«Педагогика және психология негіздері» пәні бойынша. Педагогтердің білімін бағалауға арналған тест спецификациясы (2024 жылдан бастап қолдану үшін)

«Педагогика және психология негіздері» пәні бойынша

Педагогтердің білімін бағалауға арналған тест спецификациясы

(2024 жылдан бастап қолдану үшін)

 

  1. Мақсаты: Қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын педагогтерді аттестаттау барысында Педагогтердің білімін бағалау тест тапсырмаларын әзірлеу мақсатында құрастырылған.
  2. Мiндетi: Қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын бейін бойынша педагогтердің білім деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау.
  3. Мазмұны: «Педагогика және психология негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасына сәйкес оқу материалдары енгізілген.
Тақырып Тақырыпша Оқыту мақсаттары
01 Тәрбие

әдістемесі

01 Тәрбие әдістері тәрбиенің әдістерін вариативті қолдану, тәрбиені ұйымдастыру формаларын, құралдарын таңдау

және пайдалануды білу

02 Тәрбие                       процесінің принциптері, негізгі бағыттары тәрбие принциптерін және негізгі бағыттарын танып білуде болашақ мұғалімдердің                                    кәсіби- педагогикалық құзыреттіліктігін

қалыптастыру болып табылады.

02 Оқыту процесі 03 Оқу                         процесінің принциптері оқыту үдерісін жоғары деңгейде ұйымдастыру, жаңа оқыту жүйелерін,                                   жаңа оқыту

технологияларын құрастыру

04 Оқыту      әдістері                  мен формалары оқыту әдістерін үйлесімділікте қолдану, оқыту формаларын оқушылардың                            арасындағы белсенділік қатынастары және

оқуына жағымды әсер етуге бағыттау

05 Сабаққа                       дайындық, педагогикалық талдау және оқу процесінің рефлексиясы болашақ мұғалімнің сабаққа дайындығы                     шығармашылық ізденістің басы, сабақты әсерлі өткізудің құралы, педагогикалық шығармашылығы, ал педагогикалық талдау және оқу процесінің рефлексиясы сабақ өткізу дағдыларына, сабақ сапасының әртүрлі факторларына байланысы

болып табылады

03 Оқу процесін басқару және ұйымдастыру 06 Мұғалімнің инновациялық қызметі әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы түбірлі өзгерістер, ғылым мен мәдениеттегі ілгерілеу, педагогикалық қызмет саласындағы жаңа талаптар білім жүйесін жетілдіру, яғни педагогикалық жаңалықтарды          игеру                                    мен

қолдануды білу және ұйымдастыру

04 Жалпы психология.

Педагогикалық психология

07 Тұлға                 психологиясы: тұлға    теориясы,             тұлға

құрылымы,                         ұжымдағы тұлға аралық қатынас

психология                                              ғылымының заңдылықтарын                                 білу.                                        Тұлға

психологиясы жайлы                                            теориялық және әдіснамалық білімдерді игеру.

 

Адамның жеке психологиялық қасиеттерін (темперамент, мінез, қабілет), реттеуші(эмоционалды- ерікті,                                 мотивациялық) механизмдерді, бағдарлау мен өзін- өзі тануды зерттеу. Ұжымдағы тұлғааралық қатынас туралы білімді

игеру

08 Оқыту психологиясы оқу процесінің негізгі процестері мен заңдылықтарын, оқыту мен тәрбиелеуді                             ұйымдастырудың

стратегияларын білу

09 Тәрбие психологиясы қазіргі тәрбие беру процесінің негізгі заңдылықтарын, бағыттарын меңгеру. Тәрбие психологиясы — балалар ұжымының, баланың іс- әрекетін мақсаттылық ұйымдастыру жағдайыңда жеке адамның дамуын

зерттейтін                                 педагогикалық психологияның бөлімі ретінде.

10 Педагогикалық

қызметтің психологиясы

тұлғаның мотивациялық саласының мазмұнын, оның бағыттылығын, құндылық                                         бағдарлануын, балалардын           өзіндік                               сана- сезімдеріндегі айырмашылықты, балалар ұжымының құрылымын және олардың жеке тұлғаның

қалыптасуындағы рөлін білу

Мәнмәтіндік тапсырмалар (мәтін, кесте, графика, статистикалық ақпараттар, суреттер және

т.б).

4.  Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Тәрбие әдістемесі. Тәрбие процесінің мәні: тәрбие ұғымы, тәрбие мақсаты, тәрбие принциптері. Тәрбиенің негізгі бағыттары. Тәрбие әдістері. Ұжым-тәрбие объектісі, және субъектісі.

Оқыту процесі. Оқыту процесінің мәні. Оқыту принциптері: көрнекілік, ғылымилық, саналылық және белсенділік, жүйелілік және бірізділік, шамаға лайықтық, беріктік, жас және дара ерекшеліктерді ескеру. Білім беру мазмұнын анықтау. Тұжырымдамалары білім беру мазмұны деңгейлері. Білім беру мазмұнын анықтайтын құжаттар. Оқыту әдістері. Оқытуды ұйымдастыру формалары. Қазіргі кездегі оқыту технологиялары.

Оқу процесін басқару және ұйымдастыру. Мұғалімдердің сабаққа дайындығы. Мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеті.

Жалпы психология. Педагогикалық психология. Тұлға психологиясы. Тұлғалық қасиеттер. Индивидтік, даралық. Тұлға қабілеттілігі, дарындылық, данышпандық. Педагогикалық қарым- қатынас ерекшеліктері. Тәрбие психологиясы. Оқытушы, мұғалімнің кәсіби маңызды психологиялық қасиеттері. Педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық қамтамасыз етілуі.

  1. Тесттің бір нұсқасындағы тест тапсырмаларының қиындығы: тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: базалық деңгейде (A) – 26 %; орташа деңгейде (B) – 60 %; жоғары деңгейде (C) – 14 %.

Базалық деңгейдегі тест тапсырмалары қарапайым білім мен дағдыларын пайдалануға, тестіленушінің ең төменгі дайындық деңгейіне баға беруге, белгілі бір нұсқаулардың көмегімен әрекеттерді орындауға, қарапайым дәлелдер мен ұғымдарды пайдалануға негізделген.

Орташа деңгейдегі тест тапсырмалары негізгі білім мен дағдыларын дұрыс пайдалануға, жаңа жағдайларда қарапайым модельдерді тануға, деректерді талдау мен салыстыруға, жүйелеуге,

 

дәлелдерді қолданып, ақпаратты жалпылау мен қорытынды жасау қабілеттерін бағалауға негізделген.

Жоғары деңгейдегі тест тапсырмалары неғұрлым күрделі білім мен дағдыларын пайдалануды, тапсырмалардың күрделі модельдерін тануды, мәселелерді шешу үшін білім мен дағдыларын біріктіруді, күрделі ақпаратты немесе деректерді талдауды, пайымдауды, тұжырымдарды негіздеуге бағытталған.

  1. Тест тапсырмаларының формасы: Бір дұрыс жауапты таңдауға арналған жабық формадағы тест тапсырмалары.
  2. Тест тапсырмаларын орындау уақыты: Бір тапсырманы орындаудың орташа ұзақтығы 1,5 – 2 минутты құрайды.

8.  Бағалау:

Аттестация кезінде тестілеудің жиынтық балы есептелінеді.

Төрт жауап нұсқасынан бір дұрыс жауап таңдалған тапсырма үшін ‒ 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға ‒ 0 балл алады.

9.  Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бекітілген «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің тізбелері».
  2. Педагогика. Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е. Оқулық.– Алматы: ОНОН. 2018, — 357 бет.
  3. Н. Д. Хмель, Г. Т. Хайруллин, Б. И. Муканова. Педагогика: Оқулық/ Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасынын авторлар ұжымы- Алматы: Рrint-8, 2005 ж.
  4. Иманбаева С.Т., Майғаранова Ш.М.Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық.- Алматы. – 2018 , 253 бет.
  5. Жалпы психология. Тәжібаев Т. – Алматы, «Қазақ университеті», – 240 б.
  6. Жас және педагогикалық психология. Мұқанов М. — Алматы. 2005
  7. Психология. Жұмасова К. Оқұлық. 2-басылым. – Астана: Фолиант, 296 б.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *