойлау білуге және әртүрлі проблемалардыөздігінен шеше білуге тәрбиелеу;
  • гуманитарлық  таным білімге негізделген сөздік қорларын көбейту;
  • сабақ үрдісінде жаңа технологияларды қолдану;
  • пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар ашу;
  • математика пәндері бойынша сағат санын көбейту;

 

 

Білім беру қызметінің негізгі бөлігі білім сапасын арттыру мақсатында негізделді. Бұл қызметтің жоспарында жұмыс бағыты мынадай принциптер бойынша атқарылады:

 

  • тұлғаны дамыту;
  • педагог мәртебесін көтеру;
  • оқытып-үйрету әдістері;
  • іздестіру жұмыстарына бағыттайтын ынтымақтастық;
  • оқушы позициясы;
  • жаңа ақпараттық-технология;
  • бәсекеге қабілеттілік;

Білім сапасы негізінен оқу материалын игеріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың интеллектуалдық және адамгершілік тұрғыдан дамуына, педагогтардың қарым-қатынасын ізгілендіруге оңды ықпал етеді.

 

32 МЕНІҢ КӘСІБИ ЖІНЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ

Мұғалім тұлғасының кәсіби дамуы— педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас құрылымы мен ерекшеліктерін білдіретін кәсіби маңызды сапалар кешенін қалыптастыру процесі. Бұл өзін-өзі қалыптастыру процесі мұғалім тұлғасының дамуының ішкі жағдайлары арқылы әлеуметтік ортаның әсерін сындыру арқылы жүзеге асады. Кәсіби рөлді білу, мүмкін болатын педагогикалық шешімдерді және олардың салдарын түсіну, өзіндік жалпылау. кәсіби қызметжәне оның болашағын болжау, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі жетілдіру қабілеті кәсіби мұғалімнің дамуының бастапқы негізін құрайды. Кәсіби маңызды сапалар педагог тұлғасының кәсіби әлеуметтенуі барысында қалыптасады, өзгереді, әлсірейді немесе нығаяды ( педагог тұлғасының кәсіби әлеуметтенуі— кәсіби тәжірибе мен мәдениетті игерту) және даралау ( мұғалім тұлғасын даралау –кәсіби қарым-қатынастарды иеленудің ерекше дара жолы мен нысаны). Бұл процеске мұғалім бір мезгілде өзі алған кәсіби маңызды қасиеттердің тасымалдаушысы және жүргізушісі, оған әлеуметтік жағдайлардың әсер ету объектісі және педагогикалық іс-әрекетті және өзін белсенді түрде өзгертетін субъект ретінде қатысады.

Мұғалім тұлғасының кәсіби дамуы келесі негізгі параметрлермен сипатталады: а) құрылымол мұғалімнің кәсіптік қызметке ену реттілігімен анықталады; б) бағдарлауқұрылымында кәсіпке деген қатынас, кәсіби қызметке қажеттілік және оған дайындық кіретін жүйелі сапа болып табылады; в) қайшылықтарсубъективті және объективті факторлардың өзара әрекеті нәтижесінде және даму негізі; педагог тұлғасының кәсіби дамуының негізгі қайшылығы – тұлғаның қалыптасқан қасиеттері мен педагогикалық қызметтің объективті талаптарының арасындағы қайшылық; г) мұғалім тұлғасының кәсіби дамуының өзіндік уақыты, яғни. педагогикалық іс-әрекетпен шартталған өзара әрекеттесетін субъективті және объективті факторлар жүйесінің өмір сүру уақыты; д) тұлға дамуының әр кезеңі үшін әр түрлі тапсырмалар түрлерімен – танымдық, адамгершілік, коммуникативті, еңбек, құндылық-семантикалық – байланысты болатын кәсіби мәнді қасиеттердің біркелкі және гетерохронды қалыптасуы; кейбір әрекеттерді (операцияларды) орындаудағы ілгерілеу басқа әрекеттерді (операцияларды) орындаудағы инварианттылықпен немесе тіпті регрессиямен біріктіріледі; f) алдыңғы кезеңнің нәтижелеріне келесі кезеңге үздіксіз кері байланыс; мұғалімнің тұлғасына кәсіби жетістіктердің кері әсерлері оның дамуының қосалқы шарттары ретінде әрекет етеді.

Кәсіби мәнді қасиеттер жалпы кәсіби тұлғаның жеке тұлғаға «аударылуы» арқылы дамиды. Олар өтпелі және кәсіби дамудың бір сатысынан екіншісіне ауысады. Олар мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті мен мінез-құлқының, оның өмір жолының ең тұрақты әдістері мен формаларына негізделген. Педагог тұлғасының кәсіби дамуының критерийі мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің деңгейімен корреляцияланатын, осы әрекетті меңгеру дәрежесін көрсететін кәсіби маңызды қасиеттердің қалыптасу деңгейі болып табылады.

Кәсіби дамудың қажетті шарты болып табылады мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі –университетте алған білімдерін тәжірибе арқылы кеңейту, оны лайықты орындау үшін мұғалімнің кәсіби рөлін шығармашылықпен игеруі. Мұғалімнің кәсіби дамуының әртүрлі кезеңдерінде өзін-өзі тәрбиелеу маңызды рөл атқарады, бірақ ол мазмұны мен әдістемесі жағынан әртүрлі ұйымдастырылады.

Орындалуда кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуді жобалаубірнеше кезеңдері бар:

1-кезең: мотивациялық – кәсіптік ниеттерін қалыптастыру, мамандық таңдау;

2 кезең: концептуалды – алдағы қызметтің мәні мен мазмұнын ашу, қазіргі даму деңгейін диагностикалау негізінде кәсіби өзін-өзі жетілдіру бағдарламасының жобасын әзірлеу;

3-кезең: жобаны жүзеге асыру – өзін-өзі жетілдіруге арналған практикалық іс-әрекеттер;

4-кезең: рефлексиялық-диагностикалық: аралық және қорытынды диагностика, нәтижелерді талдау, рефлексия, өзін-өзі жетілдіру бағдарламасын түзету, кәсіби деңгейге көшу және педагогикалық шеберлікке қол жеткізу.

Кезеңдердің әрқайсысы жеке тұлғаның кәсіби дамуының негізгі сапалық өзгерістерін қамтиды. Кезеңдер нақты тапсырмалары мен мазмұны бойынша ерекшеленеді. Проблемаларды шешудің тиімді жолдары психологиялық механизмдер мен кәсіби маңызды қасиеттер түрінде бекітіледі. Осы ұстанымдардан мұғалім тұлғасының кәсіби дамуы кәсіби педагогикалық міндеттерді шешудің құрылымы мен мазмұнының (әдістерінің) сапалық өзгерістерімен сипатталады. Мұғалім тұлғасының кәсіби дамуы аталған кезеңдердің барлығы жүзеге асырылған кезде толық (үйлесімді) болуы мүмкін немесе мұғалім олардың кейбіреулерінен ғана өткенде шектеулі болуы мүмкін.

Мотивациялық кезеңде – кәсіптік ниетті қалыптастыру – студенттер таңдаған мамандығының әлеуметтік мәні, кәсіптік оқытудың нысандары мен әдістері, еңбек жағдайлары, материалдық сыйақы, еңбек мазмұны, кәсіби талаптар туралы барабар түсінік алуы керек. осы кәсіби рөлді орындаушы.

Екінші кезеңде кәсіби өзін-өзі анықтау басталады — адамның кәсіптер әлеміндегі өз орнын іздеудің күрделі және ұзақ процесі, белгілі бір қызметтің субъектісі ретінде өзіне деген көзқарасын қалыптастыру, оның физикалық және физикалық мүмкіндіктерін салыстыру. интеллектуалдық күштер, қабілеттер, қызығушылықтар, бейімділіктер, құндылық бағдарлар, кәсіптік қызмет талаптарымен қарым-қатынастар. , кәсіби дамудың жеке траекториясын анықтау

Бастапқы кезеңде педагог тұлғасының кәсіби дамуында шешуші рөл әлеуметтік жағдай мен жетекші іс-әрекетке тиесілі болса, кейінгі кезеңде – тұлғаның өзіне, оның шығармашылық белсенділік.

Үшінші кезеңде кәсіптік-педагогикалық бағыт, жүйе кәсіби білім, қабілеттері, дағдылары, типтік кәсіптік міндеттерді шешу жолдары. Кәсіби бейімделу кезеңі нормативтік іс-әрекеттердің дамуымен, кәсіби білім мен дағдының және іс-әрекетті орындаудың жалпыланған тәсілдерінің жетілдірілуімен сипатталады.

Төртінші кезең өзін-өзі диагностикалауды және кәсіби дайындықтың жоғары деңгейіне өтуді қамтиды. Кәсібилік сатысында нормативтік қызметтің тұрақтануы, кәсіби ұстанымның қалыптасуы, сонымен қатар шығармашылық деңгейде іс-әрекетті орындаудың ең оңтайлы стилін дамытуға әкелетін білім, дағды және жеке қасиеттердің интегративті кешендері орын алады.

Жеке тұлғаның интегралды кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастыру меңгеру кезеңінде жалғасады. Оларды тәрбиелеудегі шешуші рөл педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асырудың оңтайлы және шығармашылық жолдарын табуға бағытталған жеке тұлғаның белсенділігіне жатады. Артық белсенділікті көрсете отырып, адам әрекетті орындаудың қалыптасқан тәсілдерін жеңеді, оны түрлендіреді, жетілдіреді, т.б. өз шеберлігінің жоғары деңгейіне – шығармашылыққа өтеді, бұл жеке тұлғаның өзін-өзі көбірек танытуына әкеледі.

Кәсіби дамудың белгілі бір деңгейіне жеткен адам өзінің прогрессивті дамуын тоқтата алатынын атап өткен жөн. Бұл жағдайда тоқыраудың басталуы мүмкін. Мұғалім тұлғасының кәсіби дамуының тоқырауына ықпал ететін фактор, атап айтқанда, оқу-тәрбие процесінде педагогикалық жүйенің оқшаулануы болып табылады. Тоқырауды еңсеру мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісінен тек студенттердің ғана емес, сонымен қатар өзінің жеке тұлғасына қайта бағдарлануымен мүмкін болады. Нормативті түрде берілген қызметті түрлендіре отырып, әр түрлі кәсіби позицияларды таңдай отырып, тұлға өзін дара тұлға ретінде көбірек айқындайды.

Айтылғандардан мынадай қорытынды шығады Мұғалімнің білімі үздіксіз процесс болуы керек,онда базалық білім тек бастапқы нүкте ретінде қызмет етеді және оның маңызды мақсаттарының бірі өзін-өзі тәрбиелеуге деген көзқарасты қалыптастыру, өз бетінше жұмыс істеу дағдылары мен дағдыларын дамыту болуы керек.

 

№33 ӨМІР БОЙЫ ОҚУ-ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУДІҢ ЖОЛЫ

Елбасы Н.Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс», деп бекер айтпаған да болар.

Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі мен болашақ жайлы ойланып, жаңа идеялармен жұмыс жасауға негіз болады. Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды  дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді.

Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаздың қолында. Жаңа бағдарлама мұғалімдерге қазіргі заманға оқыту әдістерін   жеті модуль арқылы ұсынады.

1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай білім беру және оқыту.

Білім берудегі басқарушы және көшбасшылық.

Қазіргі таңда мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеріп, іс-тәжірибесінде үнемі қолдану Сонымен қатар мұғалімдер өздерінің  оқыту  қызметі   білім  беру  бағдарламасының  іске  асырылуына  қолдау  көрсететінін,  ал  бағалау  тәсілдері  оқушыларға  қажетті  ақпаратты  жеткізуге    және  олардың  жетістіктеріне   қолдау  көрсетуге   көмектесетініне   сенімді  болуы  керек..

Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім  күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Міне, біз бүгін танысып отырған «Қазақстан Республикасынның орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы» осы жоғарыда айтылған ұстанымды ұстайды. Яғни, мұндағы бала өзі ізденуші, бір-біріне үйретуші, ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы. Осы бағдарламаның мақсаты  «Бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру». Жаңа бағдарламаның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру және критериалды бағалау жүйесін енгізді. Әйгілі зерттеуші Л.С.Выготский: «Дәстүрлі оқыту — бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, яғни, «дамудың соңында жүрсе», жаңаша оқыту — «дамытуды өзімен бірге ала жүреді», — деген болатын. Сондықтан тек дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай,  мұғалім әрқашан ізденісте болып, өзіне және шәкірттеріне тиімді жақтарын қарастырып отыруы тиіс.

Жаңа стандарт оқуын өз бетімен құруға қабілетті, өмір бойы білім алуға ұмтылатын оқушы тұлғасын дамытуды  көздейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында біліктілікті арттыру курсы жаңа стандартпен оқыту әдістемесін үйретумен қатар, функционалды сауатты, сыни тұрғысынан ойлай алатын мұғалімдер қатарын көбейтуде.

Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады», — деген қағиданың шынайылығына күнделікті  өзіміз қолданған әдістерден, оларды оқушылардың жас, жеке ерекшелігіне сай  пайдалану қажеттілігінен туындайтынына  тағы бір көз жеткіздік.

Қорыта  келгенде, қоғамымызда балалардың білімде де, білікті болуы үшін әрқайсысының жас ерекшелігін, физикалық, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жеке қарым-қатынас ұйымдастыру арқылы оның дамуына қол жеткізуге болады. Олардың ерешеліктерін ерте анықтауға ата-ана, мұғалім, психолог, дәрігер, мектеп медбикесі бірлесіп ат салысуы тиіс. Бала дүниеге қандай жағдайда келсе де оның тағдырына, болашағына, өмірден өз орнын табуына баршамыз жауаптымыз. Жүрек қалауымен атқарып жүрген жұмыстарымызға сәттілік тілеймін!

 

№34 КӘЗІРГІ ҚОҒАМ ЖӘНЕ МҰҒАЛІМ

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі»-деп Ыбырай Алтынсарин атамыз бекер айтпаса керек.

Жалпы мұғалім деген бір сөздің ішінде қаншама педагогикалық ұғым бар.

Мұғалім деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайық.Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу, сыйлау,ерекше сезіммен жақсы көру және  оның жан дүниесін түсіне білу. Бұл мұғалімнің терең  дүниетанымы мен үлкен жүрегінің кішіпейілділігінен  келіп шығады. Әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Алдына қандай іс  түссе де оны жеңу жолдарын іздестіре білетін, қиындықты мойымай жеңіп шығатын адал мамандық иесі. Мұғалім – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!

Бүгінгі қоғамдағы мұғалімнің рөлі-шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Қазіргі ақпаратты көздер мен техниканың дамыған заманында оқушыға берілетін білім де сол техникалармен байланысты болу керек деген ойдамын.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Ендеше білім алуға құштар жанды шабыттандыру нағыз ұстаздың, ұлы ұстаздың ғана  қолынан келетін іс. Өйткені қазіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті, болашағы.

Жалпы  бүгінгі қоғамдағы мұғалімнің ерекшеліктеріне тоқтала кетсем:

Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлуметтік парызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа сирек, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі үрдістердің барысын

идеялық – адамгершілік тұрғысынан шеше алатын, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлілігі мен қабілетін өздігінен еркінен дамуын ұйымдастыра алатын, және ата – аналармен педагогикалық ынтымақтастықты орнатуға бейімі бар әр шығармашылықпен еңбек ете алатын маман болуға тиіс.Ол шәкірт жүрегіне жол табарлық пәнін қызықтырарлық жол іздейді, өз білімін жетілдіреді, жаңа технология пайдаланады.Өйткені шәкірттен терең білімділікті, ұстамдылықты, еңбекқорлықты , мәдениеттілікті талап ету үшін мұғалімнің өзі сол қасиеттердің үлгісі боларлық дәрежеде болуы тиіс.Сөйтіп, өмір талабының артта қалмаған, үнемі шығармашылық іздену үстіндегі ұстаз ғана шәкірттердің сеніміне ие болып, сый – құрметіне бөленбек.

Сонымен мұғалім өткен тәжрибесін жаңа мен ұштастыра алатын кәсіби қызығушылығы жоғары танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек.

Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуындағы қалыптасып отырған жаңа жағдайлар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттігі туындап отыр. Осыған мемлекетімізде білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуде. Соның бір дәлелі — “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы” жариялануы болса, Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында да білім беруге үлкен мән беріліп отыр.

Мұғалім бүгінгі қоғамда «қозғалтқыш», үдеткіш рөлін атқарады.

Себебі: жас ұрпақтың  тәрбиесіне, жаңа және озық технологиялардың дамуына, қоғамның прогрессивті дамып, қалыптасуына үлкен үлес қосуда.Бұл өте ұзақ әрі күрделі процесс.Осы аталған ұзақ процесске мұғалім елеулі үлесін тигізеді.

Сондықтан, бұл жерде мұғалімнің рөлі жинақтауға ғана емес, ол жинақталған құнды тәжірибені әрі өрбітуші тетігінің негізгі буыны болып табылады..

Мұғалімнің әлеуметтік рөлінің тағы бірі ол, содан кейін жасаған қоғамдық қатынастарды, қарым-қатынас және мінез-құлық тәжірибесін, қоғамның мәдениетін бағалау, сарапшы ретінде әрекет болып табылады.

Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарымызды, байлығымызды түгендеу, игеру, жас ұрпақ бойына игі қасиеттерді сіңіру-бүгінгі ұстаздардың басты борышы.

Жаңа ғасырға аяқ басқанда ана тіліміз бен төл әдебиетімізді одан әрі дамыту- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қасиетті парызы болып қала береді. Бұндай қадірлі іс бағымызға бұйырған екен, оныабыроймен атқару –біздің ең басты борышымыз. Өйткені, тіл – халықтың асыл мұрасы, сарқылмас байлығы десек, әдебиет көркем шежіресі, тарихы. Сондықтан тіл мен әдебиетті оқытудың мектептердегі алатын орны ерекше.

Ең бастысы ұстаз адами қасиеті мол, басқаға қайырын тигізуден шаршамайтын, шалдықпайтын өмірінің әр шақтарын қиып, ұрпағының ертеңіне жол ашатын, шуағы мол шапағат иесі.Ұлағатты шайыры, адам жанының адал бағбаны болған жөн.Ұстаз бойындағы білім мен мінез үйлесімділік тауып, шәкіртке деген ұлы махаббатпен тоғысып жатса, әрбір шәкіртіне жеке тұлға деп қарап, адал жүрегін ұсынса , өз ісін жан тәнімен сүйіп істесе, нағыз ұстаз болмақ.

Жаңа ғасыр мұғалімнің бойында мынандай қасиеттер болуы керек: сергектік, байқағыштық, сезімталдық, сенім, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, сабыр сақтау,ілтипаттылық.

Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда мектептегі жеткіншектердің білім берудің сапасы мен деңгейін жан – жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ.

Жаңа ғасыр мұғалімдері талапқа сай болып, сапалы әрі сан алуан салиқалы тәрбиелік – білімділік қызметтерді ойдағыдай атқара білгенде ғана ұстаздық мақсатына жетеді.

Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу – ұлы міндет.Бала тәрбиесіндегі ата – анадан кейінгі жауапты адам мұғалім.Қоғамға пайдалы жеке тұлғаларды әкелу ұстазға, мұғалімге байланысты.Оқушының мектеп қабырғасынан әрі білім, әрі тәрбие алып шығуы да мұғалімнің еңбегі, қайраткерлік қызметі.

Енді осыған сәйкес ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптарға тоқтала кетейік:

Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет.Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды.Өз ісін жетік біліп табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады.Ондай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар – ожданын үнемі қорғай алады.

Екіншіден, педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек.Дүние жүзінде ғаламадану үрдісі жүріп жатқандықтан, ақпараттық ағыны көбейді.Мұғалім қай пәннен сабақ бермесін, ол баланы өмірдің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.

Әр мұғалімнің педогогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс. Психологиялық басты заңдылық «Адам өзінің шығармашылық өзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым – қатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады» дейді.Көп білу үшін көп оқу, тоқу керек «Интернет» жүйесін меңгеру қажеттігі туындайды.

Үшіншіден, міндетті орта білім беру, стандартты оқулықтарды пайдалану, ақпараттардың көбеюі, т.т Мұғалімнің білім берудегі жетекші ролін жойды. Енді білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр.Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жан – жақты даму үшін осы салада мұғалім ғана көмектесе алады.

Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейімділік сараптамалық қабілеттер мен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп – салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт.Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жету мүмкін.

Бесіншіден, мұғалімнің адамгершілік, саяси идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып, ол ұстанымда бала тәрбиесіне негіз етіп алуы шарт.Қысқасы, бала ықпал ету обьектісі емес ынтымақтаса қызмет ететеін тұлғаға айналуы қажет.

 

№35 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ-БҰЛ АДАМНЫҢ ӘЛЕМІ

Педагогикалық мәдениеттің жоғары деңгейін меңгерген кәсіби мектеп мұғалімі дүниетанымдық, аксиологиялық, практикалық, шығармашылық және рефлексиялық жобалау құрамдастарының үйлесімі арқасында өз тәрбиеленушілеріне әсер ете алады, болашақ жұмыскерлердің кәсіби мәдениетін қалыптастыра алады.

Мектептің немесе лицейдің кәсіптік-педагогикалық қызметкерінің педагогикалық мәдениетінің құрылымында ерекше рөл атқарады. дүниетаным компоненті:мұғалімнің немесе шебердің сенімдері, қызығушылықтары, қалаулары, бағдарлары (В. В. Кузнецов). Дүниетаным компонентінің негізі ретінде бүгінгі күні прагматизм идеологиясын қабылдауға болады (лат. прагма- әрекет жасау), бұл практикалық нәтижелерге назар аударуды білдіреді.

Өндірістің барлық салаларын қамтитын құрылымдық әлеуметтік-экономикалық дағдарыс жағдайында прагматизм идеологиясы өткен кезеңде кәсіптік педагогикалық училище жинақтаған барлық жақсылықты сақтауға бағыттаушы арқау бола алады.

Сонымен қатар, прагматизм идеологиясы педагогикалық техниканы, еңбекке деген көзқарасты, шығармашылық қызметтегі тәжірибені хабарлау институтын дамытудың жолдары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл идеология Мемлекеттік білім беру стандартында адамның әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар жағдайында өмір сүруіне мүмкіндік беретін ең маңыздысын, қажеттісін ғана бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл күрделі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді сәтті шешіп жатқан жас мұғалімдер мен жұмысшылар контингентін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Келесі кезекте кәсіби-педагогикалық қызметтің құндылық немесе аксиологиялық құрамдас бөлігі туралы айту керек. Әрбір мұғалім өз шәкірттеріне бере алатын адам жасаған тәжірибенің құндылықтарын сақтайды. Бұл аксиологиялық компонентпедагогикалық жұмыс. Құнды, адам қолымен жасалған тәжірибені бүгінгі күн талабына сай ретке келтіруге болады. Құндылық құрылымының бұлай аудармасы педагогикалық мәдениеттің ерекшелігі болып табылады.

Бүгінгі таңда мұғалімнің инновациялық құндылықтарды алып жүруі өте маңызды: оқу үдерісін ұйымдастырушы, менеджер, маркетолог.

Педагогикалық мәдениеттің бұл құрамдас бөлігі сенсорлық-практикалық деп аталады. Жұмысшылардың – токарьлардың, фрезерлердің, слесарлардың, аспаздардың, тігіншілердің және т.б. кәсіптік дағдыларын қалыптастырудағы табыстарды негізінен кәсіптік мектеп мұғалімінің таза «аспаптық» жеке қасиеттері анықтайды.

Педагогикалық мәдениеттің практикалық құрамдас бөлігі міндетті түрде кәсіптік мектеп мұғалімінің кәсіптік мектептер мен лицейлердің студенттеріне, ересек жұмыссыздарға және т.б. оқытатын жұмысшы мамандығын меңгеруіне байланысты таза кәсіби негіздер жатады. Мұғалім өзі оқытатын жұмысшы мамандығын меңгермейінше, педагогикалық мәдениеттің қандай да бір шеберлігі туралы айту мүмкін емес. Бұл әсіресе кәсіптік педагогикалық және өндірістік педагогикалық колледждерде білім алатын өндірістік оқыту шеберлеріне қатысты. Педагогикалық мәдениеттің технологиялық құрамдас бөлігі үгіт арқылы емес, оқыту арқылы тәрбиеленеді.

Жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді оқытуды жетілдіру жұмыстары студенттердің оқу жұмысының тиімділігін арттыру үшін шығармашылық ізденістері сияқты әрекеттерімен байланысты. Мұнда мұғалімнің өз күші мен шығынын үнемдеу, педагогикалық діңгек тиімділігін арттыру мүмкіндігі көрінеді.

Педагогикалық еңбек мәдениетінің практикалық құрамдас бөлігі оқу кабинетін жобалауда көрінеді, мысалы, арнайы оқу шеберханасы (токарь, слесарь, ағаш ұстасы, тігінші, аспаз және т.б. үшін). Кәсіптік мектептің болашақ мұғалімдері оқитын кәсіптік педагогика ғылым мен өнердің қосындысы, педагогикалық мәдениеттің ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын педагогикалық өнер. Ол мұғалімнің педагогикалық шеберлігін меңгеруінде: сөйлеу қабілетінде (А.С. Макаренко бойынша), қарым-қатынаста, сыныпта қозғалуында, педагогикалық әдепті меңгеруде, «үйреткен адамды кітап сияқты оқуда» көрінеді.

Кәсіби мектеп мұғалімдері өте нақты. Тәжірибе көрсеткендей, олардың біліктілік деңгейі неғұрлым жоғары болса, қарым-қатынас стилі соғұрлым күрделі болады. Олардың таза техникалық, технологиялық процестермен байланыстылары көбінесе олардың артында тұрған адамды көрмейді. Бұл «технократияның» өмір сүруі өте қиын.

шығармашылық компонентпедагогикалық мәдениет практикалық (технологиялық) тығыз байланысты. Өнертапқыштықпен және рационализациямен айналыса отырып, мұндай мұғалімдер өз шәкірттерін осы процестерге тартады. Бұл соңғысына үлкен пайда әкеледі. Әртүрлі байқауларда тамаша өнім жасайтын болашақ жұмысшылардың техникалық шығармашылығының қадір-қасиетін төмендетпей, кәсіби-педагогикалық қызметтегі табыс көбіне педагогикалық мәдениеттің шығармашылық құрамдас бөлігімен, яғни педагогикалық шығармашылықпен анықталатынын түсіну керек.

Педагогикалық мәдениеті жоғары мұғалім көптеген оқу бағдарламаларының, әдістемелерінің, әдістемелері мен оқу құралдарының, педагогикалық жаңалықтардың авторы. Ең бастысы, ол «үлгі бойынша», «басқалар сияқты» жұмыс істеуге дағдыланбаған, ол шынымен де болашақ қызметкерлердің оқу-тәрбие іс-әрекетін жоспарлап, ұйымдастырып, бақылап, басқаны емес, өз алдына мақсат қойғысы келеді. өз жолымен. Кәсіптік мектептің шығармашыл мұғалімі болашақ жұмысшыларды оқытуды, олардың оқу-тәрбие жұмысын, өзіндік жұмысын шебер ұйымдастыра алады, жеке тәсілді жүзеге асырады, сабақты жол бойында қайта құрылымдайды, оқушыларға білім беру рефлексиясын, білім алуға, өз бетімен жұмыс істеуге баулу. білім беру. Эвристикалық оқытудың арқасында мұғалім оқу әрекетінің түріне сәйкес келетін жаңа білім өнімін жасайды.

Педагогикалық мәдениет кәсіби-педагогикалық қызметкерлер контингентін сақтаудың кепілі болып табылады, өйткені ол педагогикалық құндылықтарды, теориялық және педагогикалық құндылықтарды, нысандарды, әдістер мен құралдарды меңгеруге, беруге және жасауға бағытталған кәсіби педагогикалық қызметтің әртүрлі түрлерінде олардың өзін-өзі реттеуіне ықпал етеді. өндірістік (практикалық) оқыту. Ол кәсіптік оқыту мұғаліміне қоршаған педагогикалық іс-әрекеттен өзінің кәсіби «Менін» бөліп көрсетуге, оның педагогикалық іс-әрекетіне, сөйлеуіне, педагогикалық ой қозғалысының барысына ой жүгіртуге мүмкіндік береді. Педагогикалық мәдениеттің жоғары деңгейінің жетістіктерінің арқасында мұғалім белгілі бір дәрежеде белсенді, дербес, өзінің педагогикалық іс-әрекетіне жауапты болу мүмкіндігін алады, оның педагогикалық іс-әрекетке, оның өмірдегі орны мен рөліне басқаша көзқарасы бар. қоғам, оның жеке тұлғасының дамуы.

Тұлға мәдениеті кәсіптік оқыту мұғалімінен тыс өмір сүре алмайды. Ол мұғалімнің үнемі өз ісінің мәнін іздеуге, өзін және өзі өмір сүріп жатқан педагогикалық ортаны жетілдіруге ұмтылуынан туындайды. Сонымен, кәсіптік оқыту мұғалімінің педагогикалық мәдениеті тек жеке тұлға тұрғысынан, оның өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктері тұрғысынан қарастырылуы керек. Сонымен бірге оның даму деңгейі «ұзақ мерзімді тұрақтылықпен», яғни. ұмтылыстың ұзақтығы, тұлғаның өзі белгілеген бейнелерге қол жеткізуге күш салу. Жеке дамуда тұлғалық деңгейлердің, шекаралардың болуы мұндай педагогтың өзінің ішкі механизмдерін (қажеттілік, мотивтер, мақсат, қабілеттер, белсенділік, ерік-жігер, эмоция, интеллект) белсендіруге мүмкіндік беретін өзіндік критерийлері бар екенін көрсетеді. Бұл кәсіптік оқыту мұғалімі өзінің тұлғалық дамуында тоқтап қалмайды деген сөз. Оның педагогикалық мәдениетінің дамуының негізгі критерийі ретінде оның өзіндік «қозғалысына» қатынасын белгілі бір дәрежеде алуға болады. Өзін-өзі дамытпай кәсіби мектеп мұғалімінің педагогикалық мәдениетін дамыту мүмкін емес.

 

№36 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭСТЕТИКА ЖӘНЕ ШЕБЕРЛІК

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп  отыруды қажет ететін балаларды  оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.

Педагогикалық шеберлік негізі неде?

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты  дамыған маман – уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ  көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», – деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде?

Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру – педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.

«Тәуелсіз елге – білікті маман» демекші, педагогикалық шеберліктің  негізі, өткен пікірімізде айтып  кеткеніміздей, білім мен тәрбиені ұштастырумен қатар – педагогтардың  жаңа технологияны меңгере білуінде және оны өз тәжірибесінде қолдана алуында. Педагогикалық көзқарас бойынша, «технология » ұғымы – дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде ұйымдастырылған «педагогикалық өндіріс» деген пікір өз уақытында педагог-ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте «педагогикалық технологияны» оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттап, оны дидактикалық үрдістер мен оқыту құралдарымен жабдықтауда жаңа ақпараттық технологияға негіздеу туралы мәселе қозғалады.

Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.

Біздің ойымызша, инновациялық технологиялар  оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдарын оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетінде пайдалануға көмектеседі. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың шарттарының өзі мұғалімнің әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын туғызады. Ол педагогикалық шарттарға: инновациялық ізденіс қажеттілігі; инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім; инновациялық әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын қарастыру; инновациялық әдістерді меңгеру; инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары; инновациялық әдіс-тәсілдерінін нәтижесінің болуы; инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін бекіту жатады. Инновациялық іс-әрекетті басшылыққа ала отырып, педагогикалық шеберліктің басқа құрауыштарының маңыздылығын жоққа шығармаймыз.

Адам қажырлы еңбегімен табиғатты  өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.

«Талант» деген сөзді әркім  әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын – жазушылырда, әртістерде, өнер адамдарда кездеседі. Ал, «мұғалім болу – талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?» – деген сұрақ туады. Ұстаздың барлығы талант болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта – ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады.

Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның оның қолы жетпейтіндігін», – айтады.
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек.

Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына  жол ашу, оқу – тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.

 

№37 ӨМІР БОЙЫ ҰСТАНУҒА ТҰРАРЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», — десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.
Ата-асқар тау,
Ана – бауырдағы бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ – деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың.
Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.
2006 жыл – Қазақстан Республикасында Отбасы жылы болып жарияланды. Осыған орай С.Бегалин атындағы Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы, назарларыңызға «Отбасы – тіршіліктің тірегі…» атты әдістеме – библиографиялық жинағын ұсынады.
Құрал – мұғалімдер мен оқушыларға ғана емес, ұрпақ өсірер, оның келешегін ойлар иісі қазаққа арналып жазылған деп ойлаймын.

Көшпелі және рулық-тайпалық негізде құрылған халықтарда туыстық байланыстар қоғамдық қарым-қатынастың негізін қалайды. Рулас ағайын, туыс, жақын туыс, аталас, бір ата баласы, бір әке баласы арасында туыстық байланыстан туындайтын парыз бен қарыз міндеттер өте көп. Олар қазақтың ғұрыптық заң-салттарымен бекітілген.
Отбасында негізгі туыстық қатынас — ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан.
Жалпы алғанда, қазақтың туыстық қатынас атаулары 90ға жетеді.
Көнекөз шежіреші қариялар бір атадан келесі атаның баласын, туыстық тармақтарды еш қиналмастан-ақ тарқата береді. Осылайша, тарихи оқиғалар, аңыз-әңгімелер атадан балаға жалғастырылады.
Туыстық жүйенің ең негізі, бел ортасы — отбасы саналады. Барлық алыс-жақын туыстық – осы отбасынан есептеледі.
Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала.
Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый-құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі.
Дәстүрлі қоғамда ата-апаның тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата-апалар жыр, дастан, ертегі айтып немере-шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған.
Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен апасы өз қолына алып, немере ыстық болғандықтан балаларынан да артық көріп, тәрбиелеген. Тұңғыш немерелер ата-апасын өз әке-шешесіндей санап, туған әке-шешесін тек қана өскеннен кейін де танып жатады. Кейде тұңғыш немересі кенже ұлының орнына, атасының қара шаңырағына ие болып та қалатын жәйт кездеседі.
Әке — әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен апалардың орны ерекше.
Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті.
Қара шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта кенже ұл ие болып, қарттарды бағып-қағатын, көне салт бүгінгі қазақ отбасыларында да сақталған. Ал үлкендері үйленіп үй болысымен еншілерін алып, бөлек шыққан. Жасы кіші болса да кенже иеленген үлкен үй басқа жасы үлкен туыстары үшін де қадірлі, қасиетті үй ретінде саналған.
Қазақ қоғамындағы әйелдердің орны жайлы әңгімелегенде, Орта Азияны мекендеген басқа халықтардың әйелдерімен салыстырғанда қазақ қыздары мен әйелдерінің анағұрлым еркін болғанын айтқан жөн. Олар жүздерін жамылғылармен бүркемей, ашық өмір сүрген. Дегенмен, қазақ әйелдері үшін басты міндет – отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, ерлерін барынша сыйлау, рухани қолдау көрсету болып табылады.
Түйгені көп шешесі қызымен, келінімен өмір тәжірибелерін бөлісіп, болашақ үлкен өмірге дайындайды. Туыс ағыйындардың әйелдері – абысындардың қарым-қатынасы өзара көмек пен түсіністікке, берекеге құрылады. Сондықтан да, «Абысын тату болса, ас көп, ағайын тату болса, ат көп», — деген.
Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: « Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», — деп мадақтайды.
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр. Билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, аңшылық, зергерлік сияқты ата-баба өнерін жеті атасына дейін жалғастырған әулеттер қазір де баршылық.
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ қыз балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды. Кәмелетке толғанға дейін бойжеткен болашақ отбасы өмірінің басты міндеттерінен сабақ алды. Ол ерінің адал жары, ана болу, отбасы беріктігін сақтаушы қызметіне, шаруашылықтың барлық жақтарын игеріп жүргізуге, қонақты лайықты қарсы алуға, туыстарын сыйлап қадірлеуге дайындық тәрбиесі. Көргенді отбасылары қыз баланы «қонақ» деп мәпелеп, қадірлеп өсірген. Қыз баланың тәрбиесіне ең бірінші анасы жауапты болған. Сондықтан қазақ «Шешесіне қарап қызын ал» – деген.
Ұзатылып келген қалыңдық үйлену тойының ертеңінде бүкіл ру, әулет, ауылға келін болып саналады. Өзі аттаған босағасының, рудың адамы санатына қосылып кетеді.
Қазақ жақсы келінді қызынан кем көрмеген.
Қазақ дәстүрінде үлкеннің атын атамай, тіріде өзін, өлгенде аруағын құрметтеу — жақсы келіннің әдептілігі мен тәрбиелілігінің айғағы.
Тұрмыстағы көргені мен түйгені, ақылдылығы, парасатты келінді есейе келе, ауыл-үй құлақ салып ақылдасатын ана дәрежесіне көтереді.
Қызына құда түсіп, айттырған күннен бастап жігіт қыз ауылы үшін күйеу атанып кете барады. Күйеу қайын жұртында төрге шықпайды, оған сыбағалы асы деп асықты жілік пен төс тартылады.
Әрине, жасы егделеген сайын, күйеудің әлеуметтік мәртебесі де жоғарылайтыны белгілі. «Күйеу қартайса құда болады», сөзі осы уақыт аралығында күйеу жақтан әлденеше қыз алысып, қыз беріскендігін, күйеудің де беделді адам бола бастағандығын айғақтаса керек. Қазақтың «Күйеуді қызым үшін сыйлаймын» деген сөзінде де үлкен мән бар.
Әуезов М. Абай жолы: Бұл романда жазушы Құнанбайды асқан сүйіспеншілікпен жетер жеріне жеткізе суреттейді. Құнанбай Абайға әке ғана емес, заманның үлкен қайраткері, әрі үлкен тұлғасы. Ал, Абай ойы, Абай даналығы, Абай тереңдігі – тазадан тазалыққа, биіктен биіктерге шақырар жанның жарық жұлдызына айналған. Мұндай эпопеяны халқын шын сүйген адам ғана жаза алады. Бұл эпопеясы болмаса қазақ өмірі, оның кім екендігі дәл сондай құдіреттілікпен дүниеге танылмас еді. « Абай жолы» халқымыздың ақыл – ойын биікке көтерген, әрбір отбасының сүйіп оқитын, тәлім-тәрбие алатын туындысы болды.

Bottom of Form

Top of Form

Bottom of Form

 

№38 ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГТІҢ ТАБЫСТЫ  БОЛУ ФОРМУЛАСЫ

«Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу- сезімнің ақылдығы»— деп ғұлама ақын Ғабу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, ғұмырын  ұстаздық мамандыққа арнаған, көңілі мәңгі жас баладай жақсылыққа құмар ұстаз болу – көп адамға бұйыра бермеген бақыт десем, артық айтқандық емес шығар. Өйткені аузын ашса жүрегі көрінетін, жалғандықты, жасандылықты сүймейтін тазалық пен пәктіктің иесі — оқушыларды көргенде,  олармен бірге қуанып, бірге күліп, жан дүниең ерекше  сезімге толып,  жас баладай  қуанышқа бөленесің. Оқушылар сенен ең жақын жанашырындай үміт күтеді, қуанып қарсы алады, сырларын бөліседі. Кейде қуаныштарын жасыра алмай , еркелей алдыңа келеді. Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы. Сен олармен бірге жүрсең, олармен бірге бала болып, асыр салып, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарайсың. Әр үйдің үміті болған шәкіртеріңнің жан шырағын жаға білсең, нағыз адам етіп тәрбиелей білсең, жүрегіне ұлтына деген қасиетті ұғымды ұялатып, Абай атамыз айтқандай, толық адам тұлғасын қалыптастыра алсаң, міне,  ұстаздық мұрат- мақсатың — осы болмақ…

Шәкірт бойына сапалы білім мен үлгілі тәрбиені сіңіру- мұғалімнің педагог алдына қойған басты  мақсат болу керек. Мұғалім болған соң, өз пәніңді шәкіртіңнің толық меңгергенін қалайсың. «Бес саусақ бірдей емес» дегендей, алдыңда түрлі деңгейдегі оқушылар отырады.Ұстаздардың ұстазы болған Ы. Алтынсарин: «Оқушы сабақты түсінбесе, кінәлі емес, оны түсіндіре алмаған мұғалім кінәлі» деген сөзі бар. Осы ұлағатты сөзді  ешқашан есімнен шығарған емеспін. Егер оқушы түсінбей жатса, онда менің әдістемемнің әлсіз жағының әлі бар екенін мойындап, оны өзімнен іздеп, қателігімді түзетуге тырысып келемін. Заман талабына сай көштен қалмай, білімдегі соңғы жаңалықтарға да көз жүгіртіп, назардан еш тыс қалдырмаймын.

Мен үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болу — ең ардақты мамандық иесі деп ойлаймын. Дүниедегі ең қасиетті тілің мен тарихыңа, ұлтың мен әдебиетіңе жетер еш байлық жоқ Бабалар аманатын болашақ ұрпақ зердесіне жеткізіп, көздің қарашығындай сақтай білуге шақыру -әрбір тіл  маманның педагогтың парызы әрі оқушыларының жанына ұлт намысы, ел мүддесі деген киелі ұғымдарды ұялата отырып, білім беру  — ХХІ ғасыр мұғалімдерінің еншісінде тұр. Еш жалықпаған ұстаздың  тәрбиелеген  шәкірттері — жан- жақты білімді, ой- өрісі биік, өз мақсаттары айқын, сол мақсатқа жету үшін еңбекқорлық пен шыдамдылық таныта білетін жандар болатыны сөзсіз.

«Ұстазы жақсының- ұстамы жақсы» дегендей , оқушыларының тәрбиелі болуы- ұстазынан көрген өнегесі мен тәлімінен екені даусыз.Ы.Алтынсарин : «Мұғалім- адам жанының инженері» деп , өз заманында ұстаздар қауымына зор баға берген.Ұстаз- адам жанының емі, шипагері десек артық айтқандық емес.Күнделікті күйкі тірлікте өз шәкіртіне үнемі көңіл бөліп, жылы сөзімен жылытатын да ұстаз.Адамзат тәрбиелеудің қиындығы мен жауапкершілігі мол мамандық екені белгілі, дегенмен ХХІ ғасырдың ұстаздары жан – жақты дамыған, оқушының жан дүниесін жетік білетін, өз пәнін толық меңгерген, барлық нәрседен хабары бар иман жүзді, талапшыл азамат болуы керек деп ойлаймын.

Ұрпақ… Бала … Бүкіл адамзат болмысының тірлігінің мәні.Қай заманда, қай ғасыр, қай қоғамда болмасын адамдар тірлігінің мақсаты, болашаққа жалғастырар алтын көпірі, аманат етер асылы- оның ұрпағы. Сондықтан да күллі адамзат дүниесіне ортақ мүдде- ұрпақ тәрбиесі.Ал сол ұрпақтың азамат болып шығуына бағыт- бағдар беріп, үнемі қадағалау – бүгінгі ұстаздар қауымының жауапты жұмысы деп білемін. Сол себепті де, оқушыларымыздың сапалы білім мен өнегелі тәрбиені мектептен алып шығатынын еш ұмытпауымыз керек. Оқушымыздың парасатты да саналы адамгершілігі мол тұлға болып шығуымен қатар, нәтижелі білім алып шығуына бар күш- жігерімізді сарп етуіміз қажет. Ұстаз өзінің алдына нақты белгілі бір мақсатты қойып, соған жету жолында барынша талаптанса, жетістікке жетері сөзсіз. Білім кеңістігінде болып жатқан жаңалықтарды үнемі назардан тыс қалдырмай, жаңашыл мұғалімдердің іс- тәжірибесін мүмкіндігінше дұрыс пайдаланып, оқытудың ой елегінен өткен тиімді әдіс- тәсілін дұрыс таңдап, оны мейлінше меңгеру аса қажет болып табылады. Сонымен қатар, бүгінгі қоғамдағы мұғалім заман талабына сай психологиялық негізден өте мықты хабары бар, ақпараттық технологиялардың бар түрінде жұмыс істеуге қабілетті , жан- жақты білімді, үлкен жүректі , оқушыларды жанындай жақсы көре білетін байқампаз да білікті жан болуы керек. Өйткені іс-тәжірибеге көз жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды. Ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде. Сол себептен де ең алдымен, жеке тұлға ретінде өзімнің бойыма өзгерістер енгізуге тура келді. Өзім де өзгердім, оқушыларым мен әріптестерімді де өзгертуге қолымнан келгенше ат салысып жүрмін. Бұрын қандай бір қиындыққа тап келсем, қатты абыржушы едім, бүгінгі күнде, жылдам әрі тез шешімін дұрыс табуға дағдыландым. Оқушыларымды да дұрыс шешім тауып, өз ісіне жауап бере алатын азамат болуға шақырып, не нәрсе болса да сын тұрғысынан ойланып, жеті рет өлшеп, бір рет пішуге қалаптастыруға үйретіп жүрмін. Бұл жетістіктер – менің 3 айлық деңгейлік курстан алған ілімдерім еді. Күнделікті сабағыңды түрлендіріп өткізсең, жаңашылдыққа талпынсаң, оқушыға да сыйлы боласың әрі оқушы сабағыңа да селқос қарамайды. Сол себепті мен өз сабағымда 7 модульді ықпалдастыра қолданамын.Оның нәтижесі де жоқ емес. Дәл қазір  жаңалыққа деген құлшыныс пен қызығушылық, түпкі нәтижеге деген сенімділік, өз ісімнен қанағат табу менде басым. Екінші жетістігім — өзімді шыдамдылыққа, сабырлылыққа  үйреттім. Мен бұрын баладан жауап алғанша асықсам, қазір оқушының ойлануын бірінші орынға қоятын болдым. Жиырма жылдай ұстаздық етсем де, әлі де үйренетінім көп екеніне толық көзім жетіп отыр.

Өзімнің мұғалім, ұстаз, педагог жалпы адам ретінде түйгенім,  мұғалім өзінің артына ерген ұрпағы мен шәкіртінің жетістігімен ғана марқая, қуана алады екен. Ұлтымыздың тағдыры, болашағы – тәрбие мен  білімде екен. Абай атамыз айтқандай: « Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға..» дегендей , шәкірт тәрбиелеп, оны ұядан баптап ұшырудан еш жалықпайық

 

№39 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЗАМАНАУИ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ДАМУ ҮДЕРІСІ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан-2050» стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы» делінген. Елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан екендігі айтылған. Онда «XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» делінген. Барлық дамыған елдерде сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсынудың маңыздылығы айтылған. Орта «Білім жүйесіндегі жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізіп, оқыту нәтижесінде оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеруі тиіс» делінген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңына сәйкес “Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту” сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғарғы дайындығы бар білікті мамандар қажет.

Бүгінгі таңда балалардың қабілеттерін жоғарғы деңгейде қанағаттандыратындай білім беру көптеген өркениетті елдерде саралап оқыту принципінің негізінде одан әрі дамытылуда. Ол Франция, Америка, Германия, Англия, Жапония т.б. елдердің білім беру жүйесінде қазір жоғарғы деңгейде жүргізілуде. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Осындай табиғи сұраныстарға орай, оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Мәселен, академик В.И. Монаховтың технологиясы, В.К. Дьяченконың ұжымдық оқыту әдісі,        М.М. Жанпейсованың оқытудың модульді технологиясы және Ж.А. Қараевтың білім беру жүйесін ақпараттандырумен қатар оқушылардың өскелең оқу тәрбие үрдісін түгелдей терең дараландырып жаңаша білім алуына, өздігінен іздену сезімін ояту, дарындылық пен талапқа жол ашуға бағытталған технологияларын атап көрсетуге болады. Олай болса, оқытушы педагогикалық ізденіспен озық технологиялардың әдіс-тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білуі тиіс. Оқушылар алған білімдерімен келешекте белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін, яғни тез бейімделе алуы арқылы функционалдық сауаттылыққа қол жеткізеді. Әрбір сабақты өту барысында шынайы өмірмен ұштастыру оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын және келешекте өз мамандықтарын дұрыс таңдауына әсер етеді.

«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңаны табатын өнер» – деп бес арысымыздың бірі        Ж. Аймауытов айтқандай, ұстаз әрқашан сабақты қызықты етіп, түрлендіріп өткізіп отыруы тиіс. Сонда оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, өз беттерінше ізденіске ұмтылады. Сондай оқушының өз ізденісін тудыру соңғы кездері қатты қолға алынды, үлкен өзгерістерге ие болды.

Кеңестік мемлекеттен мұра болып қалған білім мазмұны жеке тұлғаның дамуына емес, білім, білік және дағдыны (ББД) меңгеруге бағытталған. Мұндай тәсілдің нәтижесі белгілі: оқу пәндерінің шамадан тыс жүктемесі; білім мазмұны тұтастығының және жүйелілігінің жойылуы; оны бөлшектелген, нашар ұйымдастырылған, схоластикалық ақпарат конгломератына айналдыру; оны пайдалану тәсілі мен оның міндеті кейде мұғалімге де, оқушыға да белгісіз болды. Осыдан мұғалім мен оқушыға шамадан тыс жүктеме, оқуға қызығушылықтың төмендеуі, мектеп түлектерін даярлау сапасының төмендеуі туындады. Бұл туралы орыс педагогтері К.Д. Ушинский, Е.А. Ямбург, В.Н. Бацын және Э.Д. Днепров ашық жазды.

«Біз балалардың басына әртүрлі ештеңеге де қажет емес қоқысты үйіп-төгіп саламыз, кейін адам оны не істейтінін білмейді» – деп жазды К.Д. Ушинский.

Отандық білім беру жүйесінде реформаны жүзеге асыра отырып, біз оны мынадай бағытта дамытуды қамтамасыз етуіміз керек болды:

  • бірыңғайлық пен біртұтастықтан – ашық әрі алуан түрлілікке;
  • әрі-сәріліктен – жеке тұлғалық – бағытталғандыққа;
  • бір жақты білімділіктен – білімді беру және еске түсірумен ғана түгенделмейтін, адамның көптеген және көп қырлы зияткерлік, көркемдік, рухани, практикалық іс-әрекеттеріне де есептелген іс-әрекеттік пен полимәдениеттілікке;
  • схоластикалық, жалған академиялық, нәтиже жоқтығынан (бұл жерде білім мазмұнының ең көп бөлігі оқушылардың меңгеру мүмкіндігі мен қызығушылығынан тыс қалады) – өмірге ұмтылыс пен тиімділікке;
  • репродуктивтіліктен және бейімдеушіліктен – қоғам мен жеке тұлғаның қазіргі өмірде серпінді болып жатқан өзгерістерге «үйлесіп» ғана қоймай, осы өзгерістерді жүзеге асыру, алға жылжыту қабілетін қалыптастырушы нәтижелілікке және дамытушылыққа [3].

Бірақ бұларды жүзеге асыру қиын болды. Сондықтан 11 жылдық мектептен 12 жылдық мектепке көшуді жүзеге асыра отырып, ең алдымен, осы проблемаларды шешу, яғни, оқытуды ұйымдастыру принципін өзгерту мен ондағы оқушының рөлін білім, білік, дағдыны енжар «алушыдан» танымдық үдерістің белсенді субъектісіне айналдыру міндеті қойылды [4].

Білімді адамдардан гөрі тәрбиелі, жүректі адамдарды тәрбиелеу, баланың жүрегіне баратын білім беру керек екеніне көзіміз жетті емес пе? «Жүрек – адам тәрбиесінің темірқазығы» – дейді Абай атамыз. Амалдың тілін алса, яғни арды ойламай, тек пайда ойласақ, жүрек ұмыт қалады.

Баланы тұлғаға бағыттау – жүректі сүйіспеншілікке толтыру.

Бала кезінен бастап бала тәрбиеленетін орта жылылыққа, сүйіспеншілікке толы болу керек. «Жаратушының қолынан шыққан нәрсе әдемі болады да, адам қолында бұзылады» (Ж. Руссо). Демек, белсенді тұлғаны тәрбиелейтін, дамытатын – ортасы, достары, мұғалімдері.

Біздің міндетіміз – баланың бойындағы ерекше қасиеттерін табу, оны дамытуға кемшіліктерін байқап, оған көмектесу.

«Білімді математикаландыру керек» (Н. Назарбаев), яғни баланы жүйелі ойлауға үйрету. Бала алдына лайықты мақсат қойып, мәселені шешудің жолдарын біліп, сол мақсатқа жетудің мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануы керек. Сондықтан да кездейсоқтықтан, әр түрлі ситуациялардан шығу жолдарын қарастыруда дұрыс шешім қабылдау, әрекет жасау қабілетін есепке алатын құзырлылықты нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде зерттеу – бүгінгі күннің талабы.

Адамзаттың өзі жаңа сапаға ауысты. Қарым-қатынас стилін өзгерту талабы туындады. Әр баланың өзіндік ерекшелігі болады. Көру арқылы ой қорытатындар (визуалдар), есту арқылы пікір жинақтайтындар (аудиалдар) болады. Біреулері көргенін тез қабылдап, біреулері естігенін есте сақтайды. Сонымен қатар балалардың кинестетик деп аталатын тағы бір тобы бар. Олар бәрін өздері қолдарымен ұстап, бақылап жылжытып, өзі жасағанды ұнатады.

Ал көбінесе біздер балалардан қозғалмай отыруды талап етеміз. Мұндай жағдайда кинестетиктер ешнәрсені жөнді ұға алмайды. Сонан кейін оқуға деген қабілетін жоғалтады.

Ұстаздың қоғам өмірінде алатын орны мен олар атқарып отырған міндеттердің айрықша маңыздылығын Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең санампаз бөлігі болып табылады… Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» – деп атап көрсетті. Ендеше білім беруде мұғалім білігі мен білімі мол мамандыққа дәл мұғалімге қойылғандай жоғары талаптар қойылмайды.

Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ.

Бүгінгі таңда мұғалімдер басшылыққа алатын ресурстар, әдістемелік нұсқаулықтар баршылық. «Сол әдіс-тәсілдерді қалай пайдалану керек және қайтсек ол нәтижесін береді?» тағы басқа да сауалдарға шамамыз келгенше жауап беріп көрейік.

«Егер оқытуды біреудің басынан басқаның басына білім тасымалдау деп түсінсек, онда адамды ешнәрсеге де үйретуге болмайды» – деген Платон бір сөзінде.

Сол себепті қазіргі заманауи тәсілдерді енгізе білу мұғалімнің жасампаздық қабілетінің артуына үлкен әсерін тигізері сөзсіз.

Мұғалімнің шығармашылығы дами отырып, оқу үрдісінің сапалылығы артады және оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас стилі өзгереді, жаңа сатыға көтеріледі.

Жаңа тәсілдерді білім беру үрдісіне енгізу – көзқарасымызды өзгертуге бағытталған үрдіс.

Әлемдік білім беру жүйесі де жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Бұл ұстаным Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында жан-жақты сипатталған: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу».

Тұлға дамуы оның белсенділігімен тығыз байланысты, өйткені адам бірінші кезекте өз қолымен жасағанды елейді, ескереді, есте сақтайды.

Кеше тұлғаның «миы», «басы», «ақылы», «интеллекті» бірінші орында еді, ал бүгінде адамды бағалауда біз бірінші кезекте оның ішкі дүниесін, рухани ахуалын, адамгершілік қасиеттерін ескереміз. Абайдың «Адам бол» деген рухани қағидасы бүгінде білім игеру жүйесінің басты қағидасына айналып отыр.

Білім беру реформаларын сапалы жүзеге асыру жолдарын қарастыруда әлем елдерінің, соның ішінде, Жапонияны алатын болсақ, біздің балаларымыздың білім сапасы Жапония елінің білім сапасынан айтарлықтай төмен екендігі анықталған. Олар біздің оқушыларымызға қарағанда едәуір аз пән оқиды. Жапонияда жеке тұлғаның эмоционалдық бет-бейнесін қалыптастыратын пәндер 70%-ды құрайды. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесіне айтарлықтай көп уақыт бөлінеді [2].

Мұғалім мен тұлға арасындағы қарым-қатынаста рухани-адамгершілік байланыс орнатып, ынтымақтастыққа қол жеткізуде Ш. Аманашвили мұғалімдерге мынадай кеңес береді: «Педагогикалық үдерісте баламен тіл табыса білу, яғни балаға өз ойын, талғамын, көңілдегісін айтуға рұқсат беру тәрбиешіден көп шеберлікті талап етеді.

Осынау қарым-қатынаста бала жанының қозғалысымен ынтымақтастық тапқан кезде бала өз бойындағы табиғи дарынын ашады, ал мұғалім өзінің шығармашылық жігер қуатының жемісін көруге мүмкіндік алады.

Басқаша айтқанда, бала шығармашылығы мұғалім шығармашылығымен ұласып кетеді. Мұндай жағдайда мұғалім мен оқушы арасында тұтастық пайда болады» – деп рухани-адамгершілік қай кезде орнығатынын пайымдайды.

Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Оқушының дамына әсер етуші әлеуметтік фактор негізінде оқушы, мұғалім, ата-ана, басқа пән мұғалімдері ынтымақтасуы керек.

Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші – мұғалімдер. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктейтінін ұмытпауымыз керек.

Ы. Алтынсарин: «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырағы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер, ол – даналықты жүректен ұға білу болып табылады» – деген екен.

 

40 МҰҒАЛІМДІК ҚАСИЕТ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ АЛУМЕН САҚТАЛАДЫ

Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш ол – білім. Білім беру – оқытудың, тәрбие мен дамытудың үздіксіз процесі. Білімді түрлендіруде, білім беру процесін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім шығармашыл мұғалім ретінде орталық тұлға болып табылады.

«Шығармашыл мұғалім – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты». Н. Назарбаев.

Осы орайда, біздің басты мақсатымыз – бастауыш сатыдан бастап баланың тілін, ой-өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту арқылы, заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруымыз қажет. Білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылым мен тәжірибеге негізделген жаңа идеялар мен жаңа инновациялық технологияларды зерттеп, оны өз іс-тәжірибемізде қолдану арқылы оқу-тәрбие процесінде шығармашыл білімді тұлғаның дамуына мүмкіндік беріледі. «Инновация» ұғымының (латынша inovatis) аудармасы жаңалық, жаңаша, жаңалықты енгізу деген мағынаны білдірсе, «Технология» – деп оқытудың объективтік факторларының жиынтығын (бағдарламаланған оқыту әдіс-тәсілдері, дидактикалық материалдар, құрал-жабдықтар, т. б) қандай да бір іс-әрекетте нәтижеге жету құралы ретінде қарастырылады. Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденіс арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарап іріктеп қолданады. Сол арқылы баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға үйретеміз. «Шығармашылық» деген, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен түзіліп, ақыл-ойы мен сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінеді. Шығармашылық – адам ойлауының және өз бетінше әрекетінің жоғары формасы. Шәкірттеріммен оқу-процесін жаңаша ұйымдастыру барысында оқушыларымның шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жеке дара ерекшеліктерінің ашылуына мүмкіндік алып, жеке тұлғаны қалыптастыру жолында білім берудің инновациялық-педагогикалық технологияларымен жүйелі жұмыс жасау арқылы барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізудемін.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін төмендегідей шарттар орындалу тиіс:

Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу;
Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;
Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету;

Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз — оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының зейінін, есін, қиялын, дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс-әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады. Жаңа формация мұғалімі мынадай гуманистік тәсілдері бар этиканы пайдаланады.

Көрнекті педагог В. А. Сухомлинский «Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» – деп айтқан. Өйткені, жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың жүрегінен орын алады.

  1. Шығармашыл мұғалім – зиялы тұлға. Оның сыртқы келбеті ұқыптылық пен жарасымдылықпен сипатталады, педагогикалық әдебі жоғары, басқаны түсіне біледі. Прогрессивті алдыңғы қатарлы ойларды уағыздаушы, сыни ойлау деңгейі жоғары, өзгенің ойын, өзгенің пікірін құрметтей біледі, ұстамды. Өз білімін тұрақты көтеріп отырумен жүйелі айналысады, өз жұмысына рефлексия жасауға қабілетті. Эрудициясы, жалпы мәдениеті жоғары, эстетикалық талғам және көркемдік мәдениеті жинақталған. Ол саясаттағы, ғылымдағы, өнердегі барлық жаңалық пен озық ойларға қызығушылық танытып отырады. Зиялы тұлға ретінде өз бойына адамзат мәдениетіндегі ең жақсы үлгілерді жинақтайды.
  2. Шығармашыл мұғалім – рухани бай тұлға. Оның рухани байлығы алдымен балаға деген махаббатында, жоғары адамгершілігінде және арлылығы мен ұяттылығында байқалады. Өмірдің мәнін және мақсатын түсінуге, өзінің кәсіби орынын анықтауға ұмтылыста оның руханилығы көрінеді. Ол әлемдегі және адами қарым–қатынастағы сұлулықты өте жоғары сезінгендіктен онда эмпатия және талдай алушылық жоғары дамыған. Өсіп келе жатқан баланың ішкі жан-дүниесінің байлығын түсінуге үнемі тырысатындығы оның өзінде планетарлық ойлауды дамытуына негіз болады.
  3. Шығармашыл мұғалім – жаңашыл тұлға. Ол бірсарындылық пен біртүрлілікті қабылдамайды, сондықтан жаңалыққа жаны құмар. Шығармашылыққа деген мотивтері жоғары болғандықтан ойлап табу, тудыру, жасап көру – оның күнделікті кәсіби жағдайы.
  4. Шығармашыл мұғалім – еркін тұлға. Оның еркіндігі өмірдегі, кәсіби әрекеттегі  мәдени әлемдегі өз орнын анықтай алу қабілетінде жатыр. Оның ойлау, пайымдау және әрекеттену еркіндігі жеке кәсіби жауапкершілікті сезінумен сәтті байланысады. Рухани және материалдық құндылықтар әлемінде еркін бағдарлай алады, педагогикалық, пендешілік догмалардан еркін. Ол өз ісіне өте жауапты, кейде тіпті тәуекелді талап ететін шешімдерді өз мойнына алады. Өзінің өмірлік позициясы, ұстанымы бар.
  5. Шығармашыл мұғалім – ізгілікті тұлға. Оның ізгіліктілігі, қайрымдылылығы, барлық тіршілік иелеріне, ең алдымен балаларға деген сүйіспеншілігінен байқалады. Ол кезкелген уақытта өз оқушыларына, жалпы балаларға көмекке келуге әзір. Өзгеше ойлайтын адамдарды құрметтейді, өз көзқарасына сәйкес келмесе де ол адамдардың қалыптан тыс ойларын түсінуге деген төзімділігі шексіз. Әртүрлі ұлт, дін, мәдениет өкілдеріне бірдей сыйластықпен қарайды. Оның тек оқушылармен ғана емес,ата-аналармен, әріптестерімен ынтымақтаса алу қабілеті зор.
  6. Шығармашыл мұғалім – азаматтық белсенді тұлға. Ол айналасында (ауылында, қаласында, елінде) болып жатқан жағдайларға бей жай қарамайды, ол жағдайларға үнемі өзінің қатысын білдіріп отырады. Қоғамдық өмірдегі өзінің азаматтық рөлін дұрыс түсінетін, саяси сауаттылығы жоғары маман. Оқушыларын да өмірдегі өзгерістерге сын көзбен қарап, объективті бағасын беруге, кемшіліктерге төзімсіз болып, түзету үшін үлестерін қосуға тәрбиелейді.
  7. Шығармашыл мұғалім – бәсекеге төтеп беретін тұлға. Жаңа заманға сәйкес педагогикалық қызмет көрсету аясы кеңейген уақытта шығармашыл мұғалім өзінің шеберлігін үнемі арттырып отырады, өзінің жетістіктері мен кемшіліктері жайлы өзіндік бағасы бар. Әлсіз тұстарын жетілдіру үшін озық тәжірибені шығармашылықпен қолдану, педагогикалық жаңалықтар кешенінен қалмауды  басты назарда ұстайды. Жаңа технологияларды меңгеру, қолдану арқылы өз ісінің нәтижелі болуына талпынады.
  8. Шығармашыл мұғалім – мәдениет адамы. Ол белгілі әлеуметтік мәдени ортада өмір сүріп, еңбек етіп жатқандықтан сол ортаның өнерін, тұрмыс-салтын, мәдениетін бойына сіңірумен қатар, оны құрметтеп басшылыққа алады. Өзінің жалпы мәдениетін көтеру – оның айнымас өмірлік қағидаларының бірі.

Осыған орай шығармашылық әлеуеттің акмеологиялық сипаттамасы:

  • Кәсіби қызығушылықтардың жаратушылық бағыттылығы;
  • Жаңашылдық әрекетке деген қажеттілік;
  • Инновацияға бейімділік;
  • Жалпы және кейбір арнайы интеллектінің жоғарғы деңгейде болуы;
  • Ассоциациялық байланыстарды қалыптастыруға деген бейімділік,
  • Жақсы дамыған елестете алушылық;
  • Мінез-құлық пен әрекетті реттеп отырудағы күшті жігерлік;
  • Дербестік;
  • Өзінің ахуалын басқара алушылық, әсіресе шығармашылық белсенділігін  ынталандыра білушілік.

Шығармашыл тұлғаның ерекше қасиеттерінің қатарына педагогикалық импровизацияны жатқызамыз. Педагогикалық импровизацияны (суырып салмалық деуге де болады деп ойлаймыз). А.К.Маркова «күтпеген педагогикалық шешімдерді тауып, оны жүзеге асыра білу» деп түсіндіріп, оның төрт кезеңнен тұратынын атап көрсетеді: 1) педагогикалық ойдың жарқ етуі; 2) педагогикалық мақсаттың мәнін бір сәтте ұғынып, оны жүзеге асырудың жодарын жылдам таңдай алу; 3) педагогикалық идеяны жұртшылық алдында нақтылы түрде көрсете алу; 4) ой қорытып, көрсеткен педагогикалық идеяны тез арада талдай білу;

Жаңалық ашу өздігінен келе салмайды, оған алдын-ала жасаған қажырлы еңбек құлшындырады десек, дәл сол сәтті шабытты шақ деп сипаттауға болады. Шабыт – адамның рухани күштерінің ширығып өрлеуі, шығармашылық толғанысы. Шабыт жаңа туындының пайда болуына бастайды.

Педагогикалық шығармашылықтың орын алуына септігін тигізетін тағы бір мәселе –  мұғалімнің әртістік қасиеті. Мектеп, әрине, театр емес. Дегенмен мұғалім үнемі халық алдында  тұратын танымал адам. Олай болса ол аудиторияны меңгере алуы, иландыра білуі, шабыттандыра алуы тиіс. Әртістік қасиет – педагогтың «образға ене алуы», сыртқы келбетінің тартымдылығы, тілінің түсініктілігі, көркемдігі, жатықтығы, мимикасы мен қимыл қозғалысының айтылып жатқанға сәйкестігі. Әртістік – образдармен ойлай алу, ашықтық, жағдайға терең эмоцианалдық шому, ішкі және сыртқы мәдениет, өзіне тарта алушылық.

Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: педагогикалық әрекеттің негізгі компоненттерін есіне түсіріп, олардың мәнін, алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру. Орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу. Тек қана сонда ғана алдағы жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын жасау мүмкін болады.

«Рефлексия» – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы. Бұдан басқа да рефлексия жайында айтылған философиялық ойлар негізінен «адамның өзіне бағытталған зерттеу жұмысы», «өзіңнің ақылың мен рухыңды өзіңнің бақылауың» дегенге келіп саяды.

Психологиялық мұғалімнің шығармашылығын дамытудың қысқаша формуласын «тәжірибе + сол тәжірибенің рефлексиясы= даму» түрінде ұсынады. Г.С. Сухобская мен   Ю.В: Кулюткин екеуі бірлесе жазған педагогика оқулығында бұл үрдісті сипаттай отырып, оның мұғалімнің кәсіби әрекетінің өн бойында мына төмендегідей жағдайда байқалатындығы

айтылды: біріншіден – мұғалімнің оқушының ойын, сезімдері мен іс-қимылдарын түсіну бағытындағы әрекеттесуінде; екіншіден – оқушылардың жас ерекшеліктері, даму мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту үрдісінің мақсаттарын анықтау мен жобалауда; үшіншіден – оның өз әрекетін, сол әрекеттің субьектісі ретіндегі өзін талдауда. Тек сонда ғана мұғалімнің педагогикалық әрекетінде шығармашылыққа жол ашылады.

 

№41 ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГ:ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Бүгінде еліміздің экономикасының барлық салаларын цифрландыру күн тәртібінің басты тақырыптарының бірі. Осы бағытта басталып жатқан белсенді жұмыстың алғашқы бағыттардың бірі білім беру деп аталады.

Цифрлік сауаттылық — бұл адамның өмірдің барлық салаларында цифрлік технологияларды сенімді, тиімді, сыни және қауіпсіз қолдануға дайындығы және қабілеті. Цифрлік сауаттылық — ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі, ХХІ ғасырдың ең маңызды білімі. Цифрлік сауаттылықты қалыптастыру оқырмандық, математикалық және жаратылыстану сауаттылығымен тең дәрежеде назар аударылуы керек.

Расымен де, адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады. Цифрландыру технологиялары дегеніміз – бұл бұрын-сонды адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары. Қазіргі күні бұл технологиялар жасақталу үстінде. Олар қазірдің өзінде біз тамсанып айта беретін ақпараттық технологиялардың өзін жолда қалдыра бастады.

Заманауи технологиялар біздің өмірімізге тұрақты түрде енгізілуде, «Цифрлік» тұжырымдамасын тек ғылыми конференцияларда ғана емес, күнделікті өмірде де жиі кездесетін болдық. Кейбір адамдар әлі күнге дейін цифрлау үрдісінің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы пікірталастарда. Цифрландыру процесті және өндіріс кезеңдерін толық автоматтандыруды, өнімнің дизайнынан бастап, оны түпкілікті тұтынушыға жеткізумен аяқтауды, сондай-ақ кейіннен өнімге техникалық қызмет көрсетуді білдіреді.

Ғылымның қарқынды дамуы барысында көптеген корпорациялар өндірістің барлық деңгейлерінде жаңа технологияларды қолдана отырып жұмыс істеуге дайын қызметкерлерді талап етеді және арнайы дағдыларға ие емес қызметкерлер қажеттілігі артта қала беруде. Осы проблемаларды шешу, әрине, білім беру процесін қайта жаңғыртуды талап етуі тиіс.

Цифрландыру тікелей бұрын қол жетімді болмаған жоғары оқу орындары мен мектептер үшін ашылатын цифрлік технологияның оқу құралдарымен байланысты. Олардың ішінде онлайн оқу аса ерекшеленеді.

Мысалы, онлайн оқыту нарығының кестесін қарастырайық (1-сурет). Графиктен көріп отырғанымыздай, онлайн оқыту Солтүстік Америкада (АҚШ, Канада), Батыс Еуропада (Еуропа елдерінің көпшілігі), сондай-ақ Азияда (Қытай, Жапония) ең күшті дамыды. Шығыс Еуропада онлайн оқыту нарығын дамыту бұрын айтылған елдерге қарағанда әлдеқайда аз екенін атап өту маңызды.

Цифрландыру үрдісі, мінсіз білім беру үдерісі мен сапасына әсер етеді. Мектептік білім беру процесіне енгізілген жаңа технологиялар мектеп оқушыларын қарапайым лекцияларға қарағанда әлдеқайда көп қызықтыра алады. Мәселен, мысалы, Англияның Гранж мектебі мектептің ішіндегі «қала» сияқты жасалған. Гранж мектебінде телевизия мен радиостанциялар құрылып, балаларға әлем шынайылығындағы жағдайларды жақсартуға көмектеседі.

Қазір Қазақстан Үкіметінің ақпараттық технологияларды игеруді барынша жылдам дамытуға ұмтылып отырғандығын байқауға болады. Қазіргі ақпараттық технологиялар дегеніміз – цифрлы сана мен технологияларға қол жеткізудің басты алғышарты.

Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғырту өзектілігі әлеуметтік функциясының маңыздылығы – білімді өндіру және түрлендірумен негізделеді, олар қазіргі қоғамдағы еңбек бөлінісінде шешуші рөлді атқарады. Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғыртудағы барынша табыстылыққа тек егер білім беру саясатына негізделген барлық бағдарламалық қондырғылар әлем тәжрибесімен жиналған оң әлеуеттен барлық мүмкін болатынды өзіне жинай алса ғана қол жеткізуге болады. Және де, әсіресе Орталық Азиядағы көптеген елдер үшін, білім беру жүйесін жаңғырту мәселесі әлі де өзекті болып қалуда.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім беру процесіне цифрландыру жүйесі өте қажет. Осылайша, көптеген жоғары оқу орындары білім беру жүйесінің ұзақ мерзімді тәжірибесін талдап, осы әдістің артықшылықтарын түсінді. Бұл жүйе білім беру сапасын жақсарту, жаңа ақпараттық технологияларды дамыту, заманауи қағаз процестерін жеделдету, мекеменің әкімшілік және басқарушы қызметкерлеріне қажет.

Қазақстанда Білім және ғылым министрлігі цифрландыру саласында бірнеше міндеттерді қойды:

— орта білім беру жүйесінде ақпараттандыруды дамыту;

— білім беру мен ғылымды басқару процесін автоматтандыру;

— АТ мамандарын оқыту.

Бірінші бағытта (орта білім берудегі ақпараттандыруды дамыту) министрлік мектептегі информатикаға «Информатика» пәнін ерте енгізуді бастады. Ең дұрысы, бірінші сыныптан объектіні енгізу жоспарлануда. Қазір бұл мүмкіндік сарапшылармен талқылануда.

Әлемдік тәжірибеде, мысалы, ЭЫДҰ елдерінде бағдарламалау негіздері бірінші сыныптан бастап оқытады. Қазақстанда «Информатика» пәні 5-сыныптан, ал биылғы жылы — 3-сыныптан оқытылады. Сондай-ақ балалар робототехникаға қатысады. Бүгінгі таңда 3000-нан астам мектеп және оқушылар сарайында робототехникада элективті курс енгізілді. 100% -ға дейін қамту жоспарлануда — робототехника шкафтары жаңартылады, ал мұғалімдер біліктілік арттыру курстарынан өтетін болады.

Тағы бір мәселе – балалардың денсаулық жағдайына жаңа технологиялардың әсері. Балалардың техникамен жұмыс істеуі үшін рұқсат етілген, қатаң тексерілген санитарлық-гигиеналық нормалар болуға тиіс.

Орта білім берудегі оқу үдерісін автоматтандыру үшін электронды журналдар жүйесі пайдаланылуда. Электронды журналдарды енгізген мектептерде қағаз түріндегісін қолдануға тыйым салынады. Әзірлеушілердің пікірінше, бұл қосарланушылықты тоқтатады және есептілікті айтарлықтай қысқартады.

Жоғары білім беруде «Жоғары білімді басқарудың бірыңғай жүйесі» жұмыс жасайды, ол ақпараттық жүйелерді ықпалдастырудың  көмегімен толығады, осылайша әрбір оқушының мәртебесі бойынша өзекті мәліметтерді әрдайым көруге мүмкіндік береді. Ғылым саласында барлық ғылыми гранттарға өтінім беру, есептер қабылдау, мақалаларды есепке алу, электронды мекен-жайлар базасы цифрландырылды.

Екінші бағыт – цифрлық білім беру контенті бойынша мектептер үшін үш тілде 80 мың бейнефильм мен интерактивті сабақтар енгізілді, олар мұғалімге сабақты әлдеқайда жоғары деңгейде жүргізуге көмектеседі. Биыл 7 082 мектеп аталған цифрлық ресурстарға қолжетімді болды.

Аталған цифрлық ресурстар онлайн және оффлайн режимдерде қолжетімді, яғни мұғалім – пәнді жүргізуші дайын бейнематериалды алып, оны сабақ барысында оқу материалын түсіндіру немесе бекіту үшін пайдаланады. Мұғалімге енді сабақтарға қосымша материал іздеудің қажеті жоқ.

Жұмыстың үшінші бағыты IT-мамандарды даярлау болып табылады. Қазақстанда осы мамандық бойынша жоғары білім беру гранттары жыл сайын артып келеді. Биылғы жылы Президенттің тапсырмасы бойынша қосымша 20 мың грант бөлінді, оның 11 мыңы техникалық мамандықтар үшін, «киберқауіпсіздік» саласына ерекше назар аударылды. Қазақстандық студенттер осы мамандықты шет елдерде игеру үшін стипендия алады.

Үшінші бағыт – білім беруді басқаруды цифрландыру – басқарудың бірыңғай жүйесін құруды қарастырады, оған барлық білім берудің мәліметтер базалары негізінде Big Data құру енгізіледі.

Осы үш бағыттың барлығы бірте-бірте және жүйелі түрде биылдан бастап дамиды, бірақ бүгінгі таңда іске асыру үдерісін баяулататын бірнеше проблемалар бар. Олардың ішінде компьютерлермен / ноутбуктермен, смартфондармен жеткіліксіз қамтылу. Тағы бір кедергі – Интернет желісіне қолжетімдіктің болмауы. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, мектептердің тек 62% интернетке қосылған, ал 37% -ы қосылмаған. Үкімет «Цифрлік Қазақстан» бағдарламасына сәйкес барлық мектептерді біріктіру бойынша ауқымды жоспарды жасады.

Қазақстанда мектептік білім беруді цифрландыру оны реформалау үрдісіндегі басты тенденциялардың бірі болып табылады. Болашақ мектептерінің көрінісі көбінесе барлық пәндердің бұлтты білім беру жүйесіне біртіндеп көшуімен байланысты. Біз онлайн оқулықтар мен виртуалды зертханалар туралы, ашық білім беру мазмұны, әрбір қатысушыға икемді және жеке көзқарас туралы айтып отырмыз. Үй тапсырмаларын оқушылар онлайн режимінде бірге жұмыс істей алады. Мектеп кітапханалары ақпараттық және компьютерлік орталықтарға айналды. Оқу үрдісі әрбір білім алушының идентификаторымен байланыстырылатын болады, бұл бағалау және бағаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

№42 ӘЛЕМДЕ БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕН ИГІ ІС ЖОҚ…

Қазіргі таңдағы әлемде болып жатқан үлкен өзгерістер ұстаз-тәрбиешілерге (педагогтарға) мынадай міндеттер жүктейді: білімді, саналы, жан-жақты дамыған тұлғаны  қалыптастыру. Бала бойындағы қабілеттерді ашып, заман талабына сай құзыретті тұлға ретінде қалыптастыра білсек, бұл мақсатымызға біршама жақындағанымызды көрсетеді. Жас  баланың жаңаша ойлауына, дүниетанымының қалыптасуына әлемдік деңгейдегі білімді меңгеруіне, сонымен қатар жаңаша білім мазмұнын игере білуіне жағдай жасап, оны өмірде толық пайдалануына ықпал ету бұл да тәрбиеші мен ата-анаға жүктелген міндет. Үшінші мыңжылдықтың сан түрлі өзгерістері мен қызыққа толы жаңалықтары  жас ұрпақты заманға сай дамытып, қалыптастыруға итермелеуде. Баланы тәрбиелей отырып, оған ықпал ететін жаңаша  жаңалықтар енгізу, құзыретті ұрпақ қалыптастыру білім беру жүйесіндегі ең  өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі кезде кез-келген салада «құзыреттілік» сөзі кеңінен қолданылуда. Бұл сөздің педагогика саласындағы өзіндік анықтамасы мынадай; құзыретті ұрпақ – әлемде болып жатқан әр қилы жаңалықтарға қызыға қарап, тамсанатын, өз ұлтымен қоса өзге ұлттың тілін, дінін, салт-дәстүрін меңгеруге дайын бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған тұлға.
«Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз қажет», сонымен қатар, «2020- жылға дейін Қазақстан жерінде тұратын қалалық және ауылдық балалардың барлығы мектепке дейінгі білім берумен қамтамасыз етілетіндігі жайлы » Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткен. Сондықтан жас ұрпақтың дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Ғалымдардың зерттеу нәтижелеріне сүйенетін болсақ, адам бойындағы бәсекелестік қабілет 3-6 жас аралығында қалыптасатынын анықтаған. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» -дейді халық даналығы. Мектепке дейінгі тәрбие – балаға тәрбие мен білім берудің алғашқы баспалдағы іспеттес. Бұл кезеңде тәрбие мен білімнің негізі қалай қаланса, сол бағыт бойынша кішкентай бүлдіршіннің өмірге қабілеттілік немесе өмірге деген өзіндік көзқарасы жоқ тұлға ретінде қалыптасуы да осы мектепке дейінгі тәрбиеге байланысты. Себебі, үйдің негізі қалай қаланса, үйдің болашақтағы жарамдылығы мен жарамсыздығы соған байланысты болатыны анық.
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтергенімізде қолға алар ісіміздің өзі ұрпақ тәрбиесі. Қазіргі замандағы ең басты мәселе –бала тәрбиесі. «Әркім өз жолын тауып кететіндей бала тәрбиесі жеңіл нәрсе ме? Деген сұрақ туындайды.  ЖОҚ, әрине.  «Бала тәрбиесі – өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер.» – деген екен М. Жұмабаев. Тұлғаның білімді болып қалыптасуы, елдің тірегі болуы – тәрбиенің нәтижесі. «Тәрбие-адам тағдырын шешетін ұлы іс» деп, дөп басып айтқан екен Белинский В.Г. Тәрбие – құнды байлық, себебі, жас ұрпақтың тәрбиесі халықтың ең қымбат қазынасы. Балалар тәрбиесіне, келер ұрпақ тәрбиесіне қай кезеңде болмасын, қай ұлтта, мемлекетте болсын үлкен мән беріледі. Тәрбие адамдардың пайда болуымен туындаған. Ол адами қоғамның дамуымен бірге дамып және өмір сүреді. Балаға әсер етудің түрлі әдістері бар, бірақ тәрбиемен кешігуге болмайды. Баланы қалыптастыру мен дамытуда ұлттық тәрбие (халықтық жүйе)  үрдісін қолдану, ұлтжанды азаматтарды  өсіріп жеткізуге мүмкіндік береді. Халықтық жүйеде қайта тәрбиелеу әдісінің орталығы ата-аналар және жанұядағы басқа ересектер үлгісі. Халық баланың жас ерекшеліктерін және психологиясы туралы білімді ғасырлар бойы зерттеп жинаған. Халық балаға тәрбиені мақал-мәтел арқылы беруді қарастырған. «Бала тәрбиесі – бесіктен» демекші. Баланы халық дүниеге келгеннен бастап тәрбиелеу керек деген. Баланың болашақта қалыптасуы біріншіден үлкендермен қарым-қатынасына байланысты болады. Зерттеуші ғалым-педагогтар және психологтар жылдар бойы бақылаған баланың ойын іс-әрекетіне байланысты бірнеше қорытынды жасады. Ата-ананың тәрбиелеу әсеріндегі маңызды ерекшелігі, баланың дидактикалық ойындарға ойнауы, рухани және ақыл-ой тәрбиесіндегі маңызы көп және сол үрдісте баланың еңбек құралдары, мамандықтары туралы түрлі заттардың ерекшеліктері туралы біліп, білімде, жұмбақта және жаңылтпашта жарысады. Халық педагогикасы өзіне баланың өмірінің түрлі жақтарын қосып алды, соған қоса олардың денсаулығы, мінез-құлқы, мінез ерекшеліктері және т.б.
Ел болып еңсемізді тіктеп, етек- жеңімізді жиғалы да жиырма үш жылға  аяқ басты. Тәуелсіздіктің, Азаттықтың туы желбірегені қандай-ды! Өшкеніміз жанып, салт- дәстүріміз жаңғырды. Десек те ата дәстүрі дегеніміз не? Бабалар мирасы дегенді бүгінгі жас қалай түсінеді?Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені, озық өнегелі дәстүрлерді, адамгершілік асыл қасиеттерді жас ұрпақ бойына қалыптастырып, оны ұтымды пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз. Сондай-ақ, ұлттық мәдениеттің, әдебиеттің, тілдің, халықтық педагогиканың тағдыры мен болашағы да мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты.  Тәрбиедегі басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: “Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болу керек екенін, ұлттық болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық мәдениетке аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезімен өткеннің тағдыры мен талаптарын, объективті факторлар ретінде ұсынып, сол арқылы ұрпақты өмірге даярлап, оларды жинақталған бай тәжірибе негізінде тәрбиелей отырып, өзінің ата-аналарының рухани мұрасын игере түсуі керек” екені айтылған.  Көне заманнан келе жатқан таным-түсінік, әдеп-тағылымдарын ұғыну, білу және өмірге үйлесімдерін қажетке жарату – жас ұрпақтың туған халқына деген құрметінің артып және өнегенің рухани түлей түсуіне ықпал етеді. Былайша айтқанда, елінің тарихи өткен жолы мен бұраң бұлтарысы көп болмыс-білімін ұғыну халқына деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімінің қарқынды түрде жетіле түсуіне әсерлі ықпал етумен қатар, бұл нәтижелі сапаға айналады.
Әрбір жас ұрпақ қай жағынан болсын келісті, тамаша азамат болып қалыптасуы керек. Жемісті тәрбиенің сыры шәкіртті дұрыс тәрбиелеуде. В.А.Сухомлинский «Біздің балалар-біздің қарттығымыз. Жаман тәрбие-болашақтағы қайғымыз,бұл-біздің көз жасымыз,бұл-басқалар алдындағы,бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәмыз.» Тоғыз сөздің тобықтай түйініне тоқталатын болсақ, тәрбие – адам өміріндегі негізгі, ең маңызды заттың бірі. Тәрбие беруде бағыттан жаңылысу баланың, одан бөлек қоғамды жарамсыз адаммен қамтамасыз ету болып табылады.

 

№43ЕГЕР МҰҒАЛІМДЕ ӨЗ ІСІНЕ ТЕК СҮЙІСПЕНШІЛІК БОЛСА,ОЛ ЖАҚСЫ МҰҒАЛІМ БОЛА АЛАМА?

Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті
оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра
алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ.
Л.Н.Толстой

Мен бастауыш сыныптың мұғалімімін. Мұғалім мамандығына жастайымнан бейімделгенмін деуге болады. Көзімді ашып көргенім, құлағыммен алғаш естігенім де – мұғалім. Мені ешқашан «оқуға қайда барамын, кім болып жұмыс істеймін» деген сұрақтар мазалаған емес , себебі ұстаздықтың қадір-қасиетін отбасынан сезініп өстім. Мен өмірімді жұмыстан бөлек елестете аламын ба? Жоқ, мен үшін ұстаздық – бұл мамандық емес, өмір салты. Ұстаздық – бұл менің жаратылысым. Сондықтан, «Ұстаздық – бұл адамға берілетін сый, ұстаздық – бұл талант, ұстаздық – бұл бейімділік, ұстаздық – бұл өмірлік іс» дер едім. Педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу. Жақсы ұстаз— бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық қабілеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігі болуы тиіс. Бүгінгі заманауи сабақты жаңа әдіс-тәсілдер мен технологияларсыз елестету мүмкін емес , сондықтан өз іс-тәжірибеме әр оқушының өз бетінше жұмыс жасау қабілетін, оны дамыту , жетілдіру жолдарын ескеремін. Әр сабағымды шығармашылықпен жоспарлап, оқушыға дайын білімді бермей, бағыт бере отыра қиындықты жеңуге, ізденіс дағдыларын қалыптастыруға байланысты тапсырмалар әзірлеймін. Әрбір сабақтың қызықты, тартымды өтуін, әрбір оқушы сыныптан шыға бере өзінің бүгінгі нәтижесі мен мүмкіндіктерін мақтан ететіндей сезімде болуын қадағалаймын. Қателеспейтін тұяқ жоқ демекші, қателесе отыра мақсатқа ұмтылуға жетелеймін. Оқушы үшін білім алатын орта қалыптастыру, оқушының ішкі уәжін ояту, оған өзінің біліміне өзі жауапты екенін көрсету, өзін-өзі бағалау, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, алған білімнің күнделікті өмірде қажетілігін түсіндіру менің алдыма қойған мақсатым десем артық емес.

Әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі – өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз – бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.
Ал жаңашыл ұстаз қандай болуы керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл – әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.
Сондай-ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Өмірдің көшінен қалмау, яғни білімі мен біліктілігін әрдайым жетелдіріп, жаңа инновациялық технологияларды меңгеріп отыруы керек. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.
Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге себін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.
Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:

Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді.

Менің оқушыларым менен алған шамшырақтарын ары қарай жаға алатынын,
өмірде пайдалана алатынын, жақындары мен қажет ететіндерге ұсына алатындықтарын білемін. Мүмкін олар ғалым болмайтын шығар, бірақ олар нағыз адам болып шығады. Мен оларға сенемін.

 

№44 «МАҒАН ЖАҚСЫ МҰҒАЛІМ БӘРІНЕНДЕ ҚЫМБАТ,ӨЙТКЕНІ МҰҒАЛІМ –МЕКТЕПТІҢ ЖҮРЕГІ»ДЕГЕН Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ СӨЗДЕРІНІҢ МАҒЫНАСЫНА ӨЗ КӨЗКАРАСЫҢЫЗДЫ БІЛДІРІҢІЗ
Адамзатты ежелден ойландырып,толғандырып келе жатқан,қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе-жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның-қиыны.Себебі әр адам-қайталанбас жеке тұлға. Әр адамның жан дүниесі өзінше бір әлем.Уақыт озған сайын қоғамдағы саяси-әлеуметтік қарым-қатынас дамыған сайын бүкіл дүние жүзінде ұстаздың қызметі қиындай түсуде.

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай,оны дүниежүзілік білім,ақпарат,экономика кеңістігіне шығуға,яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың қолынан келеді.

Тәуелсіздік алған осы жылдар ішінде егемен еліміздің,қоғамымыздың әлеуметтік-саяси және басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі-білім беру саласы.Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең жауапты,маңызды іс болып қала береді. Сондықтан мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтар мен түрлі өзгерістер еліміздің білім беру саласына да өз әсерін тигізуде.

Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуындағы қалыптасып отырған жаңа жағдайлар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттігі туындап отыр. Осыған мемлекетімізде білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуде. Соның бір дәлелі – “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы” жариялануы болса, Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында да білім беруге үлкен мән беріліп отыр.

Қай қоғамда болмасын шешуші фактор-адам және жеке тұлға болып қала бермек. Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарымызды, байлығымызды түгендеу, игеру, жас ұрпақ бойына игі қасиеттерді сіңіру-бүгінгі ұстаздардың басты борышы.

Ел болашағы- білімді ұрпақта.

Сондықтан ұстаздарға жаңаша жұмыс істеуге, шығармашылық еңбегімен оқыту әдістерін жаңа арнаға бұруына, педагогикалық еңбегін қайта құруына тура келеді. Бұл бағытта жұмыстар атқарылып та жатыр. Көштен қалмаймыз деп жаңаның бәрін қабылдай беру дұрыс па, бұған дейін қол жеткізген табыстарымызбен іс-тәжірибемізді әрі қарай қалай ұштастырамыз деген ойлар да мазалауы мүмкін. Өткен күндердегі іс-тәжірибеге көз жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды. Себебі ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде. А.Байтұрсыновтың: « … Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке оқуға ұмтылу керек. Ол үшін ең алдымен, әдебиет тілін өркендету керек. Өз алдына ел болуға, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз. Бұл мәселеде біздің халқымыз оңды емес.

Жаңа ғасырға аяқ басқанда ана тіліміз бен төл әдебиетімізді одан әрі дамыту- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қасиетті парызы болып қала береді. Бұндай қадірлі іс бағымызға бұйырған екен, оныабыроймен атқару –біздің ең басты борышымыз. Өйткені, тіл – халықтың асыл мұрасы, сарқылмас байлығы десек, әдебиет көркем шежіресі, тарихы. Сондықтан тіл мен әдебиетті оқытудың мектептердегі алатын орны ерекше.

Біріншіден, ана сүтімен дарыған ана тілін біліп алмайынша, өз ұлтының асыл қасиеттерін, ұлттық болмыс – бітімін бойыңа сіңіру мүмкін емес.Өзіміз айтудан жалықпайтын отансүйгіштік, елжандылық, адамгершілік, имандылық қасиеттерінің жас бойынан табылуының өз ана тіліміз бен, әдебиетіміз бен даритыны ақиқат.Әсіріесе, оқушылардың сезімін оятып, қызығушылығын арттыратын пән әдебиет.Себебі оқулықта берілген әдеби шығармалар мен тақырыптардан оқушылар халқының арманы мен қиялын, өткенні мен бүгінгі өмірін біледі .Сүйікті кейіпкерлерінің арасындағы достығы мен сүйіспеншілі-гінен, патриоттағы мен еңбекқорлығынан , адалдығы мен адамгершілік қасиеттерінен үлгі алады, жақсысына жаны сүйсініп, жаманына жиренеді.Сол тұрғыдан алғанда, әдебиет – білім берудің, түрлі тәрбие дағдыларын қалыптастырудың пәрменді құралы, тіл – оның тірегі.

Екіншіден, ұлт болашағымен ұштасып та, астасып та, бірігіп те, кірігіп те жататын ұлы мұраттардың бірі – ұлттық мүдде мен ұлтжандылық екенін естен шығармауымыз керек.Сондықтан бүгінгі салт – санамыз өзгерген заманымыз түрленген кезеңде, қатпарлы нарықтың қалтарысындағы қалған құндылықтарымыздың кейбірінің кемшін түсе бастауы қазіргі ұстаздар қауымын алаңдатып отыр.Әркімнің өмір – тіршілігіне ықпал етпей қоймайтын түрлі әлуметтік жағдайлар.Оның көлеңке жақтары, теледидардан көрсетіліп жатқан ұлтымызға жат хабарлар т.б. ақпарат ағымдары санамызға сыналып еніп, небір біз күтпеген кешегі тал бесіктен тарайтын тәрбиемізге де өз әсерін тигізуде.

Аталы сөзді тыңдаған, аталы сөзге тоқтаған қазағымыздың аналары бесік жырын айтпайды, әжелеріміз шежіре еді, қазір ертегі де айтып бермейді.Қазақ телидидарында әлі де болса қазақша қойылымдар мен хабарлар сирек.Балаларды қызықытыратын қазақша газет – журналдардың таралымы аз.Болса да оқырманына жетпей қалады.Көбіне басқа тілді дүниелер асып төгіліп жатады.Арзанқол дүние қуған сырта жылтырауық іші қалтырауық қызығатын сөзжұмбақ шешетін, боз сөзді көсейтін, ойлы әдебиет қолына ұстамайтынұрпақ өсіп келетіні жасырын емес. Сондықтан ана тіліміз бен әдебиетті оқыту ұлт болашағына деген жауапты іс болып табалады.Өзінің рухани құндылықтарын сақтап, оны өркениетпен ұштастырып отырған мемлекеттердің үлкен жетістікпен игіліктерге қол жеткізіп отырғанын көзіміз көріп отыр.Сол себепті басқаның бағына бұйыра бермеген бай ауыз әдебиеті бар халқымыздың баға жетпес мұрасына бойлау да үйренуде, үйретуде,оқуда, оқытуда қажет.Жас ұрпақ атадан қалған асыл сөзді, Төле, Қазбек, Әйтеке сөйлеген шешен тілді, Абай, Мұхтар, Мұқағали түрленген тілді танып өссе, маржан сөзді Мағжанды, Сұңқар жырды Сәкенді, поэзия дүлдүлі Ілиясты біліп өссе, рухани сабақтастықтың тамыры тереңдей, ұлт мерейі арта түсері хақ.

Ана тілін ардақтап, төл әдебиетін дәріптеп шәкірт санасына сәуле төгіп, жаухар жырларды жүрегіне жеткізіп, мұхиттай мол мұрамызды оқытуды тәжрибесі мол ұстаздарымыз А. Ташекенов, С.Сыдыхов, А.Бердімұратова, О. Шолахова, О. Сағындықова, З.Қожырақова, Г.Хайруллина, Б.Даулетова, А.Әжікенованы мақтанышпен атауға болады. Бұл мұғалімдер уақытпен бірге аяқ басып, жаңаша педагогикалық технологиялар-дың, тың оқыту үрдістерін қолданып, нәтижелі еңбек етуде.

Иә, бүгінгі күн мұғалімнің көп ізденіп , тынымсыз еңбектенуін, сабақ берудің амал – тәсілдерін жетілдіріп отыруды қажет етеді. Өйткені, білім мазмұны, оқыту үрдісі өзгерісті талап етуде.Ал ұстаздар алдында шешімін таппай жатқан проблемаларда баршылық.Пәндерге байланысты көрнекі құралдарды жаңарту, көбейту, толықтыру, дидактикалық материалдардың, әдістемелік көмекші құралдардың аздығы оқулықтар мазмұны мен сапасы алаңдатады. Сонымен қатар білім сапасын арттыруда жаңа технологиямен тұрақты жүйелі, нәтижелі жұмыс істеу үшін мұғалім сабағына жан – жақты дайындалуы керек.Ол үшін мұғалімге еркіндік, шығармашылық ізденіс, көп еңбекке қажет, ал ол үшін жағдай керек.

Біріншіден, мұғалімдер қауымына ортақ көкейтесті мәселелерге тұрғын үй, сағат жүктемесін азайту жалақыны біртіндеп көтеру, мұғалімді еңбек етуге құрал – жабдықтармен қамтамасыз еңбек етуге, сыныптағы балалар санын азайту, бағдарлы, кәсіптік, тереңдетілген сыныптарды топқа бөлу (әсіресе ана тілінен) жатады.Егер бұл мәселелер тезірек шешімін тапса – көр нәрседен ұтатынымыз, шешілмесе, ұтылытынымыз сөзсіз.

Алдымен қазіргі кезде жастар мектептерде тұрақтамайды, не басқа жұмысқа ауысып кетеді.Мектепте жұмыс істеп жүргендердің өзі толқу үстінде.Себебі олар үнемі жұмыс басты болып, аз жалақыға жүргісі келмейді.Өйткені әрбір адамның жеке өмірі бар.Сондықтан еңбек жолын енді бастайын деп отырған осы бір қиындығы мен қызығы мол ұстаздық жолдағы болмай қоймайтын қиындықтарға төзе білуге үйретіп, олардың еңбек етуіне жағдай жасап, өз ісіне бейімделуіне барынша қолдау көрсетіп, дұрыс бағыт беріп тәрбиелеуіміз қажет.Әсіресе,бұл – тәжрибесі мол аға буын ұстаздардың міндеті.Яғни, рухани сабақтастық болса нұр үстіне нұр болар еді.Ең бастысы – мұғалімге кәсіптік шеберлігін ұдайы дамытып, өз білімін көтеріп отыру, шығармашылықта, ғылыми – әдістемелік ізденістер қажет.Ал осыған ұстаздарымыздың уақыты бола бермейді.Болса да аз.Осының бәрі мұғалімнің моральдық – психологиялық ахуалына әсер етіп жүргенін неге ойланбаймыз. Мұғалімге айтылар сын мен мін көп.Ал оған қамқор болатын іс аз. Мұғалімдердің жалақысын ғана көтермей, әлуметтік жағынан қорғау керек.Міне, сонда ғана мұғалім мәртебесі өсіп, шабыттанып жұмыс істейтін болады.

Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлуметтік парызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа сирек, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі үрдістердің барысын идеялық – адамгершілік тұрғысынан шеше алатын, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлілігі мен қабілетін өздігінен еркінен дамуын ұйымдастыра алатын, және ата – аналармен педагогикалық ынтымақтастықты орнатуға бейімі бар әр шығармашылықпен еңбек ете алатын маман болуға тиіс.Ол шәкірт жүрегіне жол табарлық пәнін қызықтырарлық жол іздейді, өз білімін жетілдіреді, жаңа технология пайдаланады.Өйткені шәкірттен терең білімділікті, ұстамдылықты, еңбекқорлықты , мәдениеттілікті талап ету үшін мұғалімнің өзі сол қасиеттердің үлгісі боларлық дәрежеде болуы тиіс.Сөйтіп, өмір талабының артта қалмаған, үнемі шығармашылық іздену үстіндегі ұстаз ғана шәкірттердің сеніміне ие болып, сый – құрметіне бөленбек.

«Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», — деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций. Сонымен мұғалім өткен тәжрибесін жаңа мен ұштастыра алатын кәсіби қызығушылығы жоғары танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек.
Ең бастысы ұстаз адами қасиеті мол, басқаға қайырын тигізуден шаршамайтын, шалдықпайтын өмірінің әр шақтарын қиып, ұрпағының ертеңіне жол ашатын, шуағы мол шапағат иесі.Ұлағатты шайыры, адам жанының адал бағбаны болған жөн.Ұстаз бойындағы білім мен мінез үйлесімділік тауып, шәкіртке деген ұлы махаббатпен тоғысып жатса, әрбір шәкіртіне жеке тұлға деп қарап, адал жүрегін ұсынса , өз ісін жан тәнімен сүйіп істесе, нағыз ұстаз болмақ.

Жаңа ғасыр мұғалімнің бойында мынандай қасиеттер болуы керек: сергектік, байқағыштық, сезімталдық, сенім, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, сабыр сақтау,ілтипаттылық.

Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда мектептегі жеткіншектердің білім берудің сапасы мен деңгейін жан – жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ.

Жаңа ғасыр мұғалімдері талапқа сай болып, сапалы әрі сан алуан салиқалы тәрбиелік – білімділік қызметтерді ойдағыдай атқара білгенде ғана ұстаздық мақсатына жетеді.

Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу – ұлы міндет.Бала тәрбиесіндегі ата – анадан кейінгі жауапты адам мұғалім.Қоғамға пайдалы жеке тұлғаларды әкелу ұстазға, мұғалімге байланысты.Оқушының мектеп қабырғасынан әрі білім, әрі тәрбие алып шығуы да мұғалімнің еңбегі, қайраткерлік қызметі.

Ұлағатты ұстаз – ең алдымен шәкіртіне өмірді, білімді үйретуші. Өйткені, ол шәкіртіне үйрететін нәрсесін өзі жан – жақты терең біледі және қалай үйретудің тәсілдері мен әдістерін жақсы меңгереді де, шәкіртін білімге қызықтыра, ынталандыра түсіндіріп, оның сезімін, әсемдік, сұлулықты түйсіндіретін эстет.

Ұстаз шәкіртіне ана да, әке де болады. Шәкірттерін туған ата – анасындай баурап, оның жанын терең түсінетін балажан, кішірейіл, қайырымды, инабатты, жанын сала жақсылық жасайтын гумманист болуы тиіс.

Ұстаз бен шәкірт арасында шынайы достық қарым – қатынас орнаса бала сенімі нығайып, үй – ішінен жасырған сырын айта алатын сырлас досқа айналады. Мұғалімде оның жан сарайының кілтін тауып сезім құбылыстарын дөп басатын психолог бола алуы керек.

Ұстаз өте әдепті, әділ, шыншыл шәкірттерін алаламай тең ұстайтын, өзінің терең білім – білігі жоғары мәдениеттілігі мен ақыл – парасаттылығымен үлгі болғаны жөн.

Ақпараттар ағыны ағылған, түрлі хабарлар тасқыны тасыған жаңа ғасырда мұғалімде, озық техникалық , электрондық құралдарды, компьютерді жетік білетін өз пәнін өмірімен байланыстыра алатын, ақпаратшыл және ұлтының кемеліне келіп толысуына , рухани өсуіне, әдеби – мәдени дамуына басты ықпал жасаушы, ұлтжанды патриот болу керек.

Енді осыған сәйкес ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптарға тоқтала кетейік: Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет.Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды.Өз ісін жетік біліп табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады.Ондай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар – ожданын үнемі қорғай алады.

Екіншіден, педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек.Дүние жүзінде ғаламадану үрдісі жүріп жатқандықтан, ақпараттық ағыны көбейді.Мұғалім қай пәннен сабақ бермесін, ол баланы өмірдің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.

Әр мұғалімнің педогогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс. Психологиялық басты заңдылық «Адам өзінің шығармашылық өзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым – қатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады» дейді.Көп білу үшін көп оқу, тоқу керек «Интернет» жүйесін меңгеру қажеттігі туындайды.

Үшіншіден, міндетті орта білім беру, стандартты оқулықтарды пайдалану, ақпараттардың көбеюі, т.т Мұғалімнің білім берудегі жетекші ролін жойды. Енді білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр.Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жан – жақты даму үшін осы салада мұғалім ғана көмектесе алады.

Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейімділік сараптамалық қабілеттер мен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп – салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт.Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жету мүмкін.

 

№45 «МҰҒАЛІМ-ОҚУШЫ КӨЗІМЕН»ДЕГЕН ОЙДЫ ДӘЛЕЛДЕРМЕН ЖАМЫТЫП КӨРІҢІЗ

Ұстаз — ұлы есім. Сан ұрпақты тәрбиелеген баға жетпес тұлға. Қай заманда болсын бұл мамандыққа сұраныс жоғары болған. Өйткені, елдің өркениетті, ұлдары мен қыздарының білімді болуы бірінші кезекте осы тұлғаға байланысты екені тарихпен дәлелдеген шындық. Дегенмен, уақыт өткен ұстаздарға деген көзқарас өзгерген сыңайлы. Не себепті? Ата-анамыздың әңгімесіне сүйенсек, олар бұрын ұстаздарды көкке көтеріп, ерекше сыйлай білген. Бұл қазір оларды сыйламаймыз деген сөз емес. «Алдын кесіп өтпей, мұғалімнің көзіне түспеуге тырысамыз» деген сөздерінен осы сала мамандарына деген үлкен құрметті байқаймыз. Ал қазір ше? Мектепке келген жас маманға кейбір жоғары сынып оқушылары тарапынан тыңдамаушылық байқалады. Жасы үлкен қарт ұстаздарды сыйлауды да ұмытып бара жатқан сияқтымыз. Әкеміз бен анамызды оқытқан мұғалімнің сабағы маңызды еместей. Өкінішке орай, айтылған сөздерді тыңдамау, қалыпты әдетке айналып бара жатқандай. Өз құқықтарын жақсы білетін оқушылар, өз міндеттерін жете біле бермейді.

Қазіргі таңда, мұғалім мамандығын екінің бірі ала алады. Педагогика саласына жыл сайын айтарлықтай мемлекеттік гранттың бөлінетіні де баршамызға жақсы белгілі. Болашақ ұстаздардың бірқатары осы мамандықты жүрегімен қаласа, біреулері ата-анасының кеңесімен таңдайды. Мамандық таңдауға толық ойланбастан шешім қабылдаған олардың соңғылары алдағы кезеңде қалайша мұғалім болмақшы? Тұрғындар арасында бұрын да, бүгін де «мұғалім болса, далада қалмайды» деген стреотип бар. Иә, аталған мамандық иесіне кез келген мектептен жұмыс табылар. Бірақ аса ниетсіз оқыған оқудан, санасына тоқымаған білімнен ол ертең қалайша сабақ береді?

Сөз соңында білім мен ілімге үйрететін ұстаздарымызды сыйлай білейік! Ал ұстаздардың абыройы мен беделіне білімі де сай болса екен дегім келеді.

 

№46 «КӨШБАСШЫ МҰҒАЛІМДЕ БОЛУЫ КЕРЕК ҚАСИЕТТЕР ҚАНДАЙ?»ӨЗ КӨЗҚАРАСЫҢЫЗДЫ ДӘЛЕЛДЕҢІЗ

ҚР президенті Қасым-Жомарт Токаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» айтылды: «Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет. Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс» [1].
Оқу бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді.
Жеке тұлға тек өз іс-әрекеті арқылы дамитыны бәрімізге белгілі. «Іс-әрекет тек қана менікі, менің жүрегімде тууы тиіс»   деп кезінде К.Д.Ушинский түсінікті де, әсерлі анықтама берген. Әр адамның өзінің жан дүниесі, өз мақсаттары, ұмтылыстары, өзінің өмірлік ұстанымдары болады.
Л.Н.Толстой «Өзін жетілдіруге деген ұмтылысын басқа еш нәрсе адамның өз игілігі мен басқа адамдардың игілігіне септігін тигізе алмайды» деп бекер айтпаған
Көшбасшылық
Басқаларды бағыттау және жетелеу
Басқаларды мақсатқа жетелеу және ықпал ету үшін жеке тұлғалық және проблеманы шешу дағдыларын қолдану
Ортақ мақсатты іске асыру үшін басқалардың артықшылықтарын барынша пайдалану
Өзі үлгі болу және жанқиярлығы арқылы басқаларды биік жетістікке жетуге жігерлендіру
Ықпал мен күш-жігерді пайдалануда адалдық пен әдепті мінез-құлық таныту [2].
Әрбір халықтың білім алуға күштарлығы білім беру қызметі, қосымша білім беру, саралап оқыту, т.б. арқылы іске асырылады. Біліммен қамтамасыз ету мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа, бағдарламаға сай іске асырылады және сол мемлекеттің құзырына кіреді [3].
Жалпыға міндетті білім беру стандарты оқу мекемелерінің түріне байланысты құрастырылады. Білім беру жүйесінің нормативтік құжаттарының негізін оқу жоспары, яғни оқу пәндері мен ретін, мерзімін, бақылау түрін белгілейтін құжат, оқу бағдарламалары – білім берудің бағыты бойынша оның мазмұнын анықтайтын құжат, оқулықтар құрайды.
Жаңартылған оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.
Егер болашақ педагогтың құзыреттілігінің қалыптасуын орта кәсіби білім беру жүйесінің аумағында қарастырсақ, онда білім, білік, дағды, мүмкіншілігі, яғни бір сөзбен педагогикалық қызметке маманның қаншалықты дайын екендігі туралы айтуға болады [4].
Педагогикалық білім берудің қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселесі – бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай кәсіби мамандар дайындау.
60-шы жылдардың аяғынан – 70-ші жылдардың басынан бастап “өзін табу”, “өзін-өзі жүзеге асыру” қажеттілігі, яғни риза болу тәсілін табу туралы айта бастады.  Бақытқа қол жеткізуді өмірдің мағынасына айналдырды, өйткені өзін-өзі жетілдіру өзіне-өзі қанағаттанушылыққа қол жеткізуді білдіреді. Бірақ өзін-өзі жетілдіру – бұл басқа нәрсе. Өзін-өзі жетілдіру жоғары міндетке ие: бұл сіз не үшін құрылдыңыз, сол  мақсатқа жету үшін сіздің әлеуетіңізді дамыту процесі. Адамның өмірдегі өз орнын өзі белгілеу мәдениеті оны жеке өмірінің және жеке бақытының жауапты субъектісі ретінде сипаттайды. Өзінің тұлға ретінде қалыптасуы, оның жеке белсенділігінсіз мүмкін еместігін түсіне бастайды.
Адамның өзін-өзі жетілдіріп, өзімен жұмыс істеуінде кітаптардың маңыздылығы зор. Өйткені, кітаптар бізді жақсы адам болуға ынталандырады, қызықты адамдармен таныстырады.
Мен сізге күніне бір сағат талап ететін іс-шаралар жоспарын жасауды ұсынамын
( аптадағы 5 күнге).
Эрл Найтингейл тәжірибесіне сүйене отырып, ол айтқан «Егер адам бір затты зерттеуге күніне бір сағат жұмсаса, 5 жыл ішінде ол осы саладағы нағыз маман бола алады». Егер сіз тәртіпті адам болсаңыз, күнделікті тәжірибеге жеке өсуді енгізу арқылы сіз көпке қол жеткізе аласыз.
Тұлғалық өсудің келесі жоспары:
Дүйсенбі. Бір сағатты рухани өмірдің дамуына арнаңыз.
Сейсенбі. Көшбасшылық тақырыбына арналған кассетаны тыңдауға 1 сағат арнаңыз.
Сәрсенбі. Кеше тыңдалған кассета бойынша дәйексөздер таңдауға және ойларға сағат арнаңыз.
Бейсенбі. Бір сағатты көшбасшылық тақырыбына кітап оқуға арнаңыз.
Жұма. Кітап оқуға жарты сағат және дәйексөздерді жазу мен ойларға жарты сағат арнаңыз.
Адамның материалдық және рухани әрекетінің барлық түрі еңбекпен өңдіріледі. Жаңа ақпараттар әсеріне, жинақталған тәжірибесіне, қоршаған адамдардың пікірлеріне байланысты өзгеріп отыратын бейімделгіш өзін-өзі бағалау түрі адамның дамуы мен тиімді еңбек етуі үшін ең қолайлы жағдай болады.  Мұндай өзгертудің бастапқы формасы  еңбек болып саналады. Әрекет – қоршаған шындықты адамдардың өзгеріске келтіруі. Оның басты ерекшелігі – қоршаған әлемді шығармашылықпен түрлендіруі.   Алайда Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның әлемдік қауымдастыққа кіруі, осы жағдайға жастардың бейімделуі ғалымдарды, мұғалімдерді «БІД» парадигмасын қайта қарауды міндеттейді. Бұл парадигманың орнына білім берудің мазмұны (және сәйкес оқыту технологиясы) мектеп түлегінің тұлғалық дамуы әлеуметке тезірек бейімделуге мүмкіндік беретіндей (бизнес әлемінде орнын таба алатындай, бәсекеге қабілетті, Қазақстан Республикасының азаматы мен патриоты, жетекші адамгершілік этикалық және эстетикалық құндылықтары бар, салауатты өмір салтын ұстанатын, т.б.), яғни жалпы орта білім беретін мектептің білім беру нәтижесі ықпалдастырылған тұлға ретінде анықтайтын жаңа парадигмасы қалыптасуда.
Жаңа парадигма енгізілген кезде кемшілік болып жататыны түсінікті, осы жағдайда мұғалімнің «жаңа тынысы» ашылып, ол өз тәжірибесіне сүйеніп, бар күшімен қайтадан жұмысқа кірісуге тиіс.
Педагогикалық жаңа парадигмаға сәйкес білім беруді жаңарту барлық білім беру деңгейлерінде бірыңғай әдіснамалық тұғырдың болуын талап етеді, оның басты принциптері еліміздің инновациялық даму бағыттарына негізделген ілім саласынан айқын көрінеді.
Еліміздің қазіргі кезіндегі инновациялық даму стратегиясы мен адам ресурстарын қалыптастырудың стратегиялық бағыттарын анықтау, өзіндік білім алу мен өзін-өзі дамытуға, өзгермелі жағдайларда өмірден тиімді жол табатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру саясатын көздейтін тенденциялар білім берудің нәтижелілігін талап етеді.
Білім беру мақсаты жаңа білім нәтижелерін – жаңа өзгерістер жағдайына инновациялық және жобалаушылық ойлау қабілеттері қалыптасқан, өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын, әлеуметтік және кәсіби құзыреттілігі негізінде тиімді шешімдер қабылдай алатын адамның жаңа сапаларын қалыптастыру.
Қазақстандағы біліктілікті арттыру жүйесіндегі ағымдағы саясатты алып қарастыратын болсақ, онда бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламалары іске асырылып жатыр.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға үнемі қажеттілік болады, бұл білім қорын толықтырып, мұғалімдерді заманауи әдістермен және теориялармен таныстырады.
Шығармашылық тәжірибе мен жаңа идеяларға толы ортада қалыптасып дамиды (NACCE, 1999). Жаңа идеялар мен басқаша ойлайтын адамдар көп болған сайын, жұмысты ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін ойлап табуға жетелейтін мүмкіндіктер де соғұрлым көп болмақ.  Кәсіптік мәні бар әрекеттер мен білімдер үнемі жаттығу нәтижесінде дағдыға айналады.
Біліктілікті арттыру курсының мақсаты мұғалімдерді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның орта білім беру мазмұнын жаңарту оқу
бағдарламасымен (бұдан әрі – Оқу бағдарламасы) таныстыру болып табылады. Бұл бағдарламадағы міндеттерді шешу мақсатында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Батыс Қазақстан облысы Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» да педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың мазмұнын әлемдік және отандық тәжірибе негізінде жаңарту жұмыстарын жүзеге асырып, уақыт талабына сай педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырып жетілдіруде.
Оқу барысында білім алушылар Бағдарламаның барлық бөлімдерімен танысып, оқу қағидаттары және табысты мұғалімге қажетті әдіс-тәсілдер мен дағдылар жан-жақты зерделенеді.
Оқытудың конструктивистік теориясы мұғалімнің алдына нақты міндеттер қояды: оқушы тұлғасына бағыттаушы, әсер етуші және сезімтал болу. Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың оқуды алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуын көздейтін тұжырымдамаға негізделген. Біліктілікті арттыру курсы барысындағы кері байланыс ұсынып, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беретін топтық жұмыс пен бірлескен тәсіл мұғалімдерге кәсіби құзыреттіліктің және/ немесе жетілдірудің кез келген саласын түсінуге көмектеседі.
Мұғалім көшбасшылығын дамытудағы көзге көрінерлік тәсілдердің бірі кәсіби даму (Муйжс пен Харрис, 2004; Столл және басқалары, 2006; Подгорский мен Фишер, 2007). Көшбасшы мұғалімдерді зерттегенде олардың жұмысы туралы мынадай түсініктер пайда болады:
Көшбасшы мұғалімдер өз тәжірибесін ішінен зерттей отырып, сол арқылы оқу, оқыту және өмір бойы білім алуды модельдеу туралы өз ойларын білдіреді.
Көшбасшы мұғалімдер оқушылар, оқыту мен оқу туралы өз түсініктерін «қоғамға тарата» отырып, басқа мұғалімдер мен мектеп мәдениетіне әсерін тигізеді.
Көшбасшы мұғалімдер оқыту тәжірибесімен байланыс орнату және оны жалғастыру жолдарын табады және ойлап шығарады.
Көшбасшы мұғалімдер серіктестікті жетілдіретін және тәуекелге барып, эксперимент жасауға қолдау көрсететін практик мамандар қоғамдастығы аясында көшбасшылық етуге үйренеді.
Көшбасшы мұғалімдер еңбек жолын жаңа бастаған және ардагер мұғалімдермен жұмыс істегенде практик мамандар қоғамдастығын құрып, кәсіби дамуға қолайлы жайлы орта қалыптастырады.
Көшбасшы мұғалімдер мәнмәтін мен мәдениетке сезімтал келеді, олар түрлі жағдайлар мен адамдар түрлі әдіс-тәсілдерді талап ететінін біледі. Оқытуда дәл солай, барлығын бір жолмен оқыта берген жарамайды.
Мұғалімдер көшбасшылық еткенде олар бүкіл мектеп қауымына және мұғалімдер мен оқушыларға бірдей әсер ететін оқуға арналған орта қалыптастыруға көмектеседі.
Бұл көшбасшы мұғалім болу оңай немесе мұғалім көшбасшылығы оқыту мәдениетіне толықтай біріктірілген деген сөз емес. Бұл ретте біз мұғалім ұғымының мағынасын өзгертуге ұмтылатын мамандарды күтіп тұрған қиындықтарды ескерусіз қалдыра алмаймыз. Өзгеріс болған жерде келіспеушілік, теңсіздік, жаңылыстық орын алады. Түбегейлі өзгерістер орын алып, есептілік пен стандарттау үстемдік алып жатқан қазіргі заманда кәсіби қоғамдастықтарды дамытып, мұғалім көшбасшылығын жаңғыртуды көздейтін өзгеріске қол жеткізу және оны ұстап тұру оңай болмас. Осының бәріне қарамастан, мұғалім көшбасшылығына жүргізген зерттеуіміз бізге үміт отын жақты. Олар болашақта демократиялық, тиімділігі жоғары мектептер болады деп ойлауға көмектеседі. Біз білген көшбасшы мұғалімдер ұзақ мерзімге міндет алған. Олар оқушыларын немесе бір-бірін тастап кетпейді. Олар өздерінің және әріптестерінің тәжірибесін тереңдетуге жауапкершілігін жалғастыруды жоспарлаған. Олардың мұғалімдер өз оқушылары мен өздері үшін жаңа мүмкіндіктерді ойлап шығаруға жетекші болатын сәулетті кәсіби орта орнату туралы шешімі мығым.
Адамгершілік мақсаттармен қозғалатын мұғалімдер өз әріптестеріне және қоршаған ортаға әсер ету үшін көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді.
Көшбасшылық, оқыту сияқты, тұрақты дамуға итермелейтін адамның негізгі қабілеті болып табылады. Бірақ, тәжірибе көрсетіп отырғандай, жетекші рөлсіз немесе айқын жоғары жағдайсыз мұғалім қоршаған ортаға әсер ету және өзгерістерге бастамашылық жасау үшін, сондай-ақ – тактикалық дағдыларды жетілдіру және стратегиялық ойлауды дамыту үшін кәсіби және адамгершілік сенімдерді пайдалана алады [4].
Бір күнде көшбасшы болуға болмайды – бұл күнделікті күш-жігерді талап ететін ұзақ процесс. Көшбасшылық қасиеттерді дамыту көшбасшылық заңдарды меңгерумен және олардың қалай жұмыс істейтінін түсінумен қамтамасыз етіледі. Бірақ теоретик болу және адамдарға шын мәнінде әсер ету – бұл екі түрлі нәрсе. Көшбасшылар өз сипатының ерекшеліктерінің арқасында тиімділікке қол жеткізеді.
Тек көшбасшылар сияқты емес, сонымен қатар жеке тұлға ретінде мінезді нығайту және жан-жақты дамыту – бұл біздің дамуымыздың негізгі шарты.
1.Мінез – бұл жай сөзден артық. Кез келген адам тұтас сипатқа және терең тәртіпке ие деп айта алады, бірақ шынайы индикаторы тек әрекет болып табылады. Бұл, өз кезегінде, қоршаған әлемді қалай қабылдайтыныңызды анықтайды. Адамдардың қоршаған дүниеге  қарым-қатынас нормасы негізінде өз-өзіне көзқарасы қалыптасады. Адам мінезі қарым-қатынас жасау барысында көрініс береді.
Білім беру мазмұнының компонентетері – білім, білік, дағды бірімен-бірі тығыз шартты байланысты. Білімсіз іскерлік те, дағды да қалыптаспайды, яғни олар бір-бірімен кері байланыста қарастырылады.
Шығармашылық іс-әрекет те білім мен іскерліктің тәжірибесінен, ал қарым-қатынас білімділік іс-әрекет тәжірибесінен көрінеді. Әлеуметтік тәжірибеде оқу мазмұнын игеру барысында адам қоғамда өздігінен істей алатын және оны өзгерте де алатын дәрежеде болуы шарт. Сондықтан да оқу орнында алған білімін жиынтығын өмірде қолдана алулары қажет. Жалпы білім мазмұны, бір жағынан, оқу-танымдық іс-әрекет жағдайының, екінші жағынан, іс-әрекетті игерудің құралы болып табылады. Білім беру мазмұнын қалаптастырудың негізгі көзі мәдениет пен  әлеуметтік тәжірибе болып саналады.
Адам іс-әрекетінің түрлері қоғамдық сана формалары, қоғамдық қатынас тәжірибелері, рухани құндылығы, материалдық жағдайы, оқу барысындағы танымдық, коммуникативтік, бағдарлы-құндылық, көркемдік іс-әрекетімен сипатталады [3].
Мінез адамдармен қарым-қатынаста табыс әкеледі.  Шынайы көшбасшылық әрқашан басқа адамдарға әсер етуді білдіреді.
Педагог қарым-қатынасқа әсер ете отырып, оқушыны ынталандыруы, оның болмысына мәдени әсер беруі керек. Мұның жолдары әр түрлі.
Үлгі есебінде педагог пен оқушы арасында болған мына диалогті алуға болады.
Педагог:- Өзінді қалай сезінесің?
Оқушы:- Мен орнымдамын.
Педагог:- Кешір, түсінбедім. Орнында шкаф, чемодан, қағаз болады…
Оқушы:- Мен өзімді жақсы сезінемін.Педагог:- Рахмет, – деп диалогті аяқтайды.
2.Талант – бұл сый, ал мінез – бұл сіздің өз таңдауыңыз. Өмірде біз билік етпейтін көптеген нәрселер бар. Біз таланттарымыздың тізімін толтыра алмаймыз немесе өз интеллектуалығымызды арттыра алмаймыз ( IQ). Бірақ біз мінезді шын мәнінде өзіміз таңдаймыз. Шын мәнінде, біз таңдау жасаған кезде оны жасаймыз – қиын жағдаймен күресу немесе одан жылжып кету, шындық алдында бүгу немесе оның ауырлығына төзу, жеңіл ақша табу немесе толық құнын төлеу. Өмір сүріп және күн сайын өз таңдауыңызды жасай отырып, сіз өз мінезіңізді жасайсыз. Көшбасшы болу үшін әркім өзінің дамуына, жұмыстағы құлшынысына көңіл бөлу керек. Өз бойындағы қабілетін байқаған сәттен бастап дамытуға талпыну керек.
«ХХІ ғасырдың мектебі мен мұғалімі ол қандай болу керек?» негізгі сұраққа жауапты Астана қаласындағы Евразия гуманитарлық институтының бір топ ғылымдары тапқан секілді. Мұғалімдерді даярлау барлық кезеңдерде мәнін жоймайтын мәселелер қатарына жатады, себебі қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттері өзгеріске ұшырап отырады, өскелең ұрпақты өмірге даярлауға талаптар күшейді, ал мұның бәрі педагог кадрлардың мамандар даярлау жүйесіндегі көзқарастарды байыта қарауға жетелейді.
Қазақ халқының белгілі ағартушы-педагогі, тұңғыш «Педагогика» оқулығын жазған Мағжан Жұмабаев мұғалім туралы: «Қазақтың қаны бар, жаны бар жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі», деп, қазақ мұғалімдерінің рөлін ерекше бағалады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, мұғалімге өз қызметінде 200-дей жұмыс түрін атқаруға тура келеді екен.
Табысты көшбасшының қасиеттері
«Мектептегі табысты көшбасшы үнемі ашық, басқадан үйренуге даяр; негізгі құндылықтар жүйесінің аясындағы ойларын бір-беткей деуден ғөрі, көнбіс деуге келеді; табанды (мәселен, жоғары талап үдесінен шығуға, қызметкерлерін уәждеуге ұмтылысында; іске берілгендігінде; барлығын оқытып, жоғары деңгейге қол жеткізуге ұмтылысында), жайдары, оптимист» (Лейтвуд, 2006).
«Табыс өз мектебінде көшбасшылық тәжірибесін тиісті дәрежеде қолдана алу қабілетіне байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, тиімді басшылар, әдетте, физикалық орта мен мінез-құлыққа басты көңіл бөледі, содан соң көшбасшылық міндетті бөлу мен деректерді пайдалану, тек соңында ғана жеке басы мен оқу бағдарламасын жақсартуға назар аударады» (Дэй және басқалар, 2009) .
Көшбасшылық
Көшбасшылықты мен қажетті нәтижеге қол жеткізу мақсатында басқалардың әрекетіне ықпал ету қабілеті деп танимын. Көшбасшылар – басқалардың мақсаты, уәжі мен әрекетін қалыптастыратын адамдар. Бекітілген және жаңа мақсатқа қол жеткізу үшін олар түрлі өзгерістерді енгізуге бастама жасайды. Көшбасшылық шығармашылық, қуат пен біліктілік дегенді білдіреді.
Табысты мектеп көрсеткіштері  алты түрлі көзқарасқа байланысты болуы Ұлыбритания тәжірибесінен  (оқушы, мұғалім, ата-аналар, басшылық, оқу-көмекші персонал, жоғары басшылық/ білім беру басқармалары (бөлімдері)).
Мұғалім
ұжымның барлық мүшелері арасында жақсы ақпараттық қарым-қатынас орнаған;
қызметкерлердің кәсіби дамуына және жұмыстан қол үзбей біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік берілген;
жұмыс істеуге жағдай жасалған (ғимарат, жөндеу жұмыстары, көрнекі құралдар);
оқушылар бақытты және уәждері мықты;
барлық оқушыларға өздерінің қабілеттеріне қарай жетістікке жетуге көмектеседі.
Даму жөніндегі жұмыс процесі басқаларды ынтымақтастыққа, рефлексия мен өзін-өзі бағалауға тартуға арналған тапсырмаларды қамтиды. Мұндай іс-шаралар жиі өткізіледі, мысалы: әріптестермен пікірталас жүргізу, желіде орналастырылған есептерін оқу, оқушылардың тәжірибесі туралы пікірлерін жинау, бақылау немесе жоспарлау мақсатында басқа сыныптарға әріптестерінің сабақтарына қатысу. Команда көшбасшысы жалпы мақсатпен біріктірілген  білімді және уәжделген (мотивированных) адамдардың әрекеттерін үйрететін және үйлестіретін көмекші болуы тиіс. Іс-әрекеттердің үйлесімділігіне және іскерлігін жетілдіруге баса назар аударылады. Әр адамның есінде өздерінің үлкен жетістіктерге жеткен кездері жақсы сақталып қалады.
Көшбасшылық – екінің бірінде бола бермейтін қасиет. Оны дамытпасаң ол өшеді. Кез келген мұғалім алдымен өз көшбасшылығын жетілдіріп, үнемі ізденісте болуы керек. Көшбасшысы бар жерде іс те нәтижесін береді.

 

47 ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІН ҚАЛАЙ КӨРСЕТУГЕ БОЛАДЫ?СІЗДІҢ КӨЗҚАРАСЫҢЫЗ!

Педагог мамандығының беделін көтеру.  Білім беру сапасы, бірінші кезекте, сапалы даярлығы бар оқушылармен айқындалады. Дамыған елу елдің қатарында болу-еліміздің даму стратегиясының басты саясаты. Ғылым мен техниканың дамыған заманы, экономикамыздың өсуі,  Білімді көтеру, яғни мұғалімнің мәртебесін көтеру дегенге келеді. Қала, ауыл барлық жерлерде мұғалім аты- мәртебелі зиялы адам  болып саналады. Шахтер, дәрігер, космонавт барлығы мұғалім алдында тік тұрады. Әр адамның жас кезінде еліктеп, ұқсағысы келетіні ол әрине мұғалім.Тіпті мұғалім болуды армандады. Қазір мұғалім сол мәртебесінен, ата- абыройынан айырылып қалды деуге болады. Айта кетсек дәлелі көп-ақ , мұғалімнің айтқанын жүре бара тыңдап, ескерткендерін пікірге салып, тіпті ол мұғалімдермен айтысып, одан қалды соттасып жататындар аз емес. Соңғы уақыттарда  әкімшіліктердің тегін жұмыстарына,  науқандық жұмыстардың барлығы мұғалімдердің белсенділігімен атқарылады. Мысалы: алаңдағы митингілер мен залдардағы жиналыстардың еріксіз тыңдарманы мен көрермендеріне айналуы, сайлау немесе тағы да саяси науқандардың насихаттаушысы сияқты қоғамдық жұмыстардың қандайы болсын мұғалімді іздеп табады. Мектеп ішіндегі қағаз бастылықтың көптігі, сабақ өткізу, тәрбие жұмыстарын жүргізуіне күші жете ме? Мұғалімнің сынаушылары өте көп. Білім басқармасы мен аудандық білім бөлімдерін, мектептің өз басшыларын айтпағанның өзінде ата-аналар мен оқушылардың өзі білімі мен тәрбиесіндегі кемшілікті мұғалімнен іздегісі келетіні жасырын емес. Баладан ештеңе жасыра алмайсың, әділ сыншы балалар дейді ғой. Бұрынғыша мұғалімге құдыреттей табынып, ұстазын ұлы әкесіндей сыйлап отыратын оқушылар болмаса да демократиялық көзқарас тұрғысынан қазіргі қоғамдағы мұғалімдердің мәртебесі жөніндегі қоғамдық пікірдің алғашқысын мектеп оқушыларынан білмекші болдық. Мектебіміздің 9-11 класс аралығында  45 оқушыдан сауалнама өткізген болатынмын. Мұғалім мамандығын бағалаймын деген сұраққа  43-і оң көзқарас білдірді. Мұғалім беделді мамандыққа айналуы керек. Еліміздегі әр мамандыққа жақсы жағдай жасалынуы керек.   Сырт көзге қарағанда мұғалімдерге қызығыпта па қызғанып қарайды. Өзге мемлекеттерде мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесі мен еңбекақылары жоғары. Ең жоғарғы сұранысқа ие. Жоғары мәртебеде отырып, оңай олжа тапқаннан гөрі, еліміздің болашағына білім беріп жүрген ұстаздарына көңіл бөлінсе  екен. Кейбір адамдар мұғалімдерді құрметтемейді? — неге десеңіз, бұл сұраққа жауапты айтуға қиналамын. Мектепте алдыңда отырған 30 баланың білімі мен қаупсіздігіне жауап бересің. Елде қызмет еткен жақсы, бірақ жақсы бағаланса. Мұғалім мамандығы қиын.  Біздің екінші анамыз деседе болады. Мұғалім мәртебесі мен үшін өте жоғары. Сауалнаманың келесі сұрағына оқушылардан алған жауаптарым. Мұғалім болу-мен үшін – 42-і ешқашан мұғалім болғылары келмейтінін атап өтті. Қоғамдағы мұғалімнің мәртебесі жайында — 44 оқушы айтуға қиналады. Мұғалімдердің  мәртебесін көтеретін, деген сауалнамаға — 43 оқушы, жан-жақты жағдайы жақсарса деп жауап берді.  Қосымша өз ойым деген пікірге ашық жазғысы келетіндерге  мүмкіндік берілген болатын.

Таңдалынған пәндерге байланысты үштілдік кадірларды дайындап және оны мектептерге енгізу, кадірларды даярлау  қамтамассыз етілді. Білім және ғылым министрлігінде  жыл сайын 73,3 мың  педагогтардың біліктілігін арттыруды жоспарлап отыр. Қайта даярлау мен біліктілігін арттыру ұйымдарында қашықтықтан оқытылу қамтамассыз етіледі. Жыл сайын мектепке дейінгі  және орта білім беру педагогтарының  осы оқуға деген тапсырысы артырылуда.  Оның ішінде мектепке дейінгі  және мектеп жасындағы инклюзивті білім алу, мүмкіндігі шеклеулі балалар. Педагогтардың мәртебесін көтеру үшін бірқатар шаралар үйымдастырылуда. Атқарған жұмыстарына байланысты жалақының көтерілуі. Бірінші және жоғарғы санатты алу үшін талаптар қайта қарастырылатын болады. Өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру  педагог портфолиясынан анғаруға болады. Мұғалім өз беделін көтеру мақсатында оң имеджін қалыптастыру. Жыл мұғалімі, БАҚ-пен ортақ жобалар, форумдар мен конкурстар, шебер кластар мен слеттер, семинар, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдерде өздерін жақсы қырынан көрсетсе, нұр үстіне нұр емес пе.               Оқушылардың жауаптарына қарағанда, әр оқушының мұғалімге деген көзқарастары  әр түрлі екенін байқаймыз. Қате көп емес.         Оқушылар педагог мәртебесі туралы  арнайы мәселе көтеріп жатқандығы туралы бейхабар. Мұғалім мәртебесі туралы сұрақты түсінгендігін білдіруге тырысқан. Бұл жауаптар мен пікірлердің шынайы екендігінен  сыр береді. «Педагог мамандығының мәртебесін қалай көтеруге болады?»-атты эссемді мен В.Маяковскийдің сөздерімен аяқтағым келеді: «Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек».

 

№48 СІЗДІҢ АЛДЫҢЫЗДА МЫНАУ ТҰР:БАРЛЫҚ ЕСКІ ТӘЖІРИБЕҢІЗДІ ЖОҒАЛТУ  НЕМЕСЕ ЖАҢА ТӘЖІРИБЕНІ АЛУ МҮМКІНДІГІНІҢ  БОЛМАУЫ.СІЗ ҚАЙСЫСЫН ТАҢДАЙСЫЗ,НЕГЕ?

Озат педагогикалық тәжірибе — педагогтың шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі бір принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа педагогтарға үлгі болып, озат тәжірибесі басқа балабақшаларға таратылады. Педагогикалық озат тәжірбиенің мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі педагог ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс–тәсілдерді тиімді етіп ұштастырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені балабақшаның тәжірибесіне енгізуге болады, бірақ жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап тарату керек.

Педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір педагог еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн. Педагогикалық тәжірибені зерттеудің жолдары: педагогтың өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; жаңашыл педагогтардың озат тәжірибесін тарату және оны оқу – тәрбие процесіне енгізу, оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге ат салысу.

Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда педагогтың өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі-әрі қиын, әрі күрделі мәселелердің бірі. Педагог оқыту мен тәрбие саласындағы орын алып отырған бір мәселені шешу үшін әдіс – тәсілдерді таңдап алып, олардың балаларға ықпалын ұйымдастырылған оқу қызметі және тәрбиелік іс – шаралар арқылы байқайды. Мұғалім өзінің немесе көршілес балабақшадағы тәжірибелі педагогтардың тәрбие жұмыстарымен танысып, оқу қызметтеріне қатысып, олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің әдістерімен салыстырып, тиісті қорытындылар жасап, зерттеу жұмысының құжаттарын, атап айтсақ, технологиялық карта, күнтізбелік-тақырыптық жоспар жинақтайды.

Педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе – оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.

Озат тәжірибені зерделеу және қорыту педагогика ғылымын дамытудың негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады, өйткені, бұл әдіс өзекті ғылыми мәселелерді табуға мүмкіндік береді, педагогикалық үдерістің заңдылықтарын оқып үйренуге негіз жасайды.

Озат педагогикалық тәжірбиенің екі түрі бар:

а) педагогтың ғылыми ұстанымдары біліктілікпен, ұтымды кешенді пайдалануы болып табылатын педагогикалық шеберлігі;

ә) педагогикалық жаңашылдық, яғни жаңа білім беру қызметін көрсетулері, оқытудың жаңа мазмұны, нысандары мен әдістері, тәсілдері мен құралдары, т.с.с өзінің шығармашылық табыстарымен байытылған тәжірибе.

Педагогикалық жұмыста зор табыстарға жетіп, өзін-өзі іс жүзінде көрсете білген шебер педагогтардың жұмыс жүйесін зерттеп, жинақтау – озат тәжірбиені кеңінен таратудың басты формасына жатады. Жоспар бойынша зерттеу жұмысы ең алдымен танысу және бақылау критерийлерінен өтеді.

Озат тәжірибенің критерийлері:

  1. Жаңашылдық – белгілі бір қалыптасқан әдістемені жоққа шығару емес, оны жетілдіру, толықтыру;
  2. Жоғары нәтижелілік;
  3. Тәжірибені басқа да педагогтар мен оқу орындарының пайдалану мүмкіндігі;
  4. Тәжірибенің оңтайлылығы; көкейтестілігі, оның ғылым үшін және педагогикалық тәжірибе үшін құндылығы;
  5. Бұқаралық тәжірибеде шығармашылықты қолдану мүмкіндігі.

Педагог озат педагогикалық идеяларды және жаңашыл педагогтардың тәжірбиесін игеру үшін оларды өзінің педагогикалық жүйесінің құрамдас бөлігі етеді, жетілдіріп дамытады. Оларға өзінің шығармашылық ойының элементін енгізеді. Озық идеяларды және педагогикалық тәжірбиені енгізу мен таратудың түсінікті формалары – ауызша және баспасөз арқылы насихатталады.

Ауызша насихат – бұл балабақшалардың педагогикалық кеңестерінде, аудандық әдістемелік кабинеттерінде, педагогтардың білімін жетілдіру институттарында өткізілетін арнайы маслихаттарды, семинарларды озық тәжірбие туралы лекциялар және баяндамалар жасалынып, оларды озық мұғалімдердің жұмыстарының мәні мен негізгі идеяларының мазмұны анықталады. Қатысушылар өзара пікір алмасып, оқу-тәрбие процесін жетілдірудің кейбір бағыттарын белгілейді.

Баспасөз насихаты – бұл педагогикалық теория мен практиканың саласында әр түрлі формаларда жүргізіледі. Оларға психологиялық-педагогикалық еңбектер, ғылыми-әдістемелік ұсынбалар, жинақтар т.б. жатады. Педагогикалық озық тәжірбиені таратуда, оны тұтас педагогикалық процеске енгізуде, әсіресе, «Педагогикалық оқулардың» маңызы өте зор. «Педагогикалық оқуларды» өткізу нәтижесінде ұжымдық түрде талқыланған және мақұлданған жақсы тәжірбие оқу мен тәрбие процесіне енгізу үшін жинақталады және таратылады. Практикаға жаңа бір нәрсені енгізу үшін оқу-тәрбие жұмысының озық әдістерін біліп қоймай, оларды практикада да тыңғылықты игеру қажет

Сонымен, педагогикалық озат тәжірибе жұмысын ұйымдастыру арқылы – ұстаз шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі және шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі анықталады. Педагогтың тәжірибесіндегі жаңалық арқылы басқа педагогтарға үлгі болып, озат тәжірибесі таратылады, ендеше ол жұмысты ұйымдастыру, жүргізу білім беру мекемесінің жаңашыл бағытының көрінісі.

 

№49 БІЗ ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕ АЛАМЫЗ

Қазіргі таңда өзгеруге талпынған жандар мен өзгертемін дейтін семинарлар көбейді. Әрине, жаңалыққа ұмтылудың еш сөкеттігі жоқ. Алайда көп нәрсенің тетігі тек қана өзімізде екенін түсінбейтініміз қиын.

Ұстаз тапсырмасын орындау нәтижесінде бүгінгі желілік бизнеске айналған кестені ойлап тапқан баланы идеясы о баста жақсылық жасау болатын. Былыққа толған қоғамды жамандықтан тазартқысы келген оқушының қарапайым сызбасы әуелі үш адамды, үш адам тағы да тоғыз адамды өзгерту әрі қарай жалғасады. Мектеп оқушысы нашақорға бар жиған-терген тиынын ұстатып, оны үйіне қондырып, жұмыс тауып береді. Жұмыс тапқанымен, ол үйренген әдетінен айнығысы келмей, қайта бұрынғы күйіне түседі. Алайда оның ойында кішкентай баланың «мен сені өзгерткім келеді, сен де біреуді өзгертуге тиіссің» деген сөзі қалып қояды. Таң атпай көше кезіп, қиналған жанына «дауа» таппай келе жатқан нашақорға көпірден секіргелі тұрған бойжеткен кездеседі. Нашақор шошып кетеді. Кенет миының бір қыртысында қалған кішкентай баланың сөзі есіне түсіп, жалма-жан қызды құтқарады. Еңіреп жылаған қыз «мені не үшін құтқардың» дегенде, «енді сен де мен сияқты қиналған бір жанға көмектес, маған бұл ойды кішкентай бала үйретті» дейді. Не керек, мектеп оқушысы ойлап тапқан жақсылық жасаудың желілік кестесі осылайша АҚШ-та көп қолдауға ие болыпты. 2000 жылы америкалық жазушы, қысқа әңгіме жазудың шебері Кэтрин Райан Хайдтың идеясымен түсірілген режиссер Мими Ледердің «Заплати другому» атты фильмі бүгінде әлемге танымал. Қазір аталмыш киноны көптеген тренерлер пайдаланып жүр.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы – қоғамдық сананы ұлттық кодты сақтай отырып өзгерту, жаңғырту. Ал сананы өзгерту бір күннің немесе бір жылдың аясына сыймайтыны тағы белгілі. Тіпті күнделікті дағдыңызға өзгеріс енгізу үшін өзіңізбен өзіңіз күресесіз. Адам шын ниеттенсе, мақсатына жетпей қоймайды. Сондықтан да «жақсылық көрсем өзімнен, жамандық көрсем өзімнен» деген мақал біз айтқан ойды айқындай түседі.

Жуырда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы «Мен әлемді өзгертемін» атты видеоролик жабық конкурсын өткізді. Аймақтағы барлық аудан, қала мектептерінен қатысқан оқушылардан 26 жұмысы сарапқа салынды. Байқаудың мақсаты – сананың ашықтығын қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, қоғам жайлы ойларына түрткі болу, идеяларын жүзеге асыруға ықпал ету.

Конкурсқа қатысушылардың шығармашылық туындыларын №2 «Мұрагер» мектебінің киностудия режиссері Жеңіс Сүйіндіков, педагог-психолог, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Сымбат Әбдірахманова, қалалық оқушылар сарайының әдіскері Ақтілек Темірбайұлы қарап, бағасын берді.

Қазіргі уақытта білім алу, білімді болу трендке айналды. Қарап отырсаңыз, шетелде оқу Қазақстандағы білім алудан әлдеқайда арзан. Сондықтан балаларды оқуға, білімге үйрете берген дұрыс. Оқушының олимпиадаға, конкурстарға қатысуына кедергі жасамай, оларға ой салып, бағыт сілтеп отырса, жақсы нәтижеге жетеді. Балаға жақсы атаулыны көрсетуден жалықпауымыз керек.

Әсіресе ақпараттық технологияны меңгеру – бүгінгі күні табыс көзі. Ал білімді табысқа айналдыру үлкен жетістікке жетелейді.

Әрине, әлемді өзгерту – өзекті тақырып. Сондықтан да оқушылардың белсенділік танытып, байқауға қатысқаны қатты қуантты. Алғаш рет ұйымдастырылған байқауға барлық қатысушыларға алғыс айтамыз.

Бір сөзбен айтқанда, жас ұрпаққа білім берумен қатар, олардың бәсекелік қабілетін, санасына озық тәжірибелерді сіңіре білуге үйретуден еш ұтылмасымыз анық, – деді марапаттау салтанатында сөз алған «Тәрбие және білім» бөлімнің басшысы Әлима Әбдіхалықова.

Конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын бағалған, №2 «Мұрагер» мектебі киностудиясының режиссері Жеңіс Сүйіндіковтің айтуынша, байқауға келіп түскен видеороликтер тақырыпқа сай және оқушылар тың идеяларымен қуантты. Бастысы – шынайы еңбек еткендер жеңіске жетті.Жақсылық жасау арқылы қоғамды өзгертуге болатынын білдірген қатысушылардың жұмысы бізді қуантты. Балалардың конкурсқа

қатысу белсенділігі өте жоғары. Осындай өзекті тақырыпқа конкурс ұйымдастырған облыстық «Рухани жаңғыру» орталығына ерекше алғысымды білдіремін. Балалардың біреуді қайталау, еліктеу дегенге түсіністікпен қарап, оларды қолдай білсек, келешекте керемет идеялар дүниеге келері сөзсіз.

Қазақстанда алғаш рет «Мұрагер» мектебі жанынан ашылған киностудияға қатысушы оқушылар болашақ мамандықтарына таңдау жасап та үлгерді. Сондай-ақ, оқушылар бос уақыттарын текке кетірмей, өздеріне қажетті ақпараттарды іздеп, өздері жаңалық жасаға ұмтылуда. Алдағы уақытта осындай мектеп студиялары көбейетіні сөзсіз. Осы орайда жастардың шығармашылық ізденістеріне дұрыс бағыт беру ғана жетіспейтінін айтқым келеді.

Конкурста 1-орын алған А.Байтұрсынов атындағы №211 мектептің оқушысы Бисембаев Нұрдәулет «Қазіргі қоғамда балаларға зорлық-зомбылық жасау көбейіп кетті. Егер балаларды ешкім қорламаса, ұрмаса, соқпаса, онда бүкіл әлем мейірімге толар еді. Біз видеороликте осы ойымызды жеткізгіміз келді. Мен балаларды зұлымдықтан қорғағым келді, — дейді.

Бізді байқауға қатысушылардың қоғамды өзгертуге талпынған ойлары қуантты. Зұлымдық пен зорлық – адамзат баласына жат нәрсе. Соған қарамастан ең ауыр зорлықты адамдар жасайтыны да ащы шындық. Әсіресе соңғы жылдары балалар арасындағы бұзақылық пен қылмыстық оқиғалар азаймай тұр. Нұрдәулет өзінің видеоролигінде балалар арасындағы қатыгездікті көрсете отырып, оның соңы жақсылыққа апармайтынын түсіндіргісі келген.

Ал 3-орын иегері №273 мектептің оқушысы Жұмаділов Бағдаттың айтуынша, адамдар қоқыс тастамаса, табиғатқа зиян жасамаса, әлем өзгеретінін айтады. Біз бәріміз таза жерде, таза қалада тұрғымыз келеді. Алайда көшеде шашылған қоқысты өздігімізден жинауға құлықсызбыз. Егер адамдар күнделікті тұрмыста қоқыс жинауға дағдыланса, онда біздің айналамыз да, табиғат та тамаша болар еді.

 

№50 НЕЛІКТЕН МҰҒАЛІМГЕ КӨП ОҚУ КЕРЕК?

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім бола алады. Расымен де, өмірдегі сан түрлі мамандық бар, адам баласы өзі таңдап алған кәсібінің майталманы болуы керек, ал сол кәсібінің майталманы болу үшін не керек? Әрине, еңбек керек, ізденіс керек, өзін — өзі жан — жақты адам ретінде, тұлға ретінде үздіксіз дамыту керек.
Мектептің жаны, мектептің жүрегі – мұғалім деп айтып та, естіп те жатамыз. Ахмет Байтұрсыновтың «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен көбірек білімді тұлғалар шығады. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» деген сөзінде қаншама ой, қаншама түйін жатыр. Расымен де, өмірдегі сан түрлі мамандықтардың ішінде білімділікті, кәсібилікті, тәрбиелілік пен шеберлікті аса қажет ететін мамандықтың бірден — бірі – мұғалім мамандығы. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесі мен білімі мәселесі кезек күттірмейтін, егеменді еліміздің болашағын айқындайтын ең маңызды міндеттердің бірі. Осы міндетті шешу педагогтың еншісінде. Олай болса, қоғам педагогқа үлкен үміт артып, ел тағдырын сеніп тапсырып отыр және одан жоғары жауапкершілікті талап етеді. Осындай күрделі мәселенің шешімін табу жолында педагогика ғылымының көптеген ғалымдары талмай ізденіп, зерттеулер жүргізіп, өз кезегінде білім беру саласына жаңалықтар мен өзгерістер енгізуде. Ал педагогтар болса, өз педагогикалық іс — әрекетінде сол жаңалықтарды, инновациялық технологияларды, әдіс – тәсілдерді жете ұғынып, тәжірибеде ұтымды қолдана білулері керек.
Мұғалімнің өзіндік дамуыңда ол «Неліктен осындай жағдай орын алды? немесе алмады?», «Кемшіліктерімді қалай жетістікке айналдырамын?», «Келешекте іс — тәжірибемді қалай жақсартамын?» деген сұрақтарды үнемі қоя отырып, кәсіби рефлексия жүргізе білуі керек. Рефлексия деңгейінен тез арада шығып біз дами бастайтынымыз сөзсіз. Біз өз кәсіптік деңгейіміз туралы ойлануымыз керек, себебі жаңа уақыт жаңа талап қойып отыр. Бұрыңғы «дәстүрлі» сабақ өз күшін жоюда, оқушылар өздеріне керекті мәліметтерді, информацияларды интернет жүйесінен алу дәрежесіне жетті. Бәрі де ойлай алады, бәрі ойдан басталады. Қазіргі жаңа формация педагогінің — «рефлексивті практик» деп атауға болады деп есептеймін, яғни ондай педагог — өзінің оқыту және оқу тәжірибесін дамыту, өзгерту және жетілдіру әдістерін мұқият және үнемі ойластырып жүретін педагог. Жаңа технологиялардың әдіс — тәсілдерін сабақтарымызда қолдана отырып, олардың тиімділігін айқындап, біз оларды меңгереміз және жаңа технологияларды меңгеру біздің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсер тигізеді, өзін — өзі дамытып, оқу — тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруымызға көмектеседі. Әрбір сабақта әртүрлі жаңа технологияларды, әдіс — тәсілдерді қолдана отырып, біз өз — өзімізді дамытып, оқу — тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға үйренеміз. Әрине, жұмысымызда қиыншылдықтар да кездеседі, дегенмен оларды өту барысында біз тәжірибе жинақтаймыз, жаттығамыз, мақсатқа жетуге ұмтыламыз. Алдымызға қойған мақсатқа жетуде оқу — тәрбие жұмысындағы әдіс — тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың ақыл — ойын дамытуды мақсат ететін болғандықтан олардың дара ерекшеліктерін біліп, санасып отыруымыз керек. Бұл — әрбір ұстаздың парызы.
Мұғалім өзіндік дамуына кәсіби рефлексия жасай отыра, жаңа әдіс — тәсілдерді жетік меңгеруге қалыптасады, сапалы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Өз жұмысымызда рефлексия жасап, заман талабына сай дағдыланамыз, үйренеміз, біз өз әрекетіміз арқылы ғана дамимыз. Мұғалімдер өздеріміздің біліміміз бен кәсіби дайындықтарымызға сәйкес, өздеріміздің жұмысымыз туралы толғаныста болуымыз керек. Рефлексивті ойды шешуге жататын мәселелерді зияткерлендіру тұрғысынан қарастыра отырып, идеялар мен болжамдарды дамытып, практикалық жағдаяттардың зерттеулеріне бастама жасап және іске асыруымыз керек. Осылайша оқытуға ерекше ықпал етіледі.
Кәсібилік – ұстаздың психолого — педагогикалық, ғылыми — пәндік білім — біліктің мәдени — адамгершілік ұстанымдарымен үйлесудің жоғары деңгейі. Кәсіби құзыреттілік – өз бетінше және жауапты әрекет жасауға мүмкіндік беретін белгілі бір психикалық жағдай, арнайы білімнің болуы, жалпы және арнайы эрудицияның болуы, ғылыми — кәсіби дайындығын үнемі жетілдіру, күнделікті іс — әрекетте міндеттерді шешу үшін еңбек субъектісінің кәсіби дайындығы және қабілеті. Ал мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі білім беру нәтижесін қамтамасыз ететін шешуші фактор, өз кезегінде, тіпті қоғам жағдайының сапалы өзгеруіне әсер етеді. Міне, сондықтан да, қазіргі педагог білім беру үрдісін ұйымдастырудың көпқырлылығы туралы білуі шарт. Яғни, педагог өз қызметіне қатысты инновацияларды, технологияларды, өзгерістерді жақсы меңгерген болуы қажет. Сонымен қатар, қазіргі кезде мұғалімге деген дәстүрлі көзқарастар өзгерді. Кез келген педагог кәсіби және тұлғалық өсудің бірден бір жолы – кәсіби өзін – өзі жетілдіру екенін түсінгені дұрыс. Ұстаздың жеке тұлғалық қасиеттері педагогикалық іс — әрекеттің ішкі мазмұнын құрап, шебер — ұстаз болып қалыптасуға аса қажет. Қазіргі таңдағы көптеген педагогтар өзінің кәсіби жетілуіне көп мән бермейді. Оны әртүрлі жағдайлармен байланыстырып жатады. Дегенмен, жоғарыда айтып кеткен қоғамымыздағы шешімін күтіп тұрған мәселелер ешқандай сын көтермейді.
Ойымды қорыта келе мұғалімнің кәсіби дамуында кері байланыс, кәсіби рефлексия — манызды екендігі сөзсіз. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Үздіксіз жаңалық енгізу білім беру саласында мектеп жұмысының дамуының ең басты фактор болып отыр. Әр мұғалім өз іс — әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс — тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдаланып, кәсіби дамып отыруы керек.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *