Мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектеп алды сыныптары  педагогтері үшін Педагогтің білімін бағалау

Мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектеп алды сыныптары  педагогтері үшін Педагогтің білімін бағалау

 

Педагогтің білімін бағалау (бұдан әрі – ПББ) – педагогтің білім деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін тестілеу рәсімі.

Мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектеп алды сыныптары  педагогтері үшін ПББ екі блоктан тұрады, барлығы 50 тест тапсырмасы:

– бірінші блок «Мектепке дейінгі педагогика және психология» 20 тапсырмадан тұрады;

– екінші блок «Бейіні бойынша тәрбие мен оқыту әдістемесі» 30 тапсырмадан тұрады.

Педагогтердің білімін бағалаудың жалпы уақыты сексен минутты құрайды.

Тапсырмалар қолданыстағы нормативтік құжаттар, стандарттар, типтік бағдарламалар, тест спецификациялары, әдістемелік ұсынымдар, техникалық тапсырмалар және т.б. негізінде жасалады.

Тест спецификациясы – тест тапсырмаларының базасын жасау бойынша, жұмыстың құрылымы мен мазмұнын айқындайтын құжат. Тест спецификациясы тесттің негізгі сипаттамалары, тест тапсырмаларының мазмұны және нысандарын тұтастай қамтиды. Спецификацияда тест мақсаттары, міндеттері, жоспары және құрылымы, туралы ақпарат, сондай-ақ тест тапсырмаларының әзірлемесіне және тест материалдарына іріктелуіне қойылатын негізгі талаптар көрсетіледі.

Тест тапсырмалары тест тапсырмаларының базасына енгізілгенге дейін бірінші және екінші сараптамадан, бірінші және екінші түзетуден, сондай-ақ апробациядан өтеді.

Тест тапсырмаларының бірінші, екінші сараптамасы әзірленген тест тапсырмаларының сапасын кешенді бағалау және оларды редакциялау мақсатында жүзеге асырылады. Әзірлеушілер мен сарапшылар ретінде оқыту мен оқу жетістіктерінің сапасын бағалауда тәжірибесі бар, облыстық, қалалық білім басқармалары ұсынған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары тартылады.

Тест құрылымы

Блок Тапсырма саны Тапсырманың формасы Уақыт (минут)
Мектепке дейінгі педагогика және психология 20 Бір дұрыс жауапты тапсырма 80
Бейіні бойынша тәрбие мен оқыту әдістемесі 30

 

ПББ  балдарын бөлу

Санаттар Блок Пән бойынша балдар Біліктілік тестінен өту үшін (%) Біліктілік тестінен өту үшін (балдар)
Педагог «Мектепке дейінгі педагогика және психология» 20 50% 25
«Бейіні бойынша тәрбие мен оқыту әдістемесі» 30
Педагог – модератор «Мектепке дейінгі педагогика және психология» 20 60% 30
«Бейіні бойынша тәрбие мен оқыту әдістемесі» 30
Педагог – сарапшы «Мектепке дейінгі педагогика және психология» 20 70% 35
«Бейіні бойынша тәрбие мен оқыту әдістемесі» 30
Педагог – зерттеуші «Мектепке дейінгі педагогика және психология» 20 80% 40
«Бейіні бойынша тәрбие мен оқыту әдістемесі» 30
Педагог – шебер «Мектепке дейінгі педагогика және психология» 20 90% 45
«Бейіні бойынша тәрбие мен оқыту әдістемесі» 30

 

Бағалау:

Бір дұрыс жауап таңдалған тапсырма үшін 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға 0 балл беріледі.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *